Төтенше жағдайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:48, реферат

Описание работы

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Содержание

Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары


Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

Құтқару әліппесі экстремалдық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдың қысқаша нұсқауы.

Работа содержит 1 файл

Төтенше жағдайлар.docx

— 51.44 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

  1. Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

 

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алу  және олардан қорғану шаралары

 

 

  1. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

 

  1. Құтқару әліппесі экстремалдық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдың қысқаша нұсқауы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Төтенше  жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи  сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Төтенше жағдай аймағы - ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

Комиссия  құрамына орталық атқарушы органдардың  аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың  басшылары кіреді. Комиссия тексеру  барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген  тәртіппен кіші сараптама комиссияларын  құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік  сипаттағы ТЖ себептерін тексеру  жөніндегі комиссия төрағасының  өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер  жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама  комиссиясының барлық мүшелері қол  қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі  тиіс. Комиссия тексеру барысында  болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық  сипатын, жауапты адамдар құрамын  белгілейді және оларды жазаға тарту  шараларын ұсынады, зардаптарды  жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды. Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.

Авария - технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР   2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.   

Зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың  алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

 

II. Төтенше жағдайлардың алдын алу   және олардан қорғану шаралары

ҚР «Табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми  зерттеулер, жағдайды қадағалау,  бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп  соғуы мүмкін аварияны, зілзала  мен апатты болжау және олардың  қаупі туралы хабарлау;

- ТЖ саласындағы  білімді насихаттау, халықты және  мамандарды оқытып-үйрету, қорғану  шаралары жатады.

ТЖ саласындағы  ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен  ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау  шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен  табиғи және техногендік сипаттағы  ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,

 

 

радиациялық қауіпсіздікті бақылау  жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың  жанынан құрылады және ТЖ алдын алу  мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

 

III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

Төтенше жағдайларды  жою жұмыстарына – ТЖ пайда  болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының  одан әрі таралмауына бағытталған  құтқару, авариялық-қалпына келтіру  жұмыстары мен басқа да кезек  күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы  жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс  түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен  жасақталады.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:

- «табиғи  және техногендік сипаттағы ТЖ  оқшаулау мен оларды жою жөніндегі  бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды  бұрын бекітілген жоспарларға  сәйкес ТЖ аймағында орналасқан  авариялық-құтқару қызметтерінің  күштері мен құралдарын тарта  отырып жергілікті атқарушы органдар  және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады»  делінген.

Бірінші кезекте  жасалатын іс-қимыл кезінде халықты  ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын  жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс  режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы  мен жүктердің тасымалдауына  шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын  құтқару және авариялық-қалпына  келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

ТЖ аймағының  шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары  ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою  кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың  және ұйымдардың медициналық күштері  мен құралдары тартылады (21-бап).

Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу  объектілерінің табиғи және техногендік  сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын  қамтамасыз ету үшін алдын ала  материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық  және басқа ресурстардың мемлекеттік  резерві жасалады (24-1 бап).

 

IV. Құтқару әліппесі экстремалдық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдың қысқаша нұсқауы.

 

Жер сілкінуі.

Жағдайды  көз алдыңызға елестетіңіз: қатты  жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз  сол кезде мектепте немесе балалар  бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі  біткеннен кейін қай жерде  кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала  құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.

 

Алдын-ала дайын болыңыз:

  • Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
  • Үш күнге жететін тамақ пен су;
  • Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
  • Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
  • Жылы киім мен аяқ киім.

 

Алғашқы жер сілкінісі кезінде :

  • Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
  • Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
  • Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.

 

Егер күшті жер сілкінісі  болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):

  • Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
  • Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
  • Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
  • Лифтіні пайдаланбаңыз.

 

Егер  көшеде болсыңыз:

  • Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
  • Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

 

Егер  автокөліктің ішінде болсаңыз:

  • Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз

 

Есте  болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:

  • Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
  • Сынған терезелердің құлауы;
  • Үзілген электр желілері;
  • Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
  • Өрт;
  • Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.

Егер сіз  алдын-ала қауіпсіздік шараларын  сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.

 

Жер сілкінісен кейін:

  • Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
  • Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
  • Радиоқабылдағышты қосыңыз;
  • Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
  • Ашық отты пайдаланбаңыз;
  • Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.

Өрт

  • Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
  • Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
  • Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
  • Автокөліктен шыққан жалынға;
  • Күн күркірегендегі найзағайларға;
  • Майланған материалдың үйкелісіне;
  • Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

 

Өрт елді-мекендегі  ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа  материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман  алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан  өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты  ағаштарын өрт шалады. Төменгі  өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.

Торф  пен ағаштардың тамыры жанғанда жер  асты өрті жан-жаққа тарайды.

Торф  өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.

 

Орманда жүргенде есіңізде болсын:

  • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
  • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
  • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
  • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
  • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
  • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
  • Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

 

Ескерту шаралары:

Өрт қауіпсіздігін  сақтау мақсатында алдын-ала жол  салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау  және тас төсеп орманда ені  5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері  мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын  елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта  жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар  мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта  орманға баруды тоқтату (әсіресе  көлікпен). Егер сіз орман алқабында  немесе торфқа жақын жерде, өртке  жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт  болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті  аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру  қызметіне хабарлау қажет. Өртті  сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі  өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю  арқылы өшіру керек.

Информация о работе Төтенше жағдайлар