Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 22:19, доклад
Жарас Сейітнұр, психолог: «Біздің қазіргі ахуал өрт сөндірушілердің қызметі сияқты»
– Терроризмнің де түр-түрі болады. Егер де біз бұл жерде халықаралық терроризм жайлы айтатын болсақ, онда оны жаһанданудың салдары деп білген жөн. Жалпы, терроризмнің түп-төркіні қайдан шығады десек, психологтардың айтуынша, біріншіден, зиялылар саясаттан оқшауланып, шеттетілгенде. Бұл кезде адам бәрін ішіне сақтап, тұйықталып қалады. Екіншіден, билеуші топ тарапынан қуғын-сүргін күшейген тұста етек алады. Елде қуғын-сүргін болған сайын қарапайым халық арасында оған қарсы наразылық туындайды. Үшіншіден, бұқара халық саяси уақиғаларға немқұрайлы қарай бастағанда көрініс береді.
Жоқ, бірінші
кезекте – бірақ Британия, себебі
онда жауынгерлердің жілікті майлы
бөлігі орналасқан. Біз бірнеше қызметте
отырған Британияның
Егер
біз екі стандартты саясатты қолданатын
болсақ, онда таразы салмағы бір жаққа
ауады; терроризмге қарсы халықаралық
келісімнің берекесі қашады, және біз
оларға қарсы шайқаста жеңілеміз.
Өзін-өзі
қорғаудағы АҚШ құқығы мен біздің
жалпы терроризмге күрес
Егер
шығанақтағы екінші соғыс деп
аталатын уақытты қайталағанда, онда
бұл қателік болып табылар еді. Сол кезде
бір мемлекет екінші мемлекетті оккупациялады.
Кувейт Ирактан қорғану үшін әлемнен және
АҚШ-тан көмек сұрады. Бұл жердегі сұрақ
тек АҚШ-қа қатысты емес, әлемге қатысты
болғандықтан, әлемді саналы, саяси түрде,
және БҰҰ – ресми, халықаралық-құқықтың
жағынан тартуға болар еді.
Ендігі
іс басқа – 2001 жылдың 11 қыркүйегінде
АҚШ-қа қарсы шабуыл берілді, және олардың
бұл іске жауап беруге күші жетеді.
Бірақ терроризмге қарсы күрес
– бұл барша әлемге ортақ іс.
Сұрақ туады: біз арабтар, біз мұсылмандар,
сонда исламға қарсымыз ба? Кім бен Ладенге
қарсы болса, исламға қарсы болғаны ма?
Жоқ, бәрі емес, кім бен Ладенге немесе
«Аль-Каида» ұйымына қарсы болғандар,
исламға қарсы шығады. Бәрі емес, кім талибтерге
қарсы болса, исламға қарсы тұрады. Біз
бен Ладенге қарсы емеспіз, және ауған
қозғалысының бір отряды «студенттер
қозғалысына» да («Талибан») қарсы
емеспіз. Біз осы аймақта пайда болған
еретиктер қозғалысына қарсы тұрамыз,
еретиктер өз кезінде шыншыл Халифалық
әділетті болған Төрт Халифаның үшеуін:
Омар, Осман және Әлиді өлтірген. Біз елімізден
құпия түрде кеткен Ауғанстанда Кеңес
Одағына қарсы жалдамашы болып соғысқан
топтың құрбаны болдық. Айтпақшы, сол кезде
Кеңес әскері Мәскеуге адал ауған үкіметінің
өтінішімен кірген болатын. Дәл осылай
аймаққа қазіргі кезде шетел әскерлері
осы мемлекет үкіметінің өтінішімен кірген
болатын.
Кейін
жалдамалылар бұзақылықпен жауыздықты
тудыра, өз жолындағылардың барлығын
өлтіріп, сонымен қатар балалар
мен әйелдердің мәйітінің үстінен
мазақ ете келді. Олар өз әрекеттерін исламды
бұзатын шақырулармен қоса әкелді. Олар
күпірлік құйынын, құдайсыздықты, бұзықтықты,
жаман қылықтарды, басқаларды имансыздыққа
жала жабуды таратқысы келді. Және осының
бәрі анықталмаған мақсатқа, теориясыз,
белгісіздікке келтіретін екпінді, ашынған
қозғалыс үшін болатын. Оларда тек бір
ғана ниет – өлтіру және өлтіру, мәйіттер
үстінен санасыз келемеждеу. Өздері ештенені
түсінбей, мәнсіз сөздермен былапыттады.
Олар
бізге қарсы соғысқандықтан, біздер
де осындай адамдарға қарсымыз және олармен
соғысамыз. Бірақ біздің дәлеліміз күштірек,
себебі біз өркениетті қоғамды қорғаймыз,
дінімізді олардың күпірлігінен, бұзықтықтан,
арандатушылықтан қорғаймыз. Бұл керекті,
заңды өзін-өзі қорғану. Бізге жаңа Халифатты
қабылдау тиімсіз және оларға барша күшті
жұмылдыра күресеміз. Біз енді жаңа Халифтың
алдында басымызды имейміз, ол Аллахтың
атымен билеймін дейді, бірақ іске келгенде
Аллах оған мұны бұйырмаған еді. Біз енді
Халифтің Аллахтың атынан билейді дегенде
сенетін аңқау емеспіз.
Бұндай
қармаққа аңқау адамдар ғана іліккен,
сонымен қатар мейірімділер де. Олар
моджаедттер болып жалдамалылар
ретінде шайқасты. Сиқыршылық Сиқыршыға
қарсы оралды. Енді қармаққа жеңіл
қолданылатын адасқан қызмет етушілер
түседі. Кейін бұдан көңілдері қалған
кезде олар өз елдеріне және дәл сол Америкаға
қайтадан террормен, ессіздікпен алғашқы
топтар секілді болып қайта оралады. Және
сол уақытты біз бір кездері өзіміз еккен
тікенекті басамыз.
Жас тәуелсіз
Қазақстан Республикасы егемендігінің
алғашқы күндерінен бастап әртүрлі аймақтық
және әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдарға
мүше-ел ретінде ене отырып, биполярлы
әлемдік тәртіп жойылу салдарынан түбірлі
өзгерістерге ұшыраған халықаралық қауіпсіздік
пен әлемдік тәртіпті нығайтуға бағытталған
нақты ұсыныстар мен бастамалар көтерді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының
1968 жылғы «Ядролық қаруды жаппай сынауға
тыйым салатын шартқа» ядролық қарусыз
мемлекет ретінде енуі және Азиядағы өзара
ықпалдастық пен сенім шаралары Кеңесін
(АӨСШК) құру туралы бастамалары халықаралық
қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.
Жас қазақ
дипломатиясы егемендіктің бастапқы жалдарында
әлемдік саясаттың ауанын байыптап,
алыс-жақын елдермен қарым-қатынастар
орната отырып, халықаралық деңгейде
еліміздің экономикалық және мемлекеттік
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери-саяси
ұйымдар мен институттарға белсенді түрде
тартыла түсті.
Мемлекеттің
қауіпсіздігіне әсер ететін ішкі және
сыртқы факторлардың біріншісі көбінесе
ел ішінде жүзеге асырылған экономикалық
реформаларға тікелей қатысты болса, екінші
фактор негізінен халықаралық қатынастар
жүйесіндегі ахуалға және әлемдік деңгейдегі
алпауыт мемлекеттердің біздің еліміз
бен Орталық Азия аймағындағы мүдделерінің
мақсат, міндеттеріне байланысты екендігі
белгілі.
Осындай
таңдауы күрделі кезеңде Қазақстан Республикасының
алдында өзінің мемлекеттік егемендігі
мен тәуелсіздігіне төнетін қатерлерге
қарсы тұруда тиімді әрі оңды нәтиже беретін
шешімдер қабылдау қажеттілігі тұрды.
Осы орайда, Қазақстан мен оның аймақ бойынша
көршілес елдері үшін үлкен қатер болып
саналатын – халықаралық терроризммен
күресу мәселесі өткірлене түсті. Бұған
басты себеп, құрамына Қазақстан да кіретін
ТМД мен Орталық Азия аймағында кейінгі
кездері терроршылдық әрекеттердің ашықтан-ашық,
кейбір жағдайларда жасырын белгілерінің
көрініс беруі болып отыр. Оның үстіне
терроризм барған сайын есірткі саудасы
мен заңсыз қару-жарақ сатумен біте қайнасып
келеді. Халықаралық терроризм белсенді
әрекет жасайтын Батыс Еуропа, Таяу Шығыс
аймағын айтпағанның өзінде ШЫҰ-на кіретін
елдердің аумағында қазіргі кезде барлық
сипаттары бойынша террористік деп танылған
бірқатар ұйымдар бар. Олардың қатарында
Өзбекстанның ислам қозғалысын (ӨИҚ) атауға
болады. Бұл қозғалыстың мақсаты Орталық
Азия аймағында құрамына осы өңірдегі
халқының басым бөлігін мұсылмандар құрайтын
мемлекеттер кіретін ислам халифатын
құру. Аталған ұйымның кезінде «Біріккен
Тәжік оппозициясынан» (БТО) қолдау табуы
және Ауғанстан талибтерімен одақтасуы,
Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне
үлкен қатер төндірді. ӨИҚ өзінің агрессивтілігімен
ерекшеленеді. Оның әскери басқыншылығына
тап болатын мемлекеттердің қатарына
Қырғыстан мен Өзбекстан, жанама түрде
– Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан кірді. Өзінің
географиялық орналасуына байланысты
Қырғызстан шабуылға ұшырайтын алғашқы
нысан ретінде белгіленді. Лаңкестер кезінде
осындай жолмен Өзбекстан аумағына кіруге
тырысты.
Қазақстанның
оңтүстік облыстарында біздің еліміздің
ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген
«Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік қозғалысы
соңғы жылдарға дейін астыртын әрекет
жасап келді. Бұған осы қозғалыс мүшелерінің
Қазақстанның бірнеше аудандарында жасаған
әрекеті дәлел бола алады. Мысалы, Түркістанның
1500 жылдығын тойлау кезінде «Хизб-ут-Тахрир»
мүшелері осы жерде экстремистік-террорлық
сипаттағы бірқатар әрекеттерді іске
асыруға тырысты. Ал Кентау қаласында
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ішкі істер органдарымен бірлесе отырып,
діни фанатизмді тұтандырмақ болған
діни-экстремистік қозғалыстың төрт мүшесін
қамауға алды. Бұлардың барлығы біздің
республикамыздың азматтары болатын.
КСРО-ның
ыдырау кезеңінде пайда болған шешен
лаңкестері 1991-1994 жылдары Солтүстік
Кавказда қарулы бандаларға бірігіп, жүздеген
адамды аманатқа алды және жолаушылар
автобустары мен ұшақтарына шабуыл жасады.
Ал бірінші орыс-шешен соғысы басталған
тұста, яғни, 1994-1996 жылдары олар саудаға
салу мақсатында адамдарды жаппай ұрлауды
кәсіпке айналдырып, аталған аумақта кең
көлемде терроршылардың ұйымдасқан ошағын
құрды. Бұдан өзге әскери қимылдар барысында
шешен әскери жасақтары 1995 жылдың жазында
Буденовскі мен 1995 жылдың желтоқсанында
Кизлярда аурухананы, ал, 2004 жылдың 1-қыркүйегінде
Бесланда мектепті басып алып, көптеген
бейкүнә адамдарды қазаға ұшыратты. Сонымен
қатар шешен терроршылары әрекеттерінің
кеңінен тараған түрі, Ресей және шетел
журналистерін, сонымен қатар гуманитарлық
сапармен жүрген шетел мемлекеттерінің
өкілдерін ұрлау болды.
Күн шығысымыздағы
Қытайда осы кезге дейін
Осындай
ықтималды қауіптің алдын алу
және оның материалдық, идеологиялық негізін
болдырмау мақсатында Қазақстан
Республикасы бірқатар нақты шаралар
мен әрекеттерді жүзеге асыруға
бел шешіп кірісті. Осындай қадамдардың
бірі еліміздің Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы шеңберінде қауіпсіздік, сепаратизм,
территориялық тұтастықты қамтамасыз
ету, ұлтаралық қылмыс пен терроризмге
қарсы күрес шараларының белсенді қатысушысы
ғана емес осы аталған мәселелерді мықтап
дамытуда іргелі бастамаларды көтеруші
ел ретінде белгілі.
Қалай
дегенмен де, терроризммен күрес жөніндегі
халықаралық ұмтылыстар өңірлік
деңгейдегі күш қосулар мен антитеррорлық
шаралар Қазақстан
ШЫҰ ауқымында
терроризмге қарсы қызметке жаңа серпін
берген жайт ол –1999 жылы Қазақстан Республикасында
«Терроршылдыққа қарсы күрес туралы»
Заңның қабылдануы мен «Лаңкестік пен
экстремизм көріністерінің алдын алу
және оларды болдырмау жөніндегі шаралар
туралы» президент Н.Ә. Назарбаев жарлығының
жариялануы болды. Осы кездері Қазақстан
Республикасы лаңкестікке қарсы бірлесіп
әрекет ету мақсатында 12 мемлекетпен келісім
жасады. Қазақстанның бұндай әрекеті ШЫҰ-ның
өзге де мүше-мемлекеттері үшін үлгі бола
отырып, олардың аталмыш ұйым шеңберінде
терроризмге қарсы бірлесіп күресуге
күш біріктіруіне ұйытқы болды десек,
артық айтпағандық болар еді.
Осының
артынша, Жұма Наманғанидың қарулы содырларының
шабуылына ұшыраған Қырғызстан Шанхай
ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында
«Аймақтық террорға қарсы құрылым (АТҚҚ)»
құру жөнінде бастама көтерді. Бұл бастама
2000 жылғы 5 шілдеде қабылданған Душанбе
декларациясында қуатталып, ресми түрде
бекітілді. 2001 жылдың маусымында ШЫҰ тарапынан
«Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге
қарсы күрес жөніндегі Шанхай Конвенциясына»
қол қойылды. Бұл конвенция терроризм
мен экстремизм көріністеріне қарсы күрестің
бірлескен іс-шараларын жүзеге асыруға
қажет халықаралық-құқықтық базаның негізін
қалауға тиісті болды. Осыдан-ақ, ШЫҰ шеңберінде
халықаралық қауіпсіздік жүйесін құруда
тізе қосып, күш біріктіруге бағытталған
әрекеттерді анық байқауға болады.
Аталған
шаралардың логикалық жалғасы ретінде
әрі 2001 жылдың 11-қыркүйек оқиғасына
жауап ретінде 2001 жылдың 14-қыркүйегінде
Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымы
мүше-мемлекеттері үкімет басшыларының
бірінші кездесуі болды. Қазақстан Республикасы
«Мұқалмайтын ерік-жігер» атты АҚШ-тың
Ауғанстанда «әл-Кайда» мен «Талибан»
қозғалысына қарсы бағытталған антитеррорлық
операциясына ШЫҰ елдерінің алғашқыларының
бірі болып қолдау көрсетті.
Халықаралық
терроризмнің күллі адамзат атаулы
үшін елеулі қатерге айналуы, Шанхай
ынтымақтастық ұйымына қатысушы
мемлекеттерді де бұл бағытта
белсенді жұмыс жүргізуге мәжбүр
етті. Бұл шараның аталған ұйым
ауқымында өз жалғасын табуы, «терроризмге,
экстремизм мен сепаратизмге қарсы іс-әрекет
– ШЫҰ-ның аса маңызды міндеттерінің
біріне айналуына сеп болды. Оның аясында
терроризмге, сепаратизмге мен экстремизмге
қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы
қабылданды. Аймақтық антитеррорлық
құрылым жасақтауды жеделдету жөнінде
қадамдар жасалынды. Шанхай конвециясында:
«Біз терроризмнен туындайтын ғаламдық
қатерді жою үшін ымырасыз күрес жүргізу
мақсатында барлық мемлекеттермен және
халықаралық ұйымдармен тығыз үйлесімді
тиімді шаралар қабылдауға әзірміз» деген
ұстанымды іске асыруды Қазақстан Республикасы
мүлтіксіз атқарып келеді.