Терроризм-казакстанда

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 22:19, доклад

Описание работы

Жарас Сейітнұр, психолог: «Біздің қазіргі ахуал өрт сөндірушілердің қызметі сияқты»
– Терроризмнің де түр-түрі болады. Егер де біз бұл жерде халықаралық терроризм жайлы айтатын болсақ, онда оны жаһанданудың салдары деп білген жөн. Жалпы, терроризмнің түп-төркіні қайдан шығады десек, психологтардың айтуынша, біріншіден, зиялылар саясаттан оқшауланып, шеттетілгенде. Бұл кезде адам бәрін ішіне сақтап, тұйықталып қалады. Екіншіден, билеуші топ тарапынан қуғын-сүргін күшейген тұста етек алады. Елде қуғын-сүргін болған сайын қарапайым халық арасында оған қарсы наразылық туындайды. Үшіншіден, бұқара халық саяси уақиғаларға немқұрайлы қарай бастағанда көрініс береді.

Работа содержит 1 файл

терроризм-казакстанда.doc

— 121.50 Кб (Скачать)

Терроризмнің  төркіні неде? 

Жарас Сейітнұр, психолог: «Біздің қазіргі  ахуал өрт сөндірушілердің қызметі  сияқты»

– Терроризмнің де түр-түрі болады. Егер де біз бұл  жерде халықаралық терроризм  жайлы айтатын болсақ, онда оны  жаһанданудың салдары деп білген жөн. Жалпы, терроризмнің түп-төркіні қайдан шығады десек, психологтардың айтуынша, біріншіден, зиялылар саясаттан оқшауланып, шеттетілгенде. Бұл кезде адам бәрін ішіне сақтап, тұйықталып қалады. Екіншіден, билеуші топ тарапынан қуғын-сүргін күшейген тұста етек алады. Елде қуғын-сүргін болған сайын қарапайым халық арасында оған қарсы наразылық туындайды. Үшіншіден, бұқара халық саяси уақиғаларға немқұрайлы қарай бастағанда көрініс береді. 

 Жалпы,  лаңкестіктің механизмі неде? Мұндай  адамда тығырыққа тірелу сезімі болады. Оларға теріс, жағымсыз, негативті сезім тән. Олардың арасында мынадай қайшылық туады: «Мен жақсымын, менікі дұрыс. Әлем қателеседі, олардікі теріс. Мен дұрыс болған сайын құдайға қарсы, шайтанға жақын адамдар маған да қарсы». Лаңкес адам өзінікінің дұрыстығына кәміл сенеді. Сондай-ақ, террорға психологиялық бейім адамдар да болады. Оларға қарап отырсаңыз, міндетті түрде психопатиялық өзгерістерді көресіз. Оны қалай байқауға болады? Мысалы, оларда туысқандық сезімдер әлсіреп, туыс-бауырға деген немкеттілік, немқұрайдылық пайда болады. Қатыгездік көрсетеді, келіспей қалған жағдайда дөрекілік танытуға бейім тұрады. Ерегісіп қалды ма, бірден қарсыласын жойып жібергісі келіп тұратын адамдар бар.

 «Кім  менімен дос емес, ол менің  жауым» деген түсінік дұрыс емес. Адам неғұрлым бейтарап қалуға тырысуы керек.  Сонымен қоса, әркім өзінің функциясын орындауға тиіс. Мемлекет мемлекеттің міндетін атқаруы керек еді. Екіншіден, күштік құрылымдар өз функцияларын дұрыс орындай алмады. Бұл ішкі саясаттың ғана емес, сыртқы саясаттың да нәтижесі. Біздің қазіргі ахуал өрт сөндіргіштердің қызметі сияқты. Өрт басталғанда барып тыпырлайтын. Ал, оның қам-қаракетін алдын ала жасауға тиіс едік қой. Үкіметте қызмет етіп отырған мамандар қайда, сарапшылар қайда, құқық қорғаушылар қайда сонда?

Расул Жұмалы, саясаттанушы: «Орын алған  жағдайды мойындамау оның жоқ екенін білдірмейді»

– Бұл  мәселенің көптеген себептері бар. Терроризм, ол белгілі бір топтардың  күш көрсету арқылы, жарылыстарды ұйымдастыру арқылы (діни немесе  басқа бір бағыттағы топ болсын) көздегеніне, ең алдымен, белгілі бір топты, мемлекетті, қоғамды көндіру, көпшілікті үрейлендіру арқылы мақсаттарына жету. Олар сырттан келген күштер немесе іштегі қазіргі жағдайға келісіңкіремей жүргендер де болуы мүмкін. Олардың жақтастарын күшейтетін себеп – өзіміздің ішіміздегі шешілмей жатқан көптеген проблемалар. Ол – әлеуметтік қаржыландыру мәселесі, ол – жұмыссыздық мәселесі, жастардың қараусыз қалуы, әлімжеттікке, қылмыстық ағымдарға еріп кетуі, жалпы, қоғамдағы құндылықтардың өзгеріп кетуі. Қазір баяғы адамгершілік, инабаттылық сияқты қасиеттердің орнын ақшаға табыну,  білектінің жолы жүретіндігі, жемқор болу, алдап-арбау  сияқты дүниелер басып кетті. Біздегі дәстүрлі дін өкілдерінің сауаттылығы, рухани деңгейінің төмендігі, мемлекеттік орындардың қауқарсыздығы (менің айтып отырғаным шетелге жастарымыздың әлі күнге дейін бақылаусыз оқуға жіберілетіндігі), құқық қорғау орындарының тиісті дәрежеде жұмысын атқара алмауы және діни мәселеден тыс экономикалық қиындықтар, бай мен кедей бөлінісі, жұмыссыздық, қару-жарақтың қараусыз қалуы осындай жағдайларға әкеп тіреді бізді. Қазір екінің бірінің қолында қару жүреді. Оның қай жерден келіп, қайда сатылып жатқанымен айналысып отырған адам жоқ. Қоғамда сүзгінің жоқтығы қатер төндірмей қой­майтынын отандық саясаттанушылар, ғалымдар, зерттеушілер осыдан он-он бес жыл бұрын-ақ дабыл қағып, айтқан болатын. «Қазақстан тәуелсіз мемлекет, бізде дінаралық, ұлтаралық татулық, бізде лаңкестік жағдай ешқашан орын алмайды», – деді мемлекет. Ал, енді қазір  жағдай бақылаудан шығып кетті. Бақылаудан шығып кетсе де, бізде әлі сол баяғы сарын, баяғы инерция, өзгерген түк жоқ. Лаңкестік әрекеттерді лаңкестік деп танудан қашқақтау, қалыптасқан жағдайды аңғармау оны мойындамау – проблеманың жоқ екенін білдірмейді. Жасырып, жабу, керісінше, жағдайды ушықтырады. Біз қазір Атыраудағы жарылыстан соң ғана мәселеге мән бере бастадық. Дәстүрлі діннің сапасын жақсарту, олардың құзыретін көтеру, жастарымызды шетелге оқуға жіберуді доғару, соны бір жүйеге  келтіру кезек күттірмейтін мәселе. Төнген қауіпті халықтан жасырудың қажеті жоқ. Одан да шынайы ақпаратты жеткізуге тиіспіз. Лаңкестікпен күресте қоғамдық бірлік қана өз нәтижесін береді. 

Қайрат  Жолдыбайұлы, исламтанушы:  «Террордың салдарымен емес, себебімен күресуіміз қажет»

– Бірден басын ашып алатын мәселе, әлемде орын алып жатқан лаңкестік, экстремистік әрекеттерге  Исламның зәредей де қатысы жоқ. Бұлардың бәрі сыртқы күштердің, батыс елдерінің  зымиян саясаттарының нәтижесі екенін біреу білсе, енді біреу білмейді, әрине. Батыс саяси, экономикалық пайдалары үшін «терроризм» деген ойынды қолдан жасап шығарды. Америкадағы екі ғимаратты жарды да, Ауғанстан мен Иракқа басып кірді. Мұнайын тонады, геосаяси ықпалын күшейтті. Исламда терроризм жоқ, бірақ, мұсылмандарда мұнай, газ бар. Ел аман, жұрт тынышта терроризм деген пәлекеттің жоқ кезінде Батысы бар, Америкасы бар бәрі жабылып «террор» жайлы қаптатып түрлі көркем фильмдерді түсіріп, халықтың санасын әбден дайындады. Бұл олардың жоспарлы әрекеті ғой. Бүгін Американың президенті қара нәсілді Барак Обама. Бірақ, оның президенттігін америка халқына қабылдату үшін ондаған жылдар бұрын Американың президенті рөлін қара нәсілді адам ойнайтын кинолардың бірінен кейін бірін шығарды. Халықтың санасы әбден үйренгеннен кейін тарс еткізіп Обаманы әкелді де отырғызды. Терроризм де дәл осылай.

Бүгінгі таңда материалистік санадан  шаршаған батыс халқы көптеп Ислам  ақиқатына бойұсынуда. Міне, осы  құбылысты тоқтату үшін лаңкестік  арқылы Исламды құбыжық етіп көрсету  әрекеттері қолдан жасалуда.

 Енді  бүгін Қазақтан халқының бейбіт  ғұмыр кешіп жатқанын көре  алмайтын кейбір елдер елімізде  «террор» ойынын бастап кетті.  Ислам атын жамылған ұйымдар  саяси мақсаттары үшін шала  сауатты кейбір зомбиге айналған  дүмбілездерді арнайы лагерлерде  дайындап, лаңкестік әрекеттерге айдақтап отыр.

Бүгінде кейбір арнайы дәрілерді ішкен адамдардың өлімнен де қорықпай, өз жандарын қиып та жіберетіндігі белгілі болды.

Еліміздегі  соңғы оқиғалардан кейін жұрт қатардағы намаз оқитын адамның  өзіне күмәнмен қарайтынды шығарды. Ата-аналар балаларын мешітке жіберуден қорқатын болды. Сыртқы дұшпандардың қалағаны да осы емес пе? Мұсылмандарды өз діндері  мен құндылықтарынан бездіріп, мәңгүртке айналған тобырды жаһанданудың жалынына жұтқызу. Бұған біз жібермеуіміз керек еді. Террордың салдарымен емес, себебімен күресуіміз қажет. Дін мемлекеттің тірегі. Оған үлкен идеология ретінде қарауымыз қажет. Ендеше, көлік жолына жұмсаған қыруар қаражаттың ең болмаса бір бөлігін рухани жолымызға да аямай бөлуіміз ләзім. Білікті де білімді өз діни мамандарымызды көптеп даярлау арқылы ғана терроризмнің алдын ала аламыз. 
 
 
 
 
 

Қазіргі терроризммен байланысты әлемдік дағдарысты сөз еткенде екі кезеңді айыра  білу керек. Бірінші кезең – АҚШ-қа – саяси астанасы Вашингтон мен  экономикалық астанасы – Нью-Йоркке қарсы шабуыл. 

Бұл жаман, қасақана, жамандық ниеттегі акциясы  өте жақсы жоспарланып ұйымдастырылған, бір шоуға ұқсайды. 

Екінші  кезең – терроризмнің жалпы проблемасы. 

Бірінші кезеңге қатысты айтатын болсақ, АҚШ-қа қарсы акция оларға оятып іске асыратындардың себептеріне тәуелдігіне қарамастан агрессия болып табылады. Өзге мемлекеттер мен жеке адамдар секілді АҚШ та қазір күшін жойған БҰҰ Уставының 51-мақаласына сай немесе басқа да негіздерге сай өз қауіпсіздік құқығына ие,  сонымен қатар қауіпсіздік құқығы ажырамас салт болып саналады. 

АҚШ –  басқа жақтын көмегінсіз қорғана  алатын өзіне-өзі жеткілікті ел. АҚШ-қа қатысты және өздері шеше алатын мәселелерге  көмекке дайындығын көрсету ол екіжүзділік  болар еді. 

Жалпы терроризмге қатысты екінші кезеңге келсек, ол тек АҚШ-қа қатысты емес, ол бүкіл дүниежүзіне қатысты. Мұнда халықаралық ынтымақтастық керек, терроризммен күресті АҚШ жалғыз атқара алмайды және осы күресті АҚШ-қа беру қисынсыз, жөнсіз және пайдасыз болар еді. Өкінішке орай, бұл сұрақ төңірегінде былық, хаос пен түсініспеушілік шықты. Екіжүзділер айтты, бұл күрестен ынтымақтастық – АҚШ-тың атқаратын қызметі деді, бірақ ол олай емес еді. 

Терроризммен  күрес – 11 қыркүйекте болған соққыға  тәуелді бола ма жоқ па, ол біз  үшін ортақ өзіндік қорғану. АҚШ терроризмге қарсы күресушілерге рахмет айтпасын, себебі бұл күрес өзіміз үшін, АҚШ үшін емес. Біздің арамызда террорды жақсы көретін адам бар ма? Араларыңдағы кім өзінің, баласының, халқының террор үстемдік еткен әлемде өмір кешкісі келеді? Бұл өте қасірет болар еді. 

Әлем  танытқан екіжүзділіктің ең жоғарғы  сатысы ауқымды көлемдегі шиеленіске әкелді. Біз АҚШ-ты қорғап жатырмыз ба, әлде оларға 11 қыркүйекте соққы  бергендерден кек алу үшін жүрміз бе немесе біз терроризмге қарсы  күреске халықаралық жоспарды бекіту үшін жүрміз бе, ал егер осымен бітіреміз бе түсінбеушілік пайда болды. 

Екіжүзділердің  тырысып баққаны, қорқыныш пен ашкөздік – міне осыған әкелді қазіргі шиеленіс. Терроризмге қарсы күресте ынтымақтасудан бас тартқандар да болды, себебі бұл күрес АҚШ-пен бірге теңдестірілді немесе АҚШ-пен бірігіп Ауғанстанға қарсы күресті білдірді. Ал басқа біреулер Ауғанстанға соққы беруге дайын болды, террорға қарсы күрес үшін емес, талибтермен есеп қағыстыру үшін – көп бөлігін ашкөздік, қорқынышпен екіжүзділік қозғалтты. 

Бірақ біз қазіргі таңда аса көзіміз  ашық және адал болуымыз керек. Кім  АҚШ-мен ынтымақтастық пен біріккен одаққа кіріп олардың жауларына  жауапты соққыны беру үшін келсе, онда оны ашық түрде жасасын. Бір-бірімен  одаққа кіре отыра көмектесу бұл тарихтағы бірінші оқиға емес және соңғысы да болмайды. Әрбір мемлекет өз таңдауында ерікке ие – АҚШ-мен Ауғанстанға немесе Усама бен Ладенге қарсы күресу. 

Терроризмге қарсы күрес шындығында халықаралық  ынтымақтастықты, ұзақ уақытты және жаңа саясатты қажет етеді.  Терроризм – қиыры жоқ теңіз, және біз өзімізді олардың түбіне жетеміз деп алдамауымыз, ойламауымыз керек. Бұл ауыр сұрақ. 

Мәселен, терроризм деген не? Мұнда міндетте түрде бізде әр түрлі түсінік  пайда болады. Егер біз халықаралық  дәрежеде еркін, мөлдірлікпен терроризм дегенді талқыласақ, сонда біз терроризмнен тәуелсіз жаңа әлемді құра аламыз. Себебі белгілі: менің қатынасымдағы терроризм сен үшін жақсы іс болып шығады, егер мен сенің жауың болсам. Міне сізге мысал. 

Либиялық  бір жас адам Пешаварда жаттығудан өтті, кейін Ауғанстанда жұмыс жасады. Ағылшын арнайы қызметтері оған Қаддафиға қастандық жасауды бұйырады, оның себебі осы есеп арқылы революцияны жою болып табылады. Либия Локерби ісіндегі  кінәлілерді АҚШ-қа немесе Англияға тізе бүге отыра оларды береді. Террорист әлем жұртшылығы алдында террорлық акт жасады. Бірақ Құдай бомбаға жарылуға мүмкіндік бермеді, дегенмен оның оталдырғышы жанып жатты. Бұл ғажайып оқиға болды. Ол жарылғанда – трибунада тұрған көптеген қонақтар, адамдар балаларымен шейіт болар еді. 

Террорист мойындады, британдық барлау офицері  де мойындады. Бұл Ауғанстаннан келгендермен террористік акция британ барлау қызметімен жоспарланып ұйымдастырылған. Сонымен, мені Британияның жауы деп  санағандықтан, олар маған қарсы  мен олай ойламайтындай террористік акт ұйымдастырады. Мен өзімді Британияның, немесе манағы жас ауған-либиялықты жау деп санамаймын. Мен өзімді террордың құрбаны санаймын және маған қарсы әділетсіздік жасалды. 

Терроризм – нақты факт және шындық. Және ең қауіптісі – осымен айналысатын адамдардың ақталғаны. Бірақ, егер Солтүстік Ирландияның мәселесі барлық жағынан қанағаттандырылғанда, Британия санайтындай ирландық озбырлық, террор, Ирландық Республикалық Армия санайтындай әділетті және заңды күрес болмас еді. Егер Палестина мәселесі осындай жолмен шешілгенде, онда израильдіктер санайтындай палестиндік террор немесе палестиндіктер санайтындай заңды күрес болмас еді. АҚШ-пен арабтар арасында мүлдем жаугершілік болмас еді. 

Дегенмен  мұндай көріністерімен терроризм өшірілмейді. Басқа да мәселелермен басқа да зорлықпен, террормен айналысатын Ирландия мен Палестинадан алыс жатқан мекендерде, мысалы, Филиппинде, Шешенстанда, Кашмирде, Тибетте, Басковтар елінде, Корсикада, Шри-Ланка және т.б. басқа жерлерде топтар бар. Шешенстанда болып жатқан жағдайды Ресей,  АҚШ және Сауд Аравиясы қалай анықтайды? Ресей оны террор деп санап, өз мемлекеттілігінің территориялық тұтастығына жасалған қастандық деп қабылдайды. Ал Америка болса, Ресейдің Шешенстандағы әрекетін адам құқығын бұзатын өзін-өзі билеу құқығына қарсы әрекет деп қабылдайды. Сауд Аравия мешіттерінде бұны қасиетті соғыс (джихад) деп қабылдап, оған жеңіс тілейді. Мен мұны Ресей мұсылмандарына жасалған оңашалап, ядролық держава азаматтығынан айырып, орыс азаматтары секілді мұсылмандар да бір кездері жоғарғы мансапты орындарды алуға және мемлекет басқару ісінде қатысу процесіне қарсы жасалған қастандық деп ойлаймын.  Ешқандай әсері жоқ қортық мемлекет құру арқылы оларды Ресейден аластату ол мұсылмандарды мұндай мүмкіндіктерден айыру деген. Босния мұсылмандарымен осылай болды, олардың мемлекеті Босния және Герцеговинеде олардың саны аз болды. Бұрын олар Югославияның азаматтары болатын, және келешек Югославияның азаматы ретінде мұсылман Джемал Биедич елде Б.Титодан кейінгі екінші адам болып Югославия үкіметінің төрағасы болды. Енді мұндай орынды мұсылмандар Боснияда ие бола алмайды. Боснияның бөлектенуі мұсылмандар үшін қастандық пен апат болды. Шешенстандағы жағдай да осындай. 

Алайда  біз осы аймақтағы мәселені шеше алатындай болжам жасасақ, онда зорлық пен террорды тәжірибеден өткізуші топтар Солтүстік және Оңтүстік Америка, Европа және Жапонияда бар. Енді біз топтармен күресте жеңдік делік, сонымен қатар есірткімен айналысатын мафиоздық бандылар, жалған ақша жасаушылар (қазіргі кезде айналымда 500 млрд. АҚШ доллары бар), арам ақша алумен айналысатын қаскүнемдер бандылары, заңсыз қару-жарақ сатушылар, балаларды, әйелдерді ұрлау тағы қалады. Олардың артынан Сиэтл және т.б. қалалардағы қарсылық білдіруші массасы, өз жұмысынан айрылған жұмыссыздар, кедейшілік, демографиялық жарылыс, эмиграция, азшылық, этникааралық және діниаралық күрестер, бүлікшіл ғалымдар, хакерлер, электронды биологиялық вирустардың соғысы және т.б. жалғастыра әкетеді. 

Егер  Пешаварда әскери дайындықтан өткен, және Ауғанстанға өткен  бен Ладенмен бірге жүрген  жас адамдарға болжам жасасақ, содан соң дүниенің төрт бұрышына кеткен «Аль-Каида» ұйымының мүшесі болып табылады, онда жілікті майлы басты адамдары да Британиядан қоныс тепкен болар. Егер әлем терроризмге қарсы күресте ынтымақтасатын болса, онда біз оған дәлелді келтіре аламыз. Дегенмен, шынымен де террористер базасына пана болған мемлекеттерге соққы беріле ме? Мен олай ойламаймын, бірақ айта аламын: біз террористер пана болған елдермен осылай жасаймыз, тек Британиядан басқа! 

Информация о работе Терроризм-казакстанда