Обучение в области пожарой безопасности

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 05:48, курс лекций

Описание работы

Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптар
Өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің өрт
қауіпсіздігі және өртке қарсы нұсқаулық өткізу үшін
жауапты ұйымдардың басшыларына арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы

Работа содержит 8 файлов

приложение 2.doc

— 35.50 Кб (Открыть, Скачать)

приложение 4.doc

— 33.00 Кб (Открыть, Скачать)

приложение 3.doc

— 33.50 Кб (Открыть, Скачать)

требования каз.doc

— 175.00 Кб (Скачать)

 

 

              4-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт болғанда жұмыскерлердің әрекеттері.

 

              Өрт сөндіргіштердің мақсаты, құрылыс және әрекет ету принципі. Оларды пайдалану және оларды тұтануды немесе өртті сөндіруде қолдану ережелері. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты, құрылысы, жабдықталуы; оларды пайдалану ережелері. Өрт сөндіру қалқандары және олардың жабдықталуы. Өрт сөндіруге өрт сөндіру құрал-сайманын және қосалқы құралдарды пайдалану ережелері. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан ғимараттарды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт пайда болғанда жұмыскерлердің әрекеттері: өрт сөндіру көмегін шақыру, қолда бар құралдармен сөндіру,  өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшесін күтіп алу және олармен еріп жүру. Өртеніп жатқан үй-жайлардан адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

 

 

 

5-тақырып. Практикалық сабақтар

 

Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.

 

 

Сынақ. Өрт-техникалық минимум білімдерін тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беру мектептерінде өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын тұлғалар мен басшыларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша

тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы

 

р/с

 

Тақырыптың атауы

Сағаттар

саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Мектепке дейінгі және жалпы білім беру мектептеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

2

3

Өрт сөндіру құралдары және оларды өрт сөндіру үшін қолдану ережелері, өрт кезіндегі әрекеттер мен өрт сөндіру күзетін шақырту

1

4

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

7

 

 

1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар

 

              Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді оқып  білу. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына ұйымдардың жетекшілерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері.

 

 

              2-тақырып. Мектепке дейінгі және жалпы білім беру мектептеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

 

              Өрттер мен тұтанулардың негізгі себептерінің қысқаша талдауы. Электр желілерін, электрлік жабдықты және электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Қысқа тұйықталу, асқын жүктеме, ауыспалы қарсылық, ұшқындау, олардың мәні, пайда болу себептері мен жол бермеу тәсілдері. Өрт қауіпті сұйықтықтарды сақтау және олармен жұмыс істеу тәртібі. ТТС мен ЖС өрт қауіптілігін анықтайтын негізгі факторлар: жарқ ету температурасы, өздігінен тұтану және тұтану. Жарылыс жайлы түсінік. ТТС мен ЖС сақтау орындарына қойылатын талаптар. Өрт қауіпті сұйықтықтарды қабылдау, беру және қолдану кезіндегі өртке қарсы тәртіп. Химиялық реактивтер мен сілті металлдарын пайдаланғанда оларды сақтау және өрт қауіпсіздігі шаралары. Ғимараттардағы өртке қарсы тәртіп. Эвакуациялау жолдарын ұстау. Сыныптарда парталардың, үстелдердің және орындықтардың орналасуы. Кіру орындарын, шығу орындарын, холлдарды, коридорларды, саты алаңын, сондай-ақ шатырдағы бөлмелерді, жер төле үй-жайларының, оқу-өндірістік шеберханаларын, химия және физика кабинеттерін ұстау. Эвакуациялау жоспарларын әзірлеу. Қызмет көрсету персоналына нұсқамалық беру. Сауықтыру кезеңінде балаларды жоғары қабатты ғимараттар мен көп қабатты үйлерге орналастыру тәртібі.

              Балалар мекемелерінде, мектеп-интернаттарындағы кезекшілер мен күзетшілер. Оларға нұсқамалық беру. Өрт пайда болған жағдайда өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде міндеттер. Жаңа жылғы шырша орнатқанда, кино көруді, кештер мен спектакльдерді ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар. Шыршаларды орнату және бекіту ережелері. Адамдардың жаппай болатын үй-жайларға қойылатын талаптар.

              Жаппай іс-шараларды өткізу жауапкершілігі, кезекшілердің мақсаты мен міндеттері.

 

 

              3-тақырып. Өрттерді сөндіру құралдары. Оларды қолдану ережелері. Өрт кезіндегі әрекеттер және өрт сөндіру күзетін шақырту.

 

              Өрт сөндіргіштердің мақсаты. Көмір қышқылды, ұнтақты және аэрозоль өрт сөндіргіштердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсінік. Оларды пайдалану және өрт сөндіруде қолдану ережелері.

              Алғашқы өрт сөндіру құралдарының (құм, түрлі жабындар, суы бар бөшкелер мен шелектер, өрт сөндіру құрал-сайманы) және ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты. Оларды пайдалану ережелері.

              Өртте қызмет көрсету персоналының әрекеттері. Өрттерде үй-жайлардың ішінен балаларды және мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

 

 

              4-тақырып. Практикалық сабақтар

 

              Эвакуацияны өткізуді жаттықтыру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.

 

 

              Сынақ. Өрт-техникалық минимум білімдерін тексеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамдар жаппай жиналатын объектілердің басшылары мен өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдарға арналған

өрт-техникалық минимум бойынша

тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы

 

р/с

 

Тақырыптың атауы

Сағаттар

саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Сауда және қоғамдық тамақтану, базаларда, қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

4

3

Сауда және қоғамдық тамақтану, базалар мен қоймалары бар ұйымдардың ғимараттары мен құрылыстарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары

4

4

Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт кезіндегі әрекеттер

2

5

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

14

 

 

1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар

 

              Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді оқып білу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.

 

 

              2-тақырып. Сауда және қоғамдық тамақтану, базаларда, қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

 

              Сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдарында, базаларда, қоймаларда өрттер мен тұтанулардың негізгі себептерінің қысқаша талдауы. Өндірістік, әкімшілік, қойма және қосалқы үй-жайларында  қатаң өртке қарсы режимді орнату және ұстау жөнінде негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар. Ведомстволық бағыныстағы объектілердің (учаскелердің) өртке қарсы жағдайына жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершіліктері. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру. Қызметкерлерге өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын үйрету. Адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарын, өрттерде қызмет көрсету персоналының әрекеттері жоспарын, объектідегі (учаскедегі) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық.

 

 

              3-тақырып. Сауда, қоғамдық тамақтану ұйымдарында, базалар мен қоймаларда ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын

 

              Өрт қауіпсіздігі ережелерінің жалпы талаптары: аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды, жылыту, желдеткіш, түтін жою, сигнализация және өрт сөндіру жүйелерін ұстау. Электр қондырғыларының өрт қауіптілігі. Жөндеу және от жұмыстарын жүргізуде өртке қарсы тәртіп.

              Азық-түлік тауарларын сату ұйымдарында, азық-түлік қоймалары мен базаларында өрт қауіпсіздігі шаралары. Өрт қауіптілігі бар азық-түлік тауарларының қысқаша өрт сипаттамасы: өсімдік, мал және синтетикалық майлар, спирт арақ өнімдері, шөп, сіріңке және т.б. Сақтау мен сату кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Мұздату қондырғылары мен электр қозғалтқыштары бар механизмдерді пайдаланғанда өрт қауіпсіздігі шаралары.

              Базаларда, қоймаларда, дүкендерде және басқа да өнеркәсіптік тауарларды сату ұйымдарында өрт қауіпсіздігі шаралары.  ТТС, ЖС және ЖГ сақтау мен сату кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары және қысқаша сипаттама. Еденге арналған мастика, тұрмыстық химия тауарлары, парфюмерлік өнімдерінің, оқ-дәрілердің, пистондардың және т.б. өрт қауіптілігі. Сауда залдары мен қосалқы үй-жайларда, қоймалар мен базаларда өртке қарсы тәртіп.

              Қоғамдық тамақтану ұйымдарында өрт қауіпсіздігі шаралары. Түскі ас залдарында, цехтерде, қоймаларда, қойма, тұрмыстық және қосалқы үй-жайларда өрт қауіпсіздігі шаралары. Дәнекерлеу пештерін, қайнатқыштарды, мұздатқыш қондырғыларды, ас үй плиталары мен жабдықтарын пайдалануда өртке қарсы іс-шаралар. Жаппай іс-шараларды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Аумақтарды, ғимараттарды, гараждарды, шаруашылық құрылыстар мен эвакуациялау жолдарын ұстауға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары. Жылыту және қыздыру құралдарын, электр қондырғыларын, радио және теледидарларды, сондай-ақ ТТС, ЖС мен ЖГ ұсатуда және сақтауда өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрттерді табу, хабарландыру және сөндіру құралдары.

 

 

              4-тақырып. Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрттегі әрекеттер

 

              Өрт сөндіргіштердің мақсаты, құрылысы және қолдану ережелері. Ұйымдарды, базаларды, қоймаларды алғашқы өрт сөндіру құралдарым ен қамтамасыз ету нормалары. Автоматты жүйелер: өрт туралы хабарлау, түтін жою және өрт сөндіру. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің құрылысы мен пайдалану ережелері. Өрт (тұтану) пайда болған жағдайда қызметкерлердің қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жасайтын әрекеттері. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күтіп алу және оларға еріп жүру. Адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.

 

 

              5-тақырып. Практикалық сабақтар

 

              Персоналды эвакуациялауды ұйымдастыру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу.

 

 

              Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімдерін тексеру

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорын иелері кооперативтерінің басшылары мен өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдарға арналған өрт-техникалық минимум бойынша

тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы

 

р.с.

Тақырыптың атауы

Сағаттар

саны

1

Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар

1

2

Тұрғын үйдегі ұйымдастырушылық өртке қарсы іс-шаралар

2

3

Алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрттен қорғау жүйелері мен өрт кезіндегі персоналдың әрекеттері

3

4

Практикалық сабақтар

3

Жалпы сағат саны

9

приложение 1.doc

— 35.00 Кб (Открыть, Скачать)

правила-каз.doc

— 72.00 Кб (Открыть, Скачать)

приказ каз..doc

— 31.50 Кб (Открыть, Скачать)

приложение 5.doc

— 32.00 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе Обучение в области пожарой безопасности