Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 05:48, курс лекций
Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптар
Өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің өрт
қауіпсіздігі және өртке қарсы нұсқаулық өткізу үшін
жауапты ұйымдардың басшыларына арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман түрлері және қолданылу саласы. Мақсаты мен құрылғысы. Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Мақсаты, техникалық сипаты, жұмыс тәртібі және олардың орналасу орны. Сумен жабдықтау көздері. Ішкі өрт крандары.
7-тақырып. Өрт кезіндегі іс-әрекеттер
Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өрт сөндіру тәсілдері. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Көшіру жолдары мен тәртібі, көшіру жоспары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін жұмыскерлердің іс-қимылдары (жең желілерін төсеуге көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіруге қатысу және өрт сөндіру жетекшісінің өкімі бойынша өзге де жұмыстарды орындау). Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі. Тұрғын үйде өрт шыққан кездегі іс-әрекеттер.
8-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Түтін, жану, өрт байқалған кезде іс-қимылдарды машықтау. Ұйымнан көшіру бойынша практикалық сабақтар.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру
Ұйымдарды күзетуді жүзеге асыратын жұмыскерлерге арналған
өрт-техникалық минимум бойынша
тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптар атауы | Сағат саны |
1 | Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар | 2 |
2 | Техникалық өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман | 1 |
3 | Өрт кезіндегі іс-әрекеттер | 1 |
4 | Практикалық сабақтар | 3 |
Жалпы сағат саны | 7 |
1-тақырып. Ғимараттар мен үй-жайларға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар. Ғимараттардың көлемдік-жоспарлау және құрылымдық шешімдері. Өртке қарсы режим. Көшіру жоспары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдары.
2-тақырып. Техникалық өрт сөндіру құралдары, өртке қарсы құрал-сайман
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді жіктеу, қолдану саласы, мақсаты, қолдану ережесі, орналасу орны. Ішкі өртке қарсы су құбырының, өрт крандарының мақсаты мен құрылғысы, орналасу орны. Автоматты өрт дабылы (АӨДҚ) және өрт сөндіру (АӨСҚ) қондырғылары; ұйымда орналастыру сызбасы. АӨДҚ мен АӨСҚ жұмыс істеген кездегі әрекеті. Өрт жабдығы мен құрал-саймандарының түрлері, мақсаты, құрылғысы мен орналасу орны.
3-тақырып. Өрт кезіндегі іс-әрекеттер
Өрттің өршуінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртті сөндіру. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-әрекеттер.
4-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру
Ауыл шаруашылығы ұйымдарының басшыларына және өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптар атауы | Сағат саны |
1 | Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 1 |
2 | Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар | 2 |
3 | Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар | 3 |
4 | Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау | 3 |
5 | Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда жұмыскерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі | 2 |
6 | Практикалық сабақтар | 3 |
Жалпы сағат саны | 14 |
1-тақырып. Кіріспе. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттердің статистикасы. Өрттердің себептері. Ауыл шаруашылығы объектілерінің өрт қауіптілігі. Ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, бөлімшелердің, шеберханалардың, гараждардың, базалардың және өзге де объектілердің басшыларының міндеттері және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптылығы. Аумақтарды, ғимараттарды, үй-жайларды ұстауға, электр желілерін, электр қондырғыларын, жылу беру, желдету жүйелерін және жылу бөлу қондырғыларын монтаждау мен пайдалануға қойылатын жалпы талаптар. Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар.
2-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар
Өрттің алдын алудың негізгі міндеттері. Өртке қарсы режим, анықтамасы, мақсаты мен оны белгілеу тәртібі. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінде, шаруа қожалықтарында және елді мекендерде жалпы ұйымдастырушылық өрттің алдын алу іс-шаралары.
3-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілері мен аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі талаптар
Мал өсіру және құс өсіру фермаларында, зертханаларда, жөндеу шеберханаларында, гараждарда, техника сақтау орындарында, ағаш өңдеу шеберханаларында, ТТС, ЖС және ЖГ қоймаларында, материал қоймаларында, астық қоймаларында, астық кептіргіштерде, құрама жем қоймаларында, химиялық заттар қоймаларында, газ баллондарын сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі талаптары. Астық дақылдарын жинау, жемдерді дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен байланысты және жөндеу, монтаждау жұмыстарына қойылатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің арнайы талаптары. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың өрт қауіптілігі ерекшеліктері. Аумақтарды, ғимараттарды, әкімшілік үй-жайларды ұстауға қойылатын негізгі өрт қауіпсіздігі талаптары. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және өрт, жарылыс қауіпті инженерлік-техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану тәртібі.
4-тақырып. Ауыл шаруашылығы объектілеріндегі өрттен қорғау
Алғашқы өрт сөндіру құралдары, олардың мақсаты, құрылғысы, техникалық сипаттамалары мен пайдалану ережесі. Өртке қарсы сумен жабдықтау және оның түрлері. Өрт сөндіретін су айдындарын орнату ережесі. Ауыл шаруашылығы объектілерін байланыспен, дабылмен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.
5-тақырып. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілері мен фермерлік шаруашылықтарда жұмыскерлермен өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу әдістемесі
Өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимум. Өрт-техникалық минимум бағдарламасының мазмұны. Жоспар конспектісін, сыныпты, көрнекі оқу құралдарын және техникалық оқыту құралдарын дайындау. Бағдарламаның әр тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі.
6-тақырып.
Ұйым (шаруа қожалықтарының) басшыларының, өртті жою бойынша тұрғындар мен ауылдық жердегі жұмысшылардың өрт-техникалық жаттығуы. Өрт жеңдерін төсеу. Су көзінен су беру. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу. Өртке қарсы қызметті шақырту.
Сынақ. Өрт-техникалық минимумы білімін тексеру
Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан
объектілердегі өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын тұлғаларға арналған өрт-техникалық минимум бойынша
тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптың атауы | Сағаттар саны |
1 | Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 1 |
2 | Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары | 2 |
3 | Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектілердің өрт қауіпсіздігі шаралары | 4 |
4 | Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт болған жағдайда жұмыскерлердің әрекеттері | 2 |
5 | Практикалық сабақтар | 3 |
Жалпы сағат саны | 9 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласында негізгі нормативтік құқықтық актілерді оқып білу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жауапкершілік атқаратын лауазымды тұлғалардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі.
2-тақырып. Жаңадан салынып және қайта құрылып жатқан объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары
Құрылыс объектілеріндегі сипатты өрттердің қысқаша талдауы. Өрт сөндіру профилактикасының негізгі міндеттері. Өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік атқаратын тұлғалардың міндеттері. Жаңадан салынып және құрылып жатқан объектілерде, құрылыс алаңдарымен қосалқы қожалықтарда өртке қарсы тәртіпті орнату және ұстау жөніндегі негізгі ұйымдастыру іс-шаралары.
Бөлек құрылыс учаскелерінің, корпус, цехтер, қоймалар, шеберханалардың өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік. Өндірісте және тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларына жұмыскерлерді үйрету. Өрт-техникалық комиссияның жұмысын құру және ұйымдастыру.
3-тақырып. Жаңадан салынып жатқан және қайта құрылып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі шаралары
Ауданның, облыстың құрылыс объектілерінде аса кең таралған себептерден болған өрттер мен тұтануларды талдау. Электр желілерін, электр жабдығын, электрмен жылыту және электрлі жарық беру құралдарын пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. Электрлік асырмалы жүктемелердің, қысқа тұйықталулардың, күрделі ауыспалы қарсылықтардың мәні мен пайда болу себептері. Қыздыру шамдарының өрт қауіптілігі. Электр құрылғыларын қысқа тұйықталу және асырмалы жүктемелерден қорғау шаралары. Автоматты және иілмелі сақтандырғыштар. Жылыту және қыздыру құралдарын, желдеткіш құрылғыларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Отпен жұмыстар жүргізгенде, ашық отты қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан объектілердегі өрт қауіпсіздігі ерекшеліктері. Құрылыс алаңдарын ұстау (орман материалдарын, ағаш қалдықтарын сақтау тәртібі, уақытша қызметтік, тұрмыстық, қойма, және басқа үй-жайларды орналастыру). Тұрмыстық үй-жайларда, арнайы киім кептіргіштерінде және үй-жайларды кептіруге арналған уақытша пештерді, электр құрылғыларын, жылу генераторларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі. Құрылыс ағаштарына қойылатын талаптар. Ғимараттарға, құрылыстарға, су көздеріне, өрт сөндіру гидранттары аумақтарын, жолдарын, кіреберістерін ұстау және қатты, сұйық және газ тәрізді отында жұмыс істейтін пештерді, каминдерді, пайдаланғанда өрт сөндіру құралдарына жету, сондай-ақ ТТС жұмыс істеу. Эвакуациялау жолдарына өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары.