Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 05:48, курс лекций
Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптар
Өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің өрт
қауіпсіздігі және өртке қарсы нұсқаулық өткізу үшін
жауапты ұйымдардың басшыларына арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
17
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің м.а.
2011 жылғы «____» ____________
№ ______ бұйрығына
2-қосымша
Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бағдарламаларының
мазмұнына қойылатын талаптар
Өрт қауіпті өндірістері бар өндірістік объектілердің өрт
қауіпсіздігі және өртке қарсы нұсқаулық өткізу үшін
жауапты ұйымдардың басшыларына арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптар атауы | Сағат саны |
1 | Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер. | 2 |
2 | Заттар мен материалдардың жану және өрт шығу, жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар. | 2 |
3 | Ұйымдағы өрт қауіптілігі. | 4 |
4 | Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары. | 4 |
5 | Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. | 2 |
6 | Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер. | 2 |
7 | Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері. | 3 |
8 | Өрт кезінде жұмыскерлердің іс-әрекеттері. | 2 |
9 | Практикалық сабақ. | 3 |
Жалпы сағат саны | 24 |
1-тақырып. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық база. Негізгі ережелер.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лауазымды адамдардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын бұзғаны және орындамағаны үшін әкімшілік-құқықтық әсер ету түрлері.
2-тақырып. Заттар мен материалдардың жану және өрт шығу, жарылу қауіптілігі, ғимараттардың өрт қауіптілігі туралы жалпы ұғымдар.
Жану туралы жалпы мәліметтер. Заттар мен материалдардың жарылыс, өрт қауіпті қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер. Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық үдерістерді өрт, жарылыс қауіптілігі бойынша санатқа бөлу және жіктеу. Құрылыс материалдарын жану топтары бойынша жіктеу. Отқа төзімділік шегі мен жалынның таралу шегі туралы ұғым. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесі туралы ұғым. Құрылымдарды оттан қорғау тәсілдері.
3-тақырып. Ұйымдағы өрт қауіптілігі.
Өндірістің өрт қауіптілігін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Жылу беру және желдету жүйелерінің өрт қауіптілігі. Жылу беру және желдету жүйелерін орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
Өрттің электр тогынан шығу себептері және олардың алдын алу шаралары. ЭҚПЕ бойынша жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтарды жіктеу. Найзағайдың тікелей соққысы мен оның қайта көрініс беруінің өрт қауіптілігі. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құралдарының санаттары. Найзағайдан қорғағыштарды орнату жөніндегі негізгі ережелер. Статикалық электр және оның өрт қауіптілігі. Алдын алу шаралары.
4-тақырып. Өрт қауіпті жұмыс жүргізу, заттар мен материалдарды сақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
Отпен байланысты жұмыстардың түрлері және олардың өрт қауіптілігі. Тұрақты және уақытша отпен байланысты жұмыстар жүргізу бекеттері. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге адамдарды жіберу тәртібі және олардың жүргізілуін бақылау. Жарылыс, өрт қауіпті үй-жайларда электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ өзге де отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
ТТС, ЖС, ЖГ өрт қауіпті қасиеттері. Жалпы объектілік қоймаларда, ашық алаңдарда, цехтің таратушы қоймаларында ТТС, ЖС, ЖГ сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары. Жұмыс орындарында, сырлау және өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде ТТС, ЖС, ЖГ қолданудағы өрт қауіпсіздігі шаралары. ТТС, ЖС, ЖГ тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары.
5-тақырып. Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.
Көшіру жолдары. Көшіру жолдары мен көшіретін шығу жолдарын анықтау. Көшіру жолдарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары. Көшіру жолдарының түтіндеуін болдырмайтын іс-шаралар. Пайдаланудағы объектілерде өрт шыққан жағдайда көшіру жоспары. Өрт кезінде адамдарды көшіру туралы шұғыл хабарлау жүйесі. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар ұйымдастыру.
6-тақырып. Ұйымдағы өрттен қорғау жүйелері туралы жалпы мәліметтер.
Алғашқы өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіргіштерді орнату, тактикалық-техникалық сипаттамасы және пайдалану ережесі.
Сыртқы және ішкі сумен жабдықтау, мақсаты, құрылғысы. Өрт крандары, орналастыру және оларды бақылау. Өрт кезінде қолдану ережесі.
Автоматты өрт сөндіру және дабыл жүйелерінің мақсаты, қолдану саласы. Өрт дабылы, өрт хабарлағыштары станцияларын жіктеу, негізгі параметрлері. Монтаждау және пайдалану ережелері. Техникалық қызмет көрсету және жүйелердің жұмыс қабілеттілігін бақылау. Сумен, көбікпен, газбен және ұнтақпен өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары, құрылғысы.
Түтіннен қорғау қондырғыларының мақсаты, түрлері, негізгі элементтері. Түтіннен қорғау жүйелеріне қойылатын нормалар мен ережелердің талаптары. Түтіннен қорғау жүйелерін пайдалану және тексеру.
7-тақырып. Ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.
Өрт-техникалық комиссия. Жұмыскерлерге өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту. Өртке қарсы нұсқаулық және өрт-техникалық минимум. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық. Өртке қарсы іс-шараларды әзірлеу тәртібі. Ұйым жұмыскерлерімен практикалық сабақтар. Өртке қарсы насихаттау. Өрт қауіпсіздігі бұрыштары.
«Өртке қарсы режим» терминінің ұғымы. Объект аумағындағы, жертөле және шатыр үй-жайларындағы өртке қарсы режим, үй-жайларды ұстау.
8-тақырып. Өрт кезінде жұмыскерлердің іс-әрекеттері.
Өрттің дамуының жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Өрт туралы хабарлау тәртібі. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін от қауіпті және бағалы заттар мен материалдарды сөндіруді ұйымдастыру, адамдарды көшіру. Өрт сөндіру бөлімшелерін қарсы алу. Өрттің таралуынан алдын алу шаралары. Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейінгі іс-шаралар.
9-тақырып. Практикалық сабақтар
Модельді өрт ошағында өрт сөндіргіштермен практикалық түрде таныстыру және жұмыс істеу. Өрт кранын қолдану бойынша жаттығу. Өрттен қорғау жүйелерімен практикалық түрде таныстыру. Адамдарды көшіру бойынша жаттығулар.
Өрт қауіпті жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлерге арналған өрт-техникалық минимум бойынша тақырыптық жоспар және үлгілік оқу бағдарламасы
№ р/с | Тақырыптар атауы | Сағат саны |
1 | Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар | 1 |
2 | Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі | 1 |
3 | Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары | 1 |
4 | Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері | 2 |
5 | Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары | 1 |
6 | Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман, өрт кезінде пайдалану тәртібі | 1 |
7 | Өрт кезіндегі іс-әрекеттер | 1 |
8 | Практикалық сабақтар | 2 |
Жалпы сағат саны | 10 |
1-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
Өрт қауіпсіздігі саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерді зерделеу. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі объектілік нұсқаулықтар, бұйрықтар, ұйым басшының өкімдері.
2-тақырып. Өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу түрлері мен тәртібі. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі
Газбен, электрмен дәнекерлеу және қыздыру жұмыстары, металл кесу, желіммен, шайырмен, битуммен, полимермен және өзге де жанғыш материалдармен жұмыс істеу. Оларды жүргізу тәртібі. Жұмыстардың өрт қауіптілігі және олардың өрт қауіптілігінің ерекшеліктері.
3-тақырып. Өрттің шығу себептері, алдын алу шаралары
Газбен, электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрттің негізгі себептері: жұмыс істеу ережесін бұзу, газбен, электрмен дәнекерлеу жабдығының ақаулығы, жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орындарын бақылаудың болмауы. Отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге дайындау, жүргізу, жұмыс орындарын бақылау, сондай-ақ оларды аяқтау үдерісінде өрттің алдын алу шаралары.
4-тақырып. Жарылыс, өрт қауіпті объектілер мен қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіптілігі ерекшеліктері
ТТС, ЖС және ЖГ босатылған сыйымдылықтарда оларды алдын ала дайындамай, жұмыс істеу кезінде қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларда отпен байланысты жұмыстарды жүргізу. Жарылыс қауіпті және жарылу, өрт шығу қаупі бар бөлімшелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізу тәртібі.
5-тақырып. Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстары
Жұмыс істеу кезінде қолданылатын газдардың өрт қауіптілігі. Сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондармен жұмыс істеу ерекшеліктері. Кальций карбидін тасымалдау кезіндегі оның қасиеттері, сақтау және қолдану ережесі. Ацетилен генераторы, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Ацетилен аппараттары мен газ баллондарының орналасу орындары, оларды ашық оттан және басқа да жылу көздерінен қорғау. Газ өткізу шлангілерін сынау және тексеру тәртібі. Электрмен дәнекерлеу аппараттары, аппараттарға қойылатын негізгі талаптар. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы алдын ала жөндеу.Дәнекерлеу аппараттарын іске қосу, кабельдерді қосу.Дәнекерлеу кезінде қолданылатын электродтар, қосқыш құрылғыларға қойылатын талаптар.
6-тақырып. Өртке қарсы жабдық пен құрал-сайман, өрт кезінде пайдалану тәртібі