Жермен жасалатын мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету Мәмілелерді қамтамасыз ету әдістерін оқып үйрену

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 20:34, реферат

Описание работы

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Содержание

І. Кіріспе
а)Мәміле түсінігі.
ІІ. Негізгі бөлім
б)Жылжымайтын мүліктерді тіркеу.
в) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін қажетті құжаттартізімі.
г) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін жиын мөлшері.
ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Жермен жасалатын мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету реферат.doc

— 113.50 Кб (Скачать)

    Егер  қателерді түзету тіркелетін құқықтың (құқық ауыртпалығының және өзге де мемлекеттік тіркеу объектілерінің) тиесілілігіне, сипатына немесе мазмұнына  әсер ететін болса, мүдделі тұлғалар осындай түзетулерді енгізу қажеттігі туралы хабардар етілуге тиіс. Көрсетілген жағдайларда түзетулерді енгізуге барлық мүдделі тұлғалардың нотариат куәландырған немесе тіркеу органына өздері берген жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі. Мүдделі тұлғалар түзетулерді енгізуге келісім беруден бас тартқан немесе хабарлама алған кезден бастап бір ай ішінде жауап бермеген жағдайларда тіркеуші орган түзетулерді енгізу туралы шешім шығару үшін сотқа жүгінуге тиіс.Егер тіркеу мемлекеттік орган берген құжаттың негізінде жүргізілсе және түзетулер осы құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты болса, осы орган мұндай құжатқа тиісті өзгерістер енгізген кезде ғана қателерді түзетуге жол беріледі. Көрсетілген жағдайда өзгерістер енгізуді тіркеуші орган осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелерді сақтай отырып жүзеге асырады. Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазбаларды енгізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.  

    Құқықтық  кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жою. Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбаның күшін жоюды тіркеуші орган соттың заңды күшіне енген актілерінің негізінде жүзеге асырады.Құқықтық кадастрдың тіркеу парағындағы жазбалардың күшін жоюдың тәртібін уәкілетті орган белгілейді. 

    Мемлекеттік тіркеу жүргізілгенін куәландыру.

    Тіркеуші  орган жүргізілген тіркеуді тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін  құжатта жазба жасау арқылы куәландыруға міндетті. Тіркеуші орган өтініш берушіге құқықтарды тіркеу тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж және өзге де тұтыну кооперативтерінде толық көлемде пай жарнасын енгізу туралы құжаттар негізінде жүзеге асырылған жағдайларда жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (өзге де заттай құқық) туралы куәлік беруге міндетті. 

    Тіркеуші  органның тіркеу ісіндегі құқық белгілейтін немесе өзге де құжаттарды жоғалту (бүлдіру) және тіркеу жазбаларын жою (бүлдіру)  кезіндегі өкілеттіктері.

    Егер  тіркеу ісінде сақталатын құқық белгілейтін  немесе басқа да құжаттар бүлінген немесе жойылған болса, тіркеуші орган  көрсетілген құжаттарды барлық жол берілетін тәсілдермен, оның ішінде қажетті құжаттарды құқық иелерінен, оларды шығарған мемлекеттік органдардан талап ету арқылы қалпына келтіре алады. Жоғалған құжаттарды құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінен алуға жол беріледі. Қағаз жеткізгіштерде толтырылған тіркеу парақтары жоғалған (бүлінген) кезде жоғалған парақ бойынша мәліметтер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінен және (немесе) тіркеу ісінде сақталатын материалдардан қалпына келтірілуі мүмкін. 

    Құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру.

    Құқықтық  кадастрда тіркеу соның негізінде  жүргізілген жылжымайтын мүлікке  құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін  құжатты қалпына келтіру көрсетілген  құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізіледі. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

    Жылжымайтын мүлікке құқықты  тіркеу үшін жиын мөлшері.

    Меншілікке  құқықты, шаруашылық жүргізуге, шұғыл  басқаруға, сенімділік басқаруға, кепілдікке, рента пайдалануға (сервитуттардан басқа) тіркеу үшін:

  • пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа сол сияқты обьектілерге) бір айлық есептік көрсеткіштен бастап, жиын төлеген уақытқа дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;
  • тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстармен және басқа да ұқсас обьектілерге), тұрғын үйлердегі тұрғын емес жайларға, тұрғын емес құрылыстарға –есептік көрсеткіштің сегіз есе айлық көрсеткіші;  
    гаражға - бір айдың есептік көрсеткіштерінен бастап,жиын төлеген уақытқа дейін шаруашылық құрылыстың 50 пайызы;
  • тұрғын емес жайдың мүліктік кешеннің қызмет ететін күніне жиын төлеу (ғимарат, құрылыс, қондырғы):
    • бір обьектен тұратын – 10 АЕК
    • 2 ден 5-ке дейін бөлек тұрған обьектілер – 20 (есе) АЕК
    • 6 –дан 10ға дейін бөлек тұрған обьектілер – 20(есе) АЕК
    • 10-нан жоғары бөлек тұрған обьектілер -25 (есе) АЕК шағын бизнес кәсіпкерлері үшін.
  • тұрғын үйге (шаруашлықы құрылыстарымен және басқа да лайықты обьектілерімен)тұрғын үйдің тұрғын емес жайлары,тұрғын емес құрылыс,тұрғын емес мүліктік кешендер (ғимарат,құрылыс,қондырғылар) -1 АЕК;
  • жер учаскелеріне құқылықты тіркеу:   меншіктік құқық,жерді пайдалану,басқа да құқықтар – 50% АЕК;
  • сервитутты тіркеу -50% АЕК;
  • кондоминиум обьектілерін тіркеу – 1АЕК;
  • ипотекалық куәліктің берілуін тіркеу және оның басқа иелерге соңынан берілуі -25% АЕК;  
  • құжаттың мемелекеттік тіркелгені туралы төлнұсқасын тіркеу - 25% АЕК;
  • жылжымайтын обьектінің идентификациялық сипаттамасымен құқық иеленушінің ауысуын тіркеу;
  • жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтату, адам қайтыс болғанда, тұрғын жай құлатылғанда,басқа да құқықтың ауысуы мен байланысты тіркеу - 25% АЕК;
  • жылжымайтын мүлікке ипотеканың тоқтатылуын тіркеу - 25% АЕК;
  • банк заимдарының шарты мен арзанға беру талаптарын тіркеу, міндеттеме де ипотекамен қамтамасыз етуді тіркеу - 25% АЕК;
  • келісім шартының өзгеру нәтижесінде құқықтың өзгеруін тіркеу, құқықты орнына келтіру негізі мен және заңды фактілерімен тіркеу - 25% АЕК;
  • жылжымайтын мүлікке басқа да құқықтарды тіркеу - 50% АЕК;

    Мемлекеттік тіркеу жиынының нөлдік мөлшері:

  • жылжымайтын мүлікке Қазақстан Республикасының заңдылық актілері қарастырғандай мемлекеттік ұйымдарымен белгілі тәртіпте ауысқан құқық;
  • жылжымайтын мемлекеттің меншігіндегі мүлікке құқық өкілетті мемлекеттік ұйымдар үшін, республикалық меншікті иеленуге, пайдалануға, билеуге құқын жүзеге асыратын, және оның аймақтық ұйымдарын;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген,әкімшілік-аймақтық бірліктегі және мерзімдегі,жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу .

    Мәміле  нақтылы деп есептеледі:

  • тіркелген уақытынан бастап;
  • тіркелген мәмілелер оны жасаған тұлғаларымен атаулармен қол қойылып, толық аты жазылып, жылжымайтын обьектіні оның тұрғаны орнын, тіркелген құқын қысқаша суреттеп көрсетеді;
  • егер мәмлені тіркеген нақтыламаған формада жасаса, оны тіркеуде бір жақ бас тартса сот екінші жақтың талабы бойынша мәмлені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл жағдайда мәмлені тіркеу соттың шешіміне сәйкес болады.

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

    1. Жер құқығы. Оқу құралы. Алматы 2004ж. Ә.С.Стамқұлов, Г.Ө.Стамқұлова

    2. Қазақстан  Республикасының Жер кодексі

    3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы

    4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Информация о работе Жермен жасалатын мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету Мәмілелерді қамтамасыз ету әдістерін оқып үйрену