Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 20:34, реферат
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.
І. Кіріспе
а)Мәміле түсінігі.
ІІ. Негізгі бөлім
б)Жылжымайтын мүліктерді тіркеу.
в) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін қажетті құжаттартізімі.
г) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін жиын мөлшері.
ІІІ. Қорытынды
Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда құқық белгілейтін және өзге де құжаттар нотариат тәртібімен куәландырылуға тиіс. Тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келісілмеген түзетулер бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды.Құқық белгілейтін құжаттар тіркеу парағына енгізілетін құқық иелері туралы, тіркелген құқық (құқық ауыртпалығы) түрі, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектісі туралы құқықтық кадастрды жүргізу мақсатына қажетті мәліметтерді қамтуға тиіс. Тиісті жазбаларды тіркеу құжаттарына енгізу үшін хабарлама нысаны (міндеттеменің орындалмауы туралы, жүргізілетін тіркеуді немесе тіркелген құқықты даулау ниеті туралы және т.б.) уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар тіркеуші органға екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады. Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың түпнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай құжаттың куәландырылған екі көшірмесі беріледі. Құжаттың түпнұсқасы не нотариат куәландырған көшірме осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда, тіркеуден соң өтініш берушіге (уәкілетті өкілге) қайтарылады.
Тіркеу сенімхат негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда жай сенімхат тіркеуші органға ұсынылады және өтініш берушіге қайтарылмайды, арнайы және бас сенімхаттар екі данада ұсынылады, олардың біреуі — түпнұсқа, екіншісі – көшірме болып табылады. Сенімхаттың көшірмесін тіркеуші орган алады, түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады. Жылжымайтын мүліктің бір бөлігіне белгіленетін құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) тіркеу кезінде құқық белгілейтін құжат (жалға беру, сервитуттар, мүлікті өтеусіз пайдалану туралы және басқалары) құқықтың (құқық ауыртпалығы) қолданылу аясы болып табылатын мүліктің бір бөлігінің егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтуға тиіс.
Қажет жағдайларда өтінішке техникалық паспорт немесе құқық (құқық ауыртпалығы) объектісі болып табылатын жылжымайтын мүліктің бір бөлігі көрсетілетін сәйкестендіру құжаты қоса берілуге тиіс. Жылжымайтын мүліктің бір бөлігі кепілге қойылған кезде міндеттемені орындамауға байланысты кепіл затын иеліктен айыру жағдайларында объектіні бөлу жоспарын осы жылжымайтын мүлік объектісін бөлуді немесе қосуды жүзеге асыратын орган мақұлдауға тиіс.
Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды қабылдаудан бас тарту. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға мынадай негіздер бойынша:
1)
тиісті емес адам өтініш
2) құжаттарда тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келісілмеген түзетулер болғанда;
3)
тіркеуге берілетін
4)
өтініш беруші осы Заңның 21-
5)
нысаны мен мазмұны Қазақстан
Республикасының заңнамасына
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жазылмайды. Тіркеуші орган өтініш берушіге бас тарту себебі көрсетілген хабарлама береді. Осындай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақталуға тиіс. Тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жоғарғы тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдануға болады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негіздері жойылған кезде құжаттар тіркеуге жалпы тәртіппен беріледі.
Құжаттарды берудің нақты уақытын көрсету. Тіркеуге құжаттарды қабылдау кезінде тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына құжаттардың берілген күні, уақыты, минуты туралы мәліметтер енгізіледі. Өтініш берушіге тіркеуге құжаттардың түскен күні, сағаты және минуты, құжаттарды қабылдаған жауапты қызметкердің тегі, аты (әкесінің аты), тіркеуге ұсынылған құжаттардың тізбесі, жылжымайтын мүліктің орналасқан жері көрсетіліп қолхат беріледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру үшін негіздер. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мынадай жағдайларда:
1) сотқа берілген талап-арыздар мен өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
2)
прокурорлық қадағалау
2-1)
заңсыз жолмен алынған
3)
егер қажетті құжаттардың
4)
мемлекеттік органдардан, егер
көрсетілген мән-жайлар
5)
құқық белгілейтін құжаттардың
негізінде белгіленетін тіркеу
объектісінің және өтініште
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді тіркеуші орган мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдаған кезден бастап құжаттарды бергенге дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімінің өтуінен кешіктірмей қабылдауы мүмкін. Тіркеуді тоқтата тұру туралы сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеу тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан аспайтын уақытқа тоқтатыла тұрады. Егер бір айдың ішінде тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылмаса, мемлекеттік тіркеуден бас тартылуға тиіс. Тіркеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына жазылады.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұрған кезде тіркеуші органның өз құзыретінің шегінде өтініш берушіден (өтініш берушінің уәкілетті өкілінен), өзге де жеке немесе заңды тұлғалардан, соның ішінде мемлекеттік органдардан, егер бұл шешім қабылдау үшін қажет болса, ақпаратты, түсіндірулерді және құжаттарды сұратуға құқығы бар. Тіркеуді тоқтата тұрған кезде тіркеуші орган өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Хабарламада өтініш берушінің тіркеуді тоқтата тұрудың себептерін жоюдағы кейінгі әрекеттері және сол үшін қажетті мерзімдер көрсетілуге тиіс.Тіркеу тоқтатыла тұрған кезде өтінішті өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) кез келген уақытта кері қайтарып ала алады. Бұл ретте кері қайтарып алынған өтініштің басымдығы жойылады.
Құжаттардың түпнұсқалығын және оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін тіркеуді тоқтата тұру. Мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына немесе оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған кезде тоқтата тұрады. Осындай күмәнді жою үшін тіркеуші орган қосымша мәліметтер алу және құжаттардың түпнұсқалығын растау немесе оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы жөнінде қажетті шаралар қабылдауға міндетті. Өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілдері) құжаттардың түпнұсқалығы мен оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына қосымша айғақтар беруге құқылы. Қажет болған жағдайларда құжаттардың түпнұсқалығын және оларда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін тіркеуші орган құжаттарды сараптама жүргізуге жіберуі мүмкін.
Мемлекеттік тіркеуді уақытша тоқтату. Өтініш иесі тіркеуші органға өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркеуді уақытша тоқтату туралы өтінішпен мынадай жағдайларда:
1) өзінің контрагентіне жылжымайтын мүлік объектісіне оның тиісті құқықтары тіркелген кезге дейін оған басқа адамдардың құқықтары немесе тараптардың кез келгенінің ерік білдіруі бойынша туындайтын жаңа ауыртпалықтар тіркелмейтін кепілдікті беру мақсатында;
2) құқық иесі құқық белгілейтін құжатты жоғалтқан кезде немесе осындай мүлікке құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша мәжбүрлі тоқтату жағдайларын қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарын оның еркінсіз жоғалтудың негізсіз тәуекелдері туындайтын өзге де жағдайларда жүгіне алады.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу өтініш берілген кезден бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге уақытша тоқтатылады. Көрсетілген мерзім ішінде мүддесі үшін тіркеу уақытша тоқтатылатын тұлғаның тіркеуге өтінішінің, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, аталған мерзімде берілген басқа өтініштердің алдында басымдығы болады.Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда тіркеуді уақытша тоқтату мерзімдері ішінде тіркеу уақытша тоқтатылғанға дейін тіркеуге берілген, сондай-ақ сот шешімдері, мемлекеттік органдардың актілері негізінде белгіленген өтініштердің негізінде немесе құқық иесінің еркіне тәуелсіз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркеу, сондай-ақ осы Заңда көзделген хабарламаларды және заңды талаптарды тіркеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, құқық иесінің ерік білдіруі бойынша туындайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркеу құқық иесінің тіркеуді уақытша тоқтату туралы өтінішін кері қайтарып алған кезге дейін уақытша тоқтатылады. Қалған жағдайларда тіркеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Жылжымайтын
мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмілелерді мемлекеттік
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуден бас тарту. Мемлекеттік тіркеуден мынадай жағдайларда:
1)
құқықтық қатынастардың
2)
егер қажетті құжаттардың
3)
нысаны мен мазмұны бойынша
заңнама талаптарына сәйкес
4)
құқықты немесе өзге де
5)
заңды күшіне енген сот
6)
егер тіркеуді тоқтата тұру
мерзімі ішінде тоқтата тұруға
негіз болған мән-жайлар
7) егер тіркеу объектісі ауысу, өзгеру, тоқтату немесе осындай құқыққа қатысты ауыртпалықты белгілеу болып табылса, ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға бұрын туындаған құқық сәйкес келмегенде бас тартылуы мүмкін.
Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тіркеуден бас тарту кезінде тіркеуші органның құжаттарды қабылдау туралы құжаттамасында себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы тиісті белгі қойылады. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту кезінде тіркеуші орган өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып хабарлама жіберуге тиіс. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға болады. Тіркеуден бас тартуға негіз болған мән-жайлар жойылған кезде тіркеуге өтінішті қайтадан беруге болады.
Мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету. Тіркеу кезінде жіберілген қателер тіркеуші органның бастамасы немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша осы бапта белгіленген ережелер ескеріле отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түзетілуі мүмкін. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың (құқық ауыртпалығының) тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді тіркеуші орган барлық мүдделі тараптарды жазбаша хабарландыра отырып, өз бастамасы бойынша түзетуі мүмкін. Хабарландырғаны туралы белгі тіркеу парағына қойылады. Хабарламалардың көшірмелері тіркеу ісінде сақталуға тиіс. Тіркеу кезінде жіберілген қателер салдарынан мүддесі бұзылған кез келген тұлға тіркеуші орган тіркеу құжаттарына тиісті түзетулер енгізуден бас тартқан кезде сот шешімінің негізінде түзетулерді енгізу туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.