Жермен жасалатын мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету Мәмілелерді қамтамасыз ету әдістерін оқып үйрену

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 20:34, реферат

Описание работы

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Содержание

І. Кіріспе
а)Мәміле түсінігі.
ІІ. Негізгі бөлім
б)Жылжымайтын мүліктерді тіркеу.
в) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін қажетті құжаттартізімі.
г) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін жиын мөлшері.
ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Жермен жасалатын мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету реферат.doc

— 113.50 Кб (Скачать)

Жермен жасалатын  мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету  
Мәмілелерді қамтамасыз ету әдістерін оқып үйрену

    Жоспар:

    І. Кіріспе

    а)Мәміле түсінігі.

    ІІ. Негізгі  бөлім 

    б)Жылжымайтын  мүліктерді тіркеу.

    в) Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін қажетті құжаттартізімі.

    г) Жылжымайтын  мүлікке құқықты тіркеу үшін жиын мөлшері.

    ІІІ. Қорытынды 

    Мәміле  түсінігі.

    Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық  құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған  әрекеттері мәмілелер деп танылады. 
    Жоспарлы экономика кезінде барлық шаруашылық жүргізу орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып, әкімшілік әдіспен жүргізілген. Сондықтан мәміленің аса қажеттілігі және маңызы болмаған. Ал нарық жағдайында мәмілелер субъектілердің арасындағы қарым -қатынастың негізі болып отыр. 
    Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіру қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың не үш немесе одан дакөп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет. 
     Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады.Жасалған кезд атқарылатын, жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.

    Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.

    Мынадай мәілелер:

    -    кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;

    -    мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;

    -    заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.

    Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен  растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. 
   Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.

    Мәміле  жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті. 

    Жылжымайтын мүліктерді тіркеу.

    Жылжымайтын мүлікке құқықты  тіркеу үшін қажетті  құжаттартізімі.

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібі. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

    1) мемлекеттік тіркеу үшін осы  Заңның 21-бабында  көзделген құжаттарды қабылдау;

    2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың  (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз  болып табылатын өзге де заңдық  фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;

    3) тіркеу парағына жүргізілген  тіркеу не осы Заңда көзделген  жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;

    4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген  мемлекеттік тіркеу туралы жазба  жасау;

    5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі  бар құқық белгілейтін құжатты,  не осы Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.  

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттар қабылдау. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің  уәкілетті өкілі) оның жеке басын  куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды:

    1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

    2) жылжымайтын мүлікке техникалық  паспортты және (немесе) жер учаскесіне  сәйкестендіру құжатын қоса бере  отырып, құқық белгілейтін және  тіркеу объектісін растайтын  өзге де құжаттарды;

    3) өтініш берушінің (жеке тұлғаның) және өтініш берушінің уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;

    4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды  мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін  растайтын құжатты; 

    5) осы Заңда көзделген өзге де  құжаттарды ұсынуға тиіс.

    Заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады.

    Шетелдік  заңды тұлғалар сауда тізілімінен  заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің  заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.

    Егер тіркелуге берілген өтініште сатып алынатын немесе сатылатын  активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер бар болса, онда өтініш беруші осы баптың 2 және  3-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін табыс етеді.

    Егер  мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған  адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қойылған қолдарының растығын, олардың іс-әрекетке қабілеттілігін (құқықтық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерікті түрде жасалғандығын тексеруге міндетті. Бір ғана сол жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты бір ғана сол құқықты (құқық ауырпалығын) мемлекеттік тіркеуге бірнеше өтініш болған кезде өтініштің басымдығы осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.  

    Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын  мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру.Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған жағдайда, тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша жүзеге асырылады. Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) шарттың немесе өзге де мәміленің негізінде туындаған жағдайда оларды нотариат куәландырмаған кезде өтінішті мәміленің барлық қатысушылары белгіленген тәртіппен беруге тиіс.

    Тіркеу  туралы өтініш тіркеуші органға почта  байланысы бойынша мынадай:

    1) тіркеуші органның орналасқан  жерінен тыс, оның ішінде басқа  мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік уәкілетті органдарға берілетін өтініштер (өтініш жасау, қолдаухаттар, талап-арыздар) негізінде туындайтын заңдық талаптарды тіркеген;

    2) тіркеуші органның орналасқан  жерінен тыс, оның ішінде басқа  мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік органдардың актілері негізінде туындайтын ауыртпалықтарды немесе заңдық талаптарды тіркеген жағдайларда жіберілуі мүмкін.

    Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік  тіркеген кезде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар не олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариат тәртібімен куәландырған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.

    Мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті құқық иелерінің  біреуі қалғандарының келісімінсіз осы баптың 5-тармағы екінші бөлігінде  көзделген жағдайда да беруі мүмкін. Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге ортақ құқықтың) туындауын, өзгеруін, тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) беруі тиіс. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістердің оған қатысы бар құқық иесі беруі мүмкін. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен өзгеше туындамаса, ортақ үлестік меншіктегі үлеске қатысты мәмілелер жасалған кезде өтініш қалған құқық иелерінің басым сатып алу құқығы сақтала отырып, белгіленген тәртіппен беріледі.

    Деректері құқық белгілеуші құжатта көрсетілмеген  жұбайының біреуінің құқығын  қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес неке жасына жеткен мәмілеге қатысушы тіркеуге берілген өтініште оның неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екендігін растайтын құжатының көшірмесін қоса бере отырып өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.

    Егер  сатып алынатын немесе сатылатын  активтердің жиынтық баланстық  құны Қазақстан Республикасының  монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетсе, онда өтініш беруші мұндай мәліметтерді тіркелуге берілген өтініште көрсетеді.Бір құқық белгілейтін құжат екі немесе одан да көп мемлекеттік тіркеу объектілерін қамтыған жағдайда өтініш берушіге өтініште тіркеудің барлық объектілерін көрсетуі қажет немесе мүдделі адамдар мемлекеттік тіркеудің әрбір объектісін тіркеуге жеке өтініш беруге тиіс.

    Құқық белгілейтін құжатта мемлекеттік  тіркеудің бірнеше объектілері  болған кезде, өтініште біреуі ғана көрсетілетін жағдайларда тіркеуші орган өтініш берушіге тіркеудің басқа объектілерін мемлекеттік тіркеу және бұл үшін тиісті алым енгізу қажеттігін көрсетуге құқылы.Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен өзгеше туындамаса, мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салған ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Үшінші тұлғалардың мүдделері үшін құқық қорғау, сот және өзге де мемлекеттік органдардың актілеріне сәйкес салынған ауыртпалық үшінші тұлғаның өтініші негізінде тіркелуі мүмкін.

    Мұндай  жағдайларда ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тіркеуші органға беріледі. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және тіркеудің өзге де объектілерін тіркеу туралы өтініштің нысаны мен мазмұнын уәкілетті орган айқындайды.   

    Мемлекеттік тіркеу жүргізу мерзімдері. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) және онымен мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген алым сомасының бюджетке төленуі шартымен тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірмей жүргізіледі.  

    Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) растайтын құқық белгілейтін және басқа да құжаттар тіркеу сәтінде оларға қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тиісті түрде ресімделуі, мөрмен бекітілуі, арнайы бланкілерде орындалуы, оларда тараптардың немесе заңнамада айқындалған лауазымды адамдардың тиісті қолдары болуға тиіс. Соттардан, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын құжаттар тиісті құжаттарға қойылатын нысанда орындалуға тиіс.

Информация о работе Жермен жасалатын мәмілелерді құқықтық қамтамасыз ету Мәмілелерді қамтамасыз ету әдістерін оқып үйрену