Несие мәні және қажеттігі

Автор: a********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 19:57, реферат

Описание работы

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолғаөтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Работа содержит 1 файл

ипотекалық несие мәні.docx

— 56.22 Кб (Скачать)

1. Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар:

банктердің ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет керсетуге және өзге де банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы болуы керек;

банк  екінші денгейдегі банктердегі  жеке тұлғалардын, салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіне мүше болуға тиіс;

банк өтініш бергенге дейін 3 ай ішінде Ұлттық Банктің пруденциалдық нормативтерін және орындалуға міндетті өзге нормаларды орындауға тиіс;

« Тәуелсіз халықаралық аудиторлық үйымдар тізіміне» енген тәуелсіз-аудиторлық ұйымдардың біреуімен әткен қаржылық жылдағы 1 жылдық қаржылық есебін тапсыруға тиіс.

2. Банктіқ операциялардыы, жекелеген түрлерін жүзеге асырушы

ұйымдарға койылатын талаптар:

ипотекалық несиелер беруге және оларға қызмет көрсетуге және езге де банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясы болуы керек;

Ұлттық банктің ең төменгі жарғылық капиталға қоятын талаптарын орындауы тиіс.

3. Серіктес банктер қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары:

Серіктес  банктердің құрылымдық бөлімшелерінде компания ұсынған ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша оқу курсынан өткен кемінде екі маман болуға тиіс;

ипотекалық несиелер беру және оларға қызмет көрсетуді жүргізуші серіктес банктер қызметкерлерінің банк жүйесінде кемінде 2 жылдық тәжірибесі немесе ипотекалык несиелер беру және оларға қызмет көрсетуге байланысты 1 жылдық тәжірибесі болуы қажет.

4. Серіктес банктердің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар:

ипотекалық несиелерді рәсімдеу, беру және қызмет көрсету тәртібін реттейтін іштей құжаттары болуға тиіс;

ипотекалық несиелердің қайтарылмау тәуекелін бағалау әдістемесі болуы тиіс;

ипотекалық несиелерді беру және қызмет көрсету үрдісінде тәуекелдерді басқару әдістемесі болуы керек.

Бүгінгі күні ипотекалық несиелеудің үлесі (тұтыну несиесімен қоса алғанда) банк несиелері құрылымында біршама жоғары болып отыр. Экономикадағы өсу тұсында банктеріміз әзінің активтерін осындай несие түріне бағыттауды дұрыс санайды.

[өңдеу]

Ипотекалық несиелеудің шетелдік үлгілері

Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру жүйесінің шетел тәжірибелерінде әрекет етіп отырған негізгі үлгілері бар.

Ипотекалық несиелеудің біршама қарапайым және біршама жетілген үлгісі шартты түрде айтсақ, «қарапайым-ашық үлгі». Бұл үлгінің бастапқы принциптік сипатына токталсак, ипотекалық ссудаларға деген барлық клиентгердің жалпы әтініші банктің меншікті және сырттан тартылған қаражаттары: депозиттерде жатқан клиентгердің қаражаттары; банкаралық несиелер және т.с.с. есебінен қамтамасыз етіледі.

Қарапайым-ашық үлгінін. екінші бір принциптік сипаты ипотекалық ссудалар бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлері елдегі несие-қаржы нарығындағы жалпы жағдайға тікелей тәуелді болып табылады. Бұл тәуелділік банктердің ипотекалық несиелеуге байланысты олардың активтеріне және ауқымына мәнді әсер етеді.

Информация о работе Несие мәні және қажеттігі