Несие мәні және қажеттігі

Автор: a********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 19:57, реферат

Описание работы

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолғаөтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Работа содержит 1 файл

ипотекалық несие мәні.docx

— 56.22 Кб (Скачать)

театрлар  және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдык үзілістерге;

күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;

тез әтелетін тиімділігі жоғары шараларға.

[өңдеу]

Ссудалық пайыз

Ссудалық пайыз тауар өндірісі мен несиелік қатынастардың даму жағдайында пайда болады. Ссудалық пайыз несиесіз өмір сүре алмайды.

Ссудалық пайыз — уақытша пайдалануға берілген құнның бағасын білдіреді.

Ссудалық пайыз:

несиені пайдаланғаны үшін төлем;

несиеге есептелетін үстеме ақы; несие берушінін, шығыстарының орнын толтыру тәсілі.

Ссудалық пайыз банк пайдасының көзі болып табылады. Сондықтанда банктер пайыз сомасын толық және уақтылы алғанды қалайды. Ссудалық пайыз есебінен банктер депозиттерге пайыз төлейді. Несиеден алатын ссудалық пайыз бен депозитке төлейтін пайыздың арасындағы айырма банктің маржасын білдіреді.

Ссудалық пайыз екі қызмет атқарады:

бөлу;

ссудалық капиталды өсіру.

Бөлу қызметі жаңадан құрылған кұнды не пайданы бөлуді сипаттайды.

Пайыз арқылы пайданы бөлу меншік иесінің ауысуын баяндайды, яғни қарыз алушы өзінің тапқан пайдасының бір бөлігін кредитордың пайдалануына береді.

Ссудалық капиталды өсіру қызметі банктің несие беруші ретіндегі несиелік әлеуетін арттыруды көздейді.

Ссудалық пайыздың мынадай түрлері болады:

Базалық мөлшерлеме — мұндай пайызбен несиені банктер өздерінің сенімді қарыз алушыларына, не бірінші класты клиенттерге береді. Іс жүзінде базалық мөлшерлемені несиелік ресурстардың құнына байланысты аныктайды. Мұндай факторларға мыналар жатады:

Инфляция қарқынын ескере отырып және несиелік ресурстарға сұраныспен ұсыныс негізінде белгіленген номиналдық мөлшерлеме;

Инфляция қарқынын шегеріп тастау арқылы есептелетін нақты мөлшерлеме;

Несиелік  шарттың мерзімі ішінде өзгермейтін тұрақты пайыз мөлшерлемесі;

Экономиканың жағдайына байланысты өзгеріп отыратын өзгермелі пайыз мөлшерлемесі;

ҚҚА және ҚҰБ-нің ықпалымен реттелетін пайыз мелшерлемесі;

Пайызды есептеу тәсіліне карай ссудалық пайыздың мынадай түрлері қолданылады:

жай пайыз мөлшерлемесі — несиенің мерзімі ішінде бір капитал сомасына есептелетін пайызды есептеу әдісі;

күрделі пайыз мелшерлемесі — әрбір есептік мерзімді алдағы мерзімнің капиталына есептелетін пайыздық төлем.

Қазіргі уақытта банкаралық қатынастардың дамуы тұсында банктер бір-бірінен несие алу және бір-біріне несие беру қатынастары дамып отыр. Осындай ссудалық пайыздың түрлеріне ЛИБОР — лондон банкаралық мөлшерлемесі, ПИБОР — париж банкаралық мөлшерлемесін жатқызуға болады. Ішінде еңтанымалы ЛИБОР - лондон банкаралық мөлшерлемесі. Мұндай жағдайда ЛИБОР мөлшерлемесіне маржа қосылып несиелік мәміле жүзеге асырылады.

Информация о работе Несие мәні және қажеттігі