Несие мәні және қажеттігі

Автор: a********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 19:57, реферат

Описание работы

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолғаөтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Работа содержит 1 файл

ипотекалық несие мәні.docx

— 56.22 Кб (Скачать)

АҚШ тәжірибесінде ПРАМ-РЕЙТ банкаралық мөлшерлеме қолданылады. Бұл ресми банкаралық мөлшерлемеден өте жоғары, бірақ ұсақ және орта фирмаларға беретін несие бағасынан темен.

Ссудалық пайыз қарыз алушының қаржылык жағдайына тікелей байланысты белгіленеді, егер ол тұрақты болса онда оның мөлшері төмен не керісінше.

Іс  жүзінде барлық елдерде пайыз саясатын реттеуге мемлекет араласады. Мұндағы максат несиеге деген бағаны төмендету, инфляцияны тежеу, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету.

[өңдеу]

Тұтыну несиесі

Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілетгігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.

Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық енімінің 10%-ын, Германия мен Францияда — 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ен. қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады.

Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл нысанының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі — бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады.

Екінші  деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

автомобилдік  несие;

ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;

тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;

кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.с.) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.

Ұзак мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

жиһаз;

сантехника;

аудио-видео-және түрмыстық техникалар;

компьютер және оргтехника;

басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

Сонымен қатар кез келген банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:

Қарыз алушының анкетасы.

Информация о работе Несие мәні және қажеттігі