Зайырлы мемлекет ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 04:49, реферат

Описание работы

Мемлекеттің зайырлылығы біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен игілігінің тірегі болып табылады. “Зайырлылық” түсінігін дұрыс түсіндіру керек. Ол дінге қарсы болып табылмайды, дінге қарсы күрес тұжырымын білдірмейді. Қазақстан зайырлы мемлекет болғаннан соң, азаматтар кез келген дінді қабылдай алады. Ата Заңымызда Қазақстанның зайырлы сипаты атап көрсетiлген. Бiрақ қалыптасқан жағдайға орай елде құқықтық және демократиялық мемлекет құру үдерiсiне қарағанда, зайырлы мемлекет қалыптастыру мәселесiне аз көңiл бөлiнуде.

Работа содержит 1 файл

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті.doc

— 137.00 Кб (Скачать)

Діни бірлестіктердің мүлкі мен қаржысына бақылау жүргізу туралы ештеңе айтылмаған...  

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ  ЕРЕЖЕЛЕР  

23-бап. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және

дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын

бұзғаны үшiн жауаптылық   

Қазақстан Республикасының  дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.  

24-бап. Өтпелі ережелер

1. Діни бірлестіктер  осы Заң қолданысқа енгізілген  күннен бастап бір жылдың ішінде  осы Заңның талаптарына сәйкес  өздерінің құрылтай құжаттарына  тиісті өзгерістер енгізуге міндетті. Сонымен бір мезгілде тіркеуші  органға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын құжаттар табыс етіледі.

2. Діни мүдделері  мен қажеттіліктерін қанағаттандырумен  айналысатын және осы Заң қолданысқа  енгізілгенге дейін діни бірлестіктен  басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық  нысанда құрылған заңды тұлғалар  осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті.

3. Көрсетілген мерзім  өткеннен кейін өздерінің құрылтай  құжаттарын осы Заңның талаптарына  сәйкес келтірмеген заңды тұлғалар  діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылады. 

25-бап. Қорытынды ережелер

1. Осы Заң алғашқы  ресми жарияланғанынан кейін  күнтізбелік он күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.

2. «Діни  сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңының (Қазақстан Республикасы   Жоғарғы   Кеңесінің   Жаршысы,    1992 ж.,   № 4, 84-құжат;

1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің  Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2011 ж., № 11,    102-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Президентi

Информация о работе Зайырлы мемлекет ретінде