Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 04:49, реферат
Мемлекеттің зайырлылығы біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен игілігінің тірегі болып табылады. “Зайырлылық” түсінігін дұрыс түсіндіру керек. Ол дінге қарсы болып табылмайды, дінге қарсы күрес тұжырымын білдірмейді. Қазақстан зайырлы мемлекет болғаннан соң, азаматтар кез келген дінді қабылдай алады. Ата Заңымызда Қазақстанның зайырлы сипаты атап көрсетiлген. Бiрақ қалыптасқан жағдайға орай елде құқықтық және демократиялық мемлекет құру үдерiсiне қарағанда, зайырлы мемлекет қалыптастыру мәселесiне аз көңiл бөлiнуде.
ҚР Конституциясының 1 бөлімі, 1 бабы: Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
« Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады және бірде-бір дін міндетті немесе мемлекеттік болып белгіленбейді» - Дін істері жөніндегі агенттік басшысы Қайрат Лама Шариф.
Мемлекеттің зайырлылығы біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен игілігінің тірегі болып табылады. “Зайырлылық” түсінігін дұрыс түсіндіру керек. Ол дінге қарсы болып табылмайды, дінге қарсы күрес тұжырымын білдірмейді. Қазақстан зайырлы мемлекет болғаннан соң, азаматтар кез келген дінді қабылдай алады. Ата Заңымызда Қазақстанның зайырлы сипаты атап көрсетiлген. Бiрақ қалыптасқан жағдайға орай елде құқықтық және демократиялық мемлекет құру үдерiсiне қарағанда, зайырлы мемлекет қалыптастыру мәселесiне аз көңiл бөлiнуде.
«Мемлекеттiң зайырлылығы» деген тақырыпты қозғағанда, бұл ұғымға не кiретiнiн ашып айту қажет. Зайырлылық -- дiни бiрлестiктердiң мемлекеттен бөлiнгенiн және мемлекеттiк саясатқа араластырылмайтынын бiлдiретiн мемлекеттiң конституциялық сипаты. Мемлекеттiң зайырлылық сипаты ол дiни бiрлестiктермен мүлде байланыспайды, бiрлесе жұмыс жүргiзбейдi дегендi бiлдiрмейдi.
Дiн iстерi агенттiгi азаматтардың дiни сенiм бостандығын қамтамасыз етудегi дiн саясатын түсiндiрумен, дiни бiрлестiктер жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеумен айналысады. Сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылыққа ықпал ететiн рухани ағартушылық шараларды өткiзедi. Дiни экстремизмнiң алдын алу шараларына ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
Мемлекеттiң зайырлылығы — iшкi тұрақтылық пен өркендеудiң басты тiрегi. Бүгiнгi таңда зайырлылықты ортақ күш қосып, бiрлесе қолдап, орнықтыра түсу қажет. Елде руханилықтан ажырап қалу, дiни көзқарастардың радикалдануы секiлдi ымырасыз жағдайлардың белең алмауы үшiн күш бiрiктiру керек.
Сонымен қатар дiннiң зайырлы қоғамның ажырамас бөлiгi екенiн, сондықтан Қазақстанда дiндердi дамыту iсiне мемлекеттiң әрқашан көңiл бөлiп отыратынын атап айтқымыз келедi.
Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, көптеген зайырлы мемлекетте тұрғындардың басым көпшiлiгi белгiлi бiр дiндi ұстанатын болса, сол дiнге басымдық берiледi.
Мысалы, конфессиялық құрылымы Қазақстанға бiршама сәйкес келетiн бiрқатар ТМД елдерiнде кейбiр дiни бiрлестiктерге дәстүрлi конфессиялар мәртебесiн беру механизмi бар. Олар дiн саласындағы саясат мәселесiн нақты шешiп алған, соған сәйкес өз аумағында ежелден дамып келе жатқан, өз мәдениеттерiнiң негiзiн құрайтын дiндерге қолдау көрсетедi.
Көптеген зайырлы еуропалық мемлекетте де жағдай осындай. Мысал ретiнде көпконфессиялы қоғам бола тұра дәстүрлi дiндерге басымдық берiлген Германия, Франция, Италия мен Бельгия мемлекеттерiн атауға болады. Олардың ғасырлар бойы жинақталған рухани мұрасы сол дәстүрлi дiндер негiзiнде қалыптасқан.
Бiздiң елде Ислам мен Христиан дiнiнiң Православие тармағы санғасырлық тарихқа ие, оларды халықтың көп бөлiгi ұстанады.
Мәдениетiмiздiң маңызды құраушысы саналатын дәстүрлi Исламның қайта өркендеуi қазақ халқының рухани дамуына елеулi серпiн бердi. Бүгiнгi таңда Қазақстан тұрғындарының 70 пайызын құрайтын қазақтар, өзбектер, ұйғырлар, татарлар, қырғыздар, тәжiктер, түркiмендер, шешендер, ингуштер, түрiктер, күрдтер мен дүнгендер сунниттiк Исламды ұстанады.
Елiмiздiң көпұлтты тұрғындарының ширек бөлiгiн құрайтын орыстар, украиндар мен беларустарды бiрiктiретiн екiншi негiзгi конфессия – Православие болып табылады.
Сонымен қатар, елдiң жалпы тұрғындарының екi пайызын құрап отырған поляктар, немiстер мен еврейлер ұстанатын католик, протестанттық, иудаизм дiн iлiмдерiнiң игiлiктi рөлiн де ешкiм жоққа шығара алмайды. Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн бұл конфессиялар Қазақстанда өз қызметтерiн еркiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алды.
Бұған
қоса әрбiр қазақстандық ар-ождан бостандығына
құқылы екендiгiн де атап көрсетемiз. Қорыта
айтқанда, бiз өз таңдауымызды жасадық.
Қазақстан Республикасының Заңы
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы
Осы Заң Қазақстан
Республикасының өзін демократиялық,
зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң
ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң
дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына
кепілдік беретінін, халықтың мәдениетінің
дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы
исламның және православтық христиандықтың
тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының
діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді
құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің,
діни тағаттылықтың және азаматтардың
діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын
танитынын негізге алады.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда
пайдаланылатын негiзгі
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ғибадат үйі (ғимараты)
- құдайға құлшылық етуге, дұға
оқылатын және діни
2) діни қызмет - діндарлардың
діни қажеттіліктерін
3) діни қызметші -
діни, уағыздаушылық қызметке тиісті
діни бірлестік уәкілеттік
4) діни бірлестік
- Қазақстан Республикасы
5) миссионерлік қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
6) уәкілетті орган
- діни қызмет саласындағы
2-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет
және діни бірлестіктер
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының
дiни қызмет және діни
2. Eгep Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық
3-бап. Мемлекет
және дін
1. Мемлекет дін
мен діни бірлестіктерден
2. Діни бірлестіктер
және Қазақстан
3. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
4. Діни білім беру
ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан
Республикасында бiлiм беру
5. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
6. Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
7. Ешкімнің де өз
діни нанымдары себептері
Діни қызметшілер,
миссионерлер, діни бірлестіктердің
басшылары немесе қатысушылары (мүшелері)
болып табылатын Қазақстан
8. Дін мен діни
бірлестіктердің мемлекеттен
1) Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;
2) діни бірлестіктерге
мемлекеттік органдардың
3) егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;
4) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдеседі.
9. Дін мен діни
бірлестіктердің мемлекеттен
1) мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды;
2) саяси партиялардың
қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық
қолдау көрсетпейді, саяси
3) Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарын
10. Дiни негіздегі
партиялардың қызметіне,
11. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр күштеп мәжбүрлеуге жол берiлмейдi.
12. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға мәжбүрлеумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.
13. Қазақстан Республикасының
азаматтарын, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды,
14. Діни бірлестіктің
қатысушыларын (мүшелерін)
15. Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді.
16. Діни бірлестіктің
басшысы кәмелетке
2-тарау. ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Уәкілетті
органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) дiни бiрлестiктермен
өзара iс-қимыл саласындағы
2) Қазақстан Республикасының
аумағында құрылған дiни