Зайырлы мемлекет ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 04:49, реферат

Описание работы

Мемлекеттің зайырлылығы біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен игілігінің тірегі болып табылады. “Зайырлылық” түсінігін дұрыс түсіндіру керек. Ол дінге қарсы болып табылмайды, дінге қарсы күрес тұжырымын білдірмейді. Қазақстан зайырлы мемлекет болғаннан соң, азаматтар кез келген дінді қабылдай алады. Ата Заңымызда Қазақстанның зайырлы сипаты атап көрсетiлген. Бiрақ қалыптасқан жағдайға орай елде құқықтық және демократиялық мемлекет құру үдерiсiне қарағанда, зайырлы мемлекет қалыптастыру мәселесiне аз көңiл бөлiнуде.

Работа содержит 1 файл

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті.doc

— 137.00 Кб (Скачать)

3) өз құзыретiне  жататын мәселелер бойынша түсіндіру  жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз  етеді;

4) Қазақстан Республикасының  діни қызмет және діни бірлестіктер  туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде  ұсыныстар әзiрлейдi;

5)  діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;

6) дiнтану сараптамалары  және діни бірлестіктерді құруға  бастамашы азаматтар тізімдеріне  тексеру жүргiзiлуiн қамтамасыз  етедi;

7) жеке және заңды  тұлғалардың Қазақстан Республикасының  дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;

8) шет мемлекеттердiң  діни қызмет саласындағы уәкілетті  органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады  және жүзеге асырады;

9) республика аумағындағы  шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім білдіреді;

10) осы Заңда, Қазақстан  Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  

5-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жергілікті атқарушы  органдарының құзыреті  

Діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл  мәселелері бойынша облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың және астананың  жергiлiктi атқарушы органдары:

1) өңірдегі діни  ахуалға зерделеу және талдау  жүргізеді;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

3) жергілікті деңгейде  өз құзыретіне жататын мәселелер  бойынша түсiндiру жұмыстарын  жүргiзедi;

4) діни әдебиетті  және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

5) уәкілетті органмен келiсе отырып, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін анықтау,  сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп бейінін өзгерту (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;

6) жергілікті мемлекеттік  басқару мүддесінде  Қазақстан Республикасының заңнамасы жергілікті атқарушы органдарға жүктейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  

6-бап. Дiнтану сараптамасы

1. Уәкілетті орган  мынадай негіздер бойынша дінтану  сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді:

1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті  органға өтініштері;

2) Қазақстан Республикасы  ұйымдарының кітапхана қорларына,  сондай-ақ уәкілетті органға діни  әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге  де ақпараттық материалдардың  келіп түсуі;

3) жеке тұлғалардың  миссионер ретінде тіркеу және  діни бірлестіктерді тіркеу туралы  өтініші;

4) жеке өзі пайдалануға  арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың  әкелінуі;

5) уәкілетті орган  басшысының бұйрығы.

2. Құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасы объектілеріне жатады.

3. Қажет кезінде  мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар жүргізеді.

4. Дiнтану сараптамасын  жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының  Үкiметi айқындайды.  

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

ДІНИ ҚЫЗМЕТ  

7-бап. Дiни жоралар мен рәсiмдер

1. Дiни бiрлестiктер  құлшылық ету орындарын ұстауға  құқылы.

2. Құдайға құлшылық  ету,  діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда үйлерде, қажетті жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Құдайға құлшылық  етуді,  діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға), сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға:

1) осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың;

2) Қарулы Күштердің,  басқа да әскерлер мен әскери  құралымдардың, сот және құқық  қорғау органдарының, қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз етумен, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғаумен байланысты басқа да қызметтердің;

3) діни білім беру  ұйымдарын қоспағанда, білім беру  ұйымдарының аумағында және ғимараттарында  жол берілмейді.

4. Қоғамнан уақытша  оқшаулауды қамтамасыз ететін  арнайы мекемелерде ұсталатын, жазаны орындайтын мекемелерде отырған, қарттар мен мүгедектердің  интернат-үйлерінде әлеуметтiк қызмет көрсетуден өтетін, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының емделушілері болып табылатын адамдарға олардың немесе олардың туысқандарының тілегі бойынша  салт жораларының қажеттілігі жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген діни бірлестіктердің діни қызметшілері шақырылады. Бұл ретте діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізу аталған ұйымдардың қызметіне кедергі келтірмеуге, басқа  адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.  

8-бап. Миссионерлік қызмет

1. Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы  жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi  тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады.

2. Миссионерлiк қызметті  жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi  уәкілетті органның аумақтық  бөлімшелері құжаттар ұсынылған  күннен бастап күнтізбелік отыз  күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.  Миссионер ұсынған материалдар  бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады.

3. Қазақстан Республикасының  аумағындағы миссионерлер уәкілетті  органның аумақтық бөлімшелерінде  жыл сайын қайта тiркеуден өтуге  мiндеттi.

4. Миссионерлер тіркелу  үшін уәкілетті органның аумақтық  бөлімшелеріне мынадай құжаттар  мен материалдарды:

1) паспортының немесе  жеке куәлігінің көшірмесін;

2) миссионерлiк қызмет  аумағы мен мерзiмi көрсетiлген  өтiнiшті;

3) дiни бiрлестiктің  атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;

4) өкілі миссионер  болып табылатын діни бірлестікті  Қазақстан Республикасында мемлекеттік  тіркеу туралы куәліктің және  оның жарғысының көшірмесін;

5) миссионерлік қызметке  арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.

Қазақстан Республикасындағы  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ  адамдар миссионер ретінде тіркелу  үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне  қосымша мынадай құжаттарды:

1) миссионер оның  атынан өкілдiк ететін дiни  бiрлестiктің шет мемлекеттің  заңнамасы бойынша ресми тiркелгендiгiн  куәландыратын заңдастырылған немесе  апостиль қойылған құжатты;

2) Қазақстан Республикасында  тіркелген діни бірлестіктің  шақыруын ұсынады.

Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне  аудармасының дұрыстығы Қазақстан  Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы  қолының түпнұсқалығы Қазақстан  Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.

5. Миссионер ретінде  тіркеуден өту үшін құжаттар  ұсынған Қазақстан Республикасының  азаматтарын, шетелдіктер мен  азаматтығы жоқ адамдарды дінтану  сараптамасының теріс қорытындысы  негізінде, сондай-ақ, егер оның  миссионерлік қызметі конституциялық  құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандығына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден бас тартылады.

6. Миссионерлердің  діни мазмұндағы материалдарды  және діни мақсаттағы заттарды  пайдалануына дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жол беріледі.

7. Миссионерлік қызметті  тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым  салынады.  

9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар

1. Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы  жоқ адамдар, дiни бiрлестiктер өздерінің қалауы бойынша діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды сатып алуға және пайдалануға құқылы.

2. Діни әдебиетті,  діни мазмұндағы өзге де ақпараттық  материалдарды, діни мақсаттағы  заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

3. Жеке пайдалануға арналғандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды әкелуді тіркелген діни бірлестіктер дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырады.

4. Дiни бiрлестiк  шығаратын және (немесе) тарататын дiни әдебиетте және дiни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарда діни бірлестіктің толық атауы болуға тиiс.

Діни баспалар туралы ештеңе айтылмаған....  

10-бап. Қайырымдылық қызметi

1. Дiни бiрлестiктер  қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға және қайырымдылық  ұйымдарын ашуға құқылы.

2. Қайырымдылықты  жүзеге асыру кезінде діни  қызметке тарту мақсатында Қазақстан  Республикасы азаматтарының, шетелдіктер  мен азаматтығы жоқ адамдардың  материалдық тәуелділігін (мұқтаждығын)  пайдалануға жол берілмейді.  

11-бап. Дiнге сенушiлердiң және дiни бiрлестiктердiңхалықаралық байланыстары мен қарым-қатынастары  

1. Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы  жоқ адамдар мен дiни бiрлестiктер  олардың мінажат етуге, жиналыстар  мен басқа да дiни шараларға қатысу үшiн шетелге шығып тұруын қоса алғанда, халықаралық байланыстар мен жеке қарым-қатынас орнатуға және қатынастарын үзбеуге құқылы.

2. Дiни бiрлестiктер  діни білім беру ұйымдарында  оқыту үшiн шетелге Қазақстан  Республикасының азаматтарын жiбере алады және Қазақстан Республикасының аумағындағы діни білім беру ұйымдарында оқыту үшiн шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды қабылдай алады.

діни бірлестіктердің шетелден басқаруға жол берілмейтіндігі туралы ештеңе айтылмаған...   
 

4-тарау. ДІНИ БIРЛЕСТIКТЕРДІ ҚҰРУ, МЕМЛЕКЕТТІК

ТІРКЕУ, ҚАЙТА  ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТАРАТУ  

12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесі

1. Қазақстан Республикасында:  жергілікті, өңірлік және республикалық  мәртебесі бар діни бірлестіктер  құрылуы және әрекет етуі мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының бастамасы бойынша құрылған, бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып танылады.

3. Кемінде екі облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан өкілдік ететін, олардың әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан да көп жергілікті діни бірлестіктердің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік болып танылады.

Өңірлік діни бірлестіктер осы жергілікті діни бірлестіктердің  қызметі аумағының шегінде құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.

Информация о работе Зайырлы мемлекет ретінде