Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 20:22, курсовая работа
Еңбек құқықтық қатынасы теңдік пен билік-бағыныстылық қатынастарының синтезінен тұрады, ал оның құрамында мүліктік те, сонымен бірге мүліктік емес те ұйымдық және іс жүргізушілік қатынастар болады. Құқықтың біте қайнасқан салалары болғандықтан еңбек құқығы мен азаматтық құқық біріне-бірі ұдайы ықпал етіп отырады. Айталық, еңбек заңнамасы азаматтық заңнаманың бірталай әдіс-амалдарын, реттеуіш тетіктерін пайдаланады; олар, мәселен, құқықтар мен міндеттерді айқындаудың баламалы сипаты, құқық қатынастары субъектілерінің еңбек шарты мен келісімін жасау кезіндегі тең жағдайы тағысын тағылар.
Кіріспе……………………………………………………………………...
6
1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі.......
9
1.1 Еңбек ету бостандығы адамға және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде................................................................................................................
9
1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: түсінігі, түрлері мен жіктелуі..........................................................................
18
1.3 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы.......................................................................................................
24
1.4 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………...
34
2 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері……
40
2.1 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғау механизмі…………………………………………………….
40
2.2 Еңбек дауларын қарау кезіндегі тараптардың іс жүргізу құқығының ерекшеліктері………………………………………………………………….
54
Қорытынды………………………………………………………………..
64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………
МАЗМҰНЫ
Кіріспе…………………………………………………………… |
6 |
1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі....... |
9 |
1.1 Еңбек ету бостандығы адамға
және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде....................... |
9 |
1.2 Еңбек саласындағы |
18 |
1.3 Еңбек саласындағы |
24 |
1.4 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………... |
34 |
2 Еңбек саласындағы
конституциялық құқықтар мен
қағидаларды сот арқылы |
40 |
2.1 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғау механизмі……………………………………………………. |
40 |
2.2 Еңбек дауларын қарау кезіндегі
тараптардың іс жүргізу құқығының ерекшеліктері…………………………………………… |
54 |
Қорытынды……………………………………………………… |
64 |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………… |
67 |
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Заман озып, өмірге нарықтық қатынастардың енуі, сан алуан меншік формаларының орнығуы, шаруашылық жүргізудің соны тәсілдері пайда болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі, еңбек рыногының қалыптасуы сияқты әлеуметтік-экономикалық жаңа жағдайлар еңбек қатынастарының мазмұнына және оның субъектілерінің құқықтық жай-күйіне елеулі өзгерістер енгізді әрі, сонымен бір мезгілде, “еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар” дейтін санаттың (категория) мазмұны да түбегейлі өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизацияның күшеюі жолында» деген Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің ары қарай дамуының бас сызығын былай анықтады: «Қазақстан өз азаматтарына арналған жоғары өмір стандарттарын жасап, әлемдегі нәтижелі дамитын елдердің тиісті санатына кіруі тиіс» деген болатын [1].
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында – еліміздің экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлі жаңа кезең. Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыруды – күн тәртібіндегі мәселе етіп қойған [2].
Мемлекеттік кәсіпорындармен қоса толып жатқан кооперативтердің, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерінің пайда болуы еңбекшілердің жаңа әлеуметтік қауымдастығын - өздері еңбек ететін кәсіпорындар алдында міндеткерлік құқығы бар, жұмыс істеуші “меншік иелерін туғызды”. Еңбекті басқаруды орталықсыздандыру мен кәсіпорындардың толық шаруашылық дербестігі жағдайында еңбекке қатысты іс-әрекеттің бұрын заңмен реттеліп келген көптеген шарттары тараптардың өзара келісуімен белгіленетін болды. Еңбек қатынастарының субъектілік құрамының кеңеюіне, меншік құқығы объектісінің еңбекке жарамдылықты мойындауына, жұмыс істеушілерді меншік қатынастарына қосуға байланысты құқықтық даму үрдісі тек азаматтық заңнаманы ғана емес, еңбек заңнамасын да елеулі түрде өзгерту қажеттігін туғызды.
Еңбек құқықтық қатынасы теңдік пен билік-бағыныстылық қатынастарының синтезінен тұрады, ал оның құрамында мүліктік те, сонымен бірге мүліктік емес те ұйымдық және іс жүргізушілік қатынастар болады. Құқықтың біте қайнасқан салалары болғандықтан еңбек құқығы мен азаматтық құқық біріне-бірі ұдайы ықпал етіп отырады. Айталық, еңбек заңнамасы азаматтық заңнаманың бірталай әдіс-амалдарын, реттеуіш тетіктерін пайдаланады; олар, мәселен, құқықтар мен міндеттерді айқындаудың баламалы сипаты, құқық қатынастары субъектілерінің еңбек шарты мен келісімін жасау кезіндегі тең жағдайы тағысын тағылар.
Өкінішке орай, экономикада болып жатқан жаңғыртулар құқықтың онымен тығыз байланысты осы саласында дәл соған барабар деңгейде көрініс таппай отыр. Еңбек заңнамасы бүгінде “Авгийдің ат қорасынан” аумайды: оның былығы мен шылығы бастан асады, заңдық үкім органдарының құқық қолданушылық практикасы әр алуан және қайшылықты, еңбек құқығының бірсыпыра қағидалары әлдеқашан ескірген, теориялық тұжырымдарының көбі дәлелдеуді және дамыта түсуді қажет етеді.
Еңбек құқықтық қатынастары саласында
елеулі проблемалар пайда болды.
Еңбек заңнамасы мен оны
Азаматтардың еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды қорғау механизмі жөніндегі соттардың ролі барған сайын артып келеді.
Азаматтардың еңбек ету
Ғылыми тұрғыдан алғанда диплом тақырыбының өзектілігі, ең алдымен, еңбек заңнамасының реформасына, еңбек құқығының жаңа тұрпатты теориясын жасау қажеттігіне байланысты. Бұл орайда әсіресе, барлық азаматтардың еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтарын реттеудің және оны сот арқылы қорғаудың теориялық және практикалық проблемаларын зерттеу қажеттігі аса зор маңызға ие болады. Кәсіпорындар алдында міндеткерлік құқығы бар жұмыскерлердің еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі айқын тұғырнаманың болмауы олардың еңбегіндегі құқықтық кепілдіктің деңгейін төмендетеді, құқық қолданушылық практикасында қайшылықтарға алып келеді.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Еңбек ету құқығы проблемалары бойынша бірқатар теориялық және практикалық материалдарды, монографиялық нұсқауларды, ресми құжаттарды, әр түрлі жарияланымдарды зерттеп-зерделеу нәтижесінде дипломант бұл тақырыптың алуан қырына байланысты өз топшылаулары мен тұжырымдарын ұсынды. Ол үшін қаралып отырған мәселе бойынша осыған дейін байыпты зерттеулер жүргізіп, байсалды пікір айтқан отандық және ресейлік зерттеушілердің ізденістері еңбектің арқау жіптей өзегіне алынғанын айту керек.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында айрықша мәні бар тақырыптың теориялық және практикалық проблемаларын талдауды, қолданыстағы еңбек заңнамасын және оны қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар тұжырымдауды көздеді.
Осыдан келіп, диплом жұмысында мынадай міндеттер қойылып, шешімін тапты:
- еңбек ету бостандығы адамға және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде зерттеу;
- еңбек саласындағы
- Қазақстан Республикасы мен
шет елдердің еңбек
- еңбек саласындағы
- еңбек дауларын қарау кезіндегі тараптардың іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының объектісі. Еңбек саласына қатысты қағидалар мен құқықтарды конститкуциялық-құқықтық қатынастар арқылы қорғау және реттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұратын құрылымы зерттеудің мақсаттары мен міндеттерінен туындайды.
1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі
1.2 Еңбек саласындағы
Құқық теориясының, оның ішінде еңбек құқығы теориясының қазіргі даму деңгейінде құқық қағидасына деген жалпы, өзара келісілген, бір ортақ көзқарас әлі де қалыптаспаған. Кездесетін тұжырымдамаларды негізгі үш топқа бөлуге болады: біріншілері, құқық қағидасының құқық нормаларында белгіленгеніне немесе белгіленбегеніне қарамастан негізгі бастапқы идея болып қала береді дейді [11, 82б.]. Екіншілері, құқық қағидасының идея арқылы анықталуына, белгіленуіне қарсы екенін білдіреді [4, 56б.]. Ал үшінші топ зерттеушілерінің көзқарасына сәйкес, құқық қағидасы – бұл қоғамдық қатынастарды реттеудің жалпы бағыты мен мазмұнын анықтайтын, заңнамада бекітілген негізгі бастама, идея [12, 30б.].
Көзқарастардың бір-біріне сәйкес келмеуіне, олардың әртүрлі болуына қарамастан, құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды, оның ішінде еңбек қатынастарын реттеу аясында әрекет етеді. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы осындай құқық қағидаларының қатарына жатады. Бұл қағиданың барынша терең сараптамасы өткен ғасырдың 60-80 ж.ж. келеді. Кезінде С.А. Иванов жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасын еңбек құқығының кең түсінігі ретінде талқылай келе, оны еңбек құқығының негізгі мағынасы деңгейіне дейін жоғарылатып, көтеріп, еңбек құқығының табиғаты мен мазмұнын көрсетеді деп санаған. Бірақ мұндай көзқарас зерттеушілердің барлығының қолдауын таппады.
Қазіргі уақытта бұл қағиданы зерттеу үзінділік түрде кездеседі немесе дәл осы қағиданың даму динамикасына қатысты емес, аталмыш қағиданың кейбір жақтарына ғана, кейбір бөліктеріне қатысты. Қағиданың мәні мен маңыздылығы дамитын, өзгеретін үрдіс болып табылады, яғни ол уақыт ағымына байланысты мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістермен тығыз ара-қатынаста болады, олармен бірге өзгереді. Қазақстандық зерттеушілер жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасына көп көңіл бөлмеген, тек еңбек құқығының басқа мәселелеріне арналған кейбір еңбектердің бір бөлімі ретінде ғана қарастырған [13, 43б.]. Сондықтан бұл қағиданың қазіргі уақыттағы теориялық аспектілерін қарастыру өзекті болып табылады.
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу
тетігінің мәні мен ішкі бірлігін
білдіретін ғылыми және құқықтық санат
ретіндегі еңбек құқығының
"Принцип" ұғымы (латынша ргіпсіріит - басталу, негізі) адамдардың жүріс-тұрысындағы бастау, басшы идея, негізгі ереже дегенді білдіреді.
Құқыққа (оның ішінде еңбек құқығына) қатысты алсақ қағидат орталык ұғым болады, себебі ол барлық құқыктық жүйенің негізіне алынған. Қорытып жинақталған түрінде қағидат өзі туындаған құқықтық жүйенің мәндік сипатын өзіне жинақтайды. Осыған сәйкес еңбек құқығының қағидаты негізге алынатын, бастаушы бастама, ол осы саланың жөне оның институттарының құқықтық нормаларының мәні мен ішкі үйлесімділігін білдіреді.
Қағидат (принцип), еңбек құқығы жүйесінің негізге алынатын элементі ретінде заңнамада міндетті түрде көрсетіліп, бекітілуге тиіс. Бұл жағдайда ол құқықтық қағидатқа айналады. Заң ғылымында құқық қағидаттары — құқықтың нормативтік-жетекші бастамасы деген пікір бар. Қағидатты нормативтік бекітуден бас тарту оны құқықтық сана немесе ғылыми санат саласына ауыстыруға тікелей байланысты. Құқықтық санада адам ойына баға беру элементі ғана бар (мысалы, еңбек туралы қандай да бір заң актісінің тиімділігін бағалау), ал ғылыми санат ретінде қағидат идеяларды, пікірлерді теория жүзінде іске асыру деңгейінде қалады. Бұл екі жағдайда да қағидат өз міндетін жоғалтады, себебі практика жүзінде іске аса алмайды.
Құқықтық қағидатгар дегеніміз заңда бекітілген баскарушы ережелер. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабындағы 2 тармақ осы ойымызға дәлел, онда республика қызметінің негізгі қағидаттары ез бекімін тапқан, ал "Адам және азамат" деп аталатын 24 бабында басқарушы идеялар азаматгардың еркін еңбек ету, кәсіпті және қызметгі, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайын таңдауға; өзін кемітпестен еңбегіне лайық ақы алуға, демалысты пайдалануға құқығы арқылы көрініс табады.
Азаматтардың еңбекті қолдану саласындағы негізгі құқықтарын қағидатгармен тендестіруге болмайтындығын ерекше атап өткен жөн, себебі олар саланың құқықтық жүйесін сипаттаудың әртүрлі деңгейінде тұр. Қашдаттарды азаматтардың негізгі еңбек құқығы түріңде қалыптастыру олардың өзара ерекшеліктерін жояды. Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, енбек қатынастарын реттеудің басқарушы ережесі де (принципі) бола алмайды. Егер қағидатгар еңбек құқығы жүйесі нормаларьшың мәндік қасиеті мен ішкі үйлесімін білдірсе, онда азаматтардың негізгі еңбек құқықтары мен олар бекітілген құқықтық нормалар сол мөннің көрініс табуының сыртқы формасы болады.