Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 20:22, курсовая работа
Еңбек құқықтық қатынасы теңдік пен билік-бағыныстылық қатынастарының синтезінен тұрады, ал оның құрамында мүліктік те, сонымен бірге мүліктік емес те ұйымдық және іс жүргізушілік қатынастар болады. Құқықтың біте қайнасқан салалары болғандықтан еңбек құқығы мен азаматтық құқық біріне-бірі ұдайы ықпал етіп отырады. Айталық, еңбек заңнамасы азаматтық заңнаманың бірталай әдіс-амалдарын, реттеуіш тетіктерін пайдаланады; олар, мәселен, құқықтар мен міндеттерді айқындаудың баламалы сипаты, құқық қатынастары субъектілерінің еңбек шарты мен келісімін жасау кезіндегі тең жағдайы тағысын тағылар.
Кіріспе……………………………………………………………………...
6
1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі.......
9
1.1 Еңбек ету бостандығы адамға және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде................................................................................................................
9
1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: түсінігі, түрлері мен жіктелуі..........................................................................
18
1.3 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы.......................................................................................................
24
1.4 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………...
34
2 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері……
40
2.1 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғау механизмі…………………………………………………….
40
2.2 Еңбек дауларын қарау кезіндегі тараптардың іс жүргізу құқығының ерекшеліктері………………………………………………………………….
54
Қорытынды………………………………………………………………..
64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………
Жұмыскердің жұмыстан шығару туралы өтініш беруі оның басқа себептермен шығарылуына кедергі бола алмайды, тек бұл үшін жұмыстан шығару туралы бұйрық берерде басқа негіз болса жетіп жатыр.
Қазіргі ҚР Еңбек кодексінің 28-бабына сәйкес мерзімдік еңбек шарты жұмыскердің талабы бойынша тек дәлелді себептер болған жағдайда ғана бұзылады, ал жұмыскердің ықтиярлығы тек жұмыс берушінің соған келісімі болған жағдайда немесе еңбек дауларын шешу органының шешімі бойынша ғана дауды тоқтатуға нақты негіз бола алады. Кодексте жұмыскердің талабы бойынша еңбек шартын бұзуға негіз болатын дәлелді себептердің тізбесі ғана бар, олар жұмыскердің талап етуі бойынша мерзімдік еңбек шартын бұзуға негіз бола алады. Сот тәжірибесінде ҚР Еңбек кодексінің 28 бабы кеңейтілген түрде түсіндірілуге тиіс дейтін пайым басшылыққа алынған. Бүгінде мерзімдік еңбек шартын жасасу кезінде жұмыскердің өз еркімен жұмыстан шығу құқығын шектейтіндей қажеттілік жоқ. Тек ҚР Еңбек кодексіі жұмыскердің мерзімдік еңбек шарты мен белгісіз мерзімге жасалған еңбек шартын бұзуға бірдей мүмкіндігі болатын бір бап қалдырса дұрыс болар еді деп есептейміз.
Азаматтық құқық нормаларын басқа да қатынастарға қолдану мүмкіндігі жалпылама түрде ҚР Азаматтық кодексінде негізделген, онда: адамның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары (соның ішінде еңбек ету құқығы да) азаматтық заңнама арқылы қорғалады делінген. Қазақстан Республикасы Конституциясының "Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары" деп аталатын екінші тарауында басқа құқықтармен бірге еңбек құқықтары да реттелген (24 бап) [3].
Заңда азаматқа заңсыз әрекеттер арқылы тигізілген моральдық зиянды өтеу мүмкіндігі туралы арнайы айтылмағанымен, ондай әрекет үшін жауапкершілік бар. Жұмыскердің еңбек құқығы бұзылған жерде оған тигізілген моральдық зиянды өтеу туралы дауларды шешу кезіндегі сот тәжірибесі мейлінше дәйексіз, азаматтық-құқықтық нормаларды еңбек құқық қатынастарына қолдану яки қолданбау мүмкіндігі көбінесе дара түрде және әр жолы әрқалай шешіледі. Кейбір соттар жұмыскерге тигізілген моральдық зиянды өтеу туралы шешімді жұмыстан заңсыз шығарудың, еңбек кітапшасын беруді, есеп айырысуды кешіктірудің негіздемесіне қарамай-ақ шығаратын болса, басқалары ондай шешімді тек дәлелді негіздер бойынша ғана шығарады.
Біздің ойымызша, Еңбек кодексіте жұмыс беруші шарттағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда сотқа оның тигізген моральдық зиянын анықтап, жұмыскерге өндіріп әперу құқығын беретіндей норма болуы тиіс.
Өзін жұмысқа алудан бас тартуды заңсыз деп есептейтін кез-келген азамат құқығына қысым жасаған лауазым иесінің заңсыз әрекетіне шағымданып сотқа жүгінуге құқылы, оның шағым арызы сотта ҚР АІЖК сәйкес қаралуы тиіс. ҚР Конституциясының 13 бабында "әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бap" делінген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын заңсыз іс-әрекеттерге (шешімдерге) байланысты шағымдарды сотта қараудың даулы мәселелерін түсіндіре келіп азаматтық іс жүргізу заңнамасы: азаматтың сотта шағымдалудың өзгеше тәртібі көзделген іс-әрекеттерден (шешімдерден) басқа мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің кез-келген іс-әрекетін (шешімін) сотқа шағымдауға құқығы бар деп айқындап берді. Түптеп келгенде, бұрын да айтылғандай, сотқа шағымдаудың жолы екеу-ақ, олар: талап өндірісі және әкімшілік-құқық қатынастарынан туындайтын істер бойынша өндіріс. Заңгерлер мемлекеттік органдардың немесе лауазым иелерінің қандай да болсын іс-әрекеттеріне (шешімдеріне) қатысты сотта шағымдаудың осыдан өзге басқадай жолын атап көрсеткен емес. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот ісін жүргізудің тек екі түрі: талаптық іс жүргізу және айрықша іс жүргізу бар. Кодекс лауазымды адамдардың іс-әрекетін (әрекетсіздігін), мемлекеттік билік пен басқару органдарының шешімдерін даулау оларды тану (оң немесе теріс деп) туралы талап білдіру арқылы жүзеге асырылуы тиіс, ал бұл санаттағы істерді талап өндірісінің жалпы ережелері бойынша қарау керек деген қисынды басшылыққа алады.
Қазір әкімшілік-құқықтық қатынастардан (баламалы бағыныстылық, сотқа жүгіну мен істі қарау мерзімдері, қабылданатын шешімдердің ерекшелігі) туындайтын істер бойынша өндірістің өзіндік ерекшелігін айқындайтын бірқатар нормаларды Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап өндірісі туралы тарауына орналастыруға әбден болар еді.
Мемлекеттік органдардың, жергілікгі өзін өзі басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың (бірлестіктердің) және лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдерін заңсыз деп тану жөніндегі талапты қанағаттандыру кезінде сот даулы әрекетті немесе шешімді заңсыз деп табады да азаматтың талабын қанағаттандыруды міндеттейді, оған қолданылған жауапкершілік шараларын бұзады немесе аяқ асты етілген құқықтар мен бостандықтарды басқа жолмен қалпына келтіреді.
Қорытынды
Еңбек заңнамасын жетілдіру құқық жүйесін экономика мен қоғамдық қатынастар саласындағы өзгерістерге сәйкестендіру қажеттігінен туады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайлары адамның еңбек ету қабылетіне қоғамдық қатынасты меншік түріне қатынас ретінде әуел бастан анықтап берді, сөйтіп еңбектің жалдан басқа да, мәселен, кәсіпкерлік қызмет, кооперативтегі еңбек, фермерлік немесе отбасылық еңбек сияқты түрлерін туғызуға себепші болды.
Жүргізілген зерттеулер еңбек ету құқығын іске асыру мен оны сотта қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін заң бастауларын жетілдіруге, сондай-ақ еңбек ету кұқығына қатысты істерді сотта қарау тәжірибесінің қалыптасуына байланысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Еңбек ету құқығының экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 6 бабында келтірілген: кез-келген адамның өзі ерікті түрде таңдаған немесе соған өз еркімен келіскен еңбегі арқылы күн көрісін қамдау құқығы дейтін анықтамасы неғұрлым кең қамтитын, сыйымды анықтама ретінде қабылданды.
Еңбек ету құқығын іске асыру дегеніміз - жұмыскердің жұмыс берушімен еңбек қатынастарына түсу құқығы ғана емес, сонымен бірге азаматтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкер болу, шығармашылық қызметпен айналысу құқығы. Нарықтық экономикаға тән үдерістер мен құбылыстарды реттеуге арналған нормаларды түбегейлі қайта қарау қажеттігі туып отыр.
Атап айтсақ, еңбек қатынастары субъектілерінің ауқымын айқындайтын нормаларды өзгерту қажет, өйткені олар бұрын тек қана жалдамалы жұмыскерлерді, яғни, меншікке иелігі жоқ жұмысшылар мен қызметшілерді құрайтын. Көп укладты экономика пайда болуына байланысты еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің бәрінің, соның ішінде мүшелік пен меншікке қатысты қатынастардағы адамдардың да еңбек қатынастарын реттеу қажеттігі туды.
Азаматтардың еңбек ету құқығын іске асыруы кезінде пайда болатын қатынастар еңбек заңнамасының ғана емес, сонымен бірге азаматтық заңнаманың да нормаларын, азды-көпті болса да, міндетті түрде қолдануға апарып соғады.
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің мазмұнына азаматтық заңнаманың тигізетін ықпал - әсері бұл салалардың туабітті жақындығына емес (кезінде еңбек құқығы азаматтық құқықтан «енші алып» шыққан болатын), еңбек құқық қатынастарының теңдік пен биліктік-бағыныштылық қатынастарының қоспасы екендігіне, оның құрамында мүліктік те, мүліктік емес те элементтер болатындығына байланысты. Азаматтық және еңбек заңнамасының нормалары арасында объективтік түрде болатын байланыс осыдан туады, бұлардың бірінде болатын өзгеріс белгілі бір дәрежеде екіншісіне де әсер ететіні осыдан. Екі саланың өзара ықпалдастығының негізгі түрлері ретінде еңбек заңнамасы реттеудің кейбір амалдарын, жолдарын мәселен: қүқықтар мен міндеттерді белгілеудің баламалы сипатын, құқық қатынастары субъектілерінің тең жағдайын азаматтық заңнамадан алатынын айтуға болады.
Еңбек ету бостандығын сотта қорғаудың, қолданыстағы заңнаманың және сот тәжірибесінің келелі проблемаларын зерттеу мынадай қорытындылар мен ұсыныстар жасауымызға мүмкіндік береді:
- еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерді қорғаудың жаңа жағдайға лайықты құқықтық амалдарын оның еңбегін экономикалық тиімді түрде пайдаланудың кепілдіктерімен үйлесімді ұштастыру проблемаларын шешу деп айқындалуы тиіс;
- еңбек қатынастарын орталықтандырылған түрде мемлекеттік реттеудің рөлін кеміту еңбекті реттеудің шарттық әдістерін кеңейтумен, трипартизм (үш жақты кеңесу) қағидасын іске асырумен бір мезгілде жүреді.
Еңбек құқығын кодификациялау - аса маңызды, келелі міндеттердің бірі. Мәселе тек кодификациялау нені түсінуге байланысты. Бұл терминнің, кем дегенде, екі мағынасы бары белгілі: біріншіден, кодификация белгілі бір нормативтік материалдарды өңдеудің және бірыңғай құжатқа /кодекс, Негіздер, т.б. жинақтаудың нәтижесі; екіншіден, кодификация - осы өңдеудің барысы, үдерісі; ол қалыптасқан жағдаятты пайымдауды, қолда бар нормативтік материалды өңдеудің және жинақтаудың тұжырымдамасын жасауды көздейді және, ақыр соңында, нормативтік актілерді терістеу, толықтыру немесе жаңа нормативтік актілерді қабылдау түрінде қолдағы сол материалмен жұмыс істеуді білдіреді.
Еңбек кодексі кодификациялаудың мақсаты болуы тиіс, бірақ ол белгілі бір жолдан өтіп барып қана қол жеткізетін біршама қашықтағы мақсат болуы керек. Осы жолда нормативтік материал қордаланып, еңбек құқығының нысанын құрайтын жекелеген салаларда оны қолдану практикасы қорытылады.
Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде дәйекті концептуалдық зерделеуді қажет ететін заңдар кешенін: еңбек шарттары туралы, еңбек саласындағы жауапкершілік туралы, жалақы туралы, кәсіподақтар туралы, т.т. заңдарды жан-жакты ойластырып барып, қабылдаудың маңызы зор.
Ғалымдардың қай білім саласын бастапқы деп санауына қарай, әсіресе XX ғасырдың бастапқы кезеңінде, ғылым құқықты мемлекеттік-әміршіл, әлеуметтік немесе психикалық құбылыстардың бірі білді.
Еңбек құқығы Конституцияның мызғымастығы негізінде, біздің өміріміздің экономикалық саяси және заңдық болмыс-бітімін ескере отырып дамуы керек.
Ең бастысы мемлекет және қоғамның дамуына қарай халықты әлеуметтік қорғаудың түрлері, бағыттары да өзгеріп, дамып отырады және қоғам тарапынан азаматтардың белгілі бір санаттарына материалдық көмек көрсетуде өзгереді. Бірақ, материалдық көмекті мемлекет тарапынан алу үшін заңда көрсетілген, белгіленген шарттар сақталуы, орындалуы тиіс. Әлеуметтік қамсыздандыру- бұл халықты әлеуметтік қорғаудың бір бағыты болып табылады. Сондықтан да, осы уақытқа дейін әлеуметтік қамсыздандыру екі тұрғыдан, бағыттан қаралып келеді. Біріншісі, бұл экономикалық көзқарас- яғни азаматтарға көрсетілетін материалдық көмектің барлығы мемлекет тарапынан беріледі және материалдық төлемдер қоғамның дамуымен байланысты болатындығын атап көрсетеді.
Диплом жұмысын қорыта келе, адам өзінің өмірінде қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс өмір сүруі мүмкін емес. Күнделікті өмірде де адам белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп отырады.
Жургiзiлген зерттеулер еңбек ету құқығын iске асыру мен оны сотта қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейтiн заң бастауларын жетiлдiруге, сондай-ақ еңбек ету құқығына қатысты iстердi сотта қарау тәжiрибесiнiң қалыптасуына байланысты қорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi.
Еңбек ету құқығының экономикалық, әлеуметтiк жене мәдени құқықтар туралы пактiнің 6 бабында келтiрiлген: кез-келген адамның өзi ерiктi түрде таңдаған немесе соған өз еркiмен келiскен еңбегi арқылы күн көрiсiн қамдау дейтiн анықтамасы неғұрлым кең қамтитын, сыйымды анықтама ретiнде қабылданды.
Еңбек ету құқығын iске асыру дегенiмiз - жумыскердiң жұмыс берушiмен еңбек қатынастарына түсу құқығы ғана емес, сонымен бiрге азаматтың өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз ету, кәсiпкер болу, шығармашылық қызметпен айналысу құқығы.
Қорыта айтқанда, Қазакстан Республикасының
Конституциясының қабылдануы конституциялық
құрылыстың құқықтық негiзiн калады,
сондай-ақ қоғамдық, саяси институттар
ретiнде кызметтің негiз боларлық қағидаларын
орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық
мәртебесiн белгiледi, қоғам дамуының
стратегиялық негiзгi бағыттары мен мақсаттарын
жинақтап Қазақстан Республикасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық жене
әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады;
оның ең қымбат қазынасы - адам жене адамның
өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп
тұжырымдауға болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2005, 19 ақпан
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2008, 6 ақпан
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: «ЮРИСТ» 2009.
4. Гусов К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: / Учебник. 2-ое изд., доп., испр. – М.: Юрист, 1997.
5. Тәуелсіздігіміздің он жылы: бейбітшілік, прогресс және қоғамдық келісім. // Егемен Қазақстан, 2001, 25 қазан
6. Казақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Ред.басқарған Ғ.Сапарғалиев. – Ауд. С.Бақтыгерейұлы. - Алматы: Жеті-Жарғы, 1999.
7. Димитрова С.А. Правовые проблемы труда и занятости населения. -Алматы: «Жеті жарғы», 1997.
8. Третьякова А.А. Принципы трудового права в контексте новой Конституции. // Әділет Министрлігінің Хабаршысы, 1996, №1
9. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқығы: Оқулық - Алматы: «Жеті Жарғы», 1998.
10. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. - Алматы: «Жеті жарғы», 1996.
11. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 1999.
12. Уваров В.Н. Трудовое право Республики Казахстан: Учебник - Алматы: КазГЮА, 2000.
13. Нургалиева Е.Н., Бухарбаева С.А. Принципы трудового права. - А., 2004.
14. Нургалиева Е.Н., Надирова А.К. Правовое регулирование труда отношении с несовершеннолетними в Республики Казахстан. - А., 2005.
15. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» кодексі 2007 жыл 17 мамыр
16. Аяғанова Ә. Жұмысшының өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету қағидасы жайлы. // Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Хабаршысы, заң сериясы. – Алматы,
2009, №3 (51)
17. Нургалиева Е.Н. Механизм правового регулирования труда. –Алматы: «Жеті жарғы», 1996.
18. Нестерова Н.М. Проблемы, концепции и разработки нового трудового кодекса РФ. // Государство и право, 2000, №10
19. Иванов С.А.Трудовое прао переходного периода: проблемы использования зарубежного опыта. // Государство и право, 1995, №3
20. Бугров Л.Ю. Проблемы свободы труда в трудовом праве. – России, Пермь, 1992.
21. Рахметова Л. Вопросы трудового права? правосубъектность и субъективные права граждан в сфере труда и занятости. // Вестник КазГУ. Серия юридическая. – Алматы, 1999, №2