Демократиялық сайлаудың стандарттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:41, реферат

Описание работы

1. Демократиялық сайлау - халықтың билігі мен еркінің ең жоғары тікелей көріністерінің бірі, мемлекеттік биліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының, халықтық (ұлттық) өкілдіктің өзге де органдарының, сайланатын лауазым иелерінің негізі болып табылады.
2. Тараптар демократиялық сайлаудың стандарттары төмендегілер болып табылатынын таниды: мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдіктің органдарына азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы; сайлаушылардың ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ететін құпия дауыс беру кезінде жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде сайлаудың мерзімдік принциптері, және міндеттілігі, әділдігі, шынайылығы және бостандығы;

Работа содержит 1 файл

сайлау құқықтары.docx

— 43.21 Кб (Скачать)

 15-бап  
Халықаралық бақылаушылардың мәртебесі мен өкілеттіктері       

 1. Тараптар халықаралық бақылаушылардың қатысуы сайлаудың ашықтығы мен жариялылығына, мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін сақтауына жәрдемдесетінін растайды. Олар халықаралық бақылаушылардың жалпы ұлттық деңгейден де төмен, муниципалдық (жергілікті) деңгейге дейінгі сайлау процестеріне жіберілуіне де жәрдемдесуге ұмтылатын болады.  
      2. Халықаралық бақылаушылардың іс-әрекеті олардың келген елінің заңдарымен, осы Конвенциямен, өзге де халықаралық құжаттармен  
реттеледі.  
      3. Халықаралық бақылаушылар мемлекеттің аумағына кіруге заңмен  
белгіленген тәртіпте рұқсат алады, және тиісті шақыруы бар болған  
жағдайда, тиісті сайлау органында тіркеледі. Шақыруларды сайлаудың  
өтетіні белгіленгені туралы ресми жарияланғаннан кейін заңмен уәкілеттік берілген органдар жіберуі мүмкін. Шақыруларды жіберу туралы ұсыныстарды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық органдары беруі мүмкін.  
      4. Орталық сайлау органы халықаралық бақылаушыға белгіленген  
үлгідегі тіркелгендігі туралы куәлік береді. Мұндай куәлік халықаралық бақылаушыға сайлауға дайындық пен оны өткізу кезеңінде бақылау жүргізуді жүзеге асыру құқығын береді.  
      5. Халықаралық бақылаушы келген мемлекетінің аумағында осы  
мемлекеттің қамқорлығында болады. Сайлау органдары, мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз құзыреттері шегінде оған қажетті көмек көрсетуге міндетті.  
      6. Халықаралық бақылаушы өзінің қызметін дербес және тәуелсіз  
атқарады. Халықаралық бақылаушының қызметін материалдық-қаржылық  
қамтамасыз ету бақылаушыны жіберген тараптың қаражаты есебінен немесе оның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.  
      7. Халықаралық бақылаушылардың өз мәртебесін сайлау науқанының  
барысын бақылауға қатысы жоқ іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін  
пайдалануына құқы жоқ. Тараптар заңдарды, жалпыға бірдей танылған  
қағидаттарды және халықаралық құқық нормаларын бұзған халықаралық  
бақылаушыларды тіркеуден айыруға құқылы.  
      8. Халықаралық бақылаушылар:  
      а) сайлау процесін реттейтін барлық құжаттарға (ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғамайтын) рұқсаты болуына, сайлау органдарынан ұлттық заңдарда көрсетілген қажетті ақпаратты және сайлау құжаттарының көшірмелерін алуға;  
      б) саяси партиялармен, одақтармен, кандидаттармен, жеке  
адамдармен, сайлау органдарының қызметкерлерімен байланыс жасауға;  
      в) барлық сайлау учаскелері мен дауыс берілетін үй-жайларға, соның ішінде дауыс беретін күні еркін баруға;  
      г) дауыс берудің барысына, дауыстарды санау мен олардың  
нәтижелерін анықтауға, бюллетендерді санау рәсімдерін көруді қамтамасыз ететіндей жағдайда бақылау жасауға;  
      д) сайлау туралы заңнаманы бұзушылыққа байланысты шағымдарды  
(өтініштерді) және талаптарды қараудың нәтижелерімен танысуға;  
      е) сайлауды жүргізіп отырған органның жұмысына араласпай, сайлау органының өкілдерін өз бақылаулары, ұсыныстары туралы хабарландыруға;  
      ж) дауыс беру аяқталған соң сайлаудың дайындығы мен өткізілуі  
туралы өз пікірлерін көпшілік үшін баяндауға;  
      з) сайлаудың ұйымдастырушыларына, мемлекеттік билік органдарына және тиісті лауазым иелеріне сайлау барысын бақылауының нәтижелері туралы өз қорытындысын беруге құқылы.  
      9. Халықаралық бақылаушылар:  
      а) келген елінің конституциясы мен заңдарын, осы Конвенцияның,  
өзге де халықаралық құжаттардың ережелерін сақтауға;  
      б) халықаралық бақылаушы ретінде келген елі белгілеген тәртіпте берілген тіркелгені туралы куәлігінің болуы және оны сайлауды ұйымдастырушылардың талабы бойынша көрсетуге;  
      в) өз қызметін саяси бейтараптық, бұрмалаушылықсыз, сайлау  
органдарына, мемлекеттік және өзге де органдарға, лауазымды тұлғаларға, сайлау процесінің қатысушыларына қатысты қандай бір болмасын артықшылық білдіру немесе оларға баға беруден бас тарту принциптерін басшылыққа ала отырып жүргізуге;  
      г) сайлау процесіне араласпауға;  
      д) барлық қорытындыларын өзінің бақылауының және нақты материалдардың негізінде жасауға тиіс.  

 16-бап  
Азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтары  
бұзылғандығы үшін шағымдануы және жауапкершілік      

1. Осы Конвенцияда жарияланған  демократиялық сайлау процесінің  
стандарттары, азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ адамды немесе адамдарды сайлау туралы заңдар бұзылған жағдайда, құқықтары бұзылғандар соттарға, ал заңдарда белгіленген жағдайларда және тәртіпте сайлау органдарына да шағымдануға және өздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге құқықтары мен мүмкіндіктері болуға тиіс.  
      2. Заңдармен тыйым салынған іс-әрекеттерді (іс-әрекетсіздіктерді) жасаған адамдар заңдарға сәйкес жауап беруге тиіс.  

 17-бап  
Сайлау құжаттамасы      

1. Дауыс беру бюллетендері, өзге де сайлау құжаттары, соның  ішінде сайлау өткізуге қатысы  бар мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сайлау органдарының құжаттары  сайлау өтетін елдің мемлекеттік  тілінде және мемлекет аумағының  құрамдас бөліктерінің ресми  тілдерінде, ал заңнамамен көзделген  тәртіпте, сондай-ақ халықтар мен  ұлыстар, ұлттық азшылықтар мен  этникалық топтар тығыз тұратын  аумақтарда солардың тілдерінде  де жасалады (жарияланады).  
      2. Дауыс берудің қорытындылары және сайлау нәтижелері  
анықталатын сайлау құжаттары қорғалу дәрежесі заңдармен белгіленетін  
қатаң есеп беру құжаттары болып табылады.  

 18-бап  
Кемсітушілік болып саналуға тиіс емес шаралар      

1.   Азаматтардың жоғарыда келтірілген сайлау құқықтары мен бостандықтары:  
      а) ел тұрғындарының қандай да бір құрамдас бөлігінің, атап айтқанда ұлттық азшылықтар мен этникалық топтардың, егер олардың шындығында да саяси, экономикалық, діни, әлеуметтік, тарихи және мәдени жағдайларына байланысты басқа тұрғындармен саяси және сайлау құқықтары мен бостандықтарына қатысты тең жағдайды пайдалану мүмкіндігі жоқ болғанда, барабар өкілдігін қамтамасыз етуге арналған шараларды көздейтін жағдайда;  
      б) сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырған адамдарға қатысты сайлау және сайлану құқықтарын шектеуді көздейтін жағдайда конституциямен, заңдармен шектеле алады және кемсітушілік деп санауға жатпайды.  
      2. Кандидаттарды, (кандидаттар тізімін) ұсынуға, саяси партияларды (одақтарды) құруға және олардың қызметіне қатысты азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын шектеулер конституциялық құрылысты, ұлттық қауіпсіздікті қорғау, қоғамдық тәртіпті қолдау, қоғамдық әл-ауқат пен моральді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде қолданылуы мүмкін және олар мемлекеттің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келуге тиіс.  
      3. Тараптар сайлау процесін демократияландыруға ұмтылу барысында сайлауға қатысу үшін сайлау процесіне қатысушыларға тең құқықтық жағдайларды қамтамасыз етуде тиісті ұлттық жағдайлардың жасалғанына қарай конституциямен, заңдармен көзделген және мемлекеттің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмейтін сайлау құқықтары мен бостандықтарды іске асырудағы қолданылып жүрген шектеулер немесе артықшылықтардан бас тартуға болатынын негізге алады.  

 19-бап  
Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің міндеттемелері      

1. Тараптар демократиялық  сайлауды дайындау және өткізу  үшін  
сайлау құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейту, осы  
Конвенцияның ережелерін іске асыру мақсатында заңнамалық және басқа да шаралар қабылдайтын болады. Осы Конвенцияда жария етілген  
демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының  
стандарттары, оларды конституцияға, заңнамалық актілерге кіргізу жолымен қамтамасыз етілуі мүмкін.  
      2. Тараптар:  
      а) сайлау құқығының демократиялық қағидаттары мен нормаларының  
қорғалуына, сайлаудың демократиялық сипатта болуына, сайлауда  
азаматтардың еркін түрде ерік білдірулеріне, сайлаудың өткендігін, оның шын мәнісінде күші барлығын және заңдылығын мойындауға қатысты  
талаптардың негізділігіне кепілдік етуге;  
      б) сайлаудың толық заңнамалық негізін ұлттық заң шығару  
органының қабылдауына және сайлауды өткізуді қамтамасыз ететін  
құқықтық нормативтер атқару билігінің актілерімен белгіленбеуіне қажетті шаралар қабылдауға;  
      в) заңдармен көзделген тәртіпте, бүкілхалықтық төте сайлау  
барысында ұлттық заң шығару органының бір палатасының депутаттық мандаттары толығымен немесе ішінара кандидаттардың және (немесе) кандидаттар тізімінің еркін бәсекесінің объектісі болуына ұмтылуға;  
      г) кез-келген деңгейдегі сайлауды дайындау мен өткізу, кезінде  
азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің  
құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық кепілдіктер жүйесін жасауға,  
әйелдердің сайлау органдарына, сайланбалы қызметтерге жекелей де, немесе саяси партиялардың (одақтардың) құрамында сайлауға және сайлануға құқығын іске асыруына еркектермен тең, әділ және шынайы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін конституциямен, заңдармен көзделген жағдайларға және тәртіпке сәйкес қажетті заңнамалық шаралар қабылдауға ұмтылуға, сондай-ақ дауыс беруге қатысуы үшін денсаулығында ауытқушылықтары бар (мүгедектер және т.б.) адамдарға қосымша кепілдіктер мен жағдайлар жасауға;  
      д) сайлаушыларды тіркеуді (есепке алуды) жас мөлшері, азаматтығы, тұратын жері, азаматтың жеке басын куәландыратын негізгі құжатының болуы тәрізді тіркеу (есепке алу) өлшемдерін көздейтін, заңды түрде белгіленген кемсітпейтін және пәрменді рәсімдер негізінде жүзеге асыруға;  
      е) тиісті мәліметтердің рас болуы, толықтығы мен олардың уақтылы берілуі, дербес деректердің құпиялылық сипаты заңнамамен сәйкес болуын қамтамасыз етуі үшін сайлаушылар туралы мәлімет беретін адамдардың жауапкершілігін заңнамалық тәртіппен бекітуге;  
      ж) саяси партиялардың құрылуына және олардың заңды еркін іс-әрекет жасауына, саяси партияларды және сайлау процесін қаржыландыруды заңмен реттеуге жәрдемдесуге, заңдар және мемлекеттік саясат партиялар мен мемлекетті ажыратуын, сайлау науқанын еркіндік пен әділдік жағдайында, яғни партиялар мен кандидаттар өз көзқарастары мен бағаларын, сайлау алдындағы бағдарламаларының (тұғырнамаларының) ережелерін еркін баяндайтындай, ал сайлаушылар олармен танысып, талқылап және "жақтағаны" немесе "қарсы" болғаны үшін жазадан немесе қандай да бір қудалаудан қауіптенбей еркін дауыс берулеріне жәрдемдесетіндей еркіндік пен әділдік жағдайында жүргізуді қамтамасыз етуге;  
      з) бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде Интернет жүйесінде сайлау науқанын көрсетуде бұрмалаушылық жасалмауына, саяси партиялар мен кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына кемсітпеушілік негізде қол жеткізуіне заңдық немесе әкімшілік кедергілер қоюдың мүмкін болмауына кепілдік беретін шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге, сайлауға байланысты, деректері сайлау процесінің қатысушыларына, сондай-ақ халықаралық бақылаушыларға олардың сұраулары бойынша танысу үшін немесе көшірмесін жасауға берілуі тиіс қоғамдық пікірдің сауалнамасы қорытындыларының бірыңғай ақпараттық банкін құруға, сайлаудың ашық сипатын қамтамасыз ететін, сайлаушылардың дауыс берудің нәтижелеріне және сайлау қорытындыларына сенімі дәрежесін арттыратындай жаңа ақпараттық технологиялар енгізуге;  
      и) азаматтық құрылымның ұлттық бағдарламаларын қабылдау және осы іспеттес мемлекетаралық бағдарламаларды жасау мен қабылдауға қатысуға, азаматтарды және сайлау науқанының өзге де қатысушыларын сайлау рәсімдерімен және ережелерімен таныстыру және оқыту үшін жағдай жасауды, олардың құқықтық мәдениетін және сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;  
      к) заңнамаға және мемлекеттің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, демократиялық еркін де әділ, шынайы және мерзімдік сайлауларды өткізетін, бұра тартпайтын тәуелсіз сайлау органдарын құруды қамтамасыз етуге;  
      л) заңмен анықталған қажетті дауыс санын алған кандидаттарға тиісті жолмен қызметіне кірісуіне және қызметінде өз өкілеттігінің мерзімі аяқталғанша немесе заңмен реттелетін басқадай жолмен оның мерзімі тоқтатылғанша қалуын қамтамасыз етуге;  
      м) азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың тізбесін, сондай-ақ күштеу, алдау, үрей туғызу, құжаттарды алмастыру немесе өзгедей тәсілмен азаматтардың сайлау және сайлануға құқығын жүзеге асыруға, конституцияда және заңдарда бекітілген өзге де сайлау құқықтары мен бостандықтарын іске асыруына кедергі келтіруші адамдарды қылмыстық, әкімшілік, болмаса өзгедей жауапкершілікке тартудың негіздері мен тәртібін заңнамамен реттеу шараларын қабылдауға;  
      н) ақпарат алмасу және ортақ пайдалану мақсатында, сайлау заңнамасы, сайлау процесінің қатысушылары (дербес деректер құпиялық сипатқа ие екендігін ескере отырып), құқық қолданушылық және сот тәжірибелері, сайлау жүйесін жетілдіру жөніндегі заңнамалық ұсыныстар туралы ақпаратты, сондай-ақ сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де ақпараттарды қамтитын мемлекетаралық бірыңғай деректер банкін құруға жәрдемдесуге;  
      о) сайлау органдарының мемлекетаралық қауымдастықтарын құру және (немесе) қазіргі барларының өкілеттіктерін кеңейтуді қоса алғанда, осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің сайлау органдарының ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесуге міндеттенеді.  

 20-бап  
Осы Конвенцияға қарамастан берілетін құқықтар      

1. Осы Конвенциядағы ештеңе  де мемлекеттердің өздері қатысушы  болып табылатын халықаралық  шарттар мен келісімдерге сәйкес  азаматтардың сайлау құқықтары  мен бостандықтарына қатысты  олар қабылдаған халықаралық  міндеттемелерді орындауына кедергі  жасамайды.  
      2. Осы Конвенцияда айтылған құқықтардың жүзеге асырылуы барлық  
адамдардың жалпыға бірдей танылған құқықтары мен бостандықтарын  
жүзеге асыруына нұқсан келтірмейді.  
      3. Осы Конвенциядағы ештеңе де Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетіндей қандай да бір болмасын әрекетке жол береді деген түсінік бермейді.    

 21-бап  
Мемлекетаралық сайлау кеңесінің мәртебесі      

 Тараптар осы Конвенцияға  қатысушы мемлекеттердің сайлау  органдарының негізінде, осы Конвенцияға  қатысушы мемлекеттердегі сайлауларға  бақылау жүргізуге жәрдемдесу  үшін жұмыс жасайтын Мемлекетаралық  сайлау кеңесін құрудың қажеттігін  таниды.  

 22-бап  
Конвенцияның күшіне ену тәртібі      

1. Осы Конвенция оның  күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік  
рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны  
депозитарийге сақтауға тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.  
      2. Депозитарийге осындай рәсімдерді орындағаны туралы  
хабарламаны кейінірек жіберген Тараптар үшін Конвенция мұндай  
хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.  

 23-бап  
Конвенцияға қосылу тәртібі      

1. Осы Конвенция одан  туындайтын міндеттемелерді өзіне  
қабылдауға дайын басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.  
      2. Қосылушы мемлекет үшін осы Конвенция қосылу туралы құжатты  
депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.  

 24-бап  
Конвенциядан шығу тәртібі      

 Әрбір Тарап депозитарийге  бұл туралы жазбаша хабарлама  жібергеннен кейін осы Конвенциядан  шыға алады.  

 25-бап  
Конвенцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі      

 Осы Конвенцияға оның  ажырамас бөлігі болып табылатын,  осы Конвенцияның 22-бабымен көзделген  тәртіпте күшіне енетін жеке  хаттамамен ресімделген өзгертулер  мен толықтырулар енгізіле алады.   

 26-бап  
Конвенцияны қолдануға немесе түсіндіруге  
байланысты даулардың шешілуі      

 Осы Конвенцияны қолдануға  немесе түсіндіруге байланысты  даулы мәселелер мүдделі тараптардың  консультациялары мен келіссөздері  арқылы шешіледі.  
      Кишинев қаласында 2002 жылғы 7 қазанда бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Конвенцияға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.  

 Әзірбайжан Республикасы  үшін         Молдова Республикасы үшін  
  Армения Республикасы үшін            Ресей Федерациясы үшін  
  Беларусь Республикасы үшін           Тәжікстан Республикасы үшін  
  Грузия үшін                          Түрікменстан үшін  
  Қазақстан Республикасы үшін          Өзбекстан Республикасы үшін  
  Қырғыз Республикасы үшін             Украина үшін


Информация о работе Демократиялық сайлаудың стандарттары