Демократиялық сайлаудың стандарттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:41, реферат

Описание работы

1. Демократиялық сайлау - халықтың билігі мен еркінің ең жоғары тікелей көріністерінің бірі, мемлекеттік биліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының, халықтық (ұлттық) өкілдіктің өзге де органдарының, сайланатын лауазым иелерінің негізі болып табылады.
2. Тараптар демократиялық сайлаудың стандарттары төмендегілер болып табылатынын таниды: мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдіктің органдарына азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы; сайлаушылардың ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ететін құпия дауыс беру кезінде жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде сайлаудың мерзімдік принциптері, және міндеттілігі, әділдігі, шынайылығы және бостандығы;

Работа содержит 1 файл

сайлау құқықтары.docx

— 43.21 Кб (Скачать)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 маусымдағы N 260 Заңы

  • Мәтін
  • Қосымша ақпарат
  • Өзгерістер тарихы
  • Екі тілде
  • Көшіру
  • Басып шығару

 

      Кишиневте 2002 жылғы  7 қазанда қол қойылған Тәуелсіз  Мемлекеттер Достастығына қатысушы  мемлекеттердегі демократиялық  сайлаудың, сайлау құқықтары мен  бостандықтарының стандарттары  туралы конвенция ратификациялансын.        

 Қазақстан Республикасының  
      Президенті  

 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы  
КОНВЕНЦИЯ

(2007 жылғы  4 шілдеде күшіне енді -  
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,  
2007 ж., N 3-4, 23-құжат)      

 Осы Конвенцияға қатысушы  мемлекеттер (бұдан әрі - Тараптар),  
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін негізге ала отырып,  
      Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияның және билікке өкілеттілік шынайы және мерзімдік сайлауда білдірілген халықтың өз еркіне негізделуі тиіс екендігін анықтаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Еуропа Кеңесінің, басқа да халықаралық ұйымдардың еркін және әділ сайлауды өткізу туралы құжаттарының маңызын қуаттай отырып,  
      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау мен қорғау, халықтың өз еркін білдіруінің демократиялық институттарын, оларды іске асыру рәсімдерін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкес ұлттық конституция және құқықтық актілер негізінде дамыту мен жетілдіру құқықтық мемлекеттің мақсаты мен міндеті екендігіне, сондай-ақ қоғамдық тұрлаулылықтың және өздерінің ортақ демократиялық жетістігі болып табылатын ізгі мұраттар мен принциптерді жүзеге асыру және қорғау жолында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың ажырамас шарттарының бірі болып табылатындығына кәміл сенім білдіре отырып,  
      өкілдік басқарудың демократиялық жүйелерінің, сайлау өткізу кезінде халықтың өз еркін білдіруінің демократиялық дәстүрлерін орнықтыруға және жетілдіруге, құқық пен заң үстемдігі негізінде халық билігінің өзге де нысандарының жүзеге асырылуына, ұлттық және тарихи дәстүрлердің барынша ескерілуіне жәрдемдесуге ұмтыла отырып,  
      сайлау - тұрлаулы азаматтық қоғамның және мемлекеттің орнықты дамуының саяси және құқықтық тетіктерінің бірі екендігіне кәміл сенім білдіре отырып,  
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлауды құқықтық реттеудегі жинақтаған ұлттық тәжірибесінің құндылығын, адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтары кепілдігін тани отырып,  
      жалпыға бірдей танылған сайлау стандарттары мен сайлауды реттеудің ұлттық нормаларын, адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтарын үйлестіруді, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуы мен қорғалуы кепілдігін қамтамасыз етуді, осы Конвенцияның ережелерін конституцияның және ұлттық заңнаманың, сондай-ақ тиісті мемлекеттік саясаттың негізінде жүзеге асыруға бекем бел буа отырып,  
      осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердегі сайлауларға қоғамдық және халықаралық бақылауды ұйымдастыру кепілдігін бекітуге ұмтыла отырып,  
      төмендегілер туралы келісті:  

 1-бап  
Демократиялық сайлаудың стандарттары       

 1.   Демократиялық сайлау - халықтың билігі мен еркінің ең жоғары тікелей көріністерінің бірі, мемлекеттік биліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының, халықтық (ұлттық) өкілдіктің өзге де органдарының, сайланатын лауазым иелерінің негізі болып табылады.  
      2. Тараптар демократиялық сайлаудың стандарттары төмендегілер болып табылатынын таниды: мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдіктің органдарына азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы; сайлаушылардың ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ететін құпия дауыс беру кезінде жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде сайлаудың мерзімдік принциптері, және міндеттілігі, әділдігі, шынайылығы және бостандығы; сайлаудың ашық және жариялылық сипаты; адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтарын соттық және өзгедей қорғауды, сайлауға қоғамдық және халықаралық бақылауды жүзеге асыру; сайлау процесіне қатысушылардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын іске асыру кепілдіктері.  
      3. Азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы  конституцияда  және (немесе) заңдарда бекітіледі, ал олардың жүзеге асырылуы заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен анықталады. Сайлау және сайлану құқығын, сайлау тәртібін (сайлау жүйелері) заңнамалық реттеу, сол сияқты сайлау құқықтары мен бостандықтарын шектеу, адамның және азаматтың жалпыға бірдей танылған сайлау құқықтары мен бостандықтарын және олардың іске асырылуының конституциялық және (немесе) заңнамалық кепілдіктерін шектеуге немесе болдырмауға, сонымен бірге кемсітушілік сипат алмауға тиіс.  
      4. Сайлауды белгілеу, дайындау және өткізу конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылады.  
      5. Конституциямен, заңдармен белгіленген қажетті дауыс санын алып, сайланған адамдар заңдармен бекітілген тәртіпте және мерзімде  
сайлаушылар алдындағы өз жауапкершілігін тани отырып, қызметіне  
кіріседі. Олар өз өкілеттігінің мерзімі аяқталғанша немесе өкілеттігі демократиялық парламенттік және конституциялық рәсімдерге сәйкес конституциямен, заңдармен реттелетін өзгедей түрде тоқтатылғанша қызметінде қалады.  
      6. Сайлаудың заңды және көпшілік сипаты, сайлауға қатысушы  
азаматтардың, кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) сайлау  
құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы мен іске асырылуы, сайлау  
процесін ұйымдастырудың конституциялық принциптерінің құқық  
қолданушылық тәжірибеде қолданылуы соттық, әкімшілік және өзге де  
қорғау амалдарымен қамтамасыз етіледі.  
      7. Мемлекеттік билік органына және жергілікті өзін-өзі басқару  
органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарына сайланбалы лауазым иелерін сайлауды дайындауға және өткізуге ықпал ететін немесе оған кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, халықаралық қоғамдық қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың қандай да болсын тікелей немесе жанама түрде қатысуына жол берілмейді.  

 2-бап  
Жалпыға бірдей сайлау құқығы      

 Жалпыға бірдей сайлау  құқығы принципін сақтау мынаны  білдіреді:  
      а) әрбір азамат конституцияда, заңдарда көрсетілген жасқа жеткенде мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарына, сайланбалы қызметтерге конституцияда және заңдарда көзделген жағдайда және тәртіппен сайлауға және сайлануға құқылы;  
      б) азаматтың мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарына, сайланбалы қызметтерге сайлау және сайлану құқығы оның жынысына, тіліне, дініне немесе діни наным-сеніміне, саяси немесе өзгедей көзқарасына, ұлттық яки әлеуметтік шығу тегіне, ұлттық азшылық немесе этникалық топқа жататындығына, мүліктік не болмаса өзге де осы тектес жағдайына байланысты қандай да бір кемсітушілік сипаттағы шектеулерге қарамастан іске асырылады;  
      в) ұлттық сайлау өтетін мерзімде өз мемлекеті аумағының шегінен тыс жерде тұрған немесе болған әрбір азамат өз мемлекетінің басқа да азаматтарымен тең сайлау құқығына ие болады. Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер, олардың лауазымды қызметкерлері азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын іске асыруына көмектеседі;  
      г) әрбір азаматқа оның сайлаушылардың тізіміне енгізілгендігі туралы ақпарат алу, осы ақпаратты оның толықтығы мен растығын қамтамасыз ету мақсатында анықтау, заңда бекітілген тәртіппен өзінің сайлаушылардың тізіміне енгізілуіне білдірілген қарсылыққа шағымдану құқығына кепілдік беріледі.  

 3-бап  
Тең сайлау құқығы      

1. Тең сайлау құқығы  принципін сақтау мынаны білдіреді:  
      а) әрбір азамат бір дауысқа немесе басқа азаматтармен бірдей дауыс сандарына ие, және өзінің дауыс беру құқығын басқа азаматтармен тең тұрғыда жүзеге асыруға құқылы, сондай-ақ оның дауысы (дауыстары) басқа да сайлаушылардың дауыстарымен бірдей салмаққа ие болады, бұл орайда сайлаушы даусының (дауыстарының) салмағына мемлекетте қолданылатын сайлау жүйесі әсерін тигізбеуі тиіс;  
      б) бір мандатты және (немесе) көп мандатты сайлау округтарында  
дауыс беруді өткізгенде, бұл округтар дауыс беру нәтижелерінен  
сайлаушылардың еркі мүмкіндігінше дәлме-дәл және толық көрінетіндей  
болып тең негізде құрылуы тиіс. Тең негіздің өлшемі мынадай бола алады - сайлаушылар саны бойынша бір мандатты сайлау округтерінің шамалас теңдігі немесе көп мандатты сайлау округтерінде бір депутаттық мандатқа сайлаушылар санының шамалас теңдігі. Мекен-жайларға барудың қиындығы мен алыстығы, азшылықты құрайтын түпкілікті халықтардың немесе өзге де ұлттық азшылықтардың және этникалық топтардың тығыз тұратындығы өкілдіктің орташа нормасынан ауытқуға негіздеме болып табылуы мүмкін.  
      2. Әрбір сайлаушы еркін дауыс беруге қатысуға өз құқығын іске  
асыруы үшін сайлау учаскесіне, сондай-ақ сайлау өтетін үй-жайға теңдей және кедергісіз рұқсат алуға құқылы.  
      3. Азаматқа сайлаушыларға барынша ыңғайлы жағдайлар жасауды  
қамтамасыз ететін, мерзімінен бұрын дауыс беруді, дауыс беретін үй-жайдан тысқары жерде дауыс беруді, болмаса дауыс берудің өзге де рәсімдерін ұйымдастыру арқылы оның дауыс беруге қатысу құқығын іске асыруына мүмкіндіктер берілуі мүмкін.  
      4. Әрбір азамат сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға тең құқылық  
мүмкіндіктерге ие болуы тиіс.  
      5. Жаңа мерзімге сайланбалы қызметке кандидаттардың сайлау  
науқанына қатысу ерекшеліктеріне байланысты шектеулер конституциямен  
және заңдармен реттеледі. Бекітілген шектеулердің сақталуы депутаттардың, сайланбалы лауазым иелерінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруларына және сайлаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауларына кедергі келтірмеуі тиіс.  
      6. Кандидаттардың қызметтік немесе лауазымдық жағдайларының  
артықшылықтарын өздерінің сайланулары мақсатында қолдануға құқылары  
жоқ. Тең сайлау құқығы принциптерін бұзушылықтардың тізбесі және ондай бұзушылықтарға жауапкершілік заңдармен белгіленеді.  

 4-бап  
Төте сайлау құқығы      

1. Төте сайлау құқығы  принципін сақтау - азаматтардың  сайлауда  
тікелей тиісінше кандидатқа және (немесе) кандидаттар тізімін жақтап, не болмаса кандидатқа, кандидаттарға және (немесе) кандидаттар тізіміне қарсы, не барлық кандидаттарға және (немесе) кандидаттар тізіміне қарсы дауыс беретінін білдіреді.  
      2. Ұлттық заң шығарушы органның палаталарының біріндегі барлық  
депутаттық мандаттар кандидаттардың және (немесе) кандидаттар тізімінің бүкілхалықтық сайлау барысындағы ерікті бәсеке-жарысының нысанасы болып табылады.  
      3. Егер ұлттық заң шығарушы орган қос палаталы болатын болса және оның палаталарының бірінің депутаттық мандаттарының барлығы, не  
болмаса бір бөлігі кандидаттардың және (немесе) кандидаттар тізімінің бүкіл халықтық сайлау барысында ерікті бәсеке-жарысының нысанасы болып табылмаса, онда бұл осы Конвенцияға қайшы келмейді.  

 5-бап  
Құпия дауыс беру      

1. Құпия дауыс беру  принципін сақтау - сайлаушылардың  өз еріктерін білдіруге қандай  да болсын бір бақылау орнатуды  болдырмауды, еркін сайлау үшін  тең жағдайлар жасауды қамтамасыз  етуді білдіреді.  
      2. Азаматтардың дауыс беру құпиясына құқықтары ешқандай түрде және ештеңемен де шектелмейді.  
      3. Сайлау құпия дауыс беру рәсімін пайдалану арқылы өткізіледі.  
      4. Сайлау органдары конституцияда, заңдарда, өзге де құқықтық  
актілерде қарастырылған шарттардың сақталуын қамтамасыз етіп,  
сайлаушының құпия дауыс беру орнында бюллетенді толтыруына қандай да  
бір бақылауды немесе байқауды жүзеге асыру, сайлаушының ерік білдіру  
құпиясын бұзатындай кімнің де болсын іс-әрекет жасау мүмкіндігін  
болдырмайды.  

 6-бап  
Мерзімді және міндетті сайлаулар      

1. Сайланбалы мемлекеттік  билік органдарын, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарын, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарын, сайланбалы  лауазым иелерін сайлау міндетті  болып табылады және конституцияда,  сондай-ақ заңдарда белгіленген  мерзімде өткізіледі.  
      2. Сайлау сайланбалы мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарының, сайланбалы лауазым иелерінің негізі - әрқашан халықтың ерікті еркі болатындай түрде конституцияда, заңдарда белгіленген мерзімділікпен өткізілуі тиіс.  
      3. Сайланбалы органдардың, сайланбалы лауазым иелері өкілеттігінің мерзімі конституцияда және заңдарда белгіленеді, және де оларда көзделген тәртіппен ғана өзгертілуі мүмкін.  
      4. Конституцияға және заңдарға сәйкес тағайындалған сайлау  
мерзімін, сайлаудың жүргізілуін және рәсімін бұзуға немесе болдырмауға не болмаса ауыстыруға шақыратын немесе мақсат ететін іс-әрекеттер жасалмауы немесе үндеулер таратылмауы тиіс.  
      5. Төтенше немесе әскери жағдайларда азаматтардың қауіпсіздігін және конституциялық құрылыстың қорғалуын қамтамасыз ету үшін конституцияға, заңдарға сәйкес құқықтар мен бостандықтарды қолданудың шектері мен мерзімдері көрсетілген шектеулер қойылуы, сондай-ақ сайлау өткізу кейінге қалдырылуы мүмкін.  

 7-бап  
Ашық және жария сайлау      

1. Сайлауға дайындық және  оны өткізу ашық және жария  жүргізіледі.  
      2. Өздерінің құзырлы шегінде және сайлауды тағайындауға, оған  
дайындалуға және өткізуге, азаматтардың сайлау құқықтары мен  
бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мемлекеттік  
билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сайлау  
органдарының шешімдері заңдарда көзделген тәртіпте және мерзімде  
міндетті түрде ресми жариялауға жатады, не болмаса өзгедей жолмен жалпы жұрттың назарына жеткізіледі.  
      3. Азаматтардың сайлау құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын құқықтық актілер мен шешімдер, егер олар жалпы жұрт назарына жеткізу үшін ресми жарияланбаса қолданылмайды.  
      4. Сайлау органы сайлау туралы заңнамада белгіленген мерзімнің  
ішінде өзінің баспа органында немесе өзге де бұқаралық ақпарат  
құралдарында дауыс берудің нәтижелері туралы деректерді, сондай-ақ  
сайланған адамдар туралы мәліметтерді ресми жария етеді.  
      5. Сайлаудың ашықтығы мен жариялылығы принципін сақтау  
сайлауға қоғамдық және халықаралық бақылау жүргізуді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етуі тиіс.  

 8-бап  
Еркін сайлау      

1. Конституцияның үстемдігі  еркін сайлау өткізудің және  азаматтарға, сайлау процесінің  өзге де қатысушыларына қандай  да бір ықпал ету, күштеу, күш  қолдану немесе өзге де құқыққа  қарсы әрекеттерсіз өзінің сайлауға  қатысуына немесе қатыспауына  байланысты заңмен рұқсат етілетін  нысанда және заңды әдістермен, дауыс берудің қорытындыларының, сайлау нәтижелерінің қандай  болатынына қарамастан, жазаланудан  болмаса ықпал етуден қауіптенбестен  өз қалауын жасаудың, сондай-ақ  еркін сайлау принципінің сайлау  процесінің барлық кезінде қалтқысыз  сақталуының құқықтық және өзге  де кепілдіктерінің негізі болып  табылады.  
      2. Азаматтың сайлауға қатысуы еркін және өз еркімен /қалауымен/ болады. Оны ешкім де белгілі бір кандидатты (кандидаттарды), белгілі бір кандидаттар тізімін жақтап, немесе қарсы дауыс беруге мәжбүрлей алмайды, азаматты сайлауға қатысуына немесе қатыспауына мәжбүрлеу мақсатында, сондай-ақ оның өз еркін ерікті түрде білдіруіне ықпал етуге ешкімнің құқы жоқ. Бірде бір сайлаушыны оның кандидатқа (кандидаттарға), кандидаттар тізіміне қалай дауыс беретіндігі немесе бергендігі туралы мәлімдеуге ешкім  
де мәжбүрлей алмайды.  
      3. Кандидат, саяси партия (одақ) және сайлау процесінің басқа  
қатысушылары конституция мен заңдарға сәйкес қоғам және мемлекет  
алдында жауапты болады. Бірде бір кандидаттың, бірде бір саяси партияның (одақтың), бірде бір өзге де қоғамдық бірлестіктің немесе қоғамдық ұйымның психикалық күшпен және діни мәжбүрлеу әдістерін немесе зорлық-зомбылыққа үндеу /шақыру/ немесе оны қолдау қаупін төндіру, не болмаса мәжбүрлеудің өзге де нысандарын қолдануға құқы жоқ.  

Информация о работе Демократиялық сайлаудың стандарттары