Демократиялық сайлаудың стандарттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:41, реферат

Описание работы

1. Демократиялық сайлау - халықтың билігі мен еркінің ең жоғары тікелей көріністерінің бірі, мемлекеттік биліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының, халықтық (ұлттық) өкілдіктің өзге де органдарының, сайланатын лауазым иелерінің негізі болып табылады.
2. Тараптар демократиялық сайлаудың стандарттары төмендегілер болып табылатынын таниды: мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдіктің органдарына азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы; сайлаушылардың ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ететін құпия дауыс беру кезінде жалпыға бірдей тең сайлау құқығы негізінде сайлаудың мерзімдік принциптері, және міндеттілігі, әділдігі, шынайылығы және бостандығы;

Работа содержит 1 файл

сайлау құқықтары.docx

— 43.21 Кб (Скачать)

 9-бап  
Шынайы сайлау      

1. Шынайы сайлау кезінде  халықтың ерікті түрде білдірілген  еркі және оның тікелей жүзеге  асырылуы қамтамасыз етіледі.  
      2. Шынайы сайлау сайлаушыларға конституция мен заңдар негізінде кандидаттарды сайлауға мүмкіндік береді. Шынайы сайлау кезінде шын мәнісіндегі саяси пікір алуандығы /плюрализм/, идеологиялық көп түрлілік және көп партиялық орын алады. Бұлар, заңды қызметі мемлекеттің заңды қорғауында болатын саяси партиялардың жұмысы арқылы жүзеге асады.  
      3. Шынайы сайлау кезінде сайлаушылардың кандидаттар, кандидаттар тізімі, саяси партиялар (одақтар) және сайлау процесі туралы ақпаратқа, ал кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) - бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация құралдарына еркін рұқсат алуы қамтамасыз етіледі.  
      4. Сайлауға дайындық пен оны өткізу барысында мемлекеттік тіл  
немесе мемлекеттік тілдер қолданылады, ал заңдармен белгіленген  
жағдайлар мен тәртіп кезінде, сондай-ақ мемлекет аумағының құрамдас  
бөліктерінің ресми тілдері, ал халықтар мен ұлыстар, ұлттық азшылықтар мен этникалық топтар тығыз тұратын аумақтарда солардың тілдері қолданылады.  
      5. Сайлауды және сайлау іс-әрекеттері мен рәсімдерін белгілеу және өткізу кандидаттарға, саяси партияларға (одақтарға) және сайлау процесінің басқа да қатысушыларына сайлау алдындағы насихат науқанын толыққанды өрістетуге мүмкіндік беретіндей тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.  
      6. Шынайы сайлау кандидаттарды, кандидаттар тізімін және саяси  
партияларды (одақтарды) тең және әділ тіркеудің құқықтық шарттарын  
білдіреді. Тіркеу шарттары артықшылықтарға немесе кемсітушілік сипаттағы шектеулерге негіз боларлықтай жағдайға әкелмейтіндей айқын болуы тиіс. Кандидаттарды, кандидаттар тізімін және саяси партияларды (одақтарды) тіркеу нормаларын өз бетінше немесе кемсітушілік сипатта қолдануға жол берілмейді.  
      7. Сайлауға қатысушы әрбір кандидат және әрбір саяси партия (одақ) дауыс берудің қорытындыларын және демократиялық сайлаудың  
нәтижелерін тануы тиіс, азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтарын бұзатын дауыс берудің ресми нәтижелеріне, сайлаудың қорытындыларына сот және (немесе) өзге органдарға заңдармен, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерімен көзделген тәртіпте және мерзімде шағым беруге мүмкіндігі болуы тиіс.  
      8. Іс-әрекеттері дауыстарды санауды, дауыс берудің нәтижелерін  
және сайлау қорытындыларын бұрмалауға, азаматтың өз сайлау құқықтары  
мен бостандықтарын еркін жүзеге асыруға, соның ішінде сайлауды  
мансұқтау немесе мансұқтауға шақыру нысандарымен кедергі келтіруге,  
сайлау рәсімдерін немесе сайлау әрекеттерін орындаудан бас тартуға  
бағытталған адамдар мен органдар заң бойынша қудалауға жатады.  

 10-бап  
Әділ сайлау      

1. Әділ сайлау құқығы  принципін сақтау - сайлау процесінің  барлық қатысушыларына тең құқылық  жағдай жасауды қамтамасыз етуі  тиіс.  
      2. Әділ сайлауды өткізуде мыналар қамтамасыз етіледі:  
      а) жалпыға бірдей және тең сайлау құқығы;  
      б) әрбір кандидатқа немесе әрбір саяси партияға (одаққа) сайлау науқанына қатысу үшін, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация құралдарына рұқсат алуына тең мүмкіндіктер жасау;  
      в) сайлауды, сондай-ақ кандидаттардың, саяси партиялардың  
(одақтардың) сайлау науқанын әділ әрі жария түрде қаржыландыру;  
      г) дауыс берудегі және дауыстарды санаудағы адалдық, сайлаудың  
барлық қорытындыларын ресми жариялай отырып, дауыс берудің  
нәтижелері туралы толық және жедел ақпарат беру;  
      д) сайлау процесін пәрменді қоғамдық және халықаралық бақылаумен ашық және жария түрде жұмыс жасайтын әділ сайлау органдарының ұйымдастыруы;  
      е) азаматтардың, кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) сайлау құқықтары мен бостандықтарын бұзушылыққа шағымдарын сайлау процесінің тиісті сатыларының уақыт шеңберінде соттардың және өзге де уәкілетті органдардың жедел және тиімді қарастыруы, сондай-ақ халықаралық құқықтың нормаларымен көзделген тәртіпте, азаматтың өз сайлау құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қалпына келтіруге байланысты халықаралық сот органдарына қайырылу құқығын қамтамасыз ету.  
      3. Кандидаттарды тиісті сайлау округы бойынша сайлаушылар және (немесе) олар өздерін өздері ұсына алады. Кандидаттарды және (немесе) кандидаттар тізімдерін, сондай-ақ саяси партиялар (одақтар), өзге де қоғамдық бірлестіктер және кандидаттар мен (немесе) кандидаттар тізімін конституцияда, заңдарда көрсетілген басқа да құқық субъектілері ұсына алады.  

 11-бап  
Сайлау органдарының (сайлау комиссияларының)  
сайлауды өткізуі      

1. Сайлауға дайындық және  оны өткізу, азаматтардың сайлау  
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ  
олардың орындалуына бақылау жасау мәртебесі, құзыреті мен өкілеттігі  
конституциямен, заң актілерімен белгіленген сайлау органдарына (сайлау комиссияларына) жүктеледі.  
      2. Сайлау органдарын алмастыратын не болмаса олардың қызметін  
толық немесе ішінара атқаратын, немесе олардың заңды қызметіне кедергі келтіретін, немесе олардың қызметіне заңға қайшы түрде араласатын, не болмаса олардың мәртебесі мен өкілеттіктерін иемденіп алған өзге де құрылымдардың (органдар мен ұйымдардың) құрылуы мен іс-әрекетіне жол берілмейді.  
      3. Сайлау органдарын қалыптастырудың, өкілеттігінің тәртібі,  
қызметінің ұйымдастырылуы, сондай-ақ сайлау органдары құрамын  
таратудың немесе сайлау органы мүшелерінің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуының тәртібі, негіздемесі және мерзімдері заңдармен белгіленеді. Бұл орайда сайлау органы мүшелері өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуының тәртібі мен мерзімінің заңдарда қарастырылған негіздемесі, сондай-ақ уәкілетті органның сайлау органынан шығарылған мүшесінің орнына жаңа мүшені тағайындауы сайлау органына оған жүктелген өкілеттіктерін жүзеге асыруға кедергі келтірмеуі тиіс, сондай-ақ сайлау процесінің тұтастығын бұзбауы, сайлау әрекеттерін орындаудың мерзімін сақтамауға әкелмеуі, азаматтардың сайлау бостандықтары мен құқықтарын бұзбауы тиіс.  
      4. Тараптар кандидатқа, кандидаттар тізімін ұсынған саяси партияға (одаққа), заңдарда көзделген тәртіпте кандидатты (кандидаттар тізімін) тіркеген сайлау органына және одан төменгі сайлау органдарына кеңесші дауыс құқығымен өзін тағайындаған кандидаттың, саяси партияның (одақтың) атынан қатысатын сайлау органының бір мүшесін тағайындауға берілетін мүмкіндікті таниды.  
      5. Кеңесші дауыс құқығы бар сайлау органының мүшесі сайлау  
органының отырыстарында сөз сөйлеуге, сайлау органының құзыретіне  
жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және осы мәселелерді  
дауысқа салуды жүргізуді талап етуге құқылы; сайлау органының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты жоғары тұрған сайлау органына немесе сотқа шағым беруге, заңдармен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.  
      6. Сайлау органдарының өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдері - атқарушы билік органдары, мемлекеттік мекемелер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың уәкілетті өкілдері, ұйымдар, лауазымды адамдар, сайлаушылар, төмен тұрған сайлау органдары және заңдарда көрсетілген өзге де ұйымдар мен тұлғалар үшін міндетті.  
      7. Тараптар өздерінің заңдарымен мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мекемелерге, ұйымдарға, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына сайлау органдарының өкілеттігін іске асыруға жәрдем жасауды міндеттейді, ал сайлау туралы заңнамада көрсетілген теле және (немесе) радио хабарларын таратушы ұйымдарға тегін эфир уақытын беруге, және мерзімдік басылымдардың редакцияларына сайлау органдары үшін сайлаушыларды сайлау туралы, сайлау науқанының барысы туралы хабарландыруға қажетті басылымдық ақпаратты жария етуге мүмкіндік беруге міндеттейді.  

 12-бап  
Сайлауды және кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) сайлау науқанын қаржыландыру      

1. Сайлауға байланысты  іс-шараларды қаржыландыру бюджет  
қаражатының есебінен жүзеге асырылады.  
      2. Мемлекеттер конституциялармен және заңдармен көзделген  
жағдайларда және тәртіпте, сайлауға қатысушы кандидаттарға, саяси  
партияларға (одақтарға) бюджет қаражаттарын әділ шарттарда бөлуді  
қамтамасыз етеді, сондай-ақ сайлау органының жанынан бюджеттен тыс  
қордың құрылуына, болмаса өз сайлау науқанын қаржыландыру үшін өзінің жеке ақшалай сайлау қорын құруға және осы мақсаттар үшін жеке ақшалай қаражаттарын, жеке адамдардың және (немесе) ұлттық заңды тұлғалардың ерікті ақшалай қайырмалдықтарын /пожертвования/ заңдармен көзделген мөлшерде және тәртіпте пайдалануға мүмкіндік береді. Кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) осы аталған қорларға түскеннен өзге де ақшалай қаражаттарын пайдалануына заңмен тыйым салынуы және заңдарға сәйкес жауапкершілік жүктелуі тиіс.  
      3. Сайлауға қатысушы кандидаттарға, саяси партияларға (одақтарға), болмаса кандидатқа, саяси партияға (одаққа) тікелей немесе жанама немесе өзге де түрде қатысы бар, болмаса олардың тікелей ықпалындағы немесе бақылауындағы әрі саяси партияның (одақтың) мақсаттарын іске асыруға ықпал ететін не болмаса жәрдемдесетін басқа да қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық ұйымдарға шетелдік, соның ішінде шетелдік жеке азаматтардан және заңды тұлғалардан қандай да бір қайырмалдықтар алуларына жол берілмейді.  
      4. Тараптар сайлауға түскен кандидаттарға, сонымен бірге  
кандидаттарды (кандидаттар тізімін) ұсынған саяси партияларға (одақтарға) да заңнамамен тыйым салынған қайырмалдықтарды болдырмау үшін сайлауға қатысушы кандидаттарға, саяси партияларға (одақтарға) берілген барлық ақшалай қайырмалдықтың ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз етеді.  
      5. Сайлауға қатысушы кандидаттар, саяси партиялар (одақтар),  
заңдарда белгіленген кезеңділікпен, өздерінің ақшалай сайлау қорындағы барлық қайырмалдықтың түсімі туралы, тиісті қаражаттардың салымшылары туралы, сондай-ақ осы қорлардан өздерінің сайлау науқанын қаржыландыруға жұмсаған барлық шығыстары туралы мәліметтер мен есептерді сайлау органына, және (немесе) заңда көрсетілген өзге де органдарға беріп отырулары тиіс. Сайлау органдары аталған мәліметтер мен есептерді заңдарда көрсетілген бұқаралық ақпарат құралдарында және телекоммуникация құралдарында жария етуді қамтамасыз етеді.  
      6. Кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) сайлау  
науқанын қаржыландыру ережелері мен тәртіптерін бақылауды немесе  
қадағалауды жүзеге асыру үшін арнайы орган (органдар) құрылуы мүмкін  
немесе лауазымды адамдарға не сайлау органына тиісті өкілеттіктер берілуі мүмкін.  
      7. Кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) қызметін  
қаржыландырудың, қайырмалдықтар берудің тәртібі мен шарттарын  
бұзушылықтың тізбесі, сондай-ақ сайлауды және кандидаттардың, саяси  
партиялардың (одақтардың) сайлау науқанын қаржыландыруды  
бұзушылықтың алдын алу, болдырмау немесе жолын кесу шараларының  
тізбесі заңдармен, өзге де құқықтық нормативтік актілермен белгіленуі тиіс.  

 13-бап  
Сайлауды және үгіт қызметін мемлекеттік ақпараттық қолдау      

1. Тараптар сайлау туралы, кандидаттар туралы ақпаратты  іздестіру, жинау, тарату бостандығын,  сайлауды бұқаралық ақпарат және  телекоммуникация құралдарында  бұрмалаушылықсыз жариялауды  
қамтамасыз етеді.  
      2. Бұқаралық ақпарат және телекоммуникация құралдары  
тұрғындарды сайлау туралы, кандидаттарды, (кандидаттар тізімін) ұсыну, олардың сайлау алдындағы бағдарламалары (тұғырнамалары), сайлау науқанының барысы, дауыс берудің қорытындылары және сайлаудың нәтижелері туралы хабарландырып отыруға, өз іс-әрекеттерін конституция, заңдар, мемлекеттің халықаралық міндеттемелері шеңберінде жүзеге асыруға қызмет жасайды.  
      3. Заңдарға сәйкес бұқаралық ақпарат және телекоммуникация  
құралдары өкілдерінің:  
      а) сайлау органдарының іс-әрекетіндегі жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ете отырып, олардың мәжілістеріне қатысуға;  
      б) дауыс берудің қорытындылары немесе сайлаудың нәтижелері  
туралы тиісті сайлау органдарының құжаттарымен және материалдарымен  
танысуға, тиісті сайлау органынан аталған құжаттар мен материалдардың көшірмелерін жасап алуға не болмаса алуға, оларды жариялау үшін бұқаралық ақпарат және телекоммуникация құралдарына беруге;  
      в) көпшіліктік үгіт іс-шараларына қатысуға, олардың өткізілу барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;  
      г) дауыс беру кезінде, сайлаушылардың дауыстарын санауға, дауыс берудің қорытындылары мен сайлау нәтижелерін анықтауға қатысуға құқылары бар.  
      4. Азаматтарға, кандидаттарға, кандидатты және (немесе) кандидаттар тізімін ұсынған саяси партияларға (одақтарға), өзге де қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық ұйымдарға заңдармен көзделген тәртіпте және мерзімде, заңмен рұқсат етілген және заңды әдістермен, пікір алуандығы, цензураның жоқтығы жағдайында кез келген нысандағы үгіт жұмыстарын жүргізу бостандығына кепілдік беріледі.  
      5. Сайлауға қатысушы барлық кандидаттарға, саяси партияларға  
(одақтарға) конституция мен заңдарға сәйкес өзінің сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде сайлау алдындағы бағдарламасының (тұғырнамасының) қағидаларын баяндау үшін бұқаралық ақпарат және телекоммуникация құралдарына тең қол жеткізу жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс.  
      6. Үгіт жұмысын жүргізу барысында сөз бостандығын және  
бұқаралық ақпарат бостандығын теріс мақсатта пайдалануға, соның ішінде билікті күшпен тартып алуға, мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге және мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға шақыруларға, соғысты, террористік, өзге де кез келген күштеу әрекеттерін насихаттауға бағытталған және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни жеккөрушілік пен өшпенділікті қоздыратын шақыруларға жол берілмейді.  
      7. Осы Конвенцияға қатысушы бір мемлекеттің бұқаралық ақпарат  
және телекоммуникация құралдары екінші мемлекеттің аумағындағы  
сайлауды өткізу барысында үгіт жұмысын жүргізуге қатысу мақсатында  
пайдаланыла алмайды.  
      8. Кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) өздерінің үгіт жұмысын жүргізудің шарттары мен тәртібін бұзу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілік туғызуға негіз болып табылатын сайлау науқанын жария етуге қатысу тізбесі заңдармен анықталады.  

 14-бап  
Ұлттық бақылаушылардың мәртебесі мен өкілеттігі      

1. Әрбір кандидат, әрбір  саяси партия (одақ), өзге де қоғамдық  
бірлестік (қоғамдық ұйым), сайлаушылар тобы, сайлаудың конституцияда, заңдарда көрсетілген басқа да субъектілері сайлауды ұйымдастырушы органдар қабылдаған заңдарда немесе нормативтік актілерде белгіленген тәртіпте, дауыс беру күні, соның ішінде мерзімінен бұрын дауыс беруді өткізу күні дауыс беруге арналған үй-жайда бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар ұлттық бақылаушыларды тағайындауға құқылы.  
      2. Ұлттық бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері заңнамада  
белгіленуі тиіс.  
      3. Ұлттық бақылаушыларға:  
      а) сайлау туралы заңдарда көрсетілген сайлау құжаттарымен  
танысуға, дауыс беруге арналған тізімдерге енгізілген сайлаушылардың саны туралы және сайлауға, соның ішінде мерзімінен бұрын дауыс беруге және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде дауыс берген сайлаушылардың саны туралы ақпарат алу;  
      б) дауыс беруге арналған үй-жайда болу;  
      в) сайлау бюллетендерін сайлаушыларға беруді бақылау;  
      г) мерзімінен бұрын дауыс беруді өткізу кезінде, сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде дауыс беруі кезінде қатысу;  
      д) бюллетендерді санау рәсімдерін көруді қамтамасыз ететін жағдайда сайлаушылардың дауыстарын санауды бақылау;  
      е) сайлау органының дауыс берудің қорытындылары, сайлаудың  
нәтижелері туралы хаттаманы және өзге де құжаттарды жасауын бақылауға, сайлау органының дауыс берудің қорытындылары туралы хаттамасымен, соның ішінде қайта жасалған хаттамамен танысуға, ұлттық заңнамамен көзделген жағдайларда және тәртіпте, тиісті сайлау органынан аталған хаттамалардың көшірмелерін алу;  
      ж) дауыс беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша сайлау органына ұсыныстар мен ескертулер жасау;  
      з) сайлау органының, сайлау органы мүшелерінің шешімдері және іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне), тікелей жоғары тұрған сайлау органына немесе сотқа шағым жасау құқықтары берілуге тиіс.  
      4. Ұлттық бақылаушының құқықтарын заңдармен көзделген  
жағдайларда және тәртіпте кандидаттардың, саяси партиялардың  
(одақтардың) сенімді өкілдері де пайдалана алады.  
      5. Сайлау органдары және (немесе) өзге де органдар мен ұйымдар ұлттық бақылаушыларды және сайлаудың өзге де қатысушыларын демократиялық сайлау технологиясының, сайлау туралы ұлттық заңнаманың, халықаралық сайлау стандарттарының, адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің негіздеріне үйретуді ұйымдастыру жөніндегі өкілеттікке ие бола алады.  

Информация о работе Демократиялық сайлаудың стандарттары