Радио хабардың қазіргі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 08:46, курсовая работа

Описание работы

Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен, дінінен т.б. хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сол елдің, халықтың бет-бейнесімен танысуға, өзіндік пікір қалыптастыруға болады. Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік дәрежеден басталып, шағын елді-мекендік дәрежеге дейін жұмыс істей береді. Әрине, баспасөз де сол елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады. Халықаралық эфирде 160-тан астам елдің радиостудиялары жұмыс істейді. Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар анықтаған.

Работа содержит 1 файл

ІV ТАРАУ радио хабардың казіргі турлері курсавой.docx

— 65.90 Кб (Скачать)

Қазақ радиосы басшылығы  мынадай бір эксперимент те жасап көрді. Футболдан әлем біріншілігінің Алматыда өткен іріктеу ойындары кезінде ұялы телефон көмегімен стадионнан тікелей репортаждар жүргізілді. Бұл тәжірибе 1 және 9 мамыр мереке күндері де жалғастырылып, радиотыңдармандар мерекелік шаралардың өту барысы туралы сол заматта тікелей ақпаратқа ие болды. Бұл технологиялық жаңалық болмағанымен, біраз жылдар ескерусіз қалған мүмкіндік еді. Өйткені, ескі технология орасан шығынды қажет ететін. Ескі сызба бойынша қоғамдық маңызды орындардан: қазіргі Республика сарайынан, Республика алаңынан, Орталық стадионнан, Республикалық оқушылар сарайынан, концерт залдарынан және басқалардан Қазақ радиосының аппараттық залына дейін тікелей сымды желілер тартылған болатын және оған қалалық телефон станциясы қызмет көрсететін. Бұл қызметтің ақысы едәуір қомақты еді және пайдалансын, пайдаланбасын ай сайын қаражат есебі жүргізілетін. Қаржы партиялық кассадан төленетін кезде оны ешкім ескеріп те жатпайтын, енді өз қаражатын өзі басқаратын ұжым ондай шығындарды көтере алмайтын болғандықтан аталған қызметтерден бас тартты.

Жаңа сызба бойынша бұл міндетті құйтақандай ғана ұялы телефон атқарды. Белгіленген уақытта радиостудия мен журналист арасында сымсыз телефон байланысы орнатылады және кез келген уақытта ол әңгіме телефон гибрид құрылғысы арқылы басқару пультіне беріледі, ары қарай әуе толқынына тарайды. Сөйтіп, Қазақстанның кез-келген нүктесінде, тіпті Интернет арқылы дүниежүзінің кез-келген бұрышында ақпаратты сол заматта алу мүмкіндігі іс жүзінде дәлелденді, әлемдік озық тәсілдің қазақ топырағына да жат емес екендігіне көз жеткіздік.

Оның үстіне тікелей эфирдің тыңдарманға әсер ету қуаты әлдеқайда эмоциональді күшті, нанымды болатыны белгілі, оның аудиторияны қалыптастырудағы рөлі тіпті де жоғары бағаланады. Сонымен бірге біз соңғы кездері эфирден түсіп қалған, радионың аса маңызды жанды да қуатты жанрларының бірі – репортажды тірілткен болар едік.

Сол сияқты халықаралық роуминг  мүмкіндіктері мен бүгінгі ұялы байланыстың жоғары сапасын ескерсек, болашақта әлемнің кез-келген нүктесінен тікелей хабарлар ұйымдастыруға  болатындығы тағы да айқындала түседі. Қазір ұялы байланысты дамыту барысында  дүниежүзілік G3 стандарты сынақтан өтуде, таяу жылдары кең қолданысқа енеді деп күтілуде. Бұл жағдайда ұялы телефонмен ақпарат алмасу қазіргідей бір ғана емес, бірнеше шағын арналар (микроканалы) арқылы жүзеге асады, тиісінше сөйлесу сапасы мен панорамасы жақсарады, кедергілер мен шулар жоққа тән  болады, бұдан басқа да көптеген жаңа қызмет түрлері мүмкін болады. Солардың қатарында журналист үшін аса маңыздысы, ол ұялы телефоннан Интернетке шығып, электрондық почтасымен жұмыс  істей алады, редакциямен ұдайы  байланыста болады.

Қазір Қазақ радиосының ақпараттық қызметі электронды құжат айналысын  қамтамасыз етуге кірісуде. Редакцияның  ішкі компьютерлік жүйесі құрылып, барлық компьютерлердің өзара байланысы  орнатылды. Ендігі жерде ақпараттық хабарлар экран арқылы редакцияланып, өңдеу сатыларынан соң шығару бөліміне және эфирлік компьютерлерге келіп түседі, жүргізушілер ол арқылы ақпаратпен танысып, эфирге де экраннан оқып шығады. Бұл шаралар ақпарат  даярлаудың жеделдігін арттырып, әрі  көп ресурстарды, қағазды, басқа  да материалдарды үнемдеуге көмектеседі. Бұл технология аудиосуфлер деген  атпен дүниежүзілік радиотарату  арналарында кең танымал.

Сонымен бірге, Қазақ радиосы  Интернеттің жаңа мүмкіндіктерін пайдаланып, өзінің Веб-сайтын ашып отыр. Одан дүниежүзінің кез-келген нүктесіндегі адам Қазақ  радиосы туралы ағылшын, орыс және қазақ  тілдерінде мағлұмат алып қана қоймайды, сонымен бірге реал-аудио режимінде  тікелей эфирді компьютер арқылы тыңдай алады. Алдағы уақытта осы  Интернет бетін одан әрі жандандырып, жан-жақты мағлұматтар тарату, соның  ішінде ақпараттық хабарларды тәулік бойы жаңартып отыру, қазақтың бай музыкалық  мәдениетін насихаттау, үздік “Алтын қордағы” әндер мен музыкалық  шығармаларды реал-аудио арқылы тыңдаттыру жоспарланған көрінеді. Интернет арқылы интерактивті байланыс орнатуға, хат  жолдауға, өз пікірлерін, ұсыныс-тұжырымдарын жеткізуге, музыкалық құттықтаулар жасауға, ия болмаса қазақстандық жаңа әндер үшін рейтингтік дауыс беруге қатыса алатындай жаңа мүмкіндіктері  қарастырылуда. Бұл жағдайда Интернет Қазақ радиосының имиджін қалыптастырудағы маңызды насихат құралы ғана емес, дүниежүзімен байланыс тетігі ретінде  де маңызды мәнге ие болмақшы.  Бұл Қазақстаннан тыс жерде тұратын  қандастарымыз үшін тіпті де таптырмас  құрал. Диаспора өкілдері осы Интернет беті арқылы Қазақ радиосын бізбен бір мезгілде тыңдайды, әрі алыс Отанында болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болып отырады, қажет жағдайында үн қосып, өз пікірін де білдіре алады.

Жаңа технологиялардың тағы бір артықшылығы музыкалық хабарларды дайындаудағы жаңа мүмкіндіктерінен көрінеді. Компьютер музыка жазу, оны өңдеуде, аранжировка жасауда таптырмайтын құралға айналды. Нотаға түсіру тәрізді күрделі жұмыстарды да өз басқаруына алған. Көп каналды жазу құралдарындағы пультті басқару да Қазақ радиосының концерттік студиясында компьютер арқылы жүзеге асырылады. Бұл режиссерлер мен дыбыс операторларының жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп, уақыттан ұтуына, қателіктер жібермеуіне көмектеседі, әрі дайын өнім алудың өзіндік құнын төмендетеді.

Сол сияқты Қазақ радиосында компьютерлік өңдеу жасайтын бірнеше  продакшн студия жұмыс істейді. Мұнда  негізінен жарнама роликтері, шапкалар, хабарлар арасындағы музыкалық безендірулер, имидждік қысқа роликтер жасалады, әдеби-музыкалық, танымдық хабарлардың  монтажы жасалады.

Қазақ радиосының тағы бір ерекшелігі – мұнда үлкен, өте бай музыкалық қордың болуы. “Алтын қор” фонотекасында соңғы елу жылда жазылған музыкалық шығармалар, қайталанбас дауыстар мен аса маңызды хабарлар, концерттер мен әдеби-драмалық туындылардың магнитті пленкасы сақталуда. Олардың жалпы ұзақтығы 500 мың минутты құрайтын көрінеді. Осы баға жетпес қазына соңғы жылдары қаражат жетіспеушілігінен ескерусіз қалған еді. Технологиялық талап бойынша ол ленталар әр он жыл сайын қайта жазылып, жаңартылып отырылуы, ал жыл сайын қайта оралуы міндетті деп саналады. Өкінішке орай, бұл тәртіп сақталмай келді, уақыт пен ылғал пленкалардың сапасына кері әсер ететіндей қауіп туғызды. Бұл жағдайдан шығудың да жолын жаңа технология көрсетті. Қазір ол пленкалардағы құнды жазулардың барлығы компьютерге жазылып, өңделіп, содан кейін лазерлік СД дискілерге көшірілуде. Лазерлік технологияның ерекшелігі ол цифрлық басқаруға негізделген, мағлұматтар қанша уақыт өтсе де өз сапасын жоймайды. Әрі мұндай архивтегі мағлұматтарды тез тауып ала қоюға болады. Қазіргі саны жүз мыңнан асатын магнитті ленталар небары бірнеше мың шағын ғана қорабшадағы лазерлік дискілерге түседі, бөлменің де бір бұрышын ғана алады.

Ең ақыры хабар тарататын  студияда да компьютерлер жұмыс істеп  тұр. Олардың көмегімен күні бұрын  дайындалған хабарлар компьютер  басқаруымен эфирге беріледі, оның сапасы реттеліп отырылады.

Радиохабарларын әуе толқынына  тарататын күшейткіштер де толық  электроникадан тұрады. Ол белгілі  бір жиілікте радиотолқындар таратып қана қоймайды, оның сапалық көрсеткіштеріне де әсер етеді, құрамында цифрлық дыбыс процессорлары бар. Ол дыбыстың жоғары сапалы бір деңгейде таралуын электронды түрде реттеп отырады. Әзірге бізде аналогтық сигнал тартылады, өйткені радиоқабылдағыштардың бәрі соған бейімделген. Болашақта оның цифрлы форматқа көшетіні де ақиқат.

Соңғы жылдары Қазақ радиосында осындай технологиялық жаңарулар  қолға алынды және алдағы жоспарлары одан да қомақты. Мысалы, қазір санкт-питербургтік “Дигитон” фирмасымен келісім-шарт жасалып, технологиялық жаңарудың жаңа сатылары жүзеге асырылуда.

Осыған сәйкес Қазақ радиосының жұмысын басқаруда автоматтандырудың  алғышарттары жасалады және оның діңгегін компьютерлік технологиялар құрайды. Сызбадағы маңызды буын сервер-компьютер, оған барлық редакциялардан жинақталған  мағлұмат келіп түсіп жатады, оның жадында бүкіл музыкалық қор  сақталады және басқару компьютері эфирлік кестеге сәйкес мағлұматтарды  содан пайдаланады. Жаңалықтар тобына ақпарат даярлайтын редакторлар  кіреді және олар Интернетпен және басқа да коммуникация құралдары  арқылы деректер жинау, тексеру және өңдеумен айналысады. Ал шағын журналистік  кешен редакциядан тыс жерлерден  кез-келген уақытта хабар беруге, тіпті тікелей эфирге шығуға мүмкіндік  алады. Бүкіл радиохабарларды есепке алу, кезекке қою, эфирге тарау кестесін жасау, оны өзгерту, шұғыл толықтырулар енгізу басқару компьютеріне беріледі. Ол сервердегі мағлұматтарды пайдаланып адамның қатысынсыз автоматты режимде  жұмыс істей алады. Мұндай жағдайда сервердің жадында бірнеше сағаттық хабарлар мен музыкалық шығармалардың  қоры сақталуы тиіс, оны кез-келген уақытта эфирге беру мүмкін болады. Жаңа технологияның аса маңызды  буыны – орталық аппараттық басқару  студиясы. Қазіргі таңдағы Қазақ  радиосындағы осындай студия 96 сырттан  келетін және 96 ішкі каналдарды қосу, ажырату сияқты маңызды операцияларды  автоматтандыруға бағытталған. Күні бүгінге  дейін ол операциялар адамның  қол еңбегімен атқарылып келді. Мысалы, Қазақ радиосы тәулігіне  үш рет Астана студиясы тарататын  хабарларды беру үшін осындай коммутация жүргізеді. Оның үстіне 101 FM толқынында республикалық эфирді қамтамасыз етумен бірге, Алматы радиосы жеке арнамен 106.5 FM радиотолқында таратылады және резервтік хабар тарату студиясы бар, ол негізгі екі студияның  бірі тосыннан істен шыққан жағдайда тез арада эфирге тарауы тиіс. Міне, осы жауапты операцияларды адам атқарғанда қате кетуі, кешігуі әбден  мүмкін. Ал, “Дигитон” фирмасы қолға  алған жаңа технологиялар оны  толық компьютер басқаруына көшіріп, автоматтандырады. Бұл жағдайда компьютер  тиісті уақытында коммутация бағытын  жедел өзгертіп отырады және оның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Ал, техникалық стандарттар сақталмаған  жағдайда автоматты түрде резервтік  желілерді пайдаланады, тіпті болмаса  қордағы хабарларды пайдаланып эфирді толтыруын да қарастыруға болады.

Электрониканың радиоға  кірігуінің мына бір мысалын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Кейбір радиостанциялар  жұмыс күшін үнемдеу мақсатында автоматты түрде компьютер арқылы эфирге хабар таратады. Олардағы компьютерлік бағдарламалар үлкен мағлұматтар  базасынан қажетті музыканы автоматты  түрде іріктеп алады, дер кезінде  уақытты хабарлап отырады, жарнамаларды әуе толқынына таратады және басқа  да барлық міндеттерді адамның қатысуынсыз  жүзеге асырады. Автоматтандырылған радиохабарларын  таратуды көпшілік станциялар түн мезгілінде қолданып жүр, өйткені бұл уақытта ақпараттан гөрі музыкалық туындыларды әуе толқынына шығару алдыңғы қатарға шығарылады, оны компьютер мінсіз атқарады.

Радионың форматы туралы сөз болғанда мына үрдістерге де назар  аударып кетпеуге болмайды. Қазір  хабар таратудың да екі форматы  кең тарап отыр. Дәстүрлі формат барған сайын аз қолданылатын болды. Хабарды күні бұрын әзірлеп, сценарийінен бастап әр сатыдан өтетін, жазу, монтаждау, музыкалық көркемдеу сияқты көп  адам қатысқан процестер келмеске кетті. Тіпті ақпараттық хабарлардың өзін эфирде бұрынғы дикторлар емес, хабар  жүргізушілер оқиды, өз авторлық бағдарламаларымен  ұштастырып отырады. Дәстүрлі көп сатылы форматтың сапасы мен тереңдігі  жоғары болғанымен, материалдық шығындары  да көп еді, көп адам қатыстырылатын, екшеу мен іріктеуден өтетін. Нарық  жағдайында ол Қазақ радиосында да барынша азайды.

Жоғарыда аталған музыкалық  форматтағы радиостанциялардың барлығы  дерлік тікелей эфир принципімен  жұмыс істейді, алдын-ала жазып  дайындау процесі қолданылмайды. Тек  жарнама мен музыкалық шапка, басқа да көркемдік элементтері  күні бұрын даярланып, жазылып қойылады. Журналист-жүргізуші тікелей эфирде суырып салу қасиеттерін, тапқырлығын  танытып, аудиториямен қарым-қатынас  орнатады, телефон, пейджер арқылы сұрақтарына  жауап беріп, интерактивтілікке  де көңіл қояды.

Тікелей эфир форматында ауыр жүк журналистің иығына түсіп, оның жауапкершілігі шексіз өсіп, білімі мен  парасаты, мәдениеті мен жағымды  дауысы, шешендігі мен тіл байлығы  алдыңғы қатарға шығады. Әмбебап  журналистің техникадан хабары болуы, компьютерді жетік меңгеруі де кәсіби біліктілігін толықтыра түседі. Болашақтың журналистерін даярлауда осы  қасиеттер мен дағдыларға да көңіл  бөлу қажеттігі уақыт талабынан  туындайды. Шындығында да тікелей эфирдегі жүргізушінің сөйлеу мәдениеті жоғары болып, таптаурындылықтан қашуы, аудиторияның сұранысына қарай тақырыпты құбылтуы, алға қойған мақсатын аша білуі шеберлікпен  және үлкен тәжірибемен келетін  маңызды қасиеттер. Радиоарналарда осындай тұлға журналистерге  сүйеніп, имиджін нығайта түсуі  керек-ақ.

Жүз жылдан аса тарихы бар  радио бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзінің жетекші орнын тауып  отыр, телевизия мен Интернеттің  дамуы жағдайында мәні төмендей қойған жоқ. Өйткені, оны өндіру мен таратудың  техникалық, аппараттық мүмкіндіктері  әлдеқайда икемді, әрі арзан. Оның үстіне көпшілік тыңдармандарға қолайлылығын да ұмытуға болмайды. Жол үстінде, cаяхатта, басқа бір іспен айналысып  жатқанда, сіздің құлағыңыз түрік  болып, радиоға ден қойсаңыз бұл  да оның демократияшылдығын, өзіндік  ерекшелігін көрсетеді. Жаңа технологиялар  оның мүмкіндіктерін бұдан да кеңітіп, осы салада қызмет атқаратын журналистер  үшін жаңа шығармашылық ахуал тудыруымен сенімді көмекшісіне айналды. Радиожурналистика  өзінің шығармашылық потенциалы қуатты екендігін алда да дәлелдейтіндігіне  еш күмән жоқ.

 

 

Форматты радиолар

 

Соңғы жылдары ешқандай ақпарат  құралы дәл радиодай өзгеріске түскен жоқ. Кейінгі 15 жылдай уақыт бойы радио тек дамумен келеді. Формат, пішін, стиль, мазмұн, мән дегендердің өзгергені, радиоарналардың көбейгені соншалықты, ақпарат тасқынына талас жоқ. Радионың бұлай дамуына көптеген тарихи-әлеуметтік факторлар әсер етіп отыр. Олар: 

  • жедел өсу;
  • урбанизация және білім деңгейінің көтерілуі;
  • міндетті қызметтің азайғанына, жеке меншіктің дамуына  байланысты адамдардың бос уақытының көбеюі;
  • басқа аймақтармен қатынас жақсарғанына байланысты өзге  халықтардың ұлттық этникалық ерекшеліктерге қызығушылығы  артуда;
  • ұлттық мәдениетке, тарихқа назар аударылуда;
  • басқа БАҚ-ның көбеюі (теледидар, баспасөз, интернет, кино т.б.);

Қазіргі кезде радио тыңдайтындардың  саны күрт дамып отыр. Радиозерттеуші ғалымдардың зерттеу қорытындыларының нәтижесінде мынандай деректер анықталды: “Мысалы, Германияда 77% радио тыңдап, 73% теледидар көріп, 74% газет оқиды  екен”. Бұл дерек «Neve Zeitung» газетінінен алынды. Сонымен қатар демократизм, интерактивтілік мәселелерінің маңыздылығы да артуда. Сондықтан, аудиториямен кері байланыстың түрлері телефонмен сұрау – call out, мақсатты сұрау – фокус-топ, аудиториум-тест, электронды зерттеу, пошта, пейджер, компьютер, тыңдармандар қоятын рейтинг, PR-шаралар сияқты көптеген сан-қырлы әдіс-тәсілдер де радионың дамуымен бірге өсу үстінде.

Қазақстанда “форматты радио” деген атаудың пайда болып, дами бастағанына 20 жылға жуықтады. Алайда, форматты радионың жұмыс істеу принциптері, ерекшеліктері, пішіндері, әдіс-тәсілдері, мақсат-міндеттері әлі зерттелінбеген журналистика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазіргі заманғы тек ақпарат беру көңіл көтеру сияқты міндеттерді бетке алған радио арналар саласы көбейіп отыр. Бұл жағдай тек радиоға ғана қатысты емес. Телевизияда да, баспасөзде де осы ағым көбірек байқалуда. Теледидар алдындағы көрермендердің көпшілік бөлігін экономика, саясат, әлеуметтік мәселе, тарих қызықтырмай, тек қана көңіл көтеруші факторларға ғана назар аударылады. Оқырмандарды проблемалы мәселелерді жазған газеттерді емес, көбінесе әзіл-оспақ, спорт немесе әртүрлі сөзжұмбақтар басылатын үнпарақтарға үңіледі. Осының бәрі қоғамның, өмірдің талабынан туындап отырған жайлар. Осындай алғы шарттардан кейін белгілі бір аудиторияның мақсаты, талап-тілегі үшін жұмыс істейтін форматты радиолар шыға бастады. Осының әсерінен радиотыңдармандар саны күрт өсті. Аудитория ауқымдылығының молайғандығы әртүрлі әлеуметтік зерттеулер, анықтамаларда айтылған. Сонымен қатар, радионың хабар таратудағы әдіс-тәсілдері, бағдарлама түрлері, жүргізушілердің мәнерлері т.б. үлкен өзгеріске түскені ақиқат. Бұрынғы кезеңдерде  мемлекеттік радио ғана жұмыс істеп келді. Нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуіне, кеңестік идеологияның ыдырауына байланысты жеке меншік, аралас радиолар пайда болды, олар коммерциялық радиолар деп аталды. Ал, қазір әрбір жұмыс істеуші форматты радиолардың өз бағыт-бағдары, қалыптасқан стилі, жүргізушілік ерекшеліктері бар радиолар екендігі айқындалды.

Информация о работе Радио хабардың қазіргі түрлері