Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 08:46, курсовая работа
Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен, дінінен т.б. хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сол елдің, халықтың бет-бейнесімен танысуға, өзіндік пікір қалыптастыруға болады. Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік дәрежеден басталып, шағын елді-мекендік дәрежеге дейін жұмыс істей береді. Әрине, баспасөз де сол елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады. Халықаралық эфирде 160-тан астам елдің радиостудиялары жұмыс істейді. Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар анықтаған.
Қазақстанның әуе толқынында
қызмет атқаратын радиоарналар жұмыс
мазмұнына қарай ақпараттық-
Біріншіден, ең алдыңғы, алғашқы болу. Кез келген оқиғаны алдымен хабарлау барысында журналистік әдептен ауытқымау, кәсіби этика сақталуы керек.
Екіншіден, сөйлеушінің уақытын шектеп, оқиға не туралы, не мақсатта, түйіні неде деген сияқты детальдарды ғана ықшамдап алу.
Үшіншіден, "меніңше", "сөйткенге ұқсайды", "шамасы солай" т.б. деген тіркестерді қолданбау, бұл оқиғаның нақтылығынан гөрі дүдәмалдыққа апарады.
Төртіншіден, жан-жақты білім, жеткілікті машық керек.
Радиохабардың басты компоненті — жанды дауыс екені ақиқат. Ал, сол дауыстың иелері, адамдар мен журналист арасындағы байланыстың да өзіндік критерийлері бар. Екі жақ та бір-бірімен тіл табысып, оқиға жайлы әңгіме жақсы өрбіп кетсе құба-құп. Кейде сын материал дайындау кезінде объектінің қарсылығына тап болады. Ақпарат беруші адамның журналистпен байланысуы, яғни контакт жасауына немесе жасамауына бірнеше факторлар әсер етеді: сол саланы, әңгіме болатын тақырыпты білетін беделді адамды таба алу. Хабар барысында қатысатын адам жайлы хабарланып айтылды. Алайда, дәл микрофонды ұсынған сәтте бас тартуы мүмкін. Ондай кезде жағдайдың мән-жайын журналист тыңдармандарға түсіндіруі керек.
Кейде адамдар оқиға жайлы редакцияға өздері телефон соғып жатады. Ондай кезде ақпарат нақты ма, нақты емес пе, ол жайды журналистің өзі сараптағаны дұрыс.
Журналист сол оқиғаға қатысты немесе жауапты адамдарды іздегені жөн. Мысалы, басшы тұрғанда бағынышты адам ешқашан комментарий бермейді.
Адамдардың кәсіби деңгейлеріне қарау керек. Мысалы, нақты ғылым иелері математиктер, физиктер т.б. оқиға барысына қысқа, нұсқа тұжырым жасайды. Ал, гуманитарлық саланың иелері оқиғаны құбылтып, әсірелеп, көбірек сөйлеуі мүмкін. Сондықтан хабардың барысына орай сөйлеушіні нақтылау журналист еркінде.
Адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет. Мысалы, біреу сөзшең болса, енді бірі сөзге сараң болуы мумкін. Сондықтан күтіп, асықпай әрекет жасау керек.
Енді журналистің өзіне қатысты талаптарға келсек олар:
а) өз-өзіне сенімділік;
ә) ұстамдылық;
б) жылдам бағамдау;
в) жинақылық, ширақтық.
Міне, осындай жоғарыда аталып өткен міндет-талаптардан кейін журналист дайындап әкелген шикізатын студияда өңдеу процесін бастайды. Оған дейін хабардың сценарлық жобасы жасалады. Бұл - монтаждау процесі. Радиода монтаждың техникалық, электрондық және компьютерлік түрлері бар. Соңғы кездері технологияның дамуына байланысты монтаж тек қана компьютермен жасалады. Яғни сөздерді қысқарту, сұрақтарға орай жауаптарды орналастыру, интершу, музыка, ролик, джингл т.б. бейнелеуші элементтерді реттеу, хабардың ашылуы, жабылуы кездеріндегі процестер, үзілісті қадағалау сияқты көптеген мәселелер осы кезде жасалады. Монтаждың мүмкіндігі зор. Тәжірибелі, білікті операторлардың көмегімен жасалған хабарлар - шығармашылықтың алтын арқауы. Қажетті музыкамен көркемделіп, дайын болған хабарды шығарушы секторға апармас бұрын хабар жөніндегі деректерді - қай күні, қай уақытта, қай бағдарламада шығатынын, жауапты редактордың кім екенін жазу керек.
«Алтын қор» бөлімі. Дыбыстық деректік ақпараттарды қандай мемлекет болмасын сақтауға, өз еркінше пайдалануға қақылы. Ал, Қазақ радиосының әуе толқынынан өткен материалдар легі "Алтын қор" деп аталатын арнайы бөлімде сақталады. "Алтын қордың" алғашқы қарлығашы болып қабылданған жыр алыбы Жамбылдың кинодағы сөздері мен жырлары, күй алыбы Дина Нұрпейісованың күйлері, өз әндерін орындаған Кенен Әзірбаевтың әуезі бүгінде еш нәрсемен салыстыруға болмайтын ұлттық мұраның ең құндысы болып отыр. Динаның көзін көріп, онымен бірге концерттерге шыққан әйгілі домбырашылар Қали Жантілеуов, Ғылман Айжанов, Рүстембек Омаров, Әбікен Хасенов шерткен тоқсан толғаулы күйлер, қазақтың әуезді әндерінің нәрімен сусындатқан әншілер - Манарбек Ержанов, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Жамал Омарова, Рахия Қойшыбаева және тағы басқа да әншілердің таспаға жазылған әндері Қазақ радиосының "Алтын қорының" негізін қалады. Үнмұра негізін тілге тиек еткенде әйгілі опера әншісі Манарбек Ержановтың қызы Гауһар Манарбекованың Мәскеуден бірегей тұлғалардың жанды дауыстарын әкеліп "Алтын қор" құрамына енгізген ерен еңбегін айтпай кетуге болмайды. Бүгінде "Алтын қордағы" үнтаспа саны 10 мыңға жуық дана. Оны тарқатып қарастырсақ:
Ұзақ мерзімге сақталатын (КМС-Д), бес-он жылға арналған (КМС-ДВ) стереомен жазылған шығармалар;
Стереомен жазылған концерттік блоктар (БС);
Бес-он жылға арналған моно шығармалар (ДВ);
Ұзақ мерзімге арналған тарихи - құнды шығармалар (Д);
Деректі үндер, құнды дауыстар (ДОК);
Мәскеуден алынған құнды шығармалар (ДКС).
Үнмұра материалдары үш бағытта ұйымдастырылады:
Деректі хабарлар;
Музыкалық хабарлар;
Әдеби-драмалық шығармалар.
Музыкалық хабарлар қордың жетпіс пайызға жуығын қамтиды. Елдің нарықтық экономикаға көшуіне орай гонорар саясаты тоқтап, қаржы тапшылығы үнмұраға қабылданатын дүниелер санының күрт кемуіне алып келген болатын. Уақыт өте келе бұл мәселе де өз шешімін тауып, қор қатарын толықтыру бүгінгі күндері дұрыс жолға қойылып келеді.
Негізінен "Алтын қор" екі жолмен жиналады:
Қазақ радиосынан тыс (Қазақстанда немесе өзге елде) студияларда жазылған, яғни сырттан әкелінген таспалар;
Қазақ радиосындағы арнайы дыбыс жазу студиясында дайындалған дүниелер.
Көп жағдайда үнмұра қатары радио ішіндегі австриялық "Сименс" фирмасы жасаған арнайы дыбыс жазу студиясы мен жүз адамдық оркестрді жазуға арналған (республика бойынша жалғыз) студияларда жазылған таспалармен толығады. Бұл студияларда "Алтын қорға" қабылданатын дүниелер жазылмас бұрын Көркемдік кеңестің тексеруінен өтеді. Көркемдік кеңес құрамында әнші де, жазушы да, ақын немесе композиторлар да, радио қызметкерлері де болуы мүмкін.
Әлі аты әйгіленбеген жас таланттың шығармаларын не орындауларын үнмұраға қабылдау, қабылдамауды осы радио жанынан құрылған топ шешеді. Қабылдауға ұйғарылған хабардың немесе шығарманың арнайы көшірмесі алынып, оның айы, жылы, жасалған мекені дыбыстық жазбаға түсіріліп, "Алтын қорға" деген таңба басылып, сақтауға жіберіледі. Көркемдік кеңес көркемдік деңгейін тексерсе, техникалық бақылау бөлімі (ОТК) техникалық сапасын тексереді.
"Алтын қорды"
пайданалу фонотека арқылы
Картотека бұл - түрлі хабарлар, мәліметтер, материалдар тіркелген карточкалар жинағы. Эфирге беру кезінде әнді картотекадан авторы және орындаушысы арқылы іздейді. Картотекалар "Радиоинсценировка", "Радиокомпозиция", "Музыкалық хабарлар", "Әдеби жанрлар", "Деректілер", "Әншілер", "Хабар барысында берілетін музыкалар", "Шулар", "Авторлар", "Ба-лалар хабары", "Қазақтың ұлттық әндері", "Опералар тізбесі" сынды реттеледі.
Фонотекадағы, үнмұрадағы үнтаспалар магниттік ленталардан жасалғандықтан олардың бес жылда бір рет жаңартылып қойылуы керек. Дүниеге келгеніне елу жылдан асқан үнтаспа ленталары бүгінде айналдыруға келмейді, тіпті үгітіліп тұрған ленталар да бар екені белгілі. Шетелдерде "Алтын қор" тәрізді тарихи жазбалар жер астынан қазылып жасалынған орында арнайы ылғалдылық пен жылылық температурасында ұсталады, яғни құнды қорларды сақтау технологиясы өте жоғары деңгейге қойылған. Ал біздің үнтаспаларды тек дискілерге көшіріп алу арқылы ғана сақтап қалуға болатын. Сондықтан, үнтаспалар техникалық жарамдылығы отыз жылға жететін (СД) дискілерге көшірілуде. Алдағы күндерде Қазақ радиосындағы қор материалдарын алфавиттік немесе тақырыптық жағынан жүйелеп, дискілерге көшіріп, сол бойынша фонотеканы реттеп, компьютерге енгізу жоспарланып отыр.
Күнделікті эфирді қамтамасыз ететін жұмыс фонотекасындағы пленкалар тізіміне көз жүгіртсек, "Алтын қор" хабарларының Қазақ радиосының эфирінен тәуліктік жарық көру көлемі үш жүз қорап - таспа. Алайда үнмұра хабарлары қалаішілік нүктелерге ғана тарайтындықтан шалғайдағы, рухани құндылықтарға сусап отырған халыққа жете бермейді, сол себепті ұлттық мұраларды тыңдауға барлық қазақстандықтардың мүмкіндігі бар деп кесіп айту қиын. Мұны республикалық ауқымға тарату, бұл мәселенің шешімін табу алдағы күндердің еншісінде. Қазіргі күні "Алтын қор" хабарлары тәулігіне бірнеше рет әуе толқынынан беріледі.
Қазақ радиосы хабарлар рейтингісінің нәтижесі бойынша "Алтын қор" дүниелерінің тұрақты тыңдармандары - негізгі аудиториясы - отыз бен елу жас аралығындағы адамдар. Ал қарт кісілер мен жастар назары үнмұрадан тыс қалады. "Алтын қорды" тыңдайтын аудитория мәселесі, жаңа уақыт, жаңа заман өкілдері нені талап ететіні, "Алтын қор" хабарларына неліктен ден қоймайтындығы зерттеліп, ұлттық мұрадан нәр алатындар саны көбеюі қажет. Жер шарын жайлап келе жатқан жаһанданудан елді алып өтудің жолы - ұлттық ерекшеліктерді сақтау.
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының парасатты ойлары, тобықтай түйіндері, зерделі ілімдері, кең-байтақ даланың кеніндей ақыл-тағылымдары, салған жерден үйіріп ала кететін сұлу сөз иірімдері, өрелі өнерлері – бәрі-бәрі осы "Алтын қордың" дүниелері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келеді. Естігені Еуропаның даңғаза музыкасы мен атыс-шабыс киносы болған бүгінгі қазақ жастарын қалай, қандай жолмен ұлттық руханиятқа назар аударту, оны бағалату - өзекті мәселе.
Радиоаудитория тұрақты. Бірақ, тыңдаушылардың құрамы, олардың талап-тілектері әр түрлі. Қазіргі кезең тыңдармандарының сұраныстарын қанағаттандыру үшін, оны өткен жылдар өнегесімен сабақтастыру үшін жаңа заман радиожурналистеріне қойылар талап жоғары. Оның кейбір жолдарын қарастырсақ:
Ғылыми-техникалық
жетістіктер нәтижесінде
Өмірден өткен атақты әншілердің орындауларын, сазгерлердің әуендерін, әдеби қайраткерлердің шығармаларын салыстырып, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ашатын, яғни кеше мен бүгінді үйлестіре отырып, халықтың ынтасын арттыратын хабарлар ұйымдастыру керек.
Ғылыми немесе танымдық маңызы бар кейбір дауыстарды орайы келгенде хабар арасында қысқа да нұсқа етіп беріп отыру керек. Бұл жастардың танымдық, білімдік, интеллектілік деңгейін кеңейтеді.
Үнмұра хабарларын жаңа заманға сәйкестендіріп, радионың да, тыңдарманның да уақытын тиімді пайдалана алатын, өзі мен тыңдарман (аудитория) арасын жақындата білетін алғыр да білгір журналистердің санын да, сапасын да арттыру қажет.
Осы мәселелер шешімін тапса - радио арқылы есімдері сағымға айналған асыл арыстармен, олардың құнды қолтаңбаларымен, тіпті тарихтың айшықты беттерімен, қазақ даласындағы зұлматты жылдармен, Отан соғысындағы қаһарлы түндер мен жеңісті күндермен, Кеңестік дәуірдегі жылдармен, тарихшыларымыз ұлт-азаттық күрес ретінде бағалаған әйгілі "Желтоқсан желімен", тәуелсіздігіміздің өршіл рухы бар Әнұранымызбен жалғасқан арайлы таңдармен, өнер киелерімен қайта қауыштыратын рухани кұндылықтың мәдени мәйегі, таусылмас тайқазаны -Үнмұраның маңызы ұрпақ алдында асқақ болмақ.
Қазіргі Қазақ радиосы
Ақпарат кеңістігінде оперативтілігімен, шынайылығымен және өміршең өткірлігімен айрықша мәнге ие болған бұқаралық ақпарат құралдарының ең тиімдісі, әрі ең қолайлысы осы радио. Ол кең аудиториясымен әрбір отбасына, әрбір жеке адамға әсер ету қуатымен ерекшеленеді. Кез-келген ақпарат, жаңалықтар, күнделікті оқиғалар тізбегі, ең алдымен, әуе толқыны арқылы тарап жатады.
Қоғамдық өзгерістер мен
жаңа технологиялар Қазақ радиосына
да ақпараттар тасқынынан қажетті мағлұматын
алуға мүмкіндік жасады. Оңтайландыру
кезінде Қазақ радиосының да бюджеті
мен штаты барынша қысқартылып,
тұтастай бір “Шалқар”, “Ауыл өмірі”
арналары жабылып қалған еді. Қазіргі
мемлекеттік тапсырыс бойынша тәулігіне
15 сағатқа дейін әуе толқынына
хабар таратса, тәулік бойы 16 рет
ақпараттық хабарлар топтамасы қазақ
және орыс тілдерінде беріліп отырады,
оның 8-і тұтастай жаңа мағлұмат-деректерден
түзіледі. Жедел ақпарат орталығының
15 шығармашылық қызметкері оларды өңдеу,
даярлау және эфирге беру міндеттерін
атқарады. Ал бірнеше жыл бұрын
ақпараттық хабарлар әр сағаттың басында
беріліп, “Соңғы хабарлар” редакциясында
200-ге тарта адам қызмет атқаратын. Міне,
осы журналистер қатарының