Радио хабардың қазіргі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 08:46, курсовая работа

Описание работы

Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен, дінінен т.б. хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сол елдің, халықтың бет-бейнесімен танысуға, өзіндік пікір қалыптастыруға болады. Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік дәрежеден басталып, шағын елді-мекендік дәрежеге дейін жұмыс істей береді. Әрине, баспасөз де сол елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады. Халықаралық эфирде 160-тан астам елдің радиостудиялары жұмыс істейді. Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар анықтаған.

Работа содержит 1 файл

ІV ТАРАУ радио хабардың казіргі турлері курсавой.docx

— 65.90 Кб (Скачать)

ІV ТАРАУ

 

РАДИОХАБАР ТАРАТУДЫҢ  ҚАЗІРГІ ТҮРЛЕРІ

 

 

    • Радиохабар таратудың бүгінгі жүйесі

 

    • Қазіргі Қазақ радиосы

 

    • Форматты радиолар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Хабар тарату қызметінің жүйесі

 

Бұқаралық ақпарат құралдары  халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің  тыныс-тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен, дінінен т.б. хабардар етеді. Бұқаралық  ақпарат құралдары  арқылы сол  елдің, халықтың бет-бейнесімен танысуға, өзіндік пікір қалыптастыруға болады. Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік  дәрежеден басталып, шағын елді-мекендік дәрежеге дейін жұмыс істей береді. Әрине, баспасөз де сол елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады. Халықаралық эфирде 160-тан астам елдің радиостудиялары жұмыс істейді. Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар анықтаған.

Қазақстанда 115 телерадио  арналары жұмыс істейді. Олардың  бәрі атқаратын қызметіне орай мемлекеттік, жеке меншік, коммерциялық, аралас болып бөлінеді. Ұстанған бағыттарына орай тәуелді, тәуелсіз  болып та аталады.

Мемлекеттік арналар. Мемлекеттік арналар деген - үкімет идеологиясын насихаттайтын, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын, тәуелді арна. «Әр жұрт, әр мемлекет мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатасыз бір өлшеуіші – баспасөзі болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді», - деген Міржақып Дулатов пікірі, әсіресе электронды бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты айтылған сияқты. Өйткені, дүние жүзіне ақпарат алмастыратын, елді, мемлекетті таныстыратын осы электорнды БАҚ.

Радиохабар тарату құрылымына орай – республикалық, облыстық, қалалық, аймақтық, аумақтық болып бөлінеді. Халықаралық, республикалық арналар  республика көлеміндегі болып жатқан жаңалықтарды, оқиғаларды қамтып, өз хабарларын Қазақстан аумағына таратады. Облыстық арналардың хабарлары тек өздері қамтитын облыстық аумаққа таралатын  болса, қалалық арналар қала көлемінде  ғана хабар таратады. Ал, аймақтық арналар  бірнеше облыс аумағын қамтиды.

Қазіргі кезде аймақтық радиолар жұмыс істемейді. Бірақ бірнеше  өнеркәсібі немесе шаруашылығы бір  бағыттағы облыстар арналары арасындағы радиоүндесу ретінде тәжірибе алмасу өте сирек болса да кездеседі. Аудандық арналар аудан көлемінде  ғана хабар таратады, ал, олардың  ақпарат алатын көзі – әр түрлі  бағыттағы шаруашылықтар болып  табылады. Нарық жағдайына байланысты аудандық радиотораптар жабылып, бұрынғы радиоұйымдастырушылар қысқартылды. Әрине, өз ауданының, ауылының шаруашылығының тыныс – тіршілігінен хабардар болып отырған жақсы. Аудандық газеттер де сол шаруашылық жайын жазады. Алайда, электронды БАҚ-тың оның ішінде радионың өзіндік ерекшеліктерін, оперативтілігін, аудитория ауқымдылығын, уақыт бөлуді қаламайтындығын, санаға тез әсер ететіндігін т.б. көптеген артықшылықтарын ескерсек, онда эфирлік өнімдердің маңыздылығы арта түсетіні даусыз.

 Қазақ радиосы  және облыстық мемлекеттік арналар. Алты миллионнан астам тыңдарманы бар Қазақ радиосы 101 – FM жиілігінен беріледі және заман талабына орай қызмет істеуде. Радионың ішкі құрылымы да, хабар тарату бағыттары да тәуелсіз Қазақстанның даму тенденцияларына қарай өзгеріске түскен. Қазақ радиосының редакциялары хабарлар барысына орай құрылған. Ақпараттар бас редакциясы, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы, музыкалық хабарлар бас редакциясы, насихаттық хабарлар бас редакциясы, балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған хабарлар бас редакциясы болып бөлініп келді. Бөлімдердің ішінде хабарлардың түрлеріне қарай да журналистер топтары жұмыс істейді. Мысалы, ақпараттық хабарлар бас редакциясының ішінде қоғамдық-саяси хабарлар, халықаралық хабарлар бөлімдері бар. Мемлекеттік арналар үшін бұлай құрылым жасаудың маңызы зор болды. Өйткені, сол хабарлар үшін журналистер арнайы мамандандырылды және хабарлар мазмұны бақылауға алынды. Кейіннен қоғамдағы тарихи формацияларға байланысты бұл редакциялар бағыты біраз өзгеріске түсті, дегенмен де бұрынғы құрылымы, негізгі функциялары сақталды. Мемлекеттік радиолардың әуе кеңістігіне шығатын материалдарының жүріп өтетін процестеріне тоқталсақ: ұқыпты басылған хабар мәтініне бөлім редакторының қолы қойылады, автордың қолы екінші нұсқасына қойылады. Бұл қағаздар «эфирге» деп аталатын арнайы папкаға салынып, бөлім меңгерушісіне немесе орынбасарына қол қоюға беріледі. Сонан кейін Бас редактор немесе оның орынбасары өз қолдарын қояды. Содан соң бағдарлама директоры «рұқсат етілді » деген мөр басады, сөйтіп хабар эфирге жолдама алады. Осындай ұзақ механизм журналистер жұмысына кедергі келтіреді, бағдарлама сапасы нашарлайды. Сол себепті мұндай процестер қысқартылып, неғұрылым қоғамдық құбылыстар бейнесін жасауда журналистерден өзіндік жауапкершілік талап етілді. Тіпті, тікелей эфир хабарлары ешқандай визасыз, монтажсыз да жүзеге асырылатын болды. Тек хабар редакторының ғана қолы қойылатын болды, немесе мәтінсіз хабарларға жол ашылды.

Республикалық радиохабарлары жоспарлы түрде жүргізіледі. Алдымен тақырыптық жоспарлауға тоқталсақ: бұл күнтізбедегі айтулы күндерге, тарихи оқиғаларға, кезеңдерге байланысты жасалатын жоспарлар. Оның жасалу жолдары мынандай: алдымен күндік, апталық, айлық межелер белгіленеді, яғни хабарлар сеткасы жасалады. Онда жанрлық-тақырыптық айдарлардың күні, сағаты көрсетіледі. Бұл көбінесе тұрақты, жүйелі. Келесі кезекте осы хабарлар сеткасы толтырылады. Алдымен жалпы халықтық мерекелер, атаулы жас мөлшеріне келген қоғамның біртуар азаматтарының туған күндері т.б. жайлар ескеріледі. Мысалы, Наурыз мерекесі, Конституция күні, Ұландар күні немесе Сайлау күні сияқты қоғамдық-саяси шаралар да жазылады. Мысалы, «Мүсінші Наурызбаевтың 80-жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбат 20 сағат 30 минутта”, немесе  “ Конституция күніне арналған саясаткер Қ. Сұлтановтың әңгімесі”,  “Наурыз мерекесіне арналған жайна, жаса Наурыз” атты радиокомпозиция т.б. сияқты жанрлық-тақырыптық хабарлар легі өз ретімен орналастырылып, эфирлік хабарлар алдын-ала дайындалып қойылады.   

  Қазақ радиосының бүгінгі ең басты ерекшелігінің бірі - дербестілігі. Қаншалықты үкімет идеологиясын насихаттап, тәуелділік танытқанымен де бұқара халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын халықтық арна деп аталады. Бұған дәлел ретінде Қазақ радиосының төмендегідей бағдарламалар кестесі келтіріледі.

 

БЕЙСЕНБІ       ЖҰМА

6.00. Қазақстан республикалық әнұраны 

6.04. Жаңалықтар      Жаңалықтар

6.09. Туған жер әуендері     Туған жер әуендері

6.15. Атадан қалған асыл сөз     Атадан қалған асыл сөз

6.20. Халық музыкасы      Халық музыкасы

ИМИДЖ РОЛИГІ      ИМИДЖ РОЛИГІ

6.30. Новости       Новости

6.35. Ретро әндер (қазақша)     Ретро әндер (қазақша)

6.40. Однажды они приходили жить   Ақиқат сыйы

6.45. Халық музыкасы      Халық музыкасы

Дәлме-дәл уақыт белгісі Имидж Ролигі  Дәлме-дәл уақыт белгісі

Астана дәлме-дәл уақыт  белгісі.

9.00 Жаңа күн       Жаңа күн

9.05. Халық  музыкасы      Халық  музыкасы

9.10. Өзекті мәселе      Денсаулық

9.25. Қазақ эстрадасы      Қазақ эстрадасы

9.30. Новости республики     Новости республики

9.35. Халық музыкасы      Халық музыкасы

9.45. Интерьвю дня      Интерьвю дня

АЛМАТЫ

10.00 Көрші елдерде      Көрші елдерде

10.10 Халық музыкасы      Әуезов оқулары

 

Осылайша жалғасатын хабарлар сеткасында көптеген «Ел мен жер»,  «Ән – домбыра», «Болжамдар мен  қисындар», «Ауылым – алтын бесігім», «Алақай», «Қазақ зиялылары», «Ашық  әңгіме», «Біреу – кедей, біреу –  бай», «Мінбер», «Жан сарайы», «Ашық  әңгіме», «Жусан иісі» сияқты халық  тәрбиесіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, тарихына т.б. ерекшеліктеріне арналған хабарлар көптеп берілуінің өзі ұлттық және дербес арна екендігін дәлелдейді. Ұлтымызға тек ақпарат пен  музыка ғана емес, оның жер шарындағы  өз салты, дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ерекшелігі бар халық ретінде  толық қалыптасуы үшін ұлағатты хабарлар да көптеп берілуі қажет. Яғни өткенді  білу үшін де, өркениетке өту үшін де адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұрпақты болашаққа жетелеу  алдыңғы толқын міндеті. Қазақ радиосы  халықтың, ұлттың радиосы болуы тиіс. Сондықтан, тек қана қысқа ақпарат, жеңіл әуен ғана емес, тағылымдық, тәрбиелік, қоғамдық-тарихи мазмұнды хабарлардың үнемі беріліп тұруы өмір қажеттілігі.   

Екінші  ерекшелігі – дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысуы. Қазақ радиосының бұрынғы жұмыс принципі бойынша - эфирден өтетін хабарлар алдын - ала үнтаспаға жазылып, өңдеуден өткізіліп, хабарлар бағдарламасына енгізіліп қойылатын. Яғни, алдын-ала дайындалған бағдарламалар бойынша жұмыс істейтін. Алдын-ала жоспарлаудың түрлері бар:

Жылдық жоспар.

Тоқсандық жоспар.

Айлық жоспар.

Апталық жоспар.

Ал, журналистік радио  дегеніміз – алдын-ала жазылып  алынбаған, тікелей эфир арқылы таратылытын  хабарлар түрі. Бұл жерде бұрынғыдай дикторлар шақырылмайды, телефон байланысы арқылы белгілі бір тақырыпта жоба авторының қатысуымен немесе жүргізушімен өткізіледі. Тікелей эфирдің талабына сай жұмыс істеу журналистке көптеген міндеттер жүктейді.Соның ең бастысы – сөз өнерін, ой толғауын меңгеру.  Сөз өнері дегенді Ахмет Байтұрсынов былай түсіндіреді: «Бір нәрсе туралы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады». Демек айтылатын ойды, қозғалатын мәселені «жақсылап айту», түсінікті тілмен жеткізу радиожурналистке тән қасиет болуы тиіс.

Үшінші  ерекшелігі - бағдарламаның ауқымдылығы, хабардың көп түрлілігі. Жоғарыдағы Қазақ радиосының хабарлар сеткасындағы көптеген бағдарламалар республика халықтарының да, ұлт өкілдерінің де ауқымды мәселелерін қамтиды. Яғни, Қазақ радиосы бірнеше радиоформатта жұмыс істей алады. Радиоформат – белгілі бір аудитория талғамына сай жұмыс істеу, сол аудиторияның тыңдармандарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар формасы. Онда тыңдармандардың жас мөлшері қарастырылады. Яғни, музыкалық стилі, ди-джейлердің, жүргізушілердің мәнерлері, тілдік, стильдік ерекшеліктері арқылы айқындалады. Бұл ретте жүргізушілер, ди-джейлер эфирдегі дауыс ырғағын меңгерулері қажет. Дауыс ырғағына жататындар – тон (дауыс деңгейі), темп (дауыс қарқыны), тембр (дауыс бояуы), пауза (үн үзіліс). Хабар барысында дауыс ырғағымен қоса үн үзілісін орынды пайдалану қажеттігі талап етіледі.

Төртінші  ерекшелігі - талдамалық яғни сараптамалық бағдарламалардың кең қолданылуы. Бұл ретте «Баспасөзге шолу», «Үкімет арнасы», «Парламент апталығы» т.б. сияқты бағдарламалардың эфирге шығуы дәләл. Талдамалық хабарлардың жүргізушілері немесе хабар авторларына қойылатын журналистік талаптарды меңгерулері қажет:

  • алдымен, тыңдарман аудиториясына ықпал жасай алу;
  • көтерілмек мәселе, айтылар әңгіме жайлы бірден назар аударту тәсілдерін қолдана білу;
  • журналистің көңіл-күйі, эмоциясы тыңдарман аудиторияға кері әсер етпеуі керек;
  • жігерлі, ойнақы сөйлеу, сөз, ой қайталамау сияқты қасиеттерді меңгеру қажет.
  • сөйлеу мәдениетін сақтау;
  • дауыс ырғағын таңдау. 

 «Шалқар» радиосы – радио қызметінің ақпараттар арнасы ғана емес, өнер өрісі болуы үшін қызмет етіп отырған арна. "Шалқар" – тек қана қазақ тілінде хабар тарататын форматты радио. Одан сәл-ақ бұрын ашылған, орыс халқының мақтанышына айналған "Маяк" радиосының ұлтына қызмет атқарғанына 45 жыл толғандығы ұлттық мереке ретінде тойланды. Ал, "Шалқар" болса нарықтың қыспағына шыдай алмай, бір кездері жабылып та қалды. Қазіргі кезде шағын ғана ұлтжанды ұжымның қызмет етуімен хабар беруде. Таңғы сағат 6-да жұмысын Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайтын арна күнделікті өз тыңдармандарына "Қайырлы таң" тілеп, шағын концерт береді. Сонан соң "Таңшолпан" атты таңертеңгілік көңілашар бағдарламасы өз жұмысын бастайды. Ол екі сағат бойы беріліп, көптеген мәселелер айтылып, әсем әуендермен өрнектеледі. "Атадан қалған асыл сөз", "Ұлылар өміріндегі арулар", "Біздің күнтізбе", "Жерұйық", "Қазақы түс жору", "Атакем айтады", "Шипа", "Қазақ кәделері", "Қазақ хандары мен билері", "Әйелдерге кеңес" сияқты толып жатқан хабарлар тақырыптары меңзеп тұрғандай, бес минуттың ішінде тыңдарманға қаншама мағлұмат береді. Ал, "Ашық әңгіме" айдарымен берілетін хабарда қоғамның білім беру, денсаулық, спорт, өнер, мәдениет, әлеуметтік мәселе сияқты салалары туралы сөз болады. Ұлттық музыка да "Халық композиторларының ән-күйлері", "Саз сиқыр",  "Домбыра сазы", "Ән - әуен", "Халық музыкасы", "Ән - домбыра", "Туған жер әуендері", "Жас орындаушылар", "Ән - бесік", "Ақындар өлеңдеріне жазылған әндер", "Өткен жылдар әндері", "Алтын қор", "Қазақ эстрадасы" т.б. айдарлармен насихатталып отырады. Тек ресейлік, европалық әуендерді ғана пір тұтып, ұлттық музыканы мойындамайтын бағыт белең алып бара жатқан алмағайып кезеңде жастарға мұндай тәсілмен ұлттық мұраны ұсыну – қуанарлық жай. "Шалқар" сияқты бірнеше арна жұмыс істейтін болса, ұлттық мүдде әрқашан жоғары тұратын болса, тыңдармандар сұранысының ең жоғары 
рейтингіне қазақ тілді хабарлар ие болары сөзсіз.

Ресей радиосында өздерінің ұлттық эстрадасын насихаттау басым. Қай арнасын ашып қалсаңыз да эстрада жұлдыздарының, жалпы өнер адамдарының, жас таланттар өнерлерін тамашалауға болады. Таланттарды таңдау үшін бірнеше конкурстар өткізіліп, солардың жеңімпаздарын теле және радио арналар насихаттап жатқанын көресіз. Мұның өзі «Өнерліге - өріс кең» екендігін білдіреді. Әлі танылмаған өнерпаздарға жол ашу алдымен радионың үлесіне тиеді. Неғұрлым әуезді әуендер көбірек берілсе, соғұрлым аудитория саны артатыны өмірде дәлелденіп отыр.

Қазақстанда тәуелсіз арналардың көбейіп отырғандығы алдымен  нарық жағдайына байланысты. Бұқаралық  ақпарат құралдарының электронды құралдарының бизнес көзіне айналуының тікелей әсерінен қазіргі кезде Қазақстан әуе  толқындарында хабар таратып  отырған «31 радио» (103,5 FM) , «Европа плюс Қазақстан», «Русское радио», «Радиосити» (104 FM), NS (106 FM), «Радио Ретро» (91,7 FM), «Авторадио» (105,4 FM), «Хит-FM» (102 FM)-сияқты радиоарналардың бәрінің жұмыс принциптері коммерциялық болып табылады. Олардың басты мақсаттары – жарнама арқылы табыс табу. Сондықтан да жиі-жиі ақпарат беріп, эфир кеңістігін әр түрлі музыкамен толтыра отыра, әлсін-әлсін жарнамаларды қайталау – бұлардың жұмыс стилі. Музыкалық қорлары да батыстық, ресейлік эстрада жұлдыздарын дәріптеуге толы. Батыстық коммерциялық радиолар тәжірибесінде тыңдарман аудиториясын зерттеу – ең басты міндет. Өйткені табысты, қалталы тыңдармандарды тарту, солардың талабына, талғамына қарай қызмет ету – жарнаманың молаюына әкелетін фактор болып есептеледі. Мысалы, өсіп келе жатқан жастарды болашақ бизнес көзі деп қарай отырып, солардың тілек-талаптарына орай түнгі хабарлар ұйымдастырып, тікелей эфирге тарту, өз радиоларының имиджін арттыру, жас ерекшеліктеріне қарай музыкалық топтамалар беру сияқты әрекеттер тәуелсіз арналардың негізгі қолданатын тәсілдері.

Аралас радиолар  тарататын  хабарларының бір бөлігі жарнамалық бағытта болса, ендігі бір саласы насихатшылық қызмет атқаруы мүмкін. Осы аталмыш арналардың бәрінің  қызметі әлеуметтік зерттеу институты  арқылы зерттеліп өзіндік рейтингтерге ие болады. Тыңдармандардың жоғары бағасына  ие болған радиолардың  жарнамашылдық сипаты да алдыңғы  қатарда болатыны аян. Жалпы алғанда ұлт, халық болашағын ойластырған арналар жаңа заманға бейімделудің тәсілдерін игеріп қана қоймай, ұлттық ерекшеліктерді мемлекеттік нығайтумен сәйкестендіріп, қоғамдық ортақ мүддені жүзеге асыру мақсатына үйлестіре отырып қызмет атқаруы тиіс.

Облыс орталықтарынан хабар тарататын шағын радиостанциялар сол жердің жаңалықтарымен жергілікті халықты хабардар етіп қана қоймайды, жарнамалар таратумен, музыкалық ақпарат берумен де айналысады. Әрине, тәулік бойы хабар таратуға олардың техникалық та, шығармашылық та мүмкіндіктері келмейді. Сондықтан белгілі бір мерзімде ғана хабар таратады. Облыстың ішкі өмірінен тұрғындарды хабардар ету – қажетті шара. Алайда, облыстық редакция қызметкерлері көбінесе жергілікті әкімшілікке бағынып, солардың тыныс-тіршілігінен хабардар етеді.

Информация о работе Радио хабардың қазіргі түрлері