Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:25, реферат
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Журналистік айғақтама көбіне жемқорлықпен күрес құралы ретінде қарастырылады. Алдымен «жемқорлық» (коррупция) ұғымының мәніне түсіндірме беріп өтелік. Бұл ұғымға мүмкіндігінше қысқа әрі нұсқа анықтаманы Н.Макиавелли берген: «Жемқорлық дегеніміз – көпшілік мүмкіндігін жеке мүдденің құрбаны ету».
Әлемдік тәжірибеде «коррупция» термині («corruptio» латын тілінен аударғанда – сатып алу) мемлекеттік шенді қызметкердің қызмет жағдайын жеке басының баюы мақсатында пайдалануы ретінде қолданылады. Жемқорлық әрекетінің жүруі барысында міндетті түрде заң бұзылады.
БҰҰ-ның халықаралық жемқорлықпен күрес туралы құжаттарында коррупция – мемлекеттік биліктің халықты өз мүддесі үшін қанауы деп жазылған. Жемқорлық ұғымының тәжірибедегі көрінісі:
-
пара алу (белгілі бір
-
жеке адамдардың қажеттілігін
қанағаттандыру үшін мемлекет
қаржысын немесе мемлекет
-
мемлекеттік қызметтегілердің
Жемқорлық дегеніміз тек құқық бұзушылық қана емес, ол қоғамдық өмірге кері ықпалын тигізетін әлеуметтік құбылыс.
Жемқорлық әрекеті белгілі бір мүліктік немесе мүліктік емес қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік қызметкердің үшінші бір адамға қызмет көрсетуі түрінде жүзеге асады. Мемлекеттік қызметкердің көрсеткен қызметіне қайтарылатын материалдық игіліктердің ең көп таралған түріне материалдық сыйақы (ақша немесе тауар), қызметкерге немесе оның туыстарына, таныстарына өзге салаларда қызмет көрсету (мысалы, туристік жолдамалар алып беру т.б.) жатады.
Жемқорлық әрекеттер мақсатына бір сәтте емес, біраз уақыттан соң барып жетеді. Мысалы, мемлекеттік қызметкерлер одан да жоғары лауазымды қызметке орналасу үшін біреуге пара берсе, қызметке орналасау процесі сол орында отырған адамды жұмыстан бостқаннан кейін барып, яғни біршама уақыт өткеннен кейін жүзеге асады.
Мемлекеттік қызметкердің кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынғандықтан олар қаржы нарығындағы ойындарға сенімді агенттері арқылы ықпал етуге тырысады. Ал агенттер заңды, ашық түрде әрекет етеді. Заң жүзінде бизнес сол агенттікі деп есептеледі. Бұл жағдайда заң бұзушылық фактілерін дәлелдеу және белгілі біреуді тиісті жауапқа тарту мүмкін емес. Жемқорлар сыртқы ақпарат алу және ақпарат беру әрекеттерінің ізін қалдырмайды.
Жемқорлықты ірі және ұсақ деп екіге бөліп қарастыруға болады. Ірі жемқорлыққа мемлекеттік лауазымды қызметкердің мемлекет қаржысы мен мүліктерін талан – таражға салуы, басқа да мемлекеттік деңгейде көзбояушылық әрекеттерге баруы, ал ұсақ жемқорлыққа тұрмыстық деңгейдегі әрекеттер жатады. Мысалы, қарапайым адамдардың өмірлік маңызды мәселелерін шеше алмай қиналғандықтан дәрігерлерге, мұғалімдерге т.б. пара беруге мәжбүр болуы ұсақ жемқорлыққа жатады.
Біздің елде саяси жүйенің жетілмегендігі салдарынан ірі жемқорлықтың бетін ашу үрдісі қалыптаспаған. Құқық қорғау көбінесе органдары тек тұрмыстық деңгейдегі ұсақ жемқорлықтарды, аз көлемде берілген параларды, үлкен лауазымы жоқ төменгі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерді ұстайды. Ал ірі жемқорлық әрекеттерінің бетін ашуға негізінен журналистер бел шешіп кіріседі. «Время» газетінің журналисі Геннадий Бендицкийдің журналистік айғақтамалары ірі мемлекеттік деңгейдегі коррупцияларға арналады.
Ірі көлемдегі жемқорлық әрекеттері негізінен заң шығарушы және атқарушы билікте, экономика, қаржы және құқық қорғау органдарында өз мүмкіндіктері мен байланыстары бар қызмет дәрежесі жоғары қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асады. Бұл адамдар ерекше қорғалу мәртебесіне ие адамдар (депутарттар сияқты) болуы да мүмкін. Кей кездерде түрлі заңдық комбинациялар мен шешімдердің ықпалымен жемқорлық әрекеттері легитимді сипат алуы да мүмкін.
Жемқорлықтың кез-келген түрі қоғам үшін қауіпті. Бірақ тұрмыстық деңгейдегі жемқорлық қоғам арасында кең таралған сияқты көрінеді. Төменгі деңгейдегі мұндай жемқорлықты журналист дәстүрлі әдістерді қолдана отырып зерттеп, еш қиындықсыз аша алады. Мұндай жемқорлықтардың субъектілері бір – бірмен тығыз байланыста болмайды, арасы жауапты міндеттермен байланыспаған және олар ірі жемқорлық субъектілері сияқты орын алуы мүмкін қылмыстық жауапқа тартылу жағдайларының алдын алмайды. Қарапайым жемқорлықтың ең үлкен ерекшелігі – ол жоғарғы заң шығарушы және атқарушы билікке ықпал ете алмайды.
Жемқорлық әрекет жасаушылар заңның осал немесе әрекетті жасыруға ыңғайлы тұстарын, мысалы жеке адам мен отбасы өмірінің ерекше қорғалатынын т.б. пайдаланып қоғамдық қадағалаудан жасырынады. Бұл фактілерді табуды мүмкіндігінше күрделілендіреді және журналистік айғақтама жүргізуге қауіп төндіре түседі. Мұндай қиынынан қиыстырылып жасалған жемқорлық әрекеттерін зерттеп, жариялаған жағдайда журналист адам еркіндігі мен құқығына қол салғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Осы деректерден шығатын қорытынды: жемқорлық – қауіпті, күрделі, кең таралған және тұрақты, әлеуметке қарсы және заңға қайшы құбылыс болып табылады.
Жемқорлықтың
қауіптілігі төмендегі
Демек, жемқорлық қоғамның демократиялық дамуына кері әсер ететін күрделі әлеуметтік – құқықтық құбылыс болып табылады. Осы уақытқа дейін мамандар жемқорлықтың мәнін тиісті дәрежеде зерттеп, онымен күресудің тиімді әдістері мен құралдарын ойлап тапқан жоқ. «Жемқорлық» дефинициясының құқықтық анықтығы жеткіліксіз болғандықтан онымен күрес, атап айтқанда, журналистік айғақтама адамның ҚР Конституциясымен, өзге де құқықтық нормативтік актілермен, халықаралық құқықтар мен принциптермен кепілденген бостандығы мен ерік құқығына қол салу, заңды бұзу деп танылуы мүмкін. Сондай-ақ журналистік айғақтама жүргізген журналистер заңдық жауапқа тартылуы ықтимал.
Жемқорлық кез-келген қоғамда болады. Бірақ кез-келген қоғам жемқорлыққа бой алдырған қоғам болып табылмайды. Қоғамдық жемқорлық деген – бұл әлеуметтік ауру. Бұл аурумен Қазақстан стияқты өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан кез-келген мемлекет ауырады. Ол аурудан қоғамды құқық қорғау органдары емдей алмайды. Өйткені бұл ауру күштеп, жазалап сауықтыруға көнбейтін ауру. Ол тек санаға, адам психологиясына, қоғамдық пікір мен көзқарасқа әсері күшті журналистерге ғана жеңістік беретін сырқат. Егер журналист айғақтама жасап, жемқорлықтың бетін ашып, ол туралы халықты ақпараттандырып отырмаса қоғам бұл сырқаттан сауықпайды. Айғақтаушы журналист қызметінің күрделілігіне қарай жемқорлық құбылысын үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1.
Ашылмаған ірі жемқорлық
2.
Ашылған қылмыстар, бірақ әділ
тергеліп, әділ жаза қолданылғандығы
күмәнді қылмыстар. Жемқорлық
сол құқық қорғау органдарының
өздерінің ішінде де кең
3.
Әлі басталмаған істер,
Қылмыстық
журналистік айғақтамалардың
Журналистік айғақтама жүргізу барысында журналист таңдап алынған пәнінің зерттелу шеңберінен шығып кетпеуі тиіс. Өйткені ақпарат жинау кезінде журналист ылғи да қосымша деректерге тап болады. Мысалы, айғақтама объектісі болып отырған шенеуніктің жемқорлыққа ғана қатысы бар адам емес, сонымен қатар оның браконьерлікпен айналысатыны туралы ақпаратқа тап болуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда журналист өз «кейіпкерінің» тек жемқорлыққа қатысты әрекеттерін зерттеумен шектелуі тиіс. Ал екінші мәселені құқық қорғау органдарының құзырына немесе екінші бір журналистік айғақтама материалына қалдыру керек. Егер материалды дайындау кезінде зерттеуші кейіпкердің барлық қылмысын бір-ақ ашуға әрекет жасаса зерттеудің жүру жылдамдығы кемиді, екіншіден, зерттеу пәнінің көп болғандығы материалдың, мәселен, телесюжеттің шұбалаңқы, түсініксіз болып шығуына әкеліп соқтырады. Оған қоса, журналист кейіпкер өміріне шамадан тыс сұғанақтық жасаса, халық мұны көре отырып, журналист тапсырыспен немесе жеке бір мүддесін қанағаттандыруы үшін сюжет дайындаған деген ойға қалуы мүмкін.
Журналистік айғақтамалардың мақсаты ретінде, көбінесе, қоғамнан жасырылған ірі жемқорлық қылмыстарын ашу қарастырылады. Кей жағдайда айғақтама нақты бір экономикалық немесе саяси нәтижеге (мысалы, парақорды әшкерелеуге, қызмет деңгейін пайдаланып қоғам игіліктеріне зиян келтіру әрекеттерін ашу, депутаттың жемқорлық әрекетке қатысы барлығын анықтап, оны ерекше қорғалу мәртебесінен айыру және сотқа беру, жемқорлық әрекет кезінде жеке адамдардың қалтасында кеткен капиталдарды мемлекетке қайтару т.б.) қол жеткізеді: Сонымен қатар, жүргізілген және жарияланған журналистік айғақтама нәтижесінде аудиторияны ізгілік тұрғысынан тәрбиелеуге болады. Кез – келген аяқталған журналистік айғақтама, кез – келген әшкерелеу әрекеті аудитория ойын моральдық қорытындыға, моральдық сарапқа әкеліп тiрейді. Мысалы, «Қазақстан» ұлттық арнасынан берілген «Цветные болезни» фильмінде ТМД елдеріндегі мемлекеттерде болған түрлі – түсті революциялардың шығу себебі мен салдары, олардың артының қайғылы жағдайларға, халық тұрмысының тұралауына апарып соққандығы суреттелген. /24/ Журналистік айғақтамада әрбір халық көтерілісінің, революциялардың артында жеке бір тұлғалар мен топтардың саяси мүддесі жататындығы айтылған. Өйткені, көтеріліс жасады деген айыпты алатын да халық, тәртіп сақшыларынан соққы жейтін де халық, өз көтерілісінің нәтижесінде кедейлік күйге түсетін де халық. Бұл фильмді көрген халық түрлі – түсті революциялардың арты жақсы нәтижеге апармайтынын ұғады.
Одан
өзге, журналистік айғақтамалар бұқаралық
ақпарат құралдарына аудитория
назарын аударуға, рейтингін өсіруге
мүмкіндік береді. Журналист осы айтылған
нәтижелердің біреуін ғана мақсат тұтпайды.
Тіпті, біреуін мақсат етсе де олардың
кемінде екеуі жүзеге асады. Журналистік
айғақтамалар журналистің өзі ойламаған
игі бастамаларға түрткі болуы да мүмкін.