Қоғам және Журналистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:25, реферат

Описание работы

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

Работа содержит 1 файл

Қоғам және журналистика.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім    Министрлігі

Қазақ халықаралық  қатынастар және әлемдік тілдер университеті 
 
 
 
 
 
 
 

                         СӨЖ

    Тақырыбы: Қоғам және Журналистика 
 
 
 

                                                               Орындаған: Мейрам К.

                                                                               ФММК 1курс

                                                               Тексерген: Жабаева А. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           

                             Алматы 2011 жыл

              Қоғам және журналистика

        Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

     Түсіндірме

     Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

       «Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.

       Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

              Әлеуметтік топтар, қатынастар

      Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.

      Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:

    1) қоғамға  қажетті қатынас түрлері болады;

    2) субьект  (жеке адам, адамдар) топтық сипатта  болады;

    3) қоғамның  обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.

        Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар ...

                 Қоғам және Саясат

          Қоғам және Саясат - саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар. Қоғам - қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады.     

                      

    Түрлері:

                     Бос уақыт қоғамы

         Бос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.

                            Молшылық қоғамы

       Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.

                              Тәуекел қоғамы

       Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).   

      «Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

     Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.

    Көп уақытқа деін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді.

      Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.

    «Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.

     Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.

     Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.

     Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

      Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

      Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.

    Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

    Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

    Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын , өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

    Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.

    Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.

    Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесіде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.

      Әлеуметтік қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастраға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбылармен – достық, жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.

         Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.

        Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.

      Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

        Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын алатындығы баршамызға мәлім.

        Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерминистік көзқараспен толықтырылады. Бұл теория марксизмде айқын көрініс тапқан. Маркстік ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес, керісінше, басқалармен өзара тығыз байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық жүйеге басты орын береді. өйткені экономикалық жүйенің негізінде материалдық игіліктер өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалармен өзара тығыз байланыста болады.

           

                          Журналистика

    Көркем әдебиет, журналистика және публицистика  
 
     
"Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бүрын, алдымен, оның өзін анық танып, біліп алған жөн". 
     Шын мәнінде публицистика деген сөздің шығу төркіні жайлы айт-сақ, бүл латынның риЫісш - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бүдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы "қоғамдық" деген сөзге тікелей қатысты. 
     Осы ойымызды нықтап, шегелей түсу үшін арғы-бергі сөздіктер мен зертгеушілер түжырымына жүгінейік. Мәселен, Владимир Дальдің Түсіндірме сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: "Публицист", писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по народному праву". 
     Қазак зерттеушілерінің ішінде публицистикаға түңғыш анықтама-ны Ахмет Байтүрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде берді. А.Байтүрсынов публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен теркіндестіреді. "Кесем сөз шешен сез сияқты әлеуметке айтканын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырыла-тын жері - шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Кесем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мүрындық болып істеу ыждағатымен айтылады". Шын мәнінде публицистика әлеуметтік, коғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мөселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезендегі басты міндеттерді аңғартып, саяси-өлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді.              Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір дәуірдің тарихын сол күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, төжірибемен үштастыра отырып баяндайды.         Публицистика дегеніміз ~ заман тарихы, дәуір танысы, өмір шежіресі. Шежіре болғанда да күнделікті тіршіліктің рухани бейнесі, жанды көрінісі. Публицистика •• бүл бөрінен де бүрын шығармашылық процесс. "Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" публицистикаға біршама жинақы айқындама берілген: "Кесем сез (публицистика, лат. риЫісш - қоғамдык) - едебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, еткір мәселелерді қозғайтын саласы. Көсем сездің мақсаты - нақтылы саяси, экономикалық, өлеуметтік, философиялық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдык ойға ықпал ету. Көсем сездің осы мақсатка орай қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған айтыс рухы, сендіру, иландыру, үйытуға бағытталған тәсілдер тән, көсем сездің озык үлгілерінен шешендік сөздердің ізі андалатыны да содан. 
Көсем сөз - мерзімді баспасез бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты үғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпак ойы, оны жеткізу ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон жазып, жариялайды". 
Нағыз публицистикада әлеуметгік-төрбиелік ықпал жасаудың орасан зор күші бар, өйткені ол оқырманға, көрерменге, тындаушыға дүрыс бағыт сілтейді. Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне өсер етудегі маңызды рөлді де атқарады. Публицистикалық қүбылыстарға галыми түрғыдан баға беру, дәлелдеудің айқындығы, өткірлік, барынша ықпал етуге үмтылушылық тән. 
Публицистика туралы сөз еткенде, оның басқа салалармен ара-қатынасына назар аударып, олармен байланысына да көңіл бөлуіміз керек. 
Публицистиканың көркем әдебиеттен езіндік өзгешеліктері бар. Ең алдымен, публицистика шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем әдебиет - шығармашылықтың көркем түріне жатады. 
Екіншіден, "керкем әдеби шығармалар (өңгіме, хикая, роман) міндетгі түрде сюжетке қүрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканын коркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон атворлары өздерінін кейіпкерлерімен міндетгі түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-қүлықтары туралы біраз мағлүмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыкка негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады".       Яғни, көркем өдебиетте шарттылык, басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді. 
         Үшіншіден, көркем әдебиеттің өзіне ғана тән жанрлар жүйесі болатыны сияқты, публицистиканың өзіне ғана тиесілі бай жанрлар палитрасы бар. 
          Төртіншіден, көркем шығармада жазушы өзінің негізгі идеясын, ойларын, идеалын оқиға желісі, адам образы, характерлер қақтығысы' картиналар, эпизодтар арқылы береді. Автордың оқырманға үсынар идеясы оқиға дамуы, образдың өсу жолдары арқьиы ашылып оты-рады. Ал публицист өз ойын оқырманға тікелей үсынады "Пубіицис-тика - автор мен оқырманның ашық өңгімесі айтылып отырған оқи-ғаға баиланысты автордың көзқарасы мен сезімі - ашуы таңыркауы 
қуанышы, реніші айкын білініп отыруы керек".  Публицистика автордан терең ой мен білімділікті, тіл шеберлігін, өршіл пафос-ты, логика терендігін талап етеді. Ол оқырманмен ашық сөйлеседі, коғамдык маңызы бар оймен сейлейді. 
          Бесіншіден, керкем өдебиетге жазушы көлемді шығармалар жазу үшін бүкіл ғүмырын сарп етуі мүмкін. Ал публицистикада белгілі бір тар уақыт шеңберінде айтылмаган ой көнеруі мүмкін. Сондықтан да көркем едебиет бірнеше жылдар оқиғасын, түтас бір дәуірді қамтыса, публицистика күнделікті өмір ағысына ілесіп отыруы керек, 
Профессор Э.Г.Багиров "Природу телевидения составляет не только то, что отличает его от кино, радио и печати, но и то, что их объединяет, что отличает их от традиционных средств информации"  - дегендей, публицистика табиғатын да онын көркем өде-биеттен айырмашылықтары ғана емес, үқсастықтары мен жакындық-тары да қүрайды. 
       Публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары. Екеуінің де күралы сөз. Осы түрғыдан келгенде, публицистика мен көркем әдебиеттің үқсастык жағы болады, олар бір-бірімен органикалық тығыз байланысады. 
Үлы орыс сыншысы В.Г.Белинский көркем әдебиет пен публицистиканы өнер ретінде қарап, олардың бір-біріне тым жақын екендігін айта келіп: "... что здесь нет, четко определенной пограничной линии, так она является скорее воображаемой, чем действительной, и на нее не покажешь пальцем, как на государство на карте..." - деп жазған. Шын мәнінде көркем әдебиет пен публицистика үшін поэтикалық стилистика арсеналдары - эпитеттер, метафоралар, теңеулер, гиперболалар, литоталар және троптар мен фигуралардың палитралық барлық түрлері, сатира мен юморлық, пафостық қүралдар өте қажет. Бүл көркемдік бейнелеу күралдарынсыз сөз өнерінің эмоциональдык нәрі әлсіреп, атқаратын функциялық дәрежесі төмендеген болар еді. 
       Зерттеуші ғалымдар "журналистика" мен "публицистиканың" аракатынасы, жақындығы, айырмашылықтары туралы көптеген түжырымдар айтты. Олардың кейбіреулері бүгінгі көзқарас түрғы-сынан қарағанда, кемшіліктерге де бой алдырды. Нәрлі, өміршең ойлар да жоқ емес. Енді осы мәселелерге қазіргі үғым, түсініктер түргасынан қайырыла қарағанда, кейбір нақты түжырымдарды санамалап көрсетуге болар еді. Ең алдымен, "журналистика" мен "публицистиканы" жақындастыратан жайттар: журналистика да, публицистика да қоғамдық-саяси баскару қызметінің қүрамдас бөліктері; көпшілікгі тәрбиелеудің қүралы; қазіргі заманның тарихын, белгілі бір кезеннің шежіресін жасауға қатысады; барлық кызметі мен міндеті творчестволык кайнардан бастау алады; кай кезде де саясат-пен, әлеуметгік-экономикалык қатынастармен, мемлекеттік аппарат-пен, калың көпшілікпен үнемі байланыста дамиды; аудиторияның кабылдауына бағытгалады. 
          Сонымен бірге журналистика мен публицистиканың осындай үқсастықтары, олардың бір-бірінен айырмашылықтары жоқ деген сөз емес. 
          Алдымен журналистика туралы түсінігімізді бір жүйеге түсірейік. Біріншіден, журналистика - әр алуан мекемелердің басын кұрайтын ерекше элеуметтік институт болып табылады. Екіншіден, журналистика қызмет турлерінің жуйесі болып табылады.       Үшіншіден, журналистика — мамандықтар жиынтыгы.    Тертіншіден, журналистика - шыгармалар жуйесі. Бесіншіден, журналистика - бұқаралық ақпарат күралдары пайдаланатын акпаратты тарататын және басылымдар мен бағдарламалардың түрлерін қалыптастыратын арнсһіардың біртутас жиынтыгы. Алтыншыдан, журналистика - БАҚ проблемаларын зерттейтін өзгеше гылым саласы және оқу пәндерінің жиынтығы. 
        Ал енді публицистиканың да өзіндік ерекшеліктері бар. Оның журналистиканың ең басты саласы екендігінің өзінен көп мөселені аңғаруға болады. Бүрын - соңғы зерттеушілердің тұжырымдарында публицистика бірде шығармашылық түрі ретінде, бірде жанр ретінде, енді бірде өзіндік өзгешелігі бар өнер ретінде, саяси қызметгің көрінісі түрінде, газет жанрларының жиынтык, атауы түрінде, проблема көтеру құралы ретінде, әдебиеттің бір саласы ретінде, қоғамдық пікірді қалыптастыру тетігі түрінде көрініс табады. Бүл айтылғандардың бөрі де публицистиканың жан-жақты, өр алуан қасиеттерін білдіреді.
 

Информация о работе Қоғам және Журналистика