Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:25, реферат
Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Журналистік айғақтама жүргізудің осыншалықты күрделілігі журналисті хаттарды, магниттік жазбаларды, суреттер мен таспаларды, яғни барлық құжаттарды ешкімнің қолына түспестей тығып ұстауға мәжбүрлейді. Олар қандай жағдай болмасын биліктегілердің қолына жетпеуі тиіс. Ал егер ақпаратты берген адам оны жариялауға рұқсат берсе, онда таратуға болады.
Журналистік айғақтаманы кәсіби шеберлігі әбден шыңдалған журналистер ғана қолға алады. Журналистік айғақтаманың пәні бола алатын қоғамдағы негативті құбылыстарды, кемшілік пен олқылықтарды көру, жылы жабылып қалған қылмыстардың бар екенін біліп алу бір басқа да, оны дәлелдей білу, жариялай білу басқа мәселе. Сондықтан журналистік айғақтаманы бастамас бұрын репортер өз мүмкіндігін бағамдап алғаны абзал. Жариялаған мәліметтерінің растығын дәлелдей алмаған немесе мемлекеттік құпияны жариялап жіберген журналистердің үстінен іс қозғалып жатады. Мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Мысалы, 2005 жылы Қырғыздың «Res Publika» газетінің редакторы «Асқар Ақаевтың Түркияда жағажайы бар» деген мотивпен журналистік айғақтама жариялады. Ақаев мұның қасақана жабылып отырған жала екендігін сотта дәлелдеп шықты. Бұл, біріншіден, журналистің заңды жетік білмеуінен болса, екіншіден өз мүмкіндігін дұрыс бағаламағандығынан. Журналистік айғақтама жүргізуді қолға алған адамның өз мүмкіндігін артығымен бағалауының нәтижесінде мақсат жүзеге аспай қалады, журналистің кәсіби беделіне нұқсан келеді, ең бастысы айғақтау нысанына алынған құбылысты ашуда әділдік болмай қалуы ықтимал. Айғақтама жүргізе отырып журналист зерттеу нысанына алынған қылмыскерге немесе жемқор шенеунікке қатысты өзге де негативті фактілер ұшырастыруы мүмкін. Бұл фактілер негізгі зерттеліп отырған бағытқа тікелей қатысты болмаса, мәселен, шенеуніктің әйелін ұратындығы, арақ ішетіндігі немесе тағы басқа да өрескел қылықтары туралы дәйектерді қоспаған жөн. Егер автор жемқорлық туралы журналистік айғақтау бастаса материалдың ішінде тек осыған қатысты дәйектер мен ақпараттар болуы керек. Журналистік айғақтаудың шарты сондай. Ал шенеуніктің жеке басына қатысты өзге мәліметтер тағы бір журналистік айғақтаманың пәні бола алады, оны өзге бір журналист жүргізуі де ықтимал. Немесе құқық қорғау органдарының құзырына беруге де болады.
Айғақтаушы
журналист өз материалында әңгіме болған
немесе ақпарат берген адамдардың кейін
сот алдында қорғана алуын
қамтамасыз етуі керек. Сондықтан журналист
жинаған фактілері мен
Журналистік айғақтама аналитикалық жанрлар топтамасына кіреді. Аналитикалық жанрлардың негізгі мақсаты – шынайы жағдайларды, оқиғалар мен құбылыстарды, фактілерді сараптау болып табылады. Грек тілінен аударғанда analysis сөзі бөлу, тарату, деген мағынаны білдіреді және бір нәрсені талдау, қарастыру деген мәнде ғылыми термин ретінде қолданылады. /15/
Журналистік айғақтама көптеген ақпарат көздерінің негізінде құрылады: адамдар, құжаттар, жеке бақылау. Егер журналист ақпаратты еркін алуға ерік беретін заңдарды білсе жұмысы жеңілірек жүреді. Бірқатар журналистік айғақтамалар құжаттарды ақтарудан басталып, адамдарға сауалнама жүргізуге ұласады. Ал кейбірі адамдардан сұрап барып, құжаттарды тексеруге жалғасады.
Журналистік айғақтаманы өзге бір әдістермен, жанрлармен, мысалы мақаламен, корреспонденциямен, очеркпен және тағы басқалармен салыстыра отырып оның осы жанрлармен туыстас тұстарын көре аламыз. Дегенмен толыққанды журналистік айғақтаманы қандай да бір басқа әдістермен, жанрлармен шатастырып алу қиын.
Журналистік айғақтаманың, АҚШ ғалымы Дэвид Рэндалл атап көрсеткен, өзге әдістерден үш ерекшелігі бар:
Журналистік айғақтамалардың өзге журналистік әдістерден ерекшелігі жөнінде Ресей ғалымы В.В.Ворошилов «Журналистика» деген кітабында мынадай ғылыми пікір айтқан: «Журналистік айғақтама журналистік қызметтің өзге түрлеріне ұқсамайды. Оның негізгі ерекшеліктері мынада: журналистік айғақтаманың жасалуы тұсында журналист біреулердің ақпаратты құпия ұстауға тырысқанына, фактіні алуда, оны дәлелдеуде және жариялауда кедергінің көп ұшырасатынына қарамастан сұхбат алу арқылы және фактілерді жинап, оларды салыстыра отырып шикі материалмен жұмыс істейді». (17)
Журналистік айғақтама құқық қорғау органдарының тергеуіне өте ұқсас. Ол екеуіне ортақ қасиет – екеуі де қылмыстың, жемқорлықтың, жалпы қоғамдағы келеңсіздіктер мен заңсыздықтардың бетін ашуға талпынады. Бірақ екеуінің жұмыс істеу мүмкіндігі мен жұмыс өнімділігі бірдей емес. Өйткені, тергеушінің қызметі де, міндеті де заңмен реттелген, құқығы қамтамасыз етілген. Оның жұмыс жүргізуіне ешкім де кедергі келтіре алмайды. Тергеуші, тіпті, азаматтарды өзі қойған сауалдарға жауап беруге міндеттей алады. Ал журналист сауалына жауап беруге ешкім де міндетті емес, ол ерікті мәселе. Сондықтан тергеушімен салыстырғанда айғақтаушы журналист белгілі бір деңгейде жауап берушілерге, яғни мәлімет берушілерге тәуелді. Айғақтаушы журналист жұмысының машақаты көп.
Осы мәселеге қатысты орыс ғалымы В.В.Ворошиловтың пікірі: «Журналистік айғақтама құқық қорғау органдары жүргізетін тергеуден басқаша. Тергеушілер болған оқиға себебінің бірнеше түрлерін қарастырады да, зерттей келе олардың біріне тоқталады. Тергеушінің бұл тоқтамы соңғы шешімнің дәлелденген, шынайы негізі болып табылады. Журналист болған оқиғаның болжалды себептерін анықтайды, оларды дәлелдеуге тырысады, бірақ шешімін шығармайды. Оның мақсаты – суреттеліп отырған мәселеге аудиторияның назарын аудару, оқырманға немесе көрерменге осы мәселе туралы ой салу.» (18)
Дәл осыған ұқсас пікір тағы да Ресей ғалымдары Г.С.Мельник пен А.Н. Тепляшинаның «Основы творческой деятельности журналиста» деген кітабында да кездеседі. Журналист оқиғаның орын алу себебінің бірнеше түрін қарастырады да біреуіне тоқталады. Егер сол себептердің бір түрі дәлелденсе – ол айып тағудың негізіне айналады. Журналист дағдарыс жағдайының немесе қылмыстық оқиғаның орын алуына кінәлі адамдар туралы дәлелді пікірлер айтады. Оның мақсаты тергеуші сияқты кінәлілерді айыпқа бұйыру емес, бар болғаны аудиторияның назарын аудару. /19/
Журналистік айғақтаманың тағы бір ерекшелігі ол – қауіпті кәсіп. Журналистік айғақтамалардың арты үнемі дау- дамайға ұласып отырады. Журналист айғақтамасының нәтижесінде құқық қорғау органдары айғақтау объектісі болған мекемеге немесе азаматқа қылмыстық, әкімшілік іс қозғап жатады. Немесе, керісінше, айғақтама объектісі болған заңды немесе жеке тұлға «жала жапты, ар-ожданымды аяққа таптады» деген желеумен журналистердің үстінен талап – арыз жазуға кіріседі. Бүгінгі өркениетті елдерде бұл қалыпты жағдай. Осы тектес оқиғалар біздің медиа нарықта да соңғы жылдары көбейіп келеді.
Еліміздегі журналистік айғақтамамен кәсіби түрде шұғылданатын «Время» газетінің журналисті Геннадий Бендицкийді 2004 жылы Республикалық инновациялық қордың сол кездегі басшысы Асығат Жабағин «Время» газетінде 2003 жылдың жиырмасыншы қарашасында жарияланған «Интрига закрытого типа. Кто доит министерство обороны» деп аталатын мақаласында «маған жала жапты» деген шағыммен сотқа берген. Мақалада әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізіп отырған шетелдік компаниялардың қарыздарын өтеу ісінде үкімет мүшелері жүргізген заңсыз әрекеттердің беті ашылған. Журналистік айғақтамада Сыртқы істер министрлігінің мемлекет қарыздарын республикалық инновациялық қорға аударғандығы, ал қордың Украинаның «Мотор СІЧ» және Ресейдің электромеханикалық зауытына аударылуы қажет болған ақшаны тиісті орынға жеткізбегендігі нақты дәйектермен жазылған. Сот барысында бұлтартпас дәйектермен жазылған мақаладағы Бендицкийдің келтірген фактілерінің шын, әділ екендігі дәлелденіп, журналист ақталды. Елдегі реформаларға қатысты тілшінің кәсіби ұстанымына разы болған елбасы Н.Ә.Назарбаев медиа нарықты дамыту ісіне үлес қосқаны үшін, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтің арасындағы өзара байланыста заңдылық пен объективтілік қағидаларын жетік меңгере білгені үшін Президенттік сыйлықтың лауреаты атағын берді. Бұл жағдайдың журналист қауымы бойында «ащы шындықты шыжғыра» айтуға деген құлшыныс тудырғаны рас.
Сондай-ақ бұл оқиға ҚР Бас прокуратурасының Бендицкийдің осы мақаласын негізге ала отырып, мемлекеттік бюджет ақшасын талан таражға салғандардың үстінен қылмыстық іс қозғауына түрткі болды.
Журналистік айғақтамаларға қатысты дау- дамайда журналистер осылай үнемі жеңіске жете бермейді. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде екі жүзге жуық журналист сотталып кетіп отырады. /20/ Өз міндеті мен құқықтарын жақсы білетін журналист жазықсыз жапа шекпейді. Журналисттің сотталып кетуіне оның заңды, құқықтарын толық білмегендігі, жарияланған материалды жеткілікті зерттемегендігі себеп.
Дау- дамай сотпен бітсе жақсы, кейде журналистік айғақтамалардың арты қайғылы жағдайларға ұласып жатады. Тұрақты түрде журналистік айғақтамамен айналысқан қарт журналист Нури Мұфтахтың жұмбақ өлімін көпшілік өткір, сыни мақалалар жазғандығымен байланыстырады. Себебі, оның қазасының себеп – салдары әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отыр.
Бұл
тақырыпқа шетел
1992
жылдың жазында перуандық
Ұйымдасқан қылмыс етек жайған елдерде журналистік айғақтама жүргізу журналист өміріне қауіп төндіреді. Белгілі бір шикіліктің түбін қазбаламас бұрын одан төнетін қауіп – қатердің мөлшерін елеп екшеп алған дұрыс.
Ресейдің
Санкт Петербург
Егер сіз өз өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін болатын адамдармен жұмыс істеп жүрсеңіз үнемі қайда бара жатқаныңыз жөнінде өз басшыңызға хабарлай жүріңіз.
Сіздің ізіңізде үнемі не біреуді бақылағаныңыз үшін, біреудің қылмысын ашқаныңыз үшін не болмаса біреудің жеке өміріне кіріскеніңіз үшін сот алдында жауап беру көлеңкесі жүреді. Бірақ күнделікті асығыс жазылған материалдарға қарағанда әбден екшеліп жазылған журналистік айғақтамалардан сотқа беруге лайық ілік табу қиын.
Қазақстанның «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева еліміздегі журналистер басына төнген қауіп – қатер жайында мына ақпараттарды алға тартты:
2003
жылы БАҚ өкілдерінің
жеткен. /22/
Журналист өз бостандығы мен еркін, өмірін қауіпке тіге отырып, халық игілігі үшін журналистік айғақтау жүргізумен айналысады. Журналистік айғақтаманың әлеуметтік жауапкершілігі жоғары: журналистік айғақтама заң шеңберінде жасалуы тиіс, белгілі бір келеңсіздіктің бетін ашуы керек, яғни әшкерелеуші сипаты болғаны қажет, айғақтаушы журналист куәгер болып ақпарат берген адамдардың құпия сақталуын қамтамасыз етуі керек. Ең бастысы – журналистік айғақтама діттеген мақсатына жетуі тиіс, яғни қоғам дамуына, адам дамуына кедергі келтіріп отырған жайттардың бет пердесін ашуы қажет.
Журналистиканы халық тікелей әлеуметтік бақылау жүргізудің, түрлі келесіздіктермен күрес жүргізудің құралы деп есептейді. Журналистік айғақтаманың журналистиканың өзге әдістерден тағы бір ерекшелігі – оның пәні мен мақсаты өте күрделі.
Журналистік айғақтаманың негізгі пәндерінің бірі – жемқорлық мәселесі. Журналистер жемқорлық мәселелеріне арналған тақырыптарды жариялай отырып онымен күреске үлес қоса алады. Өзге де әдістер секілді түрлі жанрлар мен пішіндерді қолдана отырып журналистік айғақтаманың да құқық қорғау органдарының заңсыздықтарды ұстау операцияларын жариялауға мүмкіндігі бар, жемқорларды соттау процестеріне комментарий беруге, жемқорықпен күрес туралы жазылған кітаптарды рецензиялауға, парламенттің жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған отырыстарынан репортаж жасауға т.б. құқығы бар. Дегенмен, жемқорлыққа қарсы күрес үшін журналист тарапынан болатын үлестің ең үлкені – журналистік айғақтама жүргізу болып табылады.