Инвестициялық жобалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2012 в 16:14, реферат

Описание работы

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек.

Содержание

Кіріспе
1. Инвестициялық жобалар.
1.1. 2003 – 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері.
1.2. Бюджет саясатының инвестициялық жобасы.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.
2.1. Көліктік-коммуникациялық кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.
2.2. 2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамытудың инвестициялық жобасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Инвестициялық жоба 456.doc

— 453.50 Кб (Скачать)

-      кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

Үкімет Ғарыш қызметін дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруды жалғастырады.

Үкіметтің күш-жігері ғарыштық технологияларды тиімді пайдалану жолымен ұлттық және ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуына ықпал ететін ғарыш қызметін дамытуға бағытталатын болады.

Осы мақсаттарда байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру, ғарыштық спутниктік навигациялық жүйені, қашықтан зондтау жүйесін дамыту, ғарыш саласын одан әрі кадрлық қамтамасыз ету көзделіп отыр.

«Ангара» үлгісіндегі экологиялық таза зымыран тасығыштарды пайдалана отырып, «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін құру жобасын іске асыру әлемдік ғарыш қызметін дамытуды қазіргі заманғы және қоршаған орта үшін зиянсыз технологияларды пайдалануға бағдарланған жаңа даму орамына әкеледі.

Ұлттық ғарыштық бастаманы іске асыру 2008 жылдан бастап 2015 жыл кезеңінде республикада ғарыш қызметінің одан әрі дамуын айқындайды. Осы бастама шеңберінде «Байқоңыр» кешенінің базасында ғарыштық индустрия орталығы құрылады. Оның негізгі міндеті ғарыштық технологияларды жасау және экономиканың нақты секторында ғарыш қызметінің нәтижелерін пайдалану болады.

Үкіметтің байланыс саласындағы қызметі Қазақстан экономикасының телекоммуникациялық секторын Қазақстанның ақпараттық қоғамы мен бәсекелі экономикасын одан әрі қалыптастырудың басты факторларының бірі ретінде одан әрі дамытуға бағытталған жағдайлар мен тетіктерді жетілдіруге бағытталады.

Ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясаттың негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, саланы инновациялық-технологиялық дамыту және оның техникалық базасын қамтамасыз ету, саладағы әлеуметтік-экономикалық және саяси міндеттерді іске асыру.

Телекоммуникациялар саласына инвестициялар тарту мақсатында Үкімет ұлттық қауіпсіздік мүдделерін сақтай отырып, қалааралық және халықаралық байланыс операторларының жарғылық қорына шетелдік капиталдың қатысуына қойылған шектеулерді алып тастау мәселесін пысықтайды.

Телекоммуникация желілерін жаңғыртудың және дамытудың мынадай басым бағыттарын іске асыру болжанып отыр:

-       Ұлттық ақпараттық супермагистраль салуды жалғастыру;

-       жергілікті телекоммуникация желісін жаңғырту және дамыту;

-       деректер беру желісін дамыту;

-       ұялы байланысты дамыту;

-       жаңа буын желісін дамыту.

Бұл міндеттерді іске асыру Қазақстанның 2008 жылға қарай мынадай басты көрсеткіштерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді:

тіркелген телефон желілерінің тығыздығы – елдің 100 тұрғынына 23;

ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – елдің 100 тұрғынына 50;

жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі – 80 пайыз;

100 тұрғынға 10 Интернет пайдаланушысы.

Бұл кезеңде «КАZSАТ-1» қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру жоспарланып отыр, бұл Қазақстанға ұялы байланыстың халықаралық операторларының қатарына кіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оны кейіннен ұшыра отырып, «КАZSАТ-2» спутнигін жасау жөніндегі іс-шаралар іске асырылады. Бұл біздің республикамыздың 1-ден астам меншікті спутнигі бар мемлекеттер құрамына кіруін қамтамасыз етеді, олардың саны             20-дан астам болып есептеледі.

Ақпараттық қоғам құру мақсатында Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жүзеге асырылуда, оның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызметтерге жылдам әрi сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңiнен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Ақпараттық қоғамды әлемдік тәжірибені ескере отырып қалыптастыру, қазіргі заманғы әлеуметтік саясат, кәсіпкерлікті дамыту барлық мемлекеттік құрылымдардың халық пен бизнеске қызметтер көрсетуінің деңгейіне жоғары талап қояды.

Әлеуметтік қамсыздандыру, салық, статистика және кеден қызметтері жүйелерінде, төлқұжат жүйесінде Үкімет негізгі күш-жігерін ақпараттық технологиялардың көмегімен мемлекеттік аппараттың орталық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жұмыс істеуінің тиімділігін арттыруға бағыттайтын болады.

Көрсетілген міндеттерді шешу үшін электрондық қызметтерді берушілер ретінде ведомстволық ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыру, «электрондық үкіметтің» бірыңғай сәулетінің талаптарына сай келетін «элекрондық әкімдіктер» құру жөніндегі жобаны іске асыру қажет.

Аталған іс-шаралар халық пен бизнес неғұрлым қажет ететін қызметтердің, әсіресе электрондық лицензиялау, кедендік және салықтық декларациялау, элекрондық мемлекеттік сатып алу, зейнетақымен қамсыздандыру және білім беру саласында көрсетілуін қамтамасыз етуі тиіс.

«Электрондық үкімет» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы табыс инфрақұрылымның өзін дамытудан басқа, көбінесе азаматтардың Интернетке қол жеткізуінің және компьютерлік сауаттылығының деңгейін едәуір арттыруға тәуелді. Халықаралық тәжірибені зерделеу халықтың Интернетке қол жеткізуінің көрсеткіші ел халқының 18 %-ына тең болған кезде мемлекеттегі ақпараттандыру процестері күрт жеделдейтінін және іс жүзінде тежеуге келмейтіндей болатындығын көрсетті. Қазақстанда шамамен 450 мың азаматтың Интернетке қол жетімділігі бар, бұл бүкіл халықтың 2,97 %-ын немесе экономикалық белсенді халықтың 5,8 %-ын құрайды. Халықтың ақпараттық мәдениетін жоғарылату мақсатында қызмет Интернетке тарифтерді елеулі азайтуға және PR компанияларды өткізе отырып, «электрондық үкімет» бастамаларын танымал етуге, мектептердің, жоғары оқу орындарының, қоғамдық қол жетімділік пункттерінің жанынан IТ-оқытуды ұйымдастыруға шоғырландырылады.Мембағдарламаны іске асыру мерзімі аяқталғаннан кейін 2008 жылға қарай республика халқының Интернет желісіне болжамды қатысуы 8 – 10 %-ды құрайды, транзакциялық қызметтердің даму деңгейі азаматтарға республиканың кез келген елді мекенінен мемлекеттік органдардың  қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

 

АДИ – Адамның даму индексі

АКТ – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

АМСК – алғашқы медициналық-санитарлық көмек

АӨК – Агроөнеркәсіптік кешен

ӘКК – Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорация

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары

ҒЗТКЖ – Ғылыми-зертеушілік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар

ЕАҰ – Емдеу - алдын-алу ұйымдары

ЕЭА – Еркін экономикалық аймақ

ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ- Жалпы өңірлік өнім

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган

НКИ – Нақты көлем индексі

КМК - Коммуналық мемлекеттік кәсіпорын

МТБ – Материалды-техникалық база

МАӘК – Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

МО – Мемлекеттік орган

ММ – Мемлекеттік мекеме

МЖС – Мемлекеттік – жеке меншік серіктестік

ОАА – Орталық аудандық аурухана

СМЖ – Сапа менеджментінің жүйесі

СУА – Селолық учаскелік аурухана

СНС – Селолық несиелік серіктестік

СЕМ – Селолық елді мекен

ТжКБ – Техникалық және кәсіби білім беру

ТКШ – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ҮЕҰ – Үкіметтік емес ұйымдар

ХТТ – Халық тұтынатын тауарлар

ШОБ – Шағын және орта бизнес.

1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ

 

Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамыту бағдарламасы

Әзірлеме үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің          2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан. Облыс аумағы                      118,6 мың шаршы шақырымға тең (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 4,35%-ы), тұрғындары                   510,4 адам. 2009 жыл ішінде өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағамен 1969 млрд. теңгені құрады. Атырау облысы республикада ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) көлемі бойынша ІІ орынды және жан басына шаққанда ЖӨӨ көрсеткіші бойынша І орынды тұрақты иеленуде. Өндірістің негізгі салалары болып мұнай өндіру және балық өнеркәсібі, құрылыс материалдарының индустриясы табылады.

Бағыттар

      Өңірдің экономикасын дамыту;

      Әлеуметтік саланы дамыту;

      Инфрақұрылым кешенін дамыту;

      Аумақтық құрылымды (кеңістіктің) дамыту;

      Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

Бағдарламаның мақсаттары

      Өңдеу саласының дамуын қамтамасыз ететін өңірді бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру,  жоғары қосылған құнымен дайын өнімнің сыртқы нарыққа экспортқа жылжыту, инновациялық кәсіпкерлік үшін  қолайлы жағдай жасау.

      Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру және үдемелі инновациялық индустрияландыру.

      Агро-өнеркәсіптік кешені мен балық аулау саласын  дамыту мен тұрақтандыру.

      Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтің барлық түрлерімен қамтамасыз ету. Энергетикалық, инженерлік, көліктік, газбен қамтушы, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлесімді дамуын қамтамасыз ету.

      Болашағы бар және өмір сүру үшін қолайлы аумақтардағы тиімді қоныстануды қамтамасыз етумен  тұрғындардың шоғырлануы есебімен оңтайлы орналастыру жүйесін және аумақ құрылымын  қалыптастыру. 

      Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, елді мекендер аумағындағы санитарлық және эстетикалық жағдайды жақсарту.

      Мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарын дамыту.

      Атырау облысы тұрғындарының денсаулығын нығайту.

      Сапалы білім алу үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.

      Сапалы әлеуметтік қызметтерді ұсыну және жұмыспен қамту өнімділігіне жәрдемдесу.

      Қазақстандық отансүйгіштікті нығайту және ұлт бірлігін қамтамасыз ету.

      Азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау арқылы мемлекеттілікті нығайту.

      Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру.

      Мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту.

      Көшелер мен басқа да қоғамдық жерлерде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

      Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және тұрақтандыру.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желілерін дамыту және орманның ұдайы өсімін, қорғауын, күзетін қамтамасыз ету. 

      Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарын дамыту, норма шығармашылық сапасын арттыру мемлекет саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту.

      Гендерлік теңдікті нығайту

 

Міндеттер

      Ұлттық экономиканы тұрақты дамыту үшін  көмірсутегі шикізатын өндіру және терең қайта өңдеу.

      Экономиканың өңдеуші салаларын дамыту.

      Құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдар индустриясын дамыту.

      Егін шаруашылығы даму көрсеткіштерінің тұрақты өсімі.

      Асыл тұқымды және жоғарғы өнімді малды дамыту.

      Ауыл шаруашылық өнімдерді ұқсатудың жалпы көлемін арттыру.

      Өңірге инвестицияларды, озық технологиялар мен адам ресурстарын тарту үшін қолайлы жағдай жасау.

      Халықтың денсаулығын сақтау мәселелеріндегі сектораралық өзара іс-қимылды күшейту.

      Облыстың денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және Ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін бұдан әрі дамыту.

      Мектепке дейінгі ұйымдар желісін көбейту және көрсетілетін мектепке дейінгі тәрбиенің ұсынатын  қызметтерінің сапасын жақсарту.

      12-жылдық оқыту үлгісін енгізу және орта білім берудің ұлттық стандарттарын жаңарту.

      Кадрларды дайындаудың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      Педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру.

      Әлеуметтік жетімділіктің алдын алу және жетім балаларға және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерін  жанұялық жайғастыруды жылжыту.

      Жұмыс орындарын сақтау және көбейту.

      Еңбек ресурстарының кәсіби даярлық жүйесін жетілдіру.

      Атаулы әлеуметтік көмектің уақтылы, сапалы тағайындалуын жақсарту және қолжетімділігін қамтамасыз ету.

      Мемлекеттік арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну.

      Елдің даму Стратегияларын іске асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту.

      Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту.

      Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

      Қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды және биологиялық әртүрлілікті сақтау.

      Атырау облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын орналастырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыру.

      Тұрғындарды тиісті  сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.

      Облыс әкімі мен мәслихат аппараты жұмысының тиімділігін және нәтижелігін көтеру.

      Әйелдердің саяси және экономикалық ілгерлеуін қамтамасыз ету.

      Бюджеттің орындалу сапасын арттыру.

      Облыс және оның аймақтары экономикасының сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру.

      Нәтижеге бағытталған, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін кезеңдеп енгізу.

      Қоғамдық тәртіпті күшейту және азаматтардың тиісті өмір қауіпсіздігін, денсаулық, құқықтары мен бостандықтарын қолдау.

      Қылмыстылықта қарсы әрекет жасауда құрамдас бөлігін алдын алуды арттыру.

Іске асыру кезеңдері

 

1 кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – алғашқы кезектегі және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру;

2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған жоспарланған шараларды іске асыру және облысты әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған негіз қалыптастыру.

Нысаналы индикаторлар

      2015 жылға ЖӨӨ өсімі 2009 жылдың деңгейіне қарағанда нақты тұлғалауда 37,9% - ды құрайды. 

      2015 жылға өнеркәсіп өнімінің НКИ 2009 жылдың деңгейіне қарағанда  148%;

      2015 жылға кен өндіру өнеркәсібінің НКИ           2009 жылдың деңгейіне қарағанда  139%;

      2015 жылға өңдеу өнеркәсібінің НКИ 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 263%;

      Өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5% -дан кем емес деңгейге дейін арттыру;

      2015 жылға өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес арттыру;

      2015 жылы құрылыс индустриясы өнімінің НКИ – 204%;

      2015 жылға отандық құрылыс материалдарымен қамту деңгейі – 80%;

      2015 жылға машина жасау өнімінің НКИ             2009 жылға қарағанда 3,3 есе;

      ЖӨӨ-ң энергия жұмсағыштығын  10% - дан кем емес төмендету;

      Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын кәсіпорындардың тауарларды сатып алудағы қазақстандық құрам үлесі –  65%,

      Мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың, жүйе құрайтын  кәсіпорындардың жұмыс және қызметтерді сатып алуда қазақстандық құрам    үлесі -  91,3 %;

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10 %-ға дейін; 

      2015 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 1500 млрд.теңге (2009 жылы –               1083,2 млрд.теңге);

      2015 жылы облыстың ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі – 11%, (2009 жылы – 7%);

      2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің НКИ 2009 жылдың деңгейіне қарағанда – 123,6%;

      2015 жылы АӨК еңбек өнімділігін 2009 жылға қарағанда – 1,2 есе;

      2015 жылға етті қайта өңдеу көлемінің 10%-ға және сүт 13%-ға дейін арттыру;

      2015 жылға ылғал жинақтаушы технологиялар арқылы өсірілетін көкөніс-бақша дақылдары алаңдарын 1,06 мың.га дейін арттыру;

      Ауыл шаруашылығы құралдарымен шығарылатын мал шаруашылығы өнімінің жалпы өндіріс көлемінен меншікті салмағы: ет-13%, сүт-10%, жұмыртқа-40%;

      2015 жылға дайын және консервіленген балық өнімін 35 мың тоннаға дейін көбейту;

      2015 жылы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту– 90%;

      2015 жылы 12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқытылатын оқушылар үлесі – 30,6%;

      2015 жылы ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды және жетім балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерін жанұялық жайғастыру үлесі – 12,2 %;

      2015 жылы оқуды аяқтауының 1-жылында мемлекеттік тапсырыс арқылы оқыған ТжКБ оқу орындарының түлектерінің жұмыспен қамтылған және жұмысқа орналастырылған үлесі– 85%;

      2015 жылы күтілетін халықтың өмір сүру ұзақтығы 69 жасты құрайды;

      Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда   6,8 – ге дейін төмендейді;

      2015 жылы ана өлімі 100 000 жаңа туғанға шаққанда 38,8 – ге дейін төмендейді;

      2015 жылы сәби өлімі 1000 тірі туылғанға шаққанда 13,2 – ге дейін төмендейді;

      2015 жылы туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштерінің 100 мың тұрғынға шаққанда    96,8 дейін, туберкулезден өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 10,2 –ге дейін төмендеуі;

      2015 жылы қан айналымы ауруларынан өлімнің көрсеткішін 100 мың тұрғынға шаққанда           236,1 дейін төмендеуі;

      Ақысыз медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін беруде қолданатын, соның ішінде ауылдық жерлерде дәрі-дәрмектердің және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолжетімділігін арттыру;

      Халық арасында темекі тартуды 17,9%-ға дейін, нашақорлықты 0,16%-ға дейін, ішімдік пайдалануды  12,0%-ға дейін төмендету;

      2015 жылы жалпы тәжірибелік дәрігерлермен АМСК (алғашқы медициналық-санитарлық көмек) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің 30%-ға дейін өсуі;

      Дәрігерді және медициналық ұйымды еркін түрде таңдау жүйесін енгізу, кепілді ақысыз медициналық көмек алу шеңберінде тұрғылықты жеріне қарамастан емделушілерге медициналық көмекті алуға бірдей жағдай жасау;

      Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту 25% дейін;

      2015 жылы жұмыссыздық деңгейі – 5,5%-ға дейін төмендету;

      2015 жылы тұрғындардың жалпы санынан күнкөрістің ең аз табысты тұрғындарының        үлесі - 9,2%;

      2015 жылы қосымша әлеуметтік көмекпен қамтылған аз қамсыздандырылған азаматтардың үлесі 24% құрайды;

      2015 жылға 630 шақырым облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар көлік жолын жаңғырту және күрделі жөндеу;

      2015 жылға жүк айналымының көлемі            45135,2 млн.тонна шақырымға дейін, жолаушылар айналымы көлемін 714,2 млн.п шақырымға дейін көбейту;

      2015 жылға тұтынушылардың жалпы санынан  85%-ы коммуналдық қызметтер сапасымен қанағаттандырылған болады;

      2015 жылға табиғи газбен қамту 100%-ды құрайды;

      2015 жылы сырттан әкелінетін суды пайдаланатын тұрғындардың үлесі – 11,9%;

      2015 жылға экономиканың қажеттігін қанағаттандыратын энергияны меншікті көздерден өндіру  100% құрайды;

      2015 жылға энергияны тұтынудың жалпы көлемінде энергияның балама көздерін пайдалану үлесі 1,45% - дан астам болады;

      2015 жылы халықтың көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен қанағаттандырылуы – 80%;

      Депутаттардың мәслихат ұсынатын қызметтермен қанағаттануы – 100%;

      Қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің және жергілікті нормашығармашылық актілердің ҚР қолданыстағы заңнамаларына  100%-дық сәйкестігі

      2015 жылы шешім қабылдау деңгейіндегі биліктегі әйелдер үлесі – 27%;

      Полицияға облыс тұрғындары сенімінің болжамды деңгейі (50%-дан төмен емес)

Қаржыландыру көлемдері және көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары, қарыз  қаражаты.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл –  млн. теңге

2012 жыл –  млн. теңге

2013 жыл –  млн. теңге

2014 жыл –  млн. теңге

2015 жыл –  млн. теңге

Барлығы:   млн. теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы бюджеттік инвестициялар туралы айтқанда сүйенетін негізгі ұғымдық аппарат ретінде ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мынада ұғымдарды бөліп көрсетуге болады: бюджеттік инвестициялар – бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру.  (2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-І Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 3-бабының 16-тармағы); бюджеттік инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. (2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-І Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 3-бабының 17-тармағы); экономикалық сараптама – жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде келтірілген, жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың кешендік бағалау нәтижесі. (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 30 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптардың 4-тармағы) бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық сараптау - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту шеңберінде жүргізілетін жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінің 9-тармағы) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі - маркетингтік, техникалық-технологиялық және әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін, ықтимал қатерлер мен оларды азайту жөніндегі іс-шараларды ескере отырып, неғұрлым тиімді ұйымдастырушылық, техникалық және экономикалық шешімдерді таңдауды дәйектейтін институционалдық шешімдерді қамтитын құжат.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.

2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.

3. Воловой В.В. Политэкономия. М, 1999.

4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 1998 г.

5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни населения // Вестник КазГУ 2001 №5.

6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.

7. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы,  2000 г.

8. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.

9. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. М, 1997 г.

10. Казахстан в цифрах за 2004 год. Агентство РК по статистике. 2004.

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Инвестициялық жобалар