Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2012 в 16:14, реферат
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек.
Кіріспе
1. Инвестициялық жобалар.
1.1. 2003 – 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері.
1.2. Бюджет саясатының инвестициялық жобасы.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.
2.1. Көліктік-коммуникациялық кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.
2.2. 2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамытудың инвестициялық жобасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2. Мемлекет жеке сектордың бастамаларын қолдайтын инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға белсенді қатысуға тиіс.
3. «Инновациялар импортын» қолдау әлемдегі қазіргі заманғы жоғары технологиялы бағыттардың дамуын оларды Қазақстанға енгізу нысанына егжей-тегжейлі талдау және мониторингілеу нәтижелеріне негізделетін болады, өйткені Қазақстанның артта қалуы бірқатар объективті себептерге байланысты экспоненциальды түрде өсіп келе жатқан бағыттар бар және бүгінгі таңда қазақстандық технологиялық және ғылыми әлеуеттің оларға қатысуы мүмкін емес.
Озық шетелдік технологиялар трансфертін ынталандырудың мемлекет тарапынан тікелей қаржылық (гранттар, жеңілдікті қаржыландыру, лизинг және т.б.) және жанама (салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференциялар) қолдауды қамтитын кешенді жүйесі мемлекеттік саясатты іске асырудағы негізгі құралдардың біріне айналуға тиіс. Бұл ретте озық технологиялар трансфертіне мемлекеттік ұстаным экономика қажеттіліктеріне және қазіргі ресурстарға негізделуге, технологиялық шектеулерді ескеруге, сондай-ақ құрылған және көшірілген технологияларды одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.
Осылайша, Үкіметтің технологиялар мен инновациялар саласындағы жұмысы төрт бағыттағы міндеттерді шешуге бағытталады:
1. Эконом
2. Телеко
3. Әлемні
4. Технол
Бұдан басқа, Үкіметтің жұмысы жаңа өсу нүктелерін қамтамасыз ететін және елдің технологиялық серпінді секіріс жасауы үшін негіз болатын макро-жобаларды іске асыруға шоғырландырылатын болады. Бұл мақсаттар үшін мұндай жобаларды сәйкестендіру әдістемесі әзірленеді және оларды мемлекет тарапынан қолдау шараларының жүйесі айқындалады.
Инновациялық жүйе элементтерін ақпараттық қамтамасыз ету үшін «Ауани технопарк» инновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру болжанып отыр.
Инвестициялауды
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ тиісті халықаралық сараптамалық қолдау жағдайында шетелдік компаниялардың активтерін сатып алу жолымен шетелде перспективалы жобаларды қаржыландыру жөніндегі жүйелі жұмысты бастайтын болады.
Қазақстан Республикасының аумағында отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп, венчурлік қорлар құру және шетелдік венчурлік қорларға инвестициялау жолымен венчурлік қаржыландыру инфрақұрылымын қалыптастыру жалғасады.
Үкімет индустриялық-инновациялық дамуды басқару, даму институттарының жұмыс істеуі, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік-жеке серіктестік салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Жеделдетілген экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы жаңғырту жөніндегі іс-шараларды ғана іске асыру жеткіліксіз. Бұл үшін мемлекеттің күш-жігерін жаңа өсу нүктелерін қамтамасыз ететін және елдің технологиялық серпінді секіріс жасауы үшін негіз болатын макро-жобаларды іске асыруға шоғырландыру қажет. Сервистік-инфрақұрылымдық сипаттағы жобалар, жоғары технологиялық өңдейтін ірі кәсіпорындар, Қазақстан үшін жаңа салалар құру және т.б. қолдау табуға тиіс.
Мысал ретінде мынадай жобаларды атауға болады: «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешені, Мойнақ СЭС-ін, алюминий шығару жөніндегі электролиз зауытын салу, ақпараттық және ядролық технологиялардың ұлттық парктері, мұнай-химия паркі және басқалары.
Осыған байланысты Үкімет таяудағы уақытта серпінді секіріс жобаларының тізбесін сәйкестендіруі және қалыптастыруы, сондай-ақ тікелей қаржыландыруды қоса алғанда, оларды мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді жүйесін құруы қажет.
Ғылымды дамыту Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясын табысты іске асырудың ажырамас шарты болып табылады.
Негізгі міндет ғылыми-техникалық қызметті әзірлемелерге шоғырландыруға және инновациялық сипаттағы серпінді секіріс жобаларын іске асыруға тіреледі. Саланың дамуын айқындайтын негізгі бағдарламалық құжат әзірленіп жатқан Ғылымды дамытудың 2007 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болады.
Келесі үш жыл ғылымға ірі инвестициялар алдындағы дайындық кезеңіне айналуға тиіс. Бұл үшін барынша қысқа мерзімде елдің ғылыми-техникалық әлеуетінің аудиті жүргізіледі.
Аудиттің нәтижелері бойынша:
· Қазақстан ғылымдағы әлемдік позицияны жеңіп алуы мүмкін, ғылыми зерттеулердің басымдықтарын түзететін перспективалы тауашаларды іріктеу;
· мемлекеттік инвестициялар аяқталатын және жеке инвестициялар басталатын ғылыми зерттеулерге мемлекеттік инвестициялар шеңберін айқындау көзделеді.
Осы сәттің өзінде перспективалы тауашалардың бірі индустрияға қойылатын экологиялық талаптарды қатайту ізімен қазақстандық кәсіпорындарды жаңғырту болып табылады.
Аудитпен бір мезгілде Үкімет мынадай, сондай-ақ басқа да ғылым саласындағы пилоттық/инкубациялық жобалармен жұмыс істейтін болады:
Ғарыш индустриясы орталығын құру;
Ұлттық биотехнологиялар орталығын құру;
ұжымдық пайдаланудың Ұлттық нанотехнологиялық зертханасын ұйымдастыру;
Ұлттық ғылыми портал құру;
білім беру саласындағы инкубациялық жобалармен:
Ұлттық биотехнологиялар орталығы үшін магистрлар мен PҺD докторларын даярлау бағдарламаларын іске асыру;
Ұлттық нанотехнологиялық зертхана үшін магистрлар мен PҺD докторларын даярлау бағдарламаларын іске асыру.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде технологияларды отандық ғалымдардың қатысуымен өнеркәсіпке беру процесі жеделдетіледі, ғылымды қаржыландырудың жаңа қағидаттары тұжырымдалады, қазақстандық ғалымдардың халықаралық ықпалдасуы және шетелдік патенттеудің өсуі күшейеді.
Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың және «инкубациялық жобаларды» іске асыру және жаңа технологияларды игеру процесін қолдау үшін жаңа технологияларды игеру процесін қолдаудың жаңа моделі ретінде технологиялардың пилоттық орталықтарын құру және дамыту жөніндегі жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс маңызды бағыт болады.
«Инкубациялық жобалар» деп Қазақстандағы ғылыми орталықтарды дамыту халықаралық қатысумен, жаңа технологияларды игеру процесін қолдау және кадрларды қайта мамандандыру жүйесін әртараптандыру түсініледі.
Ғылыми әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар қолданбалы ғылымның өндіріс пен бизнеске барынша жақындауына бағытталатын болады, ҒЗТКЖ-ны нәтижелерді өндіріске енгізу, лицензияларды коммерциялық пайдалануға сату нысанында түпкі нәтижеге толық бағдарлау.
Жаһандандыру жағдайларында экономика мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда көліктік-
Көліктік инфрақұрылым секторындағы негізгі міндеттер Қазақстанның көліктік кешенін еуразиялық көліктік жүйеге ықпалдастыру, көліктік саланы мемлекет экономикасының өсуіне сәйкес дамыту, көліктік дәліздердің ендік-меридиандық жүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көліктік жүйесінің бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.
Осы саладағы көрсетілген міндеттерді іске асырудың негізгі бағыттарына ұлттық көліктік инфрақұрылымды қайта жаңартуды және дамытуды, транзиттік әлеуетті пайдаланудың тиімділігін арттыруды, мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруді, ғылыми-инновациялық дамуды және кадрлық әлеуетті қалыптастыруды, салаға жеке инвестицияларды тарту жөніндегі пәрменді тетіктерді тұжырымдауды, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін енгізуді, көліктік қызметтер нарығын дамытуды жатқызуға болады.
Транзиттік әлеуетті дамыту Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір болып табылатын елдің геостратегиялық орналасуын пайдалануды толық көлемде қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік деңгейде негізгі іс-шаралар «тар жерлерді» жоюға және транзит үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі көліктік магистральдардың меридиандық және ендік орналасуының модификацияланған моделі мен «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» қағидаты бойынша құрылған байланыстырушы бағыттарды қолдану жолымен елдің тиімді көліктік жүйесін қалыптастыруда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмылдырылады.
Мемлекетаралық деңгейде елдің көліктік транзитттік тасымалдарды реттеу саласындағы басым халықаралық конвенцияларға қосылуына, Қазақстан Республикасының халықаралық көліктік одақтарға толыққанды қатысуын және ұстанымын нығайтуды қамтамасыз етуге, тарифтерді біріздендіруге, сондай-ақ қазақстандық көліктік бағыттарды халықаралық көліктік дәліздер желісіне ықпалдастыруға баса назар аударылатын болады.
Қазіргі көліктік инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде:
Алматы – Ақтоғай – Достық;
Железорудная – Қостанай;
Мақат – Қандыағаш темір жол учаскелерін электрлендіру;
Қорғас – Сарыөзек;
Ералиев – Құрық;
Маңғышлақ – Баутино:
Бейнеу – Шалқар;
Жезқазған – Сексеуіл жаңа темір жол учаскелерін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр.
Біз қабылдаған Автожол саласын дамытудың 2006 – 2012 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2008 жылға дейін:
Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас;
Түркістан және Ақтөбе қалаларын айналып өтуді қоса алғанда, Ш
«Астана – Щучье», «Бурабай – Көкшетау – Петропавлов» учаскелерінде Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавлов;
Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы;
Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай (ішінара);
Астана – Қостанай – Челябі бағыттарындағы автомобиль жолдарының,
сондай-ақ:
Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы;
Ақсай – Шонжы – Құлжат – ҚХР шекарасы автожолдарының учаскелерін қайта жаңарту
және Қиғаш өзені арқылы көпір салу жоспарлануда.
Алдағы кезеңде жол-құрылыс жұмыстарын орындаған кезде сапаны қамтамасыз ету үшін инженерлік-консультациялық ұйымдарды тарту практикасы, сондай-ақ орындалған жұмыстардың сапасын бақылау, салаға сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу қолданылатын болады.
Су көлігі саласын дамыту Ұлттық сауда теңіз флотын дамыту бағдарламасын, Кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007 – 2012 жылдарға арналған бағдарламасын, сондай-ақ қазіргі Ақтау теңіз портын кеңейту, Құрық, сондай-ақ Баутино порттарын толық құру арқылы Каспий жағалауының порттарын дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыруды көздейді.
Су көлігі саласындағы тасымалдарды жандандыру Каспийдегі көп бағытта тасымалдардың дамуына және Ертіс пен Жайық өзендері бассейндеріндегі тасымалдау көлемінің өсуіне байланысты.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің теңіз операцияларына тиімді қатысу мақсатында қайраңдағы теңіз операцияларын қолдау флотын құру жалғасады.
Теңіз кәсіптерінің ұлттық сыныптағы мамандарын, теңіз сауда флоты үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін құру үшін Теңіз жаттығу-тренажер орталығын құру көзделген. Қазақстандық кластерлік бастаманы іске асыру шеңберінде Қорғаста, Алматыда, Оралда, Ақтауда көліктік-логистикалық орталықтар құрылады.
Әуе көлігі саласында халыққа және шаруашылық жүргізуші субъектілерге сапалы авиациялық қызметтер көрсету мақсатында халықаралық стандарттарға жауап беретін азаматтық авиацияны одан әрі дамыту үшін жағдай жасалады.
Бұл саладағы жұмыс үшін негізгі бағыттар мыналар болып табылады:
- жер үсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту және дамыту;
- әуе кемелері паркін жаңарту және ұлғайту;
- халықаралық және ішкі ұшулар географиясын кеңейту, оның ішінде жергілікті әуе желілерін қалпына келтіру;
- әуежай кешендерін және ұшуларды жер үсті қамтамасыз ету құралдарын кезең-кезеңімен жаңғырту;
- Біріккен Авиациялық Биліктің (JAA) еуропалық авиациялық стандарттарын енгізу;
- спутниктік технологияларды қолдана отырып, әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасын енгізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау;
- қазіргі заманғы әуе кемелері паркі және авиация, оның ішінде Еуропа-Қазақстан-Азия бағыттарының дамыған желісі бар ірі ұлттық әуе тасымалдаушысын қалыптастыру мақсатында «Эйр Астана» авиакомпаниясын дамыту;