Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 00:59, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономикалық жағдайлар тұрғысынан еліміздегі инвестициялық климаттың жай күйін оқып-үйрену, зерттеу. Осы мақсатпен төмендегідей міндеттер қойылды:
- инвестицияның экономикалық мазмұнына шолу;
- еліміздің инвестициялық саясатын зерттеу;
- инвестициялық іс-әрекеттің құқықтық реттелуін қарастыру;
- экономиканың басымды салаларындағы инвестицияның қазіргі
күйіне талдау жасау;
- инвестициялық климатты жетілдіру жолдарын келтіру.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25
2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44
2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 57
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 57
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 66
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75

Работа содержит 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯ К.doc

— 473.00 Кб (Скачать)

Тікелей шетел  инвестицияларының ең көп ағымы 2006 жылы 4607,6 млн. АҚШ долл. болды. Ол 2004 жылғы көрсеткіштен 51 млн. АҚШ долл. өскен.

Сурет 4- Қазақстан  Республикасы экономикасына тура шетел инвестицияларының ағымы (1996-2007 ж.ж.)*

*Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметі.

 

Қазақстан экономикасына  тура инвестициялардың өсуі – жағымды  жәйт. Жедел қайтарымды және ақылы  ақша құралдары болып табылатын  портфельді және басқа инвестициялардан ерекшелігі экономиканың нақты секторы  дамыту мен, алдыңғы технологиялармен және менеджмент пен маркетингтің жаңа әдістерін қолданумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, тура инвестициялар Қазақстанның сыртқы қарыздарының пайда болуына әкелмейді.

Әлемнің 40 елі  Қазақстанда тура инвестицияларды  жүзеге асыруда. Бұл тізімде АҚШ, Ұлыбритания және Италия бар. Қазақстан экономикасына инвестиция салушылар тек дамыған елдер емес, сонымен қатар, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты “Жаңа индустриялды елдер”, дамушы елдер – Чехия, Венгрия және т.б.

Қазақстанға 90-шы жылдар басында жеке инвестициялардың экспорты бойынша шетел мемлекеттері ішінде АҚШ бірінші орынға ие болды. Американдық тура шетел инвестицияларының жалпы көлемі 1994-2005 жж. 8,9 млрд. (29,9 пайыз) құрады. Егер 1994жылы Қазақстан экономикасына АҚШ-тан келген инвестициялар көлемі 966,9 млн. долл. құраса, ал 1995 жылы олардың көлемі екі есеге – 412 млн. АҚШ долл. қысқарған. Соңғы төрт жылда олардың көлемі 150-400 млн. долл. өзгерген. 2000 жылдан бастап  тікелей шетел инвестицияларының деңгейі өсе бастады және 2003 жылы оның деңгейі 1 млрд. АҚШ долл. жетті.

АҚШ компаниялары, әсіресе, мұнай-газ өнеркәсібінде, электроэнергия өндірісінде, өңдеу өнеркәсібінде, тамақ және темекі салаларында белсенділік  танытты.

Келесі ірі  инвестор – Ұлыбритания. Қазақстанға ағылшын компаниялары 1994-2005  жж. салған салымдары 4046,3 млн. АҚШ долл. (келген ТШИ-ның 13,6 пайызын) құрады. Бірақ олардың көлемі 1997 жылы 25,7 млн. АҚШ долл., 2005 жылы 622,7 млн. АҚШ долл. өзгерген. 2005 жылдың  ішінде капитал салымдарының ағымы 528,5 млн. АҚШ долл. болды. Ол 2004 жылмен салыстырғанда 101,2 млн. АҚШ долл. көп.

Жаңа индустриалды елдердің ішіндегі ең ірісі – Оңтүстік Корея. Қазақстан экономикасына 1803,5 млн. АҚШ долл. салған. Тікелей шетел инвестицияларының көп ағымы 2000 жылы 720 млн. АҚШ долл., ал соңғы жылдары инвестиция салымы 90 млн. АҚШ долл. аспаған.

Азия елдерінің  ішінде Қытай (1235,6 млн.АҚШ долл.) және Жапония (620,6 млн. долл.) салымшылар болып  табылады.

Тікелей шетел  инвестицияларының ірі салымшылары  Италия (2136,9 млн. АҚШ долл.), Швейцария (1862,3 млн. АҚШ долл.), Нидерланды (2193,6 млн. АҚШ долл.), Канада (1089,9 млн. АҚШ долл.) мемлекеттері 1994-2005 жж. 7 млрд. АҚШ долл. салған. ТМД елдері де Қазақстан инвесторлары болып табылады. Олардың салған салымдары 1 млрд. АҚШ долл. құраған.

 

Кесте 1-Елдер бойынша келген тікелей шетел инвестицияларының үлесі

(1994-2005 жж.)

Мемлекет атауы

ТШИ салымы, млн. АҚШ долл.

Үлесі, %

Австрия

34,6

0,1

Белиз

18,4

0,06

Бермуд құрлығы

75,4

0,3

Ұлыбритания

4046,3

13,6

Венгрия

22,6

0,08

Виргиндік құрлығы

577,8

2

Германия

460,7

1,5

Гэрнси құрлығы

1,8

0,05

Израиль

16,1

0,05

Индонезия

294,3

1

Иран

17,6

0,06

Ирландия

46,9

0,15

Исландия

154,4

0,5

Испания

15,3

0,05

Италия

2076,8

7

Кайман құрлығы

108

0,36

Канада

1089,9

3,7

Кипр

91,3

0,3

Қытай

1235,7

4,6

Либерия

200,3

0,67

Ливан

10,2

0,03

Лихтенштейн

59,8

0,2

1-ші кестенің  жалғасы

Нидерланды

2193,6

7,4

Норвегия

77,3

0,26

ОАЭ

16,1

0,05

Оңтүстік Корея  Республикасы

1803,7

6

Молдова Республикасы

34,7

0,1

Ресей Федерациясы

930,4

3

Румыния

46,9

0,15

Сингапур

19,7

0,07

Словакия

20,8

0,07

АҚШ

8895,2

29,9

Турция

8031

2,7

Франция

688,3

2,3

Чехия

57,7

0,19

Швеция

23,2

0,08

Швейцария

1862,3

6,3

Япония

618,6

2

Басқа мемлекеттер

771,8

2,6

Халықаралық ұйымдар

40,3

0,14

Барлығы

29750

100

Сонымен бірге  ТМД елдері

1068,1

3,5


 

Кестеде тікелей  шетел инвестицияларының үлестері елдер бойынша көрсетілген.

Шетел компаниялары үшін ең көп қызықтыратын салалар: шикізатқа  бағытталған және салалардағы тез  сатып алынатын жобалар, халықтардың сұранысына ие болатын өнімдер.

 

Кесте 2 - Қазақстанға  салалар бойынша келген тікелей  шетел инвестицияларының үлесі ( 1994-2005 ж.ж.).

Салалар атауы

Инвестиция  көлемі (млн. тенге)

Үлесі, %

Барлығы

29750

100

Ауыл шаруашылығы,аң аулау, орман және балық аулау

16

0,1

Тау-кен өнеркәсібі

17144,1

57,6

Өңдеуші өнеркәсібі

4561,4

15,3

Электроэнергия,газ  және су өндірісі мен бөлу

563,8

1,9

Құрылыс

236,1

0,8

Көлік пен тұрмыстық  өнімдерді жөндеу және сату

647,6

2,1

Мейманханалар мен мейрамханалар

107,8

0,4

Көлік және байланыс

557,8

1,9

Қаржылық қызмет

379,3

1,3

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіпорындарға жалға  беру және өызмет көрсету

4971,2

16,7

Білім беру, денсаулық  сақтау және әлеуметтік қызметтер

204,5

0,7

Аталған қызмет түрлеріне жатпайтын қызмет түрлері

360,8

1,2





Сурет 5-Тікелей  шетел инвестицияларының салалар бойынша үлесі (1994-2005  жж)

 

Бұл суретте  көріп отырғанымыздай шетел инвестицияларының  ең көп салымы кен өндіру өнеркәсібінде, өңдеу өнеркәсібінде және жылжымайтын  мүлікпен байланысты операциялар, кәсіпорындарға жалға беру және қызмет көрсету.

Жалпы алғанда, 1994-2005  жж. кен өндіру өнеркәсібіне 17 млрд. долл. салынған. Тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлеміне шаққанда 57,6 пайызын құрады. Негізігі бөлігі (89,8 пайыз) өңделмеген мұнай мен табиғи газды өңдеуге салынған.

Кен өндіру өнеркәсібінің  басқа салаларына тікелей шетел инвестицияларының салымы 1998 жылдан бастап (металл рудаларын өндіруге осы жылы 286 млн. АҚШ долл. тартылды) жүзеге асырылды. 1999 жылы тікелей шетел инвестицияларының көлемі 471,8 млн. АҚШ долл. көбейді. 2000 жылы осы екі салаға 1,3 млрд. АҚШ долл. тартылса, 2001 жылы ТШИ көлемінің күрт төмендеуі байқалды. Мұнай мен газ өндіруде айтарлықтай төмендемесе, металл рудаларын өндіруде ТШИ 20 есе азайды (32 млн. долл.) және қазіргі күнге дейін солай сақталуда.

1999 жылдан бастап аздаған сомада шетелдік инвестициялар көмір өнеркәсібіне құйыла бастады, ең жоғарғы шегі 2001 жылға келеді және 15,7 млн. долл. 2005 жылдың 9 айында 7,5 млн. долл. құрады.

2002 жылдан бері ТШИ келе бастаған саланың бірі урандық руда өндіру. Мұнда да көлемі өте жоғары емес-жылына шамамен 1,5-10 млн. долл. 2005 ж. 15,9 млн. долл. құрады және 2004 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (10,4 млн. долл.).

Қазақстанның  өңдеу сферасына капитал салымының басымды объектілері болып ең алдымен металлургиялық өнеркәсіп, әсіресе түсті металлургия (2379,3 млн. долл. немесе жалпы соманың 52,1%), ТШИ тарту көлемі бойынша кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру мен өңдеу (468,4 млн. долл. немесе 10,3%) табылады.

 

Сурет 6 - Тау-кен  өнеркәсібінің негізгі салаларына 1994-2005 жж. аралығында тартылған ТШИ ( млн. АҚШ долл.).

 

Ең жоғарғы  ағымы 2004 ж. келеді, ол 2 млрд. долл. Капитал салудың басқа сфералары -телекоммуникация, электрлік және электронды жабдықтар өндіру, тұрғын үй құрылысы, яғни Қазақстан экономикасының сол салаларында жоғары пайда табуды көздейді.

Сурет 7 - Өңдеу  өнеркәсібінің негізгі салаларына 1994-2005 жж. аралығында  тартылған ТШИ ( млн. АҚШ долл.).

 

Қызмет көрсету  саласына тартылған ТШИ көп үлесі  геологиялық зерттеу және барлауға келеді. Егер 1994 ж. қызметтің осы түріне 55 млн. долл. тартылса, 2004 ж. осы көрсеткіш 963,9 млн. долл. ұлғайды, ал 2005 ж. 1197,2 млн. долл. құрады. Қызметтің барлық түріне ТШИ тартылған.

Алайда мына фактіні атап көрсеткен жөн, білімге, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласына ТШИ аз түсті. 1994-2004 жж. Салымдар 1 млн. долл–дан 13 млн. долл. аралығында тербелді, тек 1998 ж. 107,8 млн. долл. құрады. Соңғы 7 жылда ТШИ ағымы осы салаға 2005 ж.  62,8 млн. долл. көбейді, бұл үрдіс ҚР Үкіметі өзінің әлеуметтік бағытына көп көңіл бөле бастағандығына байланысты.

1998-2005 ж. 25 наурыз аралығында келісімшарт саны 495, жалпы сомасы 3,7 млрд. долл. (506,2 млрд. долл.) болды.

Қазіргі уақытта  қарекет етуші келісімшарт саны 270, жалпы сомасы - 3 млрд. АҚШ долл. (401,4 млрд. теңге), 138 келісімшарттың салықтық жеңілдіктері мен преференциялары  тоқтатылды. Инвесторлардың өз міндеттемелерін  орындамау себебінен 87 келісімшарттың күші жойылған.

ҚР «Инвестиция  туралы» заңына сәйкес 2003 ж. 8 мамырынан 2005 ж. 25 наурызы аралығында индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын орындау мақсатында 152 келісімшарт жасалды.

Кесте 3 - Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын орындау мақсатында жасалған келісімшарттар тізімі.

Қызмет түрі

Келісімшарт саны

1

2

1.Өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде:

  • азық-түлік өнімдерінің өндірісі
  • тоқыма өнеркәсібі

                                                                                                  

 

 

 

 

               5

               4

 

 

                                                                                           

3 кестенің жалғасы

1

         2

  • ағаш өңдеу
  • целлюлозды-қағаз өнеркәсібі
  • химия өнеркәсібі
  • пластмасса және резеңке бұйымдарының өндірісі
  • металл емес минералды өнімдер өндіру
  • металл өнеркәсібі және дайын металл

бұйымдарының  өндірісі

  • машина және жабдық өндірісі
  • электр жабдықтар өндірісі
  • өнеркәсіптің басқа да салалары

2. Ауыл шаруашылығы

3. Электроэнергия және ыстық су өндіру және тарату

4. Құрылыс

5. Туристік қызмет

6. Транспорт

7. Әлеуметтік  қызмет көрсету

3

12

6

12

20

9

 

6

4

4

14

15

13

1

11

4

Барлығы

152


 

Өңдеу өнеркәсібі саласында жасалған келісімшарттар ішінде металл емес өнім өндірісі (кірпіш, гипс, бетон, қаптау материалдары, шыны), азық-түлік өнімдерінің (сусынды қоса), пластмассалық бұйымдар және целлюлозды-қағаз өнеркәсібі бойынша жобалар саны өсуде. Электро-энергия, газ, су өндіру және тарату, ауылшаруашылық, құрылыс саласында жобалардың көбеюі байқалады, негізінен кәсіпорындардың негізгі қорын кеңейтуге бағытталған.

Информация о работе Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні