Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 00:59, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономикалық жағдайлар тұрғысынан еліміздегі инвестициялық климаттың жай күйін оқып-үйрену, зерттеу. Осы мақсатпен төмендегідей міндеттер қойылды:
- инвестицияның экономикалық мазмұнына шолу;
- еліміздің инвестициялық саясатын зерттеу;
- инвестициялық іс-әрекеттің құқықтық реттелуін қарастыру;
- экономиканың басымды салаларындағы инвестицияның қазіргі
күйіне талдау жасау;
- инвестициялық климатты жетілдіру жолдарын келтіру.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25
2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44
2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 57
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 57
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 66
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75

Работа содержит 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯ К.doc

— 473.00 Кб (Скачать)

1.3 Инвестициялық қызметті  құқықтық реттеу

 

Нарықтық экономикаға ауысу, өндірісті технологиялық модернизациялау қарқыны Қазақстан Републикасының халық шаруашылығына капитал салу масштабы мен тиімділігіне тікелей байланысты. Өкінішке орай, еліміздің экономикасын бұлай тірілендіру сыздықтап қана жүруде. Оған себептер көп-ақ. Ең бастыларының бірі – салымға капиталдың қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, салық пен кедендік тарифтің жоғарылығы болды.

Дегенмен, қазіргі  кезде жағдай жақсарып келеді. Республика Парламенті елдегі инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған бірнеше заңдар қабылдады.

Елімізде инвестициялық  климатты жақсарту – бұл әртүрлі  тұтас кешенді шаралар алу: салық, кедендік тарифтер бойынша жеңілдіктер  беру мен ынталандырудың заңдық негізін  жетілдіруден бастап, мемлекеттік органдарда басқару шешімдерін қабылдағанға дейінгі шаралар. Бұған экономиканы жандандыру дәрежесі, нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейі, валюта нарығының күйі, банк жүйесінің тұрақтылығы және басқа да көптеген факторлар кіреді. Сонымен қатар, шетел капиталын тікелей салу үшін сол елдің қызықтыратын басты сипаттамаларының бірі елдің заңнамасында экономикалық ынталандыру мен жеңілдіктер жүйесінің болуы. Барлық жағдайлары бірдей болғанда салық салу жүйесінде жеңілдіктер беретін мемлекетке таңдау жасалынады.

Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу екі деңгейде жүзеге асады: ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық. Ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық реттеу бірін-бірі толықтырады және өзара тығыз байланысты [4].

Шетелдік инвестицияны халықаралық-құқықтық реттеу екі жақты және көпжақты халықаралық келісімшарттардан тұрады. Шетелдік инвестицияның халықаралық-құқықтық реттеудің басты құраушы бөлігін инвестицияның ынталандыру мен өзара қорғаудың екі жақты келісімі құрайды. Инвестицияны ынталандыру мен қорғаудың Қазақстан Республикасында жасалған екі жақты келісімінде келісуші жақтар қатысушы-мемлекеттер инвесторларына ортақ негізде екі режим ұсынады: ең қолайлы жағдайлы режим немесе ұлттық режим. Ең қолайлы жағдай принципі деп, әрбір келісуші мемлекеттер басқа келісуші мемлекетке, басқа үшінші мемлекетке берген немесе болашақта беретін артықшылықтарын, жеңілдіктерін, беретіндігіне міндеттелетіндігі айтылады. Ұлттық режим принципі деп, шетелдік адамдар, шетелдік компаниялар және шетелдік тауарлар осы елдің адамдарының құқықтарымен, ұлттық компаниялар мен ұлттық өнімдермен теңестірілуді айтады.

Екі жақты келісімдер кепілдіктерінің бірі – шетелдік инвесторға оның мүддесіне қысым  жасалған жағдайда, осы мемлекеттің  сотына шағымдануға ғана емес, халықаралық  сотқа да шағымдануға мүмкіндік беріледі. Жалпы екі жақты келісім таластың екі түрін шешудің тәртібін қарастырады: инвестор мен инвестиция алушы мемлекеттің арасындағы талас және мемлекеттер арасындағы талас. Егер талас консультациялар немесе басқа да дипломатиялық каналдар жолымен шешілмесе, ол мемлекетаралық үшінші немесе арбитраждық сотқа беріледі. Бұл жағдайда, яғни инвестициялық таласты халықаралық сотпен шешкенде Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджіне үлкен нұқсан келеді, өйткені мұндай процестер шетелдік БАҚ-ында беріліп, инвесторлар алдында жағымсыз көзқарастар қалыптасады.

Тіпті, сот процесі  арқылы жеңіп алғандағы материалдық  пайда, елдің имиджіне түсетін дақтан келетін шығынмен салыстыруға болмас еді.

Екі жақты келісімге  сәйкес шетелдік инвестиция үшін тағы да бір ерекше кепілдік бар. Оның мәні, екі жақты келісіммен қарастырылған құқықтық кепілдіктер, келісім уақыты біткеннен кейін аталған келісімнің қызметі аяқталуы мерзіміне дейінгі инвестицияларға қатысты 10-15 жыл ағымында сақталады. Мұндай кепілдік шетелдік инвестициялар үшін кеңейтуге ұмтылушылықты дәлелдейді.

Сонымен, шетелдік инвестицияны ынталандыру мен қорғау туралы екі жақты келісімдер шетелдік инвесторлар үшін үлкен маңызға  ие. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын көпжақты халықаралық  келісімшарттар екі жақты келісімдер сияқты көп емес. Көпжақты келісімшарттардың бірі 1997 жылы 28 наурызда жасалған “Инвестордың құқығын қорғау туралы Конвенция”, ТМД шеңберінде 1993 жылы 24 желтоқсанда қабылданған “Инвестициялық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім”. Бұл келісімнің ерекшеліктерінің бірі, қатысушы-мемлекеттер инвестициялық қызметтер сұрақтары бойынша өз заңнамаларын жақындастыру мақсатында шаралар алып, соның ішінде қатысушы-мемлекет инвестицияларымен кәсіпорындар құру және оның ұйымдастыру-құқықтық түрлерінің тәртіптері бойынша, инвестиция салу, экология және санитарлық-гигиеналық сараптау, олардың есебі және есеп беру қызметі туралы ойластырылған. Инвестиция бойыша көпжақты халықаралық келісімдердің қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі және шетел инвестициясын салуға қолайлы мемлекет ретінде өзінің имиджін күшейтеді. Көпжақты халықаралық келісімшарттар жасау республикаға шетел капиталын тартуда үлкен рөл атқарады. Қазақстанға тікелей шетел инвестициясын тартуда дипломатиялық өкілдіктер жұмысының тиімділігін арттыру қажет. Инвестицияны ұлттық-құқықтық реттеу Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған мемлекеттік нормативті-құқықтық базаға сәйкес негізделген. Бұл сұрақтарды қамтитын қазіргі кезде республикада көптеген нормативті-құқықтық актілер қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының  Парламенті “Тікелей инвестицияны мемлекеттік  реттеу туралы” Заң және Қазақстан  Республикасы Президентінің, шұғыл  қажет болуына байланысты, заңдық күші бар “Бюджетке салық төлеу және басқа да міндетті төлемдер туралы” жарлығына қосымшалар мен өзгерістер туралы заң қабылдады.

2003 жылдың 8 қаңтарында  “Инвестиция туралы” Заңның  қабылдануы Қазақстанда қолайлы  инвестициялық климат құру және  сыртқы ресурстарды тартудың мемлекеттік саясатының бағыттылығын дәлелдейді. “Инвестиция туралы” Заң негізінен екі бөлімнен тұрады. Біріншісі - инвестициялардың құқықтық режимін бекітеді, екіншісінің құрамына инвестицияларды мемлекеттік қолдау бойынша қатынастарды реттеуші ережелері енеді.

Қабылданған заңдар республиканың инвестициялық климатын отандық және шетел инвесторлары үшін неғұрлым қолайлы режим құруға түпкілікті өзгерістерге бағытталған. Бұл нормативті актілерде Халықаралық  орталықтың салық және инвестиция бойынша ескертулері мен ұсыныстары есепке алынды. Комитеттер мен палата отырыстарында парламент депутаттары жобаны қарау барысында айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

“Тікелей инвестицияларды  қолдау туралы” Заңы инвесторлардың құқықтарының ерекшелік деңгейін арттыратын жаңа заңгерлік ережелері бар, ол Қазақстан инвестициялық аймағының бәсекеге қабілеттілігін арттырады [7].

Бірінші кезекте  басымды салаларға тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдаудың міндеті  мен мақсаты бөлек баппен жазылған, оның тізімін ел Президенті бекітеді. Бұл өндірістің күрделі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Бұл ең алдымен  машина жасау, шикізатты өңдеу және ақырғы өнімді өңдеуге бағытталған, мәрелік қайта балқыту, өндіріс  инфрақұрылымы және технологиялық  процесті жетілдіру.

Бекітілген  инвестордың мүддесін қорғау бойынша  Қазақстан Республикасымен ұсынылған  кепілдікке Заңда бөлек бап арналған. Инвесторларға мемлекетпен берілетін  кепілдік олардың Қазақстан экономикасына  капитал салу ынтасын арттыруы қажет. Олар инвесторларды еркін бәсекемен қамтамасыз етеді, яғни бәсекелеріне қатысты құқық; кәсіпкерлік іс-әрекет мүмкіндігі, яғни мемлекетке қатысты құқық. Неғұрлым маңызды кепілдіктер:

  • инвестордың өзін жарғылық қорда немесе шаруашылық серіктестік акцияларындағы үлесін басқару құқығын шектемеу, сонымен бірге салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу жағдайында жарғылық немесе акцияға үлестік қатысын сату нәтижесінде түскен пайда немесе кірісті шектемеу;
  • бекітілген инвестор өндіретін тауарларды сату мен өткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияларды құрмау;
  • шикізат өткізу немесе тауар сату барысында бағаны реттеу және бақылау шараларын жасамау;
  • инвесторларға заң бойынша тиісті мүлікті басқаруда мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар кедергі бола алмайды;
  • Қазақстан Республикасы Заңымен инвестициялар, кіріс, дивиденд, инвесторлардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.

Бұл заң арқылы инвесторлар инвестициялық  жобаларды жүзеге асыру үшін ынталандыру  шаралар жүйесін қолдануға еркін  құқық алады. Біріншіден жеңілдіктер  мен преференциялар жүйесі нақты және біржақты анықталған. Олардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, экономиа секторының басымдылығына тәуелді. Бұл дегеніңіз, кәсіпкерлердің, инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді. Екіншіден, мемлекет натурлық гранттар ұсынады.

Жобаны жүзеге асыруға қажетті жабдықтар, шикізат  пен материалдар импортының кедендік баж салығын салудан толық  және жартылай босату инвесторларға  үлкен пайда әкеледі.

Заң инвесторды бекіту процедурасын экспертизаға қажетті  мерзімді анықтап, оларды бюрократиялық кедергілерден қорғайды және инвестициялық жобаға қатысты іс-әрекеттің жариялылығы мен заң бұзбау атмосферасын тудырады.

Жеңілдіктер берілуі  мен қатар инвесторлардың жауапкершілігіне қатаң талаптар да қою қарастырылды. Инвестор мен Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі Комитетінің, салықтық жеңілдіктер беру жөніндегі келісім бойынша, келісімшарттарының талаптары бұзылған жағдайда, барлық салықтар “қайтарылуы” тиіс және салықтық заңнамаға сәйкес айыппұл салына алады.

Республикада  инвестициялық клиамтқа жағымды жағдай жасау және бұл процестің динамикасы мен ауқымдылығына кең өріс ашу мақсатында Парламент депутаттары Заң жобасын талқылау мен тиянақтауға үлкен белсенділік пен конструктивтілік танытты. Жобаның бірнеше баптары өңделіп және толықтырылып, жекелеген парагарафтарына редакциялық түзетулер жасалды. Заң жобасының әртүрлі баптарына отыздан астам түзетулер мен толықтырулар жасалды.

Тағы да бір  маңызды нәрсе, инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты қызметтің  ашық болуының күшейтілуі. Бұл заң бойынша Комитет бекітілген жобаның жүзеге асырылуы туралы барлық нормативті-құқықтық актілерді БАҚ-да жариялап отыруға тиіс.

Жаңа заң, инвестициямен  жұмыс кезінде туындайтын барлық заңдық, экономикалық және әкімшіліктік қатынастар құрылымын қамтиды.

Бұлардың бәрі таяу уақытта шетел капиталы үшін Қазақстанның тартымдылығын арттырып, экономиканың басымды секторының ресурстары үшін бәсекелестікте отандық позицияны  нығайтуды және мақсаткерлік пен  жүйелі түрде жүргізілетін экономикалық реформаларға байланысты халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы инвесторлардың қызметін көрсететін кең ақпараттық қызмет көрсету жүйесі болуы тиіс, республиканың региондарында инвестициялау  жағдайлары мен нормативті-құқықтық мүмкіндіктері туралы хабардар болып отыруы керек.

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ТІКЕЛЕЙ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН  ТАРТУ МЕН ҚОЛДАНУДЫ ТАЛДАУ

2.1   Қазақстан Республикасындада  тікелей шетел инвестицияларын  тарту мен қолданудың қазіргі  жағдайы мен мәселелері

 

Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі тікелей шетел инвестицияларын (әрі қарай ТШИ) тартудың дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан экономикасында инвестиция және қолайлы инвестициялық климат құру ең ауыр және өткір мәселеге айналды. Экономиканың көптеген саласы шетел ресурстарын мол көлемде қажет етеді.

Шетел ресурстары экономикалық белсенділікті жандандыру мен экономикалық өсудің тұрақты  жолына шығу үшін ғана емес, сонымен  қатар экономиканың басты салаларының  моральдік және физикалық тозған негізгі қорын ауыстыру үшін қажет.

Өтпелі экономикасы  бар елдермен салыстырғанда Қазақстандағы  ТШИ көлемі мардымды емес. Алайда ТМД елдері ішінде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда алдыңғы орынды алады. 1994-2000 жж. Қазақстан экономикасына келген жылдық ТШИ 80 АҚШ долл. құрады, Венгриямен салыстырғанда жан басына келетін ТШИ жылына 220 долл. және Чех Республикасында бұл көрсеткіш 134 долл. құрады. Шетел инвестициясын бұл елдерге тартуда мынадай факторлардың әсет еткені туралы айтқан жөн, Венгрия мен Чехияның Батыс Европаға географиялық жақындығы мен Европалық одаққа қосылу перспективасы, ТШИ ауқымы жоғары.

Компаниялардың  өз қызметін осы және басқа елдерде  жасау туралы шешім қабылдаудағы мотивтері көптүрлілікпен ерекшеленеді. Шартты түрде оларды екі ірі топқа  бөлуге болады. Бір жағдайда фирмалар басқа елде өндірілетін тауар сату және қызмет көрсетумен айналысады, екіншіде – жергілікті нарықта сату немесе басқа елге экспорттау мақсатында, аталған елде өндірістік қуаттарды қалыптастыру құралдарын инвестициялайды. Сөйтіп, компанияларға осы және басқа стратегияны таңдау мотивін айқындауға тура келеді, сонымен қатар өз қарекетін іске асыруда мәселелердің ұқсастығымен айырмашылығының деңгейін анықтау керек. Өнімдерін шетелге өткізуде компаниялар аталған елде кәсіпорын құруға міндетті емес, өйткені олар өз тауары мен қызметін өндіру үшін лицензиясын сату мүмкіндігі бар және лицензиялық төлемнен табыс ала алады.

Қазақстан және басқа да бұрынғы социалистік  елдер үшін бұл үрдісті іске асыру  жолында кедергілер бар. ТМД елдеріне (әсіресе Ресей мен Қазақстан) өз қаржыларын салушы шетел инвесторларының пікірінше ең басты мәселе – қылмыс пен сыбайластық қана емес, қайта-қайта ауысатын салық заңы. Маңыздылығына байланысты келесі мәселелер аталады: несие беруші мен иегердің құқығын қамтамасыз етуге қатысты кедендік реттеу, макроэкономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, дамымаған банктік сектор, бухгалтерлік есеп жүйесі, содан кейін ғана сыбайластық.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің мәліметі бойынша Қазақстанға 1993-2006 жылдар аралығында келген ТШИ көлемі 29,9 млрд. АҚШ долл. тұрады. Қазақстанға әр жылдары келген шетел инвестициясының көлемі 1 млрд. АҚШ долларынан кем болмаған.

Ел экономикасына  шетел инвестициялар ағымына  тән басты ерекшелік - олардың 90-шы жылдар ортасында қарқынды өсімі. Сөйтіп ,бес жылдың ішінде (1995-1996 жж.) тура капитал салымының ағымы 2,9 млрд. АҚШ долл. құрады. 1998 жылдан бастап шетел инвестицияларының ағымы жылына 1 млрд. АҚШ долл. төмен болған жоқ. 1999 жылы елімізге 2 млрд. АҚШ долл. келсе, бірақ Азия елдеріндегі дағдарысқа байланысты тікелей шетел инвестицияларының ағымы қысқарып, 1,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Ол 1999 жылмен салыстырғанда 41,5 пайызға кем. Дағдарысқа қарамастан, тікелей шетел инвестициялар ағымының қарқыны 1 млрд. АҚШ долл. төмендеген. 2000 жылы Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлемі 1,85 млрд. АҚШ долл. құрап, 1999 жылғы көрсеткіштен (1,23 млрд. АҚШ долл.) 1,5 есе көп. 2002-2004 жж.өткен жылдармен салыстырғанда 1,5 есе өскен және сәйкесінше 2,8-4,5 млрд. АҚШ долл. құрады.

Информация о работе Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні