Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 00:59, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономикалық жағдайлар тұрғысынан еліміздегі инвестициялық климаттың жай күйін оқып-үйрену, зерттеу. Осы мақсатпен төмендегідей міндеттер қойылды:
- инвестицияның экономикалық мазмұнына шолу;
- еліміздің инвестициялық саясатын зерттеу;
- инвестициялық іс-әрекеттің құқықтық реттелуін қарастыру;
- экономиканың басымды салаларындағы инвестицияның қазіргі
күйіне талдау жасау;
- инвестициялық климатты жетілдіру жолдарын келтіру.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 6
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6
1.2 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 10
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Басымды салалардағы инвестициялық іс-әрекеттің қазіргі жағдайы 25
2.2 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолдау 44
2.3 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 50
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 57
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру 57
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары 66
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75

Работа содержит 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯ К.doc

— 473.00 Кб (Скачать)

Құрылымдық  қайта құру институционалдық рефрмалармен қатар Қазақстанда болып жатырған экономиканың орталықты жоспарлаудан әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылыққа трансформациалануда маңызды бағыт болып табылады.

Бұл қайта құру жылдар бойы жинақталған жоспарлы шаруашылықтың  терең құрылымдық деформацияларын  жоюға арналғанғ, өндірістік күштің сапалы жаңа жүйесін құруды қаматамасыз ету.

Мемлекеттік инвестициялық  іс-әрекеттің басты мехнизімінің бірі мемлекеттік қаржы болып  табылады. Мемлекеттік қаржы –  экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарының басты комплексі болып  табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Мемлекеттік қаржы арқылы жалпы өндірістің көп бөлігі бөлінеді: Жапония мен Ресейде – шамамен 1/3, Франция мен Нидерланд елдерінде – 1/2, Швецияда – 2/3 артық.

Инвестициялық іс-әрекетті қаржыландыру көздері және жүйесі

Ұйымның, басқарудың интеграциялық құрылымдарының инвестициялық  қызметін дамыту мен жүзеге асыру  қаржыландырудың негізді жүйесін  құруды талап етеді. Ұйымның инвестициялық  қызметі заңды және жеке тұлғалрдың сонымен қатар мемлекеттік, шетел  және халықаралық ұйымдардың қатысуы арқылы жүреді. Жалпы түрде қаржыландыру жүйесі өзара байланысты бөлімнен тұрады (1 сурет).

Мемлекеттік қаржы  өзінің құрамына келесілерді енгізеді:

- мемлекеттік  бюджет;

- бюджеттен  тыс қорлар;

- мемлекеттік  несие жүйесі;

- сақтандыру жүйесі.

Қаржыландыру  жүйесі

 

Мемлекттік  қаржы

 

Шаруашылық  етуші субъектілер қаржысы




    Сурет  1- Қаржыландырудың құрамды өзара  байланыс бөлігі

 

Мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарының орталықтанған  қорын жинақтау формасы болып  табылады және мемлекеттік билік органдарының қызмет етуін, елдің қорғанысы, халықшаруашылығының негізгі бағыттарын қаржыландыруға, әлеуметтік мәдени шараларын қаматамасыз етуге арналған. Оның көмегімен қоғамдық өндірістің және тұтастай елдің даму қарқынына әсер ету мақсатында ұлттық табыстың бөлінуі жүзеге асады.

 Бюджеттен  тыс қорлар үкімет пен жергілікті  басқару органдарының қаржы ресурстарын  білдіреді, олар мемлекеттік бюджетке  енбейтін қаржы ресурстары. Бюджеттен  тыс қорлардың негізгілері: зейнетақы  қоры, сақтандыру қорлары.

Мемлекеттік несие жүйесі шаруашылық етуші субъектілердің,  қайтарылуы есептелген, уақытша бос қаржы ресурстарын мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мақсатында мобилизациялауға мүмкіндік береді. Сақтандыру жүйесі табиғи апат зардаптары нәтижесінде пайда болған шығындарды жабуды қаматамасыз етуге арналған. Әрбір шаруашылық етуші субъектіні қаржыландыру жүйесі басқа да шаруашылық етуші субъектілермен және қаржылық құрылымдармен инвестициялық қызметті қаржыландыру бойынша ақша қатынастарын қамтамасыз ету керек. Нарықтық экономика жағдайында қаржыландыру жүйесі бөлу және бақылау функцияларын атқарады.

Бөлуші қызмет нақты бір шаруашылық етуші субъектіні қажетті қаржы ресурстарымен  қаматамасыз етуге арналған. 

Бақылау функциясы  қаржы ағымы мен олардың көлемдік шығындарын талдауға әкеледі. Бұл функциялардың  орындалуы нақты шаруашылық субъектілері қаржы ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланғаны туралы тұжырым жасауға мумкіндік береді. Бақылау функциясы жүзеге асырылуының құралы ретінде  қаржы ақпараты бар. Бұндай ақпаратты шаруашылық  етуші субъекттің бухгалтерлік, басқару, статистикалық және оперативті есептілігінде болады.

Ұйымның инвестициялық  қызметтегі қаржыландыру жүйесі бірнеше  мәселелері шешімімен байланысты. Бұл  мәселелердің шешімі дегеніміз ұйымның  инвестициялық қызметін негізгі және айналым  құралдарымен мүліктік құқықпен, материалдық емес активтермен, несиелермен, жер пайдалану құқығымен қаматамасыз ету. Ұйымды инвестициямен қамтамасыз етуде қаржыландыру келесі кезеңнен өтуі қажет:

- ұйымның инвестициялық қызметін қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын алдын ала іздестіру;

- қаржылық стратегияны  әзірлеу;

- жедел қаржы  жоспарын әзірлеу;

- әлеуетті инвесторлармен  келісімшартқа отыру.

Инвестициялық қызметті қаржыландырудың рационалды жүйесі қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталуы керек. Инвестиция салу нәтижесінде шаруашылық етуші субъектінің қызметінің тиімділігінің артуы қаржы саясатының әрекеттілігімен қатар, нақты практикалық жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Ұйымның инвестициялық қызметінің қаржыландыру жүйесі келесі принциптерге сүйенуі керек:

  • қаржыландыру жүйесінің максимальді нәтижеге мақсатты бағытталуы;
  • инвестициялық қызметтің заңды қорғалуы және қаржылық негізділігі;
  • қаржыландыру көздерінің неғұрлым көп болуының жеткіліктілігі;
  • қаржыландыру жүйесінің нақты жағдайда икемділігі мен бейімділігі.

Инвестициялық қызметті жақсы ұйымдастырылған  қаржыландыру

жүйесінің  болуы  ұйымның қызметінің жоғары тиімділігін  қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде  бұл жүйе стратегиялық мақсатқа, сонымен бірге тактикалық мақсатқа жетуге әсер етеді.

Қаржыландырудың негізгі көздері. Инвестициялық  қызметті қаржыландыру көздері көп  көлемділігімен және көп түрлілігімен ерекшеленеді. Жалпы түрде меншікке қатысына байланысты қаржыландыру көздері  үш түрге бөлінеді (2 сурет).

 

Қаржы көздерінің түрлері


 

 

 

 

Сурет 2- Қаржыландыру көздерінің түрлері

 

Ұйымның жеке қаржы  ресурстары жарғы капиталы, пайда, амортизациялық аударымдар, жеке және заңды тұлғалардың  жинақтары ретінде болады. Одан басқа  жеке қаржы ресурстарына табиғат апатынан, авария, айыппұл, пеня шығындарын төлейтін сақтандыру органдарының құралдары да жатқызылады. 

Тартылған қаржы  ресурстары акция, еңбек колективі  жеке және заңды тұлғалардың мүшелерінің, пайлық және басқа салымдарынан түседі. Қарызға алынған құралдар облигациялық займдар, банктік және бюджеттік несие есебінен тартылады. Заемға алынған қаржы құралдарына шетел инвестицияларын жатқызуға болады. Шетел инвестициялауында шетел мемлекеттері, халықаралық қаржы және инвестициялық институтар, жеке дара ұйымдар, институционалды инвесторлар, банктер, несие мекемелері қатысады (3 сурет).

 

 

 




 



 




 




 



 









 

 

 Сурет 3- Инвестициялық  қызметтің негізгі қржыландыру  көздері

 

Нақты инвестициялық  жобаларды қаржыландыру үшін мемлекет деңгейінде де, ұйым деңгейінде де қаржыландыру көздерінің құрамы пайдаланады.

Инвестициялық шешім қабылданған және шығындар мен салынатын құралдар мерзімі  белгілі болғаннан кейін жобаны қаржыландыру шараларына көшу керек. Жабдықтаушылар несиелерін, несие мекемелерінің қаржыландыруымен ұйымның меншікті құралдарын есепке ала отырып тартылған және меншікті құралдар арасындағы рациональді экономикалық теңдікке ұмтылу қажет [3].

Тәжірибе көрсеткендей, жобаны қаржыландыру мәселелері толық шешімін таппайынша жұмыстарды бастау ұтымдыы емес. Инвестициялық зерттеу жүргізу кезеңінде жобаны іске асыруға байланысты шығындарды дұрыс анықтау өте маңызды. Объективті есептелген шығындар негізінде қаржыландыру түрі және одан шығатын өндірістік шығынның бөлігін құрайтын қаржы шығыстарын анықтауға болады. Болашақ жобаны рационалды құрылған қаржыландыру жүйесіне инвестициялау тиімділігі мен несие берушіге қайтару мерзімі тәуелді.

Бұл жағдайда потенциалды  инвесторлармен алынатын несиенің пайыздық мөлшерлемесі туралы келісім маңызды рөл ойнайды.

Инвестициялық қызметті қаржыландырудың маңызды  көздерінің бірі болып мемлекеттік  бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың  құралдары табылады. Мемлекеттік  бюджет құралдары мемлекеттік мақсатты баңдарламаларды және басқа да мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталады және ҚР-ң заңымен анықталады.

Келесі басты  механизм ол – ақша-несиелік құралдар. Ақша құралдары арқылы мемлекеттік  реттеудің мәні – бос ақша ұсынысының көлемімен «несие бағасын» өзгерту. Ақша – несиелік құралды қолдануға бағытталған МЭС, монетарлық саясат деп аталады.

Монетарлық  саясат  жетілген нарықтық экономика  саясатын, институционалды және заңды  инфрақұрылымды, түбірлі кәсіпкерлік  психологияны, инфляцияның болжанған  және көрсеткіштерін немесе оның болмауын қарастырады.        

Инвестициялық іс-әрекеттің толық қанды жұмыс  істеуі үшін төмендегідей бағыттағы  мәселелер жүзеге асырылуы керек:

- инвестициялық  қызметтің ақпараттық қамтамасыз  етілуі.

- потенциалды  инвесторларды елдегі жүргізіліп  жатырған реформалар, демократиялық қайта құрулар мен елдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы уақытында және нақты ақпараттармен қамтамасыз ету;

- әртүрлі халықаралық  жиындарда елдің инвестициялық  мүмкіндігін көрсететін хабарламалар;

- елдегі экономикалық  жағдай мен оның даму перспективалары туралы периодты түрде елдегі және халықаралық іскерлік басылымдарда жариялап отыру;

- мемлекеттік  органдар мен инвесторлардың  өзара байланысында транспаренттілікті  қамтамасыз ету;

- дипломатиялық  келіссөздердің шеберлігі;

- елдің инвестициялық  мүмкіндіктерін таныстыру.

- инвестициялық  қызметтің заңнамалық қамтамасыз  етілуі.

Басты мақсаты  салымның өсімі мен пайдасы, оның сенімділігі мен өтімділігі болғандықтан, инвестициялауға байланысты құқықтық қатынастардың басты шарты, инвесторлардың басты талабы, бұл қызметке байланысты тәуекелден максималь түрде қорғалуы екені түсінікті. Бұл дегеніңіз, инвестор үшін маңызды нәрсе инвестициялық заңдылықтардың жай күйі: инвестицияның құқықтық режимі, ақпаратқа қол жеткізу, инвесторларға берілетін кепілдіктер, салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар.

Инвестициялық инфрақұрылымның дамуы.

Инвестициялық инфрақұрылым, елдің инвестициялық  климатының құраушы элементтерінің бірі ретінде тұрақты дамуды қажет  етеді.

- инвестордың  өз қызметінде пайдаланатын территориясының инфрақұрылымдық жағдайы (автомобиль және темір жолдар, аэропорттар, теңіз және өзен порттары, сумен, электр энергиясымен қамтамсыз етілуі, байланыс пен телекоммуникациясы);

- дүниежүзінің  дамыған елдеріндегі тікелей  инвестиция тарту тәжірибесін пайдалануы;

- инвесторларға  маман жұмысшы кадрларын іздеу  мен дайындауға көмектің болуы,  тауарлар мен оған қызмет етілудің  жағдайы;

- инвесторларға  тығыз ынтымақтастық орната алатын  екінші деңгейдегі банктердің  болуы.

Инвестиция тартуда мемлекеттік қолдаудың жетілдірлуі.

- экономика  салаларына тікелей инвестиция  тартуда мемлекеттік қолдаудың  икемділігі мен адекваттылығы;

- елдегі саяси  тұрақтылықтың болуы.

Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі  мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.

    1. Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциялар мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық, алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Әлемдік тәжірибе тікелей инвестициялардың ағымы тұрақтылық, сенімділіктің өсуіне байланысты ұлғаятынын көрсетті.
    2. Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттарға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық “ойын ережелері” анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
    3. Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
    4. Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін тең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
    5. Келісімшарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі. Әрбір келісімшарттың негізсіз біржақты бұзылуы инвестор тарапынан негативті реакция тудыруы мүмкін.
    6. Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелілігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасына дамуы үшін еркін репатриациялау немесе реинветициялауға мүмкіндігі болуы тиіс.
    7. Экономиканың басымды салаларына тура инвестицияларды ынталандыру. Жеңілдіктер мен преференциялар ең алдымен ұлттық экономиканың модернизациясы тәуелді салалары мен аймақтарға салынатын инвестицияларды қолдауға бағытталған.
    8. Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету.
    9. Қоршаған ортаны қорғау. Жер қойнауын пайдалану мен тауар және қызмет көрету өндірісін дамытуға салынатын тікелей инвестициялар елдің экономикалық жүйесінің бұзылуына әкелмеу керек. Қазақстанның экологиялық “лас” салалар мен өндірістерде орналастыруға қойылғаны маңызды орын алады.

Информация о работе Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні