Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 07:03, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз, соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті проблемалардың бірі – инфляция.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................5
1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері........................................................5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары..........................................................7
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.............................................10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................................12
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері......12
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау...................................................................................................13
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау.....................17
3.ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ........
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары .................
3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары............................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

новый (3).docx

— 164.20 Кб (Скачать)

4.Болжаулық  дәрежесіне қарай:

- Күтілмейтін инфляция – бұл белгілі бір уақытқа, болжалайтын инфляция.  
- Күтілмеген инфляция – бұл кенеттен өсуімен сипатталады. Бұл ақша айналымына, салық жүйесіне нұқсан келтіреді.  
 
Инфляцияның даму факторлары және оның салдары. 
Инфляцияның даму факторлары әр-түрлі, олар ішкі және сыртқы, ақшалай және ақшалай емес сипатта болуы мүмкін. Ақшалай факторлармен туындаған инфляция сұраныс инфляциясын, ал ақшалай емес- шығын инфляциясын білдіреді.Бұл екеуі де ішкі факторға жатады. Ақшалай факторларға мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ақша белгілерінің эмиссиясы, мемлекеттік қарыздың өсуі т.б жатады. Ақшалай емес факторларға жұмыс өнімділігінің төмендеуі, экономиканың циклдік дамуы, директивалық бағаның түзелуі жатады. 
Инфляция факторларын былайша топтаймыз: 
-ұдайы өндірістік факторлар: тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды. 
-қазыналық факторлар- ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі. 
-ақшалай факторлар-ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі сипат алып отырады. 
-сыртқы факторларға- экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.3. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары

Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен  тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі  мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз  қайта бөлуіне мәжбүр етеді.Қаражаттар жеке сектордан мемлекет тарапына қайта  бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының  барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені  инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық  салық нақты ақша қалдығы құнының  төмендегенін көрсетеді.

Екіншіден, инфляцияның  жоғары қарқыны және баға құрылымының  күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының  жоспарлауын қиындата түседі. Ңәтижесінде  бизнес жүргізуде болжамсыздық пен  қауіп-қатер көбейеді. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен  пайда өседі. Инвестициялар қысқы  мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде  күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта  бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын  және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол  ашады.

Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің  шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде  импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық  көбейеді және тауар өндірушілер  ойсырады.

Бесіншіден, тұрақтылығы  жоғары шетел валютасына сұраныс  өседі. Капиталдың шетелге кетуі  өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты  құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде  осы тауарлардың бағасы, бағаның  жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі  экономикадағы сұраныстың өсуіне дем  береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты  активтер сатып алу үшін қосымша  шығын жасауға мәжбүр болады.

Жетіншіден, мемлекеттік  бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты  табыстары төмендейді. мемлекеттің  экспонсионистік фискалдық және монетарлы саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.

Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын  шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін  талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы  инфляция бір мезгілде экокномикалық  өсудің төлемі және оның стимулы болып  табылады. Дефляция керісінше жұмспен  қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.

Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір  жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші жақтан арасында тікелей өзара  байланыс болмайды.

 Оныншыдан,  әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің көлемі ұқсас емес бағыты жылжып отырады.

Сонымен, егер баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады. Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын сатып  алады, ал кәсіпорындар инвестициялық  тауарларды алады. «Инфляциялық психоз»  бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат  және даяр өнім алуға тырысады, ювелирлік тауарларды, алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда: бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің функциясын орындай алмайды. Сондықтан заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында экономикалық, әлеуметтік, саяси бейбастақсыздық болуы мүмкін.       
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Қазақстан  Республикасындағы инфляция және оны  реттеу негіздері

2.1 Қазақстандағы  инфляцияның пайда болуы және  оның ерекшеліктері

Осы күндері  Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан іздестірген  дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс  құрылымы қаржы  баға  жүйелерін  анықтайды. Өндірісте  диспропорциялар  қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде  де  сәйкессіздіктер пайда болады.

 Қеңес экономикасының  70 – ші жылдың даму кезеңдерінде  қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар  әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз   ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес  экономикасында  тарихи  түрде  қалыптасқан диспропорцияларды  бірнеше топқа бөліп анықтауға  болады:

өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;

ауыр өнеркәсіп  пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;

шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;

әскери өндіріс  пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;

материалдық өндіріс  пен материалдық емес  өндіріс  арасындағы  диспропорция т.б.

Бұл диспропорциялар  Кеңес экономикасының өзінде  бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты  түрде  қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10 -15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды  реформалау шаралары осы инфляцияның  нәтижесін заңдастыру ғана болған.

Қазақстанда қалыптасқан  өндірісаралық, оның ішінде шикізат  өндірісі мен түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті  бұрынғы Одақтас Республикаларға  қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес  Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат  пен энергия  өндіруші базасы ретінде  дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс  құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда  тауар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу  үшін  алынған несие  көлемі бір  жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы  бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік  шаруашылықпен  азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.

Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы  инфляцияның дамуы – мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталынып тұрды: ол 1991 ж.  бюджеттің  шығыстары  бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 %, 2003 – 4,3 %, 2004 – 1,4%, 2005 жылдан бастап республикалық бюджет профицитпен атқарылды. 2005 - , 2006 - , 2007 - , 2008 - 1,453 млрд.  теңге (ЖІӨ-ге 0,11 %) 2009- , 2010- құрады. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  және  осыған  байланысты  мемелкет  кірістерінің  құнсыздануынан туады. /8,45б./  

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Қазақстан  Республикасындағы қазіргі кездегі инфляцияның даму қарқынын талдау

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы Г.Марченконың 2010 жылы берген  мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:

 2010 жылдың инфляцияның деңгейі 7.8 % құрады. (2009 жылы - 6.2%).2010 жылдың инфляция деңгейі азық түлікке 10,1% (2009 жыл- 3,0%) жоғарлады, ал азық түлік емес тауарларға 5,5% -ға жоғарлады.

2010  жылдың қараша айында 2009 жылға қарағанда жарма – 16.7% - ға , темекі - 25,8% , жеміс және көкөніс бағасы – 19,1%, майдың бағасы–18.8%,   қант бағасы - 12.3%, ет пен ет өнімдеріне – 12.1% қымбаттады. Күріш –7.9%, ұн бағасы - 0.6% арзандады.

2010 жылдың қараша айында  азық түлік емес тауарларға нығыздалған газдың бағасы – 13.7%, бензин бағасы - 6.0% , дизельді отын – 12.1%, дәрі дәрмек – 7.3% , газет-журнал, кітап, кеңсе тауарларға -6.1% ға өсті.

Ақылы  қызмет  көрсетудің ішінде тұрғын - үй коммуналдық    қызмет           көрсету     7.0 % - ға  қымбаттады. Соның ішінде электрэнергияға 12.4 %, суық суға 11.5 %, канализацияға - 8.6% жоғарлады. Сонымен қатар                     білім беру  мекемелерінің   қызмет  көрсету құны – 8.6%,соның ішінде жоғарғы оқу орындарына -13.8%, медицина  мекемелерінің қызмет көрсетуі – 9,8% , құқықтық қызметтерге-7.5%, көлік қызметтеріне – 5.5%, соның ішінде теміржол қызметіне – 8.8% -ға қымбаттап отыр.  

«2009 жылғы жасалған болжамдар 6-8% жалпы алғанда сәйкес келді. 2011 жылы  инфляция деңгейі сол қалпы қалады деп ойлаймын », - деп мәлімдеді Ұлттық банктің төрағасы.

Ал,2011 жылы 8 ай ішіндегі Қазақстандағы инфляция деңгейі 9%-ға жетті.ҚР Ұлттық Банкінің мәлімдеуінше, шілдеде тұтыну инфляциясы Қазақстан Республикасында - 0.5%, ал тамызда - 0.3%-ды құраған болатын.

 Азық  – түлік тауарларына, соның ішінде жеміс пен көкөніс бағалары арзандады. Оларға деген баға - 6% төмендеді.Бірақ барлық азық түлік тауарлар себеті өзгерген жоқ. Ол тек 0.1% төмендеді, жеміс пен көкөніске бағалары төмендегенімен, ет және ет өнімдеріне 1.7%-ға жоғарлады.

Қазақстанда жанармайға дефицит байқалып отыр, себебі елдің ішінде жанар-жағармайды өндіру қысқартылды. Жанар-жағармайдың бағалары:

бензин  бағасы - 3.1% , дизельді отын – 4%-ға жоғарлады.

2011 жылы  тамызда барлық азық түлік емес тауарларға және қызметтерге - 0.5%-ға қымбаттады.

2000 - 2010 жыл ішіндегі инфляция деңгейі

  1. Сурет

    1-суретке қарап  2000 – 2010 жылғы инфляция деңгейін  көре аламыз. Осы көрсеткіштерді  талдайтын болсақ, ең жоғарғы инфляция деңгей 2007 жылы - 18,8 % болған, ал ең төменгі инфляция деңгейі 2003 жылы - 5,7 % құраған. Бұл көрсеткіштер нені айтад? Инфляция бір деңгейде тұрмайды және ол ырыққа көнбейтін нәрсе. Бірақ керекті шараларды қолданып, оны орындап, бақылап отырса,  инфляция деңгейін ұстап тұруға көп мүмкіншіліктер болады деп ойлаймын.

Сонымен осы көрсеткіштерді талдай келе, инфляция деңгейі соңғы жылдары біраз  жоғары деңгейде тұрғанын көруге болады. Бірақ оны  дәл  айту әлі ертерек, себебі 2011 жылдық қорытындылар әлі шыққан жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Төмендегі баға индексін көре аламыз

Баға индексі
  Тұтыну бағаларының  индексі   Өнеркәсіп өнімін  өндірушілердің  индексі
  өткен айға,%  
 
өткен жылдың

желтоқсанына,%

 
 
өткен жылдың сәйкес айына.%  
 
 
 
 
өткен айға, % 
 
 
 
 
өткен жылдың

желтоқсанына,% 

12.10 100,7   107,8   107,8   102,0   112,9
01.11 101,7   101,7   108,1   104,8   104,8
02.11 101,5   103,2   108,8   103,2   108,2
03.11 100,5   103,7   108,6   104,2   112,7
04.11 100,5   104,2   108,4   104,8   118,1
05.11 100,5   104,8   108,3   105,7   124,9
06.11 100,3   105,1   108,4   96,6   120,7
07.11 100,5   105,6   108,5   99,1   119,6
08.11 100,3   105,9   109,0   102,7   122,8
09.11 100,3   106,2   108,7   98,1   120,5
10.11 100,2   106,5   108,0   99,5   120,0
11.11 100,6   107,0   107,8   -   -

Информация о работе Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары