Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 07:03, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз, соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті проблемалардың бірі – инфляция.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................5
1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері........................................................5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары..........................................................7
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.............................................10
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................................12
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері......12
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі даму қарқынын талдау...................................................................................................13
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау.....................17
3.ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ........
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары .................
3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары............................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа содержит 1 файл

новый (3).docx

— 164.20 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ 

Инфляция  және ҚР инфляцияға қарсы саясаты

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 

«Экономикалық теория» пәнінен 

5В050800  – «Бағалау» 
 

Курс:_________________________

Тобы:_________________________ 

Студент:_______________________

  

  Жетекші:  А.Т. Карипова 
 
 
 

Қорғауға жіберілді "_____"________2011 г

Қорғалды  "____"________________2011 г. 
 
 
 

Астана  2011 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...........................................5

1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері........................................................5

1.2 Инфляцияның  түрлері мен факторлары..........................................................7

1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары.............................................10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ  ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ..............................................................................................12

2.1 Қазақстандағы  инфляцияның пайда болуы және  оның ерекшеліктері......12

2.2 Қазақстан  Республикасындағы инфляцияның  қазіргі кездегі даму қарқынын талдау...................................................................................................13

2.3  Инфляция  салдарынан туындайтын проблемаларды  талдау.....................17

3.ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ........

3.1 ҚР инфляцияға  қарсы күресінің болашаққа арналған  бағыттары .................

3.2 Инфляцияға  қарсы саясатын жетілдіру жолдары............................................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз, соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті проблемалардың бірі – инфляция.

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда  болатын себептерін толығымен анықтап  және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- инфляцияның  әлеуметтік-экономикалық құбылысқа  әсерін анықтау;

- ҚР инфляциялық  жағдайын талдау;

- инфляция мәселелерін  талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Экономикалық  құбылыс ретінде инфляция  көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті  ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. «Инфляция» термині (латынның inflatio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда  болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.

Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың  көбінде сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

Экономиканың  интернациялануы (ұлттық шеңберден  шығуы) инфляцияның бір елден  екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем  қатынастарын қиындатады.  

 Инфляцияның  негізгі себептері: ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады. Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты.

Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным  қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен  бірге өндіріс  өсуі  де  құрып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау  жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады.

ХХ ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы  әлемнің бірде-бір елінде  қатар  қалыптаспағанын айту қажет. Бұл  кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан  бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер  үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс  экономикада «стагфляция» деп аталады.               

Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда  болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.

Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының  экономикасындағы инфляция қарқыны.

Курстық жұмысты  жазу барысында Қазақстан Республикасының  Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат  көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Инфляцияның  теориялық аспектілері

1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері

Инфляция – бұл күрделі  де  көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «кебіну, ісіну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен  тауар  бағаларының өсуі және  шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. Алтын немесе күміс ақша  айналымы  кезінде инфляция  болмайды, неге десеңіз,  ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі   алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз  ақша   айналымында  жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда  қағаз ақша  байлықтың  тек белгісі ғана.  Қағаз  ақша  қазына сақтау  қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау  үшін  адамдар ақшасына құнды  заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде  қағаз ақша  шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.

Батыс  елдерінде 10 %-ке дейінгі  баяу  инфляция  қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде  тұрғындар тауарды көбірек сатып  алады, себебі кейін ол одан да қымбат  түсетінін  біледі. Бұл, өз  кезегінде  өндірушілерді ұсынысты арттыруға  ынталандырады, нарық  тауарға  тез  толады. Инфляция  жағдайында  әртүрлі  салаларда  баға бір қалыпты  өспейді. Сондықтан, инфляция  экономикада  қалыптасқан  диспропорцияларды  түзетуге  және нарық  шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде  бағалар  еңбекақыдан  тезірек  өседі. Бұл жағдайда  өндіріс шығындары  төмендеп, кәсіпкерлік  дамиды.

Бірақ 10 %-тен  асқанда  инфляция қауіпті. Экономика  әсіресе  гиперинфляция  кезінде  тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше  процентке  емес, бірнеше  есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске  инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан  қаржы ресурстары  айналым мерзімі  қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан  қоғамға тигізетін  зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.

Инфляцияның пайда  болу себептері:

Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан  инфляцияны қалыптастыруы  мүмкін.

Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі.

Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.

Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше,  «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.

«Инфляцияны тосу»  механизмі экономикаға қалай  әсер етеді?  Мәселе мынада: адамдар  біраз уақыт бағалардың өсуін  көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып  алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық  сұранымын одан әрі арттыра түседі.

Инфляцияның себептері  сан қилы, бірақ әр кезде олардың  белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде  тапшылыққа байланысты өте күшті  инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары  Батыс елдерінде инфляцияның  негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның  негізгі себебі ретінде әкімшілік  жоспарлау жүйесінде қалыптасқан  экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.          

1.2 Инфляцияның  түрлері мен факторлары 
1.Бағаның өсу қарқынына қарай: 
- Баяу инфляция – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны он пайыздан төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсумен сипатталатын инфляция. 
- Орташа инфляция – баға өсінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция. 
- Қарқынды инфляция – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляцияы, бағалардың өсуі жылына жүз пайыздан асады. 
2. Пайда болу сипатына қарай: 
- Әкімшілік инфляция - «әкімшлікті» басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция. 
- Шығын инфляциясы – ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуі мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың бағалары өседі. 
- Сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция. 
- Ұсыным инфляциясы - өндірісті к ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өнджіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция. 
- Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция. 
- Кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция. 
3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша. 
- Ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу есебінен болатын инфляция. 
- Жасырын – мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.

Информация о работе Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары