Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:02, реферат
Адамзаттың иманын үйіріп отырған қазіргі терроризмнің пайда болу себептері қандай деген сұрақтың туындауы заңды. Терроризмнің тамыры тереңде. Саяси терроризмнің саясатпен қатар өмір сүріп келе жатқанына 900 жылдай болды. Билікке таласта қарсыластар террористік әрекеттерге жиі жүгініп отырған.
Діни-саяси экстремизмнің таралу мүмкіндігіндегі ішкі сипаттағы факторлар тобы модернизациялық процестердің дамуымен, сонымен қатар саяси ситуацияның дамуының, ең бастысы Орталық Азия елдеріндегі саяси элиталардың алмасуының бірқатар сәттерімен тығыз байланысты.
Орталық
Азия елдері модернизацияның белгілі
бір анық сатысында ғана емес, қалыптасып
отырған саяси және экономикалық
тұғырлардың түбірінен
Осы орайда
модернизацияның эффективтілігі мемлекеттік
институттардың тұрақтылығымен, аймақтағы
елдердегі саяси элиталардың
аталмыш процестерге
Осы ретте Орталық Азияда, аймақтың бірқатар елдеріндегі саяси элиталардың алмасуымен байланысты өзіндік "келе жатқан ауқымды өзгерістер тізбегі" басталды. Қарастырылып отырған тақырып желісінде осы жағдайға байланысты келесідей үрдістердің дамуын көрсетуге болады:
♦ Саяси күрес процесінде, исламдық тақырып, саяси элита немесе контрэлита тарапынан да, сонымен қатар әртүрлі оппозициялық топтар тарапынан да қайтадан сұранымға ие болады. Өзбекстандағы, Тәжікстандағы, белгілі бір дәрежеде Қырғызстандағы қоғамдағы реисламизациялық процестің жеделдеуі жағдайында, билікке келу мен өз билігін заңдастыру процесінде аса маңызды діни ресурсты пайдалану мұсылман қоғамдарындағы таныс факт. Өз кезегінде, ислам тақырыбын пайдалану және саяси мақсатта дінмен манипуляциялау, аймақтағы бірқатар елдердің жақын аралықтағы тәжірибесі көрсетіп отырғандай, әртүрлі діни-саяси күштердің, оның ішінде радикалдық бағыттағы күштердің белсенділіктерінің тез өрлеуіне алып келеді.
♦ Мемлекеттік
институттар жүйесінің
Осылай, қазіргі күндегі орта мерзімді және ұзақ мерзімді сипатқа ие келесідей үрдістердің бар екенін көрсету қажет:
♦ Діни-саяси
экстремизм мәселесі қолданылып отырған
шараларға қарамастан Орталық Азия
елдерінің ұлттық және аймақтық қауіпсіздігі
үшін орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік
сипаттағы қатер ретінде
♦ Орталық Азия аймағындағы бірқатар елдердегі байқалып отырған ең күшті протестік күш ретіндегі радикалдық, исламдық ұйымдарды жақтау-шылардың тұрақты өсуі сақталады, ал бұл өсім ішкі және сыртқы сипатқа ие бірқатар факторлардың болуымен байланысты.
♦
Радикалдық исламистердің әрекет ету
зонасының кеңеюі жүріп жатыр
және қазіргі уақытта олардың
іс-әрекеті Орталық Азия аймағындағы
үлкен территорияны қамтиды. Осы
қатарда ең көп белсенділікке
ие еліміздегі Оңтүстік Қазақстан облысын,
Қырғызстанның Джелалабад, Ош, Баткен
облыстарын, Тәжікстан мен Өзбекстанның
барлық территорияларын бөліп
♦ Қазіргі
уақытта аймақтағы экстремистік
бағыттағы діни-саяси
Дегенмен, болашақта, әртүрлі жағдайлардың қысымымен Орталық Азияда террористік іс-әрекеттерді пайдаланатын жаңа радикалдық исламдық ұйымдардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Ал бұл, аймақтағы елдер үшін әлемдік терроризмнің орталығы бірте-бірте Орталық Азияға ауысуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Лаңкестердің
1150-ден астам нәрестелер, оқушылар,
мұғалімдер, ата-аналарды кепілдікке алуы
бүткіл әлемді түршіктірді. Жазықсыз жандар
мектеп ішінде лаңкестер мен мемлекеттік
билік текетіресінің
Беслан
каласында канды қырғын ұйымдастырғандар
тіптен шағын топ. Онын құрамында
Шешен террористерінің бригада
генералы Шамиль Басаевтың айтуынша
33 адам болған. Олардың ішінде 12 шешен,
2 шешен әйелі, 9 ингуш, 3 орыс, 2 араб,
2 осетин, 1 татар, 1 кабардин, 1 гуран
өкілдері болғані Ресми деректер
лаңкестер саны 32 адам деп айтады.
1 лаңкестің құтылып кеткен сыңайы
бар. Ресейдің ресми өкілдері содырлар
арасында қазақ халқы өкілі бар
деген жалған ақпарат таратып
үлгірді. Ресей прокуратурасының осындай
асығыс, тексерілмеген ақпарат
Лаңкестік себептерінің бірі Шешенстан мұнайыңда. Ресей басшылығы империя тұтастығын ойлайды. Сонымен бірге шешен мұнайынан табыс табатын орыс бизнесмендерінің мүддесі тағы бар. Шешенстан өз байлығына, өз жеріне өзі толық қожалық етуді көксейді. Осы себептермен бастанған карулы қақтығыстар аяғы әзірше толастамай қайталанып, түрлі әрекеттерге ұласты. Күнделікті тыныш өмірінен, туыстарынан жиған-тергенінен айрылған шешен содырлары ешкімді де аямауға бел буды. Олар үшін өмір мен өлім үшін соңғы айқастар ғана керек. Шешен содырларының құдайданда, адамнанда, өлімнен де, ұяттанда қорықпайтын психологиялық халде екендігін Бесландағы оқиғалар әбден дәлелдеді. Лаңкестер жас нәрестелерді де, аналарды да, өрімдей өсіп келе жаткан ұлдар мен қыздарды да аяған жоқ. Өз талаптары орындалмаған соң 1150-дей кепілдегі бейкүнә жандарды қырып жіберуге ұмтылды. Олардың 335-ін атып, жарып үлгерді. Бейбіт мектептегі періштедей балаларды қырудан шешен содырларының адамдық қасиеттерден мүлдем кеткендігін көреміз. Олардың идеологиясы ислам туын жамылғанымен, бейбіт өмірді уағыздайтын ислам дініне ешқандай қатысы жоқ. Құран кәрімдегі кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс идеясын басқыншылықка, тікелей агрессияға қарсы бүкіл халықтық соғыс деп түсінбеуіміз керек. Ислам діні бейбіт халықты дініне, сеніміне қарай белген емес. Бейбіт адамдарды дін жолы үшін кұрбандық етуге ешқашан шакырған емес. Демек, мұндай әрекеттер ислам дінінің дәстүрлі конондарына қарсы, дінді бұрмалаудын дөрекі құбылысы деп бағаламасқа лаж жоқ. Ланкестер ислам дінін бұрмалаушылар ғана емес, оған қарсы әрекет етіп, оған қара күйе жағушылар.
Қазіргі лаңкестік тамыры күрделі, оның себептерінің қалтарыстары әр елде әртүрлі. Оларды қаржыландыру көздері де әртекті. Терроризмді бизнеске айналдырған құпия топтар да бар екендігі ақиқат. Мысалы «Әл-Жазира» телеканалының тілшісі Акрам Хузам Лондонда қандай елден, кандай мақсатқа болмасын лаңкестер даярлап беретін фирмалар бар екендігін айтады. Бұл өте үлкен бизнес. Осындай фирмалар құпия және күрделі террористік актыларды жоспарлап және іске асырып беруді міндеттене алады. Бұл операция өткізу арқылы миллиардтаған доллар пайда табады. Бүл фирмалардың істеріне әлемдік лаңкестер Бен Ладен, Хаттаб, Абу аль Валид, Абу Заркави т.б. қатыстары бар деген деректер бар. Көп жылдар бойы Ауғанстан жері содырлар дайындайтын лагерьлердің мекені болғаны рас. Әлемдік терроризмнің Ауған жеріндегі орталықтары талқандалған соң олардың басшылары Пәкістан, Иран мемлекеттеріне ауысуы ықтимал. Сонымен қатар көптеген мемлекеттерде, тіптен дамыған елдерде құпия, запастағы базалары бар екендігі дәлелденуде. Оларды қаржыландырушы әлемдік қаржылық топтар бар екендігі де акиқат. Ондай топтар халықаралық қақтығыстар мен шиеленістерден өте мол пайда табады немесе көкейкесті мақсаттарын орындауға қол жеткізеді.
Кейбір эксперттер терроризм себептерін АҚШ-тың империялық саясатымен және бірполюсті әлемдік тәртіптін қалыптасуымен байланыстырады. АҚШ арнаулы мекемелері Батыс Еуропа елдерінде болып жатқан террористік окиғаларға жауапты ма деген күдік бар. Себебі, АҚШ үшін халыкаралық терроризмге карсы әлемдік күрес керек. Сондықтан АҚШ-тағы оқиғалар басқа елдерде қайталануы дұрыс. Сонда дамыған елдер халықтары терроризммен күреске шығады және АҚШ-тың қандай да болмасын антитеррорлық әрекетін қолдайды. Бен Ладенді, Абу Заркавиді ұстаймыз деп АҚШ қандай да болмасын елге өз әсерін, немесе арнаулы топтарын енгізуге мүмкіндік алады. Мысалы, әлем баспасөзі бір елде жасырын террористік топтар бар деп шуласа жеткілікті. АҚШ әскерлері сол елге басып кіруге моралдық құқық алады. Оны әлем халықтары колдайды. Демек, әлемдік терроризмге қарсы күрес идеясы АҚШ-қа өзінің империялық миссиясын орындауға желеу екендігін де естен шығаруға болмайды. Халықаралық терроризмді желеу етіп АҚШ саяси элитасы еліне арабтарды, қытайларды, латын американдықтарды кіргізуді » тоқтатады, демократиялық бостандықтарды шектейді. Бұл күрес АҚШ саяси элитасына «АҚШ-тың ұлттық мүдделерін қорғау» ұранымен өздеріне ұнамайтын қандай да болмасын мемлекетгің территориясына басып кіруге мүмкіндік береді. Казіргі терроризмнің екі қайнар көзі бар деп есептейміз. Біріншісі, әр елдің ахуалына қатысты ішкі себептері. Мысалы, Шешенстандағы Ресейдің саясатына қарсылық. Өзбекстандағы саяси басшылықтың іс-әрекеттеріне қарсылық сияқты. Екіншісі, лаңкестік халықаралық қатынастарды жаңаша реттеу мақсатында пайдалану. Халықаралық транснационалдық күштер терроризмді өздерінің экономикалық қаржылық және саяси мүдделерін іске асыру мақсатында пайдаланып қоздырады.
Жауыздық
әрекеттер әлемнің түкпір-