Халықаралық терроризм түсінігі және
онымен күрес бойынша халықаралық
ынтымақтастық
Адамзаттың
иманын үйіріп отырған қазіргі терроризмнің
пайда болу себептері қандай деген
сұрақтың туындауы заңды. Терроризмнің
тамыры тереңде. Саяси терроризмнің
саясатпен қатар өмір сүріп келе
жатқанына 900 жылдай болды. Билікке
таласта қарсыластар террористік
әрекеттерге жиі жүгініп отырған.
Мысалы, XII ғасырда Иранда исламиттердің
шииттік сектаксының көсемі Хасан
ибн Саббах деген адам сол заманғы
араб мемлекеттрінің 8 басшысының, соның
ішінде 3 бағдаттық халиф өлімге
бас тіккен жанкетшілер арқылы өлтірткен.
Хасан ибн саббахтың ассаиндері
(жанкетшілер) келесі өмірдегі жұмаққа
сенгендіктен өлімге қорықпастан бас
тігіп отырған. Ал Ресейде терроризм
XIX ғасырдың аяқ кезінде кең тарады.
Фанатиктер Каракозов, Александр Ульянов,
Кибальчич, Халтурин, Верв Засулич бүгінгі
терроршылардың ұстаздары екені
шындық. Итальяндық «Қызыл бригадалар»,
жапондық «Аум синрико», арабтық «ал-Кайда»,
палестиналық «Хамас», «Хисборилах», өзбектік
«Өзбекстан ислам қозғалысы», ауғанстандық
«Талибан» қозғалысы, Ирландияны азат
ету армиясы т.б. сияқты ондаған
террористік ұйымдар әр кезде
әлем халықтарын лаңкестік әрекеттерімен
дүрліктіріп отырды. Соңғы он жылдықта
террористік ұйымдардың ең белсендісі
және қауіптісі – Усама бен
Ладен басқарған араб елдерінен
шыққан «ал - Кайда» лаңкестік ұйымы.
Бұл ұйым АҚШ-та, Испанияда, Түркияда,
Танзания мен Кенияда адам шошырлық
террористік операцияларды іске
асырды.
Терроризмнің қазіргі заманда
қандай да болмасын мемлекеттің
бейбіт өміріне қауіп төндіре
алатын ғаламдық қауіпке айналуының
түрлі саяси - әлеуметтік, экономикалық
алғы шарттары бар. Жалпы айтқанда,
терроризмнің пайда болуының
негізгі тамыры әлемдік қатынастар
тәртібіндегі теңдіктің бұзылуына
байланысты. Әлемдік әділетсіздік
оған қарсы жауапты тудыруда.
Оның себебі: әлемдік державалар
АҚШ, Ресей, Германия, Қытай, Жапония,
Ұлыбритания, Франция т.б. мемлекеттер
үнемі әлемдік басымдыққа ұмтылған,
әлі де ұмтылуда. Олардың дамушы
елдерге көрсеткен қысымына жауап
ретінде қазіргі әлемдік терроризм
өмірге келді. Сонымен қатар,
артта қалған елдердің өз ішіндегі
билікке жетуді көздеген экстремистік
топтарда террористік әдістерді
көкейтесті мақсаттарға жету
үшін пайдаланады.
Бірінші топ, дамыған державалар саясатына жауап
беру мақсатында әрекет ететін, мемлекеттік
шеңберден шығып, әлемнің кез келген нүктелерінде
қызметін жүргізе алатын интернационалистік
байланыстары бар лаңкестер.
Екінші топ, үшінші дүние мемлекеттеріндегі нақты
саяси басшылыққа немесе саяси бағытқа
қарсы әрекет ететін, сол елдегі билікті
иемденуді немесе бөлісуді мақсат тұтатын
топтар.
Қазіргі
кезеңде әлемдік шеңберге шыққан
интернационалистік лаңкестер әрекеттері
тіптен қауіпті бола түсуде. Террористік
топтар түрлі елдерден өздеріне жақтастар
және қолдаушылар табуда. Мысалы, араб
мемлекеттеріне шыққан террористік топтар
өздерінің идеялық жақтастарын мұсылман
елдерінің көпшілігінен тапты. Ауғанстандағы
талибан режимі әлемдік мұсылман экстремизмнің
Отанына айналды. Ал Өзбекстандағы биылғы
сәуір айының бас кезінде болған лаңкестік
әрекеттер осы елдегі билікке қарсы. Елдің
басқарушы тобының экономикалық және
саяси-әлеуметтік ұстанымымен келіспейтін
топтардың билікті шайқалтуға бағытталған
әрекеттері.
Алматыда
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік
кеңесінің лаңкестікке қарсы
комитетінің төртінші арнайы отырысы
ашылды. Басқосуға Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
қатысып, сөз сөйлейді. Кеңес жұмысына
әлемнің елуден астам халықаралық
ұйымдары мен елуден астам мемлекеттерден
өкілдер қатысты. Онда ланкестіктің
алдын алу мен оны болдырмаудың
және қаржыландыру мен оған қарсы
әрекет жасайтын орталықтардың жұмысын
оңтайлы жолға қою мәселелері,
сондай-ақ әуе және теңіз порттарының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
талқыланды.
Жалпы бұл
комитет 2001 жылғы қыркүйекте АҚШ-та
болған лаңкестік оқиғалардан кейін
құрылған. Оның міндетіне «Террористік
интернационалдық» күресте оған
мүше мемлекеттердің өзара уағдаласқан
кешенді жұмыстарын, экономикалық және
әскери бағыттағы іс-қимыл шараларын
қарастыру жүктелген. Біріккен Ұлттар
Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің
лаңкестікке қарсы комитеті төртінші
отырысын Еуразия кеңістігіндегі ең
ірі ұйым – Тәуелсіз Мемлекеттер
достастығында, оның ішінде Қазақстанда
өткізуді таңдап алуында үлкен мән
бар. Бұл туралы отырыстың ашылуында
сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев: «ТМД мемлекеттері
басшыларының осынау жиынды Алматыда
өткізу жөніндегі бастамасын БҰҰ
Қауіпсіздік кеңесінің қолдауы
достастық елдерінің халықаралық
лаңкестікке қарсы күрестегі
бірлігі мен маңызын танытады»
, - деді. Халықаралық, аймақаралық ұйымдар
өкілдерінің басқосуы заман мен
дәуір талабынан туындап отырғанын
атап өткен мемлекет басшысы, XX ғасырда
орын алған қауіп-қатердің қайқайсысы
болсын оның әлемдік ауқымда маңызы
зор екендігін айтты.
Біздің
еліміз өз ішінде және халықаралық
қатерге жол бермеу үшін қауіпсіздіктің
аймақтық құрылымы мен ынтымақтастықты
жетілдіруге мән беріп отыр. «Сол
себепті біз БҰҰ – ның сенім
шаралары мен аймақтық құрылымдарды
демеу жөніндегі алған бағытын
қолдаймыз», - деді. Азиядағы өзара іс-қимыл
мен сенім шаралары осыған жарқын
мысал бола алады. Шанхай Ынтымақтастығы
Ұйымының мәні мен маңызы және Орталық
Азия ынтымақтастық ұйымының қолға
алып отырған іс-әрекетінің өзі өміріміздің
қауіпсіздігі үшін қызмет етеді. Қазақстан
Республикасы бүгінгі таңда лаңкестікке
қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның
барлық 12 конвенциясына мүше ретінде
оның іс-шараларына белсенді қатысып
келеді. Осы тұрғыда атқарылған шараларды
айта келе Елбасы «БҰҰ-ның Қауіпсіздік
кеңесінің тиісті шешіміне сәйкес,
елде лаңкестік ұйымдарды қаржыландыру
мен қаржыны көлеңкелі мақсаттарға
жұмсауға жол бермейтін жүйе қалыптасқан.
Осы мақсатта түбегейлі шараларды
атқарып шығу үшін біз кез келген экстремистік
әрекетпен лаңкестіктің бой көрсетуіне
жол бермейтін жұмыстарды ұдайы жүргізе
беруіміз керек», - деді.
Әлем
елдерінің кейбірінің лаңкестікпен
күресті өз ықпалына қарай оңтайластыратыны
байқалып қалды. Осыған орай Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінің
төрағасы В.Рушайло Ресей Федерациясының
ежелден келе жатқан көзқарасын тағы
да алға тартты. Ол өз сөзінде терроризмге
қарсы бағытталған іс-шараларды
айта келіп: «Лаңкестік актіге қатысқан
адамдарға екі жақты көзқараспен
қарауды жою керек. Оларды ұлт-азаттық
қозғалыс көтерісшілері, күрескерлер
деп есептемеу керек», - деп нақты
қадап айтты.
В. Рушайлоның
қандай бағытты көздеп отырғандығы
түсінікті. Ресей Федерациясы саясатында
шешілмеген басты проблеманың бірі
– ол шешен ұлтының мәселесі.
Саясаттың сан тарауында бас
ауруға айналған бұл проблема алқалы
жиындарда ұлт – азаттық күрес
деп бағаланса, Ресейде ол террорлық
бассыздыққа саналады. Осыған орай
Ресей саясаты шешен жасақшыларының
әрбір іс-қимылын әлемдік қауымдастық
«лаңкестік әрекеттер» деп тануына
аса мүдделі.
ТМД елдерінің
Атқарушы комитеті төрағасының пікірінше,
«Достастық елдері терроризммен күресте
алдыңғы орында келеді. Өзі құрылған
қысқа мерзім ішінде ТМД-да террорлық
әрекетке қарсы құқықтық база жасалынған».
ТМД басшыларының алда болатын басқосуында
халықаралық лаңкестікпен күресу жөніндегі
ынтымақтастық тұжырымдамасына
қол қойылмақ. Бұл құжат лаңкестермен
бірлесе күресуде алғышарттар жасайтын
қозғаушы күш болмақ.
Алматыдағы
жиынға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесілаңкестікке
қарсы комитетінің төрағасы Андрей
Денисов, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі
лаңкестікке қарсы комитетінің
атқарушы директоры Хуан Руперес
қатысты.
Қазіргі
адамзат қоғамының негізгі ерекшелігі
- әлем мемлекеттерінің өзара
жақындасуы. Интеграциялану үрдістері
ғаламдану құбылысына жол ашып
отыр. Барлық мемлекеттер үшін
өркениет қалыптары қалай ортақ
болса, қайшылықтар мен қауіптер
де сондай. Кейінгі онжылдықта
адамзатқа төнген ортақ қауіптердің
қатарына терроризм (лаңкестік)
келіп қосылды. Терроризмнің басты
ерекшелігі – оның шекарасының
болмауы және мүлдем күтпеген
сәтте жүзеге асырылуы.
Терроризмнен
еш мемлекет толық сақтандырылмаған.
Бұл әрекеттің үрейлі болуы да
осыған байланысты. Лаңкестік XXI ғасырдың
басында тіптен ушығып кетті. Ол адамзат
үшін ең қауіпті құбылыстардың біріне
айналды. Қазіргі кезеңде әлемнің
көпшілік мемлекеттері терроризммен күреске
үлкен әлемнің көпшілік мемлекеттері
терроризммен күреске үлкен қаржы
жұмсауға мәжбүр. Бірақ, террористік
әрекеттер көбейген үстіне көбейе түсуде.
Дүниежүзінің
халықтары мен мемлекеттері, әртүрлі
саяси-әлеуметтік қауымдастықтары
мен топтары, халықаралық ұйымдары
мен қозғалыстары казіргі уақытта
терроризмнің, террористік іс-әрекеттердің
әбден асқынған дертке — ғасыр
дертіне айналғанын әрі мойындап,
әрі үрейленіп, әрі ашынып, әрі
соған қарсы аяусыз күрес ашып отыр.
Халықаралық ауқымда етек алып кеткен,
алапат үрей мен қорқыныш уын сеуіп-жаятын
террорлық іс-әрекеттердің жантүршігерлік
сипатын бұқаралық ақпарат құралдары
әрқилы да жан-жақты көрсетіп те, әшкерелеп
те, мейлінше сақтандырып та, сонын алдын
алуға, тіпті соны болдырмау үшін де бүкіләлемдік
ортақ күреске шақырып та жатыр.
Ғасыр дертіне
айналған — терроризмге, террористік
іс-әрекеттерге қарсы аяусыз күрес
майданы ел-елде, жер-жерде айрықша
қолға алынып, көп жағдайда оң жемісін
беруде. Өйткені, осынау ланкестік тәрізді
саяси-әлеуметтік тұрғыдан асқынған дерттің
азабын кезінде бастан өткерген немесе
кешіп отырған, болмаса бұл дертке
әлі шалдықпаған елдер мен
мемлекеттер аз емес екендігі тарихтан
мәлім. Әсіресе, 2001 жылы II кыркүйекте Нью-Йорк
қаласындағы Бүкіләлемдік Сауда
Орталығына жасалған лаңкестік шабуылдан
кейін, планетамыздың түпкір-түпкірінде
төбе шашы тік тұрмаған пенде жоқ
шығар. Терроризмді, яғни террористік
іс-әрекеттерді әртүрлі деңгейде
ұйымдастырушылардың қандай да бір
зұлмат жауыздықтардан ешқашан бас
тартпайтынына, соған ешқашан шімірікпейтініне
әлем халықтары бүгіндері әбден
көз жеткізді.
Халықаралық
терроризм, ең алдымен, кез келген мемлекеттің
саяси демократиялық негіздеріне
орасан қауіп төндіреді. Сондықтан
болар, әрбір мемлекет өз ішінде ғана
емес, халықаралық кеңістіктерде
де лаңкестікке карсы күрсс жолдарын
бірлесіп қолға алуда, өзара бір-біріне
қолдау көрсетуде. Қазіргі небір
озык технологияның жетістіктерін
өздерінің сорақы істерінде төтенше,
тапқыр жолдарын тауып, пайдаланып отырған
лаңкестіктің мақсат-мүддесі, саяси-әлеуметтік
түп-тамыры, ұлттық, немесе халықаралық
түр-мазмұны мейлінше қатпарлы да, астарлы
және өзінің зымиян жымысқылығымен өте-мөте
қатерлі. Тіпті, мемлекеттік ланкестіктің
өзі қазіргі халықаралық саясаттын,
неғұрлым жетілдірілген құралдарының
біріне айналып отырғаны әлемдік
баспасөз беттерінде айтылып та келеді,
жазылып та келеді. Мұның көпшілігі,
басым денгейі халықаралық саясатта
кейбір мемлекеттердің өздеріне тиімді
болып келетін екіұдай өлшемдер
мен талаптар ұстанымынан туындап
жататынын дүниежүзілік жұртшылық
жақсы біледі.
Мәселен,
Америка Құрама Штаттарының XX ғасырдың
соңғы алпыс жыл бойында бірден-бір
әлемдік держава— бүкіл дүниежүзінің
бірден-бір тұтқасы - біз ғана деген
ниет-пиғылы саяси-экономикалық тіршілікте
де, халықаралық саясат істерінде
де ашыктан-ашық жүргізіліп отырғаны ешкімге
құпия емес. АҚШ Ирактағы және тағы
басқа елдердегі, сондай-ақ, Латын
Америкасындағы жүргізіп отырған саясаты
мен іс-әрекеттерінде екіұдай
стандарттық өлшемді ұстанып
отыр. Бұкаралық ақпарат құралдарының
жеткізуінше, айтуынша, дәлелдеуінше АҚШ
— нағыз демократияның, адам құқықтарының,
шынайы азаттықтың, азаматтық қоғамның,
нарықтық экономиканың, халықаралық
ынтымақтастық пен бейбітшіліктің,
өзара мемлекетаралық тең құқықтың
бірден-бір айнасы, тірегі, қорғаушысы
болып табылады. Әлемнің кез келген
түпкіріндегі терроризм мен террористік
іс-әрекеттердің баршасын жойып жіберу
немесе соған тосқауыл қою, соның
алдын алу шараларының бәрінің
басында ен шешуші, ең ықпалды күш ретінде
АҚШ-тың тұруы керек. Жөні де, жолы да осы
дейтін астамшылдықты АҚШ іс жүзінде де,
идеология ретінде де, информациялық шындык
ретінде де мейлінше орнықтырумен келеді.
Қазір бұған ешкім таңкалмайтын болды.
Кейде, тіпті, осылай болуы керек деп қабылдайтындар
да бар. Дегенмен, мәселенің бір ұшы осы
болса, екінші жағынан АҚШ өз мүддесі үшін
күрестің кез келген түрін (мейлі ол —
саяси қысым, мейлі ол — экономикалык
қысым, мейілі ол — қасақана тізе-теперіш
көрсету, тіпті, ланкестік іс-әрекеттер
болсын) мейлінше жылдам, батыл, тоқтаусыз-толассыз
жүргізетіндігін мәлімдеп те, көрсетіп
те келеді.
АҚШ-тың
осындай өктем де мен-мен іс-әрекеттері
халықаралық мін-берлерден талай
рет ашық наразылыққа тап болғанын
әлем халықтары жақсы біледі. АҚШ-тың
осындай екіұдай саясатымен бірталай
мемлекеттер, әсіресе, НАТО мүшелері, ішінара
келіспейтінін білдіргенмен, түптеп
келгенде саяси-әскери одақтастық шарттары
бойынша үнемі қолдап та келеді.
Әр жылдары АҚШ, Англия, Германия, Франция,
Испания, Жапония, Пакистан, Италия, Австралия,
Израил, Сирия, Иран, Ирак, Индия, Түркия,
Египет, Ауғанстан, Россия жөне Африка-Азияның
басқа да елдерінде кезінде болған
немесе қазір болып жатқан лаңкестік
іс-әрекеттер халықаралық жұртшылықтың
наразылығын, ашу-ызасын тудырып отыр.
Ең бастысы, лаңкестік іс-әрекеттердің
нәтижесінде бейбіт тұрғындардың мейлінше
зардап шегетіні жанға батады. Лаңкестікке,
лаңкестік іс-әрекеттерге қарсы
күрес мемлекеттік жоғары деңгейде
колға алынып, сақтық пен қырағылық
шаралары көбінесе осындай сойқанның
алдын-алу шараларын жұмылдырылуда.
Бұл күрестен біздін еліміз де шет
қала алмайды. Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз мемлекетіміздің
басты күш-қуаты, басты байлығы
— халықтар бірлігі мен ынтымақтастығында,
достығында екендігін айтудан еш
танған емес, еш жалыққан емес. Мемлекет
ішіндегі саяси-әлеуметтік тыныштық пен
тұрақтылықтың шынайы көрінісі де —
елімізді мекендеп жатқан барша халықтың
— ұлт пен ұлыстардың тәуелсіздік
мүддесі жолындағы татулығы мен
достығында екендігіне қазір әлем жұртшылығы
да мейлінше ден койып отыр. Көршілес
жатқан әралуан елдердегі лаңкестік
іс-әрекеттер дүрбелеңі бізді, Қазақстанды
да айрықша сақтандыруы тиіс. Мұндай
бейбастақ зардаптарды болдырмау
үшін, соның алдын алу керек. Мұның
өзі құқықтық мемлекет құру жолында
біздің елімізде заңмен, заң мен
заңдық негізде жүзеге асырылуы қамтамасыз
етілген. Сондықтан шығар тәуелсіз
мемлекетіміздің Парламенті 1999 жылы
лаңкестікке, лаңкестік іс-әрекеттерге
қарсы күрес туралы арнайы заң
қабылдады. Осынау заң аясында лаңкестікке,
лаңкестік іс-әрекеттерге қарсы
күрес шаралары елімізде арнайы да,
кешенді түрде де жүзеге асырылып
келеді десек болады.
Діни
— саяси экстремизмнің кең
қанат жаюы проблемасы желісіндегі
бүгінгі күндегі қалыптасып отырған
ситуация, болашақта түбірлі тұрғыда
өзінің эскалациялану бағытына қарай
өзгеруі мүмкін. Бір жағынан, Ауғанстандағы
антитеррористік операцияның Орталық
Азия аймағындағы әрекет етуші экстремистік
ұйымдармен күресу барысына көзге көрінетін
онды нәтиже бергендігін мойындау керек.
Аймақтық радикалдық ұйымдардың ұйымдық,
адамдық, қаржылық ресурстарына орасан
зор соққы берілді. Тұтастай алғанда,
осының нәтижесінде аймақтағы әрекет
ететін радикалдық исламистердің позициялары
біршама әлсіреді және бүгінгі күнде
діни-саяси экстремизм тарапынан
болатын қатер 1999-2000 жылдары Өзбекстан
мен Қырғызстанда болған оқиғалар іспетті,
өзінің ауқымды практикалық тұрғыдағы
көрініс беруінен төмен мүмкіндікке
ие. Алайда, бір мезгілде әскери жетістіктер,
(Ауғанстандағы Талибан қозғалысының,
Өзбекстанның исламдық қозғалысының жеңілістері)
аймақтағы бірқатар елдердің радикалдық
исламистермен күрестеріндегі жетістіктері
бұл табыстарға мастанбауды тудырмауы
тиіс. Ауғанстан территориясынан
Орталық Азия елдері үшін туындап
келген әскери және террористік қатерлердің
тек сәл азайғандығын ескерер
болсақ, осынау жетістіктер уақытша
сипатқа ие, яғни біздің аймақтағы
елдер үшін экстремистік ұйымдар
тарапынан болатын қауіп әлі
де сақталуда.