Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні және атқаратын функциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді, мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялық фактордың әрекетін төмендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара қатынасын оңтайландырады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................4
1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні және атқаратын функциялары...........................................................................................4
1.2 Сақтандыру нарығының түрлері, құрамы мен құрылымы............8
1.3 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы......................12

2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ ............................................................................14
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау.......................................................................................................14
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуші факторлары................................................18
2.3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары...........................................21

3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ..........................23
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі.....23
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары............................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................30

Работа содержит 1 файл

САКТАНДЫРУ ЗЕРТ ЖУМ дайын.doc

— 302.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Сақтандыру нарығының  түрлері,  құрамы мен құрылымы

 

Сақтандырудың мынадай түрлері бар:Салалық белгілері бойынша:

Өмірді сақтандыру нарығы болып азаматтардың өмірі, деңсаулығы және енбекке жарамдылығы табылады.

Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне  жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті  сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.

Ипотекелық сақтандыру, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша  кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.

    Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету   сферасы. Институционалды     түрде     ұлттық     сақтандыру    нарығы   сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық келіссөздерде  сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ұсынатын ұлттық сақтандыру ассоциациялары қызмет етеді.

     Аймақтық сақтандыру нарығы өзара интеграциялық байланыстармен байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттық нарықтарын біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарық болып Солтүстік американ сақтандыру нарығы (АҚШ, Канада) саналады. Еуропалық экономикалық одастастықтың сақтандыру нарығында терең интеграциялық процесстер жүруде. Бұл “Еуропалық экономикалық одақтастықтың ортақ сақтандыру нарығын” құру туралы жоспарды жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық экономикалық одақтастықтың ұлттық сақтандыру заңдарын толық сәйкестендіру көзделген.

    Халықаралық  сақтандыру нарығы – бұл ұлттық  және аймақтық сақтандыру нарықтары  жиынтығы. Мұндай мағынада халықаралық  сақтандыру нарығы ретінде халықаралық  сақтандыру операцияларының едәуір  үлес салмағымен сипатталатын  жергілікті сақтандыру нарықтары қарастырылады (Нью-Йорк, Лондон, Цюрих).

         Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах”   мемлекеттік    сақтандыру   компаниясы    үшін   инвестицияларды сақтандыру басым бағыт болып табылады.

     Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып сақтандырушылардың одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты – сақтандырушыларға методикалық және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтандыру бойынша заң және нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша   курстар   мен   семинарлар  ұйымдастыру,   сақтандырушылардың қаржылық  тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау және т.б.

     Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары:

  1. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
  2. сақтандыру брокері;
  3. сақтандыру агенті;
  4. сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
  5. актуарий;
  6. уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
  7. өзара сақтандыру қоғамы;
  8. сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.

     Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

     Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

     Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор. Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

     Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.

     Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

     Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді.

     Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам;

Сақтандыру  салалары, сыныптары, түрлері: Сақтандыру көпқырлы болып келеді: ол әр түрлі сақтандырушылар  мен сақтандыру объектілерін қамтып, сақтандыру шарттарына қарай, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша, ажыратылады. Сақтандыру қатынастарының алуан түрлілігінде дұрыс бағыт алып, біртұтас өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру сыныптамасы қажет.

Сақтық  қызмет - сақтандыру  ұйымының  сақтандыру  шарттарының  жасау  мен  орындауға  байланысты  ҚР-ның  заңнамаларының  талаптарына  сәйкес  уәкілетті  мемлекеттік  органның  лицензиясы  негізінде  жүзеге  асырылатын  қызмет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1сурет – Сақтандыру нарығының құрылымы

1.3 Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру нарығы

 

Сақтандырудың мақсаты  қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін  қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты –  мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі  рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске асыруды  талап етеді. Бұл қағида Қазақстан  Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:

- әлеуметтік сақтандыру  түрі ретіндегі сақтық қорғауды  ұсынудың қағидаттарын нақтылау;

- сақтандыруды қолдану  аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;

- сақтық рыногының  қазіргі заманғы инфрақұрылымын  қалыптастыру және оның қатысушыларының  – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру  қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;

- халықаралық стандарттарды  ескере отырып, сақтық қадағалауын  жүйесін ұйымдастыру;

- сақтық және қайта  сақтандыру ұйымдарының қаржылық  орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;

- осы заманғы сақтандыру  технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

- сақтандыру саласында  кадрлар даярлау, қайта даярлау  және біліктілігін арттыру жүйесін  ұйымдастыру.

Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген  заңнамалық  база)   ол   дүниежүзілік   деңгейден   айтарлықтай

артта қалып келеді. Дамыған  нарықтык қатынастары бар елдерде  сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда  ол  не  бары  40  түрі   қамтиды.  Жеке   басты   сақтандыру  және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.

Қазақстан Республикасы сақтық  рыногының  қатысушылары  мыналар болып   табылады:  сақтық   ( қайта  сақтандыру )  ұйымы;  сақтық   брокері;

сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті  аудиторлык  ұйым  (уәкілетті  аудитор);  өзара  сақтандыру  қоғамы;

сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті  жүзеге  асыратын  өзге де заңи және жеке тұлғалар.Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республи-касының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтан-дырылуға тиіс.

Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңына сәйкес "Әлеуметтік сактандырудың  мемлекеттік қоры" акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, қордың уақытша бос қаражатын ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыданқұралады және солардан тұрады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдармынадай мөлшерде белгіленеді:

  • жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды                       есептеу объектісінен 1,5 пайыз;
  • жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды

есептеу объектісінен 2 пайыз;

  • жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды

есептеу объектісінен 3 пайыз.

Қазақстан Республикасының  салық заңнамасына сәйкес арнаулы  салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген.

Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН   РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ   САҚТАНДЫРУ     НАРЫҒЫНЫҢ  АҒЫМДАҒЫ  ЖАҒДАЙЫ 

2.1 Қазақстан  Республикасының  сақтандыру   нарығының   жағдайын   талдау

 

Соңғы жылдар қатарында, заңдылық негiзiн жетiлдiру жалпы iшкi өнiмнiң өсiмiмен байланысты халықтың жан басына кiрiс, валюталық нарықтың тұрақтандыруына байланысты Республиканың  жалпы экономикалық дамуы сақтандыру нарығының дамуына ықпал еттi. Тұрақты сақтандыру нарығын қалыптастыру және шыншыл бәсеке құру мақсатында сақтандыру нарығын реттеу және қызметiн бақылау бойынша мiндеттi мемлекеттiк орган сәйкесiнше функциялармен жүктелген, сақтандыру қызметiн бақылау бөлiмiмен заңдылық негiзiн жетiлдiру, сақтандыру ұйымдарының қысқаруы, аз қаржыландырылған әлсiз компанияларының арқасында iс жүзiндегi компаниялар каржысының көбеюi, олардың активтерiнiң сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Қазіргі кезде ҚР-ның сақтандыру нарығы дамудың бастапқы кезеңінен өтті деп айтуға болады. Сақтандыру заңы халықаралық стандартты реттеу және қадағалау есебінен құрылған. Сапалы жаңа деңгейге жету үшін сақтандыру ұйымдарының қызметіне талаптар қойылған, әсіресе қаржылық тұрақтылықты қамсыздандыру; міндетгі сақтандырудың әртүрлі болуына шаралар қабылдау; сақтандыру тұтынушыларының қызметін, яғни сақтандырушылардың заңды қызығушылығын қорғайтын жүйені тудыру бойынша анықталған іс-шараларды жүзеге асыруы; инфрақұрылымдық сақтандыру нарығын дамыту.

Информация о работе Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні және атқаратын функциялары