Кәсіпорынның инновациялық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 08:38, доклад

Описание работы

Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың қажетті негізгі шарты инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
I БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері..............................................5
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері................................................7
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу................................................12
II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары......17
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру...............................20
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі.................................................................................................................25
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА ЖОЛДАРЫ.
3.1. ҚР-ның инновациялық қызметінің маңызы және саясаты......................29
3.2. ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі......................................34
3.3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері.......................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................42

Работа содержит 1 файл

Айнур курсовой.docx

— 72.60 Кб (Скачать)

ҚР-ның Инновациялық қызмет туралы заңында инновациялық қызметті жетілдірудің басты бағыттары көрсетілген. Ендігі міндет осы басым бағыттарды жүзеге асыру механизмін жетілдіру  болып отыр. Қазіргі кезеңдегі  инновациялық қызметті жетілдірудің басты  жолы ─ бұл нақты саясаттың  алғышарттарын қалыптастыру мен  шынайы инновациялық қызмет субъектілерін  ұйымдастырудан басталуы тиіс. Бұл  мәселелерді шешу, ең алдымен, елімізде Ұлттық инновациялық орталық құрылуымен және барлық істерге сол орталық  басшылық жасауымен аяқталу тиіс деген ойдамыз. Жоғары оқу орындарында  арнайы инновациялық бағыттағы мамандықтар  ашу керек ─ ол инновациялық саясатты жетілдіру субъектілерін кеңейтуге  жол ашады.

Инновациялық қызметтің  дамуы ең алдымен, ғылыми-техникалық ақпараттанумен өзара байланысты, сондықтан  кез келген мекемеде, оқу орындарында  ақпараттық-технологиялық орталықтар жұмыс істеуі керек. Инновациялық қызмет негізінде ғылыми-техникалық прогресс жатыр. Ғылым мен техника адам өмірінің дамуымен қатар жүреді. Елімізде осы мәселені өркендету мен дамыту барысында көптеген заңдық-құқықтық актілерге қол қойылды, алайда бұл  қабылданған құжаттар оны жүзеге асыру және орындау талаптарымен үндеспей жатыр, осы олқылықтың орнын  толтыру шарт. Ол үшін жаңа кредиттік  технология осы саясатты әрі қарай  дамыту мақсатында жүзеге асырылуы тиіс.

Мемлекеттік инновациялық қызметтің  стратегиялық мақсатының өзі өндірістің барлық саласында жаңа ғылыми жетістіктердің енгізілуі болып табылады. Оның жетістіктері экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабілеттілікке пайдаланылады. Инновациялық қызметті жетілдірудің ең оңтайлы тәсілі ─ ғылым мен техника, өндіріс  бірлестігінің ұштастырылуында.

ҚР-ның ішкі саясатында жаңа қоғамды одан әрі тереңірек топтастыруға тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті, жаңа рухани келісімді дамытуға, мемлекетті және оның интституттарын қалыптастыру мен нығайтуға, халықтың әл-ауқатын  көтеруге бағытталған болса, сыртқы саясаты республиканың көп векторлы және көп деңгейлі интеграциялық  іс-әрекетіне, аймақтық және әлемдік  қауіпсіздікті нығайтуға, әлемдік  қауымдастықта  еліміздің орнықты  дамуын қамтамасыз етуге, жоғары технологияны пайдалана отырып, экономикалық өсуге  бағытталған. Осы екі саясат саласында  да инновациялық қызмет үрдістерін жетілдіру, оны бүгінгі күнмен қабыстыру  мақсаты көзделген.

Инновациялық саясаттың  басты ерекшелігі ─ оның әрдайым  мемлекет назарында болуы. Қызықтысы, ғылым мен техника нарық жағдайында басқа салалар сияқты өз алдына дербес дами беруге кейде қабілетсіз болып  келеді. Алайда ғылым жеке меншік өндіріске  жұмыс істеген жағдайда, оның нарықтық сұраныс пен ұсыныс заңдылығы  арқылы даму мүмкіндігі жоғары екені  сөзсіз. Мұны қазіргі күні АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибелері толықтай дәлелдеп отыр.

Инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту тұрғысында сападан  алшақтамау бірінші кезектегі мәселе болары сөзсіз. Тек шикізат орталығымен  ғана шектеліп қоймай, «өндірістен  ─ өндіріске» принципін ұстанған абзал дейді зерттеушілер. Мұның  мәні ─ шикізат өндіре отырып, одан дайын өнім шығаруға ұмтылу. «Өндірістен  ─ өндіріске» қағидасы бүгінгі күні Қазақстан үшін ең қажет принциптердің  бірі болып отыр. Бұл принцип өндірісте  шығынды жағы өте жоғары әрі сапасыз  артық өнім шығарудан сақтандырады. Осындай адамзат үшін өте тиімді  және оңтайлы болып отырған инновациялық саясаттың негізгі бағыттары  төмендегідей болып келеді:

    • жоғары бәсекелестікке ұмтылған, шығыны аз, керісінше, пайдаланатын ресурстарды қолданудың сапалы, жаңа деңгейін қалыптастыру. Ресурстарды үнемдеу арқылы өндіріс өзінің өсімін көбейтеді;
    • елдердің техникалық артта қалуын тоқтатып, жаңа технологияларға қол жеткізу;
    • өнім өндірмейтін салалардағы құрылымдық алға жылжу, яғни технологиялық негізде қамтамасыз ету;
    • әр аймаққа икемделген аз күш жұмсалатын өндіріс орындарын ашып, олардың өндіріс қауіпсіздігін және қоршаған ортаның ластанбауын қамтамасыз ете алатын жаңа технология жүйелерін тарату арқылы ғылыми-техникалық прогрестің әлеуметтік тиімділігіне қол жеткізу. Әлеуметтік нормативтер жүйесін дайындау жаңа технологияларға негізделуі керек.

 

3.2. ҚР-ның инновациялық  қызметін сақтандыру ісі.

Инновациялық қызметтің  субъектілері және олардың материалдық  құндылықтары әр түрлі қауіптіліктерге  ұшырауы мүмкін, бұл инновациялық өнімді тиімді жасауға кедергі келтіреді. Бұл қауіптіліктер (жағдайлар) ұлттық шаруашылық жүйенің экономикалық, қоғамдық, саясаттық ұйым тәсілдерімен байланысты және табиғи, техногенді факторларды  құрайтын физикалық болуы мүмкін. Инновация сферасының қауіптіліктерге  ұшырауының барлығын есепке алу мен  бейтараптау мүмкін емес, себебі инновациялық қызметтен табыстарды толық алмау  және шығындардың пайда болу тәуекелділіктері болады. Тәуекелділік барлық ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпкерліктерге тән.  Қазақстандағы кәсіпкерлік инициативаны бірқалыпсыз салық ауыртпалығы, заңдардың өзгеруі т.б. сияқты факторлар  тежейді,  ал инновациялық сферадағы  жағдайды жоғары тәуекелділіктер күшейтеді. Осылардың әсерінен инновациялық жобаларға  құралдарды инвестициялау, инновациялық қызметке нәтижелерді енгізу кезінде  тиімсіз болады. Инвестициялық процестің  табысты жүзеге асырылуы және оның нәтижелерін өндірістік қызметке енгізудегі міндетті шарты тәуекелділікті басқару болып табылады. Тәуекелділікті басқаруға сақтандыру қорғанысының әдістері, сонымен қатар мүмкін болатын алдын ала сақтандыру шаралары жатады. Инновациялық қызметте интеллектуалдық меншіктерді қорғаудағы құқықтық әдістерді қолдану, сенімді патенттік қызметтерді қолдану, жаңалықты өнеркәсіптік қолдану алдында маркетингтік және патенттік зерттеулерді жүргізу, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары және т.б. болуы мүмкін. Тәуекелділікті толықтай немесе оның белгілі бір бөлігін сақтандыруға болады. Осындай қорғаныс механизмін таңдау кезінде сақтандырылған тәуекелділік бойынша  залалдарды тұрақтандыру жүзеге асады, бұлар жиынтық түрде сақтандыру жарналардың сомасына тең болуы керек.  Осындай залалдарды өтеудегі жауапкершілікті сақтандыру компаниясына өзіне алады.

Сақтандыру қызметі үш түрге бөлінеді (оларға шығындардың  үш түрі сәйкес келеді): алдын ала  сақтандыру (предупреждение), алдын  ала шараларды қолдану (пресечение), шаруашылық залалды өтеу.  Коммерциялық сақтандыру тәуекелділік факторлардың әрекет етуінің әсерінен болатын  күйзелістік залалдарды алдын алу  үшін шаруашылық субъектілердің құралдарын уақытында жұмсауға негізделеді.

Кәсіпорын өзінің мүлігін  мемлекеттегі кең ауқымды сақтандыру бағдарламасы негізінде сақтандыра алады. Әрине, жауапкершілік тәуекелділіктері сақтандырылуы мүмкін және сақтандырылуы  қажет сонымен қатар, персоналдың, тұтынушылардың, үшінші жақтың өмірі  мен денсаулығына және қоршаған ортаға, басқа да мүліктік, қаржылық тәуекелділіктерге  зиян келтірудегі жауапкершілікті  қоса алғанда. Өнімнің, қызметтің сапасына деген  жауапкершілік сақтандырылуы  керек. Осы сипаттағы жауапкершілікті  сақтандыру полисінің болуы ─  еуропалық нарықта тауарларды өткізудегі міндетті шарт.

Жаңа техника мен технологиялардың объектілерін енгізу кезінде кәсіпорын  материалдық және қаржылық активтерді, инновацияларға құралдарды жұмсауда  тәуекелділікке барады.  Кәсіпорынның басқа да активтерімен, өзіне жауапкершілікті алумен байланысты залалдарға тап болмауды қамтамасыз ететін қосымша сақтандыру кепілділіктерін тарту керек.  Жаңа техниканы енгізу жиі күтпеген қолайсыз зардаптармен байланысты, бұлар өздерінің артынан қосымша шығындарға алып келуі мүмкін, әр түрлі себептерге байланысты жоспарланған пайданы алмаумен сонымен қатар өндірістің тоқтап қалуымен байланысты. Қазақстандық сақтандырушылар жоғары сападағы қаржылық тәуекелділіктер сипаттағы осы сақтандыру қызмет түрін ұсыныла алады, бірақ кәсіпкер өзінің қаржылық тәуекелділіктерін сақтандыру кезінде ол тексеріске тап болады, яғни сақтандырушы компания оның бизнесін  тексереді. Сақтандырушының қауіпсіздікті сақтау қызметі кәсіпорынның бүкіл қызметін,  оның қызметін реттемелеуші құжаттарын, регистрация жөніндегі куәлігін, қызметті жүзеге асырудағы құқық беретін лицензиялар немесе патенттерді, аудиторлардың, қадағалау органдардың қорытындыларын, мүмкін болған жағдайда салықтық тексерулерді қарастыруға талаптанады. Сақтандырушының негізгі ынтасы кәсіпорынның несие тарихына және өткен сот істерімен байланыстылығына негізделген. Потенциалды сақтаушының кәсіпорынын тексеру процесінде оның басқа инновациялық жобаларын енгізу нәтижелері қарастырылады.

Кейінге қалдырылған өндірістегі  инновациялық қызметтің тәуекелділіктерін  қолдану туралы шешім қабылдаған кәсіпкер үшін енгізу этапында және содан  кейінгіде маңыздырақ болып аварияларға, жаңа техника бойынша күтпеген жағдайларға, бұзылған құрал-жабдықтарға және т.б. байланысты өндірістің тоқтап қалу тәуекелділіктері табылады.

Өндірісте үзілістер болғандықтан, залалдарды сақтандыру айтарлықтай  кең таралған. Жаңа техниканың нәтижелерін  енгізу кезінде қолайсыз жағдайлардың, барлық өндірістің тоқтап қалуына ұшырататын сонымен қатар, жаңа техниканың немесе технологиялардың объектілерімен байланысты тәуекелділіктерін ескеру қажет. Сондықтан  техникалық жаңалықтарды, прогресті  өндірістік процестерді және т.б. енгізу туралы шешім қабылдаған кәсіпкер өндіріс  үзілістеріне байланысты залалдарды сақтандыруды ойлау қажет. Өрттің салдарынан, сонымен қатар машиналар мен механизмдердің бұзылуынан болатын залалдарды  сақтандыруға (көптеген сақтандыру компанияларында осы тәуекел мүліктік сақтандыру келісімінде енгізіледі) болады.

Жаңа техниканы немесе технологияны енгізу кезінде кепілді  қызмет көрсетудің болуын қадағалау  қажет, ал кейбір жағдайларда ─ кепілді  міндеттердің іске асырылуынан кейін  жаңа техниканы жеткізуші фирмадан сақтандыру полисінің болуын талап  ету қажет.

Инновациялық қызметпен  айналысатын көпшілік кәсіпкерлер  маңызды қаржылық және материалдық  шығындар тәуекелділіктеріне тап болады. Сондықтан олар дұрыс және уақытында  сақтандыру қорғанысының механизмін қолдану  қажет. Олар барлық мүмкіндіктерді қолданып және өзінің контрагенттерден соны талап  ету керек. Кәсіпкер үшін маңызды  тәуекелділіктерден сақтандыру қорғанысты қамтамасыз ету үшін, олар сақтандыру негізінде тәуекелдің бүкіл пакетін  ұсыну қажет. Сонымен қатар өнідірістегі үзілістер, құрал-жабдықтардың бұзылуы  салдарынан болатын залалдарды тек  қана соған сәйкес мүліктік сақтандыру келісім болған жағдайда   сақтандыру мүмкін болады. Тәуекелділікті бағалау  және сақтандыру келісімінің мақсатты сәйкестілік қорытындысын анықтау  үшін сонымен қатар, қайта сақтандыру қажет болған жағдайда келіссөздерді  жеңілдету үшін сақтандыру компаниялары экспертизаға берілген тәуекелділіктерді  бағалауға мамандырылған сақтандыру сюрвейер-компанияны тарта алады.

Объектілерді және зиялы  меншікті жасау мен қолдануға, инновациялық қызметке байланысты тәуекелділіктерді  сақтандыру ережелерін енгізуде қызығушылық  көрсетілуде. Өкінішке орай, осындай  қызмет түрін іске асыратын кәсіпорында  көпшілік жағдайда қаржыландыру бойынша  проблемалар болады. Барлық сақтандыру нарығының жалпы проблемасы  потенциалды  сақтаушылардың төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі болып табылады.

Инновациялық қызметпен  және зиялы меншіктің объектілерін қолданумен байланысты сақтандыру бағдарламасын  өңдеуде бірнеше тенденциялар бар.

 

3.3 Инновациялық  қызметтерді басқарудағы  жаңа  тәсілдері.

Инновациялық процестерді  басқару проблемасы оның кең ауқымды  өсімі бойынша объективті түрде  күрделенуде. Қазіргі қоғамның нарықтық қатынастары инновацияларды басқару  жүйесіне қатты талаптарды қоюда.

19-20 ғасырларда басқару  тапсырмаларының сандық өсуі  ғана емес, сонымен қатар олардың  сапалық күрделенуі көрініс тапты.  Инновацияны басқару саласындағы  жұмыс табысты болған сайын,  басқару объектінің сандық және  сапалық өзгеруі тезірек болады. Ғылымды дамыту диалектикасы  және инновацияларды басқару  тәжірибесі жаңа ұйымдық проблемаларды  үнемі айқындау қажеттілігінен, оларды шешудегі құралдарын және  әдістерді іздеуден тұрады.

Нарықтық жағдайда инновацияларды басқару жүйесі негізгі түрде  қалыптасады. Шаруашылық өмір жағдайларының  барлық кешендеріне өзгерістер қажет  ─ өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық, қаржылық-экономикалық. Нарықтық экономикаға  көшу кезінде инновацияларды басқарудың ұйымдық құрылымдары, қайта өндіру процесінің қатысушыларының өзара  әрекет ету формалары жаңа көрініс  табады, салалар арасында шектер бұзылады, инновациялық процестердің әр түрлі  стадияларының шоғырлануы дамиды.

Қазақстан Республикасындағы  іске асып жатқан инновацияларды басқару  механизмінің басты проблемасы болып  ғылым мен өндірістің арасындағы өзара байланыстылығының және өзара  әрекет етуінің тиімді тізбегінің болмауы  табылады. Микро- және макро - экономикалық мүдделерді сәйкестендіретін және осыған жауапты болатын біртұтастылық ұжымдық жүйе жоқ.

Соңғы 20 жылда инновацияларды басқару көптеген өзгерістерге ұшырады.  Бұрынғы басқару жүйесі бойынша  кәсіпорын жабық жүйе ретінде  қарастырылды, ал оның қызметінің табысы негізінен ауыспалы ішкі ортаның  әсеріне байланысты болады. Осындай  басқару жүйесінде мақсаттар  мен міндеттер ұзақ уақытқа алдын  ала белгіленген және тұрақты  деп есептелген. Отандық экономиканың тиімді экономикалық қайта құрулары инновацияларды басқару жүйесін  және жаңғыртуды талап етті. Осыған байланысты, қазіргі этапта басқару  парадигмасының мағынасы қайта қаралды, бұл әр түрлі елдерде жүзеге асырылатын ғылым мен техника саласындағы  әлемдік қайта құру әсеріне байланысты. Қоғам ақпаратты ашық, сонымен  бірге инновацияларды басқарудың мағынасы мен рөлді түсінудегі түбегейлі  жаңаруы бола бастады, яғни оның әлеуметтік уағдалы, кең ауқымдылығы, тиімділігі.

Нарықтық механизмдерді  қалыптастыру мен дамытуға бағытталған  Қазақстан экономикасының қайта  құрылуы инновацияларды басқарудағы  теоретикалық концепциялардың қайта  қаралуын талап етті. Қазіргі жағдайда Қазақстанға инновацияларды басқарудағы  жаңа концептуалды модель қажет. Осыған байланысты, инновацияларды басқарудағы  жаңа парадигманы жасауға қажеттілік туады. Жаңалық енгізудің басқару  жүйесінің мазмұны бойынша мыналарды  қамтиды:

Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық қызметі