Кәсіпорынның инновациялық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 08:38, доклад

Описание работы

Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың қажетті негізгі шарты инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
I БӨЛІМ. ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.
1.1. Инновацияның мәні, белгілері және түрлері..............................................5
1.2. Инновациялық процестің негізгі кезеңдері................................................7
1.3. Инновация әсерлерін бағалау және өлшеу................................................12
II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.
2.1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары......17
2.2. Ұйым және инновациялық қызметті қаржыландыру...............................20
2.3. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның инновациялық қызметі.................................................................................................................25
III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА ЖОЛДАРЫ.
3.1. ҚР-ның инновациялық қызметінің маңызы және саясаты......................29
3.2. ҚР-ның инновациялық қызметін сақтандыру ісі......................................34
3.3. Инновациялық қызметтерді басқарудағы жаңа тәсілдері.......................37
Қорытынды..........................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................42

Работа содержит 1 файл

Айнур курсовой.docx

— 72.60 Кб (Скачать)

Инновациялық процестің  кезеңдері бойынша бағалау және өлшеу.

Кезеңнің аты.

Аралық нәтижелердің түрі

Нәтижелердің сандық өлшеуі

Бағалау субъектісі (сатыны бағалаушы)

Өнім(қызмет) идеясы

Бірнеше өңделген идея мен  ұсынысты сипаттайтын хаттама

Идеялар саны, альтернативалар

Техника бойынша эксперттер

Зерттеулер, өңдеулер

Конструкциялар, прототиптер, экспериментальды қондырғылар

Өндірістіліктің өсімі, жылдық өнімнің шығуы, ресурс шығындарының төмендеуі, техниканы дамыту

Техника бойынша эксперттер

Жаңалық ашу

Патенттер, публикация, премия

Аталған нәтижелердің саны

Ғылыми қызметкерлер

Инвестициялар, шығару, маркетинг

Нарықтық өнімдер, жүзеге асырылатын технологиялар

Техникалы-экономикалық жақсарулардың  толық сипаттамасы

Маркетинг бойынша менеджерлер, инженерлер

Инновацияларды нарыққа  немесе өндіріске шығару

Айналым, шығындарды экономдау, пайда

Ақша құралдарының абсолютті  сомасы, индекстер, уақыт бойынша  салыстыру көлемі, бағалы қағаздар курсының өсімі

Маркетинг, өндіріс бөлімдері, тексерушілер, сала бойынша эксперттер, банкирлер

Ағымдық сауда немесе қолдану

Нарық, шығын, пайдалар үлесінің өзгеруі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ  МЕН ОНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ.

2.1. Кәсіпорынның  инновациялық қызметінің мәні  мен алғышарттары.

Кәсіпорынның инновациялық қызметі ─ бұл жаңа немесе өнімнің  жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің  жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік  шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы  жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы  үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрпаты  ажыратылады:

    • өнімділік;
    • үдерістік.

Жаңа өнімді өндіріске  енгізу инновацияның түбейгейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияларға  негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологиялардың жаңа түрін  пайдаланып ұштастырады.

Процестік инновация ─  бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс  тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды  өзгерту.

Жаңалық дәрежедегі инновациялар негізінде жаңа, яғни өткен отандық  және шетелдік практикада ұқсастығы  жоқ және жаңа нәрселердің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталды. Негізінде  өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің  түп нұсқасы болып табылады.

Инновацияның өмірлік  кезеңі  өзара байланысты процестің  және жаңалықтарды енгізу сатысының  жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы  ретінде идеяның дүниеге келгеннен  өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде  анықталады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

    • жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияның және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
    • өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
    • жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
    • қажетті өнімді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтардан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
    • жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
    • қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
    • қажетті ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
    • лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
    • инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.

Әлемнің дамыған елдерінің  басты мақсаттарының бірі ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету  болып табылады. Мұнда үлкен көлемдегі  өндіріс, жоғары сапалы тауарлар мен  қызметтер туралы айтылады.

Экономикалық өсім өндіріс  тиімділігінің жоғарлауымен, жұмыссыздықты  азайтумен, баға мен қаржылардың  тұрақтылығымен, сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюімен және басқа  да оң нәтижелі экономикалық, әлеуметтік процестермен бірге жүреді.

Экономикалық өсім ұлттық экономика және өнеркәсіптің  барлық салаларындағы кәсіпорындардың  табысты қызметінің нәтижесі болып  табылады.

Ресейлік Эксперттік институтының экономистері өнеркәсіп саясатының мәселелерін зерттеу барысында  мынадай қорытынды жасады: экономикалық өсімнің негізіне екі процесс  жатады. Олар:

    1. технологиялық укладтың ауысымы, бұл жаңа тауарлар өндірісін жасауға және бұрын меңгерілген тауарлардың өндіріс тиімділігін көтеруге ықпал жасайды;
    2. елде технологиялық укладқа негізделген өндіріс өсімі ─ тауар мен қызмет өндірісінің техникалық тәсілдер жиынтығы және оларға шаруашылық қызметтегі ұйымды-экономикалық формаларының неғұрлым тепе-тең болуы.

Технологиялық укладтың концепциясы  соңғы үш ғасыр кезеңінде технология эволюциясында бес толқулар болып  өтуіне негізделген. Осылардың әрқайсысы  технологиялық укладтың белгілі  типін қалыптастырды.

Бірінші уклад (1785-1835) текстильді өнеркәсіпте жаңа технологиялар  және су энергиясын қолдану негізінде  қалыптасты.

Екінші уклад (1830-1890) теміржол транспортының және бу двигателін қолдану  негізіндегі барлық өнім түрлерін өндірістік механикаландырудың дамуымен байланысты. Сонымен қатар шағын фирмалармен  бірге мыңнан астам жұмыс орны бар ірі кәсіпорындар дамыды және кәсіпкерліктің жаңа формалары, акционерлік  қоғамдар  пайда бола бастады.

Үшінші уклад (1880-1940) өнеркәсіптік өндірісте электроэнергияларды  қолдануға, ауыр машина жасау және электротехникалық  өнеркәсіптің дамуына, химия және химиялық кешен саласындағы жаңалықтардың  дамуына негізделген. Үлкен фирмалар, картельдер,  трестер,  шағын компаниялар  дамыды, шағын компаниялар үлкейе бастады және орта буынды басқаратын басқарушылар пайда болды. Нарықта үстемдік жағдайға монополиялар мен олигополиялар ие болды, бірақ сонымен бірге мемлекет не бақылау жасайды, не мемлекет толық табиғи монополияларға ие болды және мемлекет қоғамдық игіліктермен қамтамасыз етті. Банктік және қаржылық капиталдардың шоғырлануы жүзеге аса бастады.

Төртінші уклад (1930-1990). Оның негізіне ─ келешектегі энергетиканың  дамуына және негізінен мұнайды, мұнай өнімі және газды, байланыс құралдарын, жаңа синтетикалық материалдарды  қолдануға негізделген. Бұл ─  көптеп өндіру кезеңі. Шапшаң автомагистральдар, әуежайлар құрыла бастады. Содан  кейін кең көлемде компьютерлер таратыла бастады және оларға қажетті  бағдарламалық өнімдер, радарлар, атомдар, бұл әскери мақсаттарда, содан кейін  бейбітшілік мақсатта қолданылды. Нарықта  олигополиялық бәсеке үстемдік етті, әр түрлі елдер нарығында тікелей  инвестицияларды жүгезе асыратын және сонда өздерінің өндірістерін қалыптастыратын  трансұлттық корпорациялар пайда  болды.

Бесінші уклад 80-ші жылдардың  ортасынан бастап қалыптаса бастады. Оның негізі болып микроэлектроника, информатика, биотехнология, жаңа энергия  түрлері, ғарыштық кеңістікті меңгеру, байланыс спутниктерінің жетістігіне  және т.б. табылады. Бұл кезеңде өнімнің  сапасын бақылау, инвестицияларды  жоспарлау, технология саласында тығыз  қарым-қатынастар орнатыла бастады.

 

2.2. Ұйым және  инновациялық қызметті қаржыландыру.

Инновациялық қызметтің  келесі негізгі ұйым формалары бар:

    • ғылыми орталықтар және корпоративтік құрылымдар құрамындағы зертханалар. Олар ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүзеге асыруға, жаңа өнім мен қызметтер өндірісін және меңгеруді ұйымдастыруға бейімделген;
    • уақытша шығармашылық ғылыми ұжымдар немес орталықтар, бұлар белігілі бір ірі және оригиналды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады. Қойылған мақсатқа жеткеннен кейін осы ұжымдар немесе орталықтар тарап кетеді немесе қайта құрылады.
    • мемлекеттік ғылыми орталықтар (МҒО) ─ мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ерекше типі, келісуді қамтамасыз етуге бейімделген, бір жағынан, мемлекеттің ұзақ мерзімдік стратегиялық басымдылықтарының ғылым мен техника маңызды бағыттарын дамыту, екінші жағынан, ғылыми-техникалық қызметтің экономикалық және әлеуметтік мүдделерінің нақты субъектілері;
    • технопарктік құрылымдағы әр түрлі формалары (ғылыми технологиялық және зерттеушілік парктер, инновациялық, инновациялы-технологиялық және бизнес-инновациялық орталықтар, бизнес инкубаторлары, технополистер).

Технопарктар ─ бұл  ғылыми-өндірістік территориялық кешендер, бұлардың мақсаты шағын және орта ғылымды қажетсінетін инновациялық фирма-клиенттерінің дамуына қажетті  жақсы ортаны қалыптастыру болып  табылады. Технопарктің құрылымында  информациялы-технологиялық, оқу, консультациялық, информациялық, маркетингтік орталықтар, сонымен қатар өнеркәсіптік зоналар  болуы мүмкін. Осы орталықтардың  әрқайсысы маманданған қызмет жиынтығын  ұсынады, мысалы, іздеу бойынша қызмет және белгілі бір технология бойынша  информацияны жіберу, мамандарды қайта  даярлау бойынша қызметтер, әр түрлі  сипаттағы консультациялар және т.б.

Мысал ретінде Зеленоградтық  ғылыми-технологиялық парк, Пермдық  ғылыми-технологиялық парк және т.б. келтіруге болады.

Бизнес-инкубатор ─ жаңа кәсіпкерлер өзінің ісін атқарудағы дағдыларын алады, бұнда оларға құқықтық, экономикалық консультативтік көмек  көрсетіледі.

Технополистер заман талабына сай ірі ғылыми-өнеркәсіптік кешендер, сонымен қатар университеттер және басқа да жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеушілік институттар болып табылады. Бұл  жерде жаңа ғылыми бағыттар және ғылымды  қажетсінетін өндірістердің дамуына жақсы жағдайларды қамтамасыз етуді жүзеге асырылады. Мысал ретінде Обнинскідегі, Пущинедегі технополистер келтіруге болады. Бұлар альтернативті фирмалар және жаңалықтарды меңгеруге, ноу-хау, жаңа өнім және қызмет түрлерінің аз көлемдегі серияларының өндірісін меңгеруге маманданған.

Инновациялық қызметті жүзеге асыруда үлкен маңызды орынды оның анықтылық және өз уақытындағы  қаржыландыруы алады. Бұл қызмет үлкен дәрежелі белгісіздік пен  тәуекелділіктік сипатта болғандықтан, оның қаржылық реттелуіне қаржылық көздерінің көптілігі, инновациялық процестердің тез ауысатын ортасына икемділік  пен бейімділік маңызды.

Ресейде инновациялық қызметтің  негізгі қаржыландыру көздері ─  бюджеттік және бюджеттен тыс  құралдар болып табылады.

Бюджеттік құралдарға федералды  бюджет, РФ субъектілерінің бюджеттері және жергілікті бюджеттерді жатқызуға  болады.  Ірі масштабты ғылыми-техникалық мәселелерді, шағын және орта инновациялық бизнестерді қаржыландыру бюджеттік  құралдар есебінен жүзеге асырылады.

Бюджеттен тыс құралдарға: 1) инновациялық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің  құралдары; 2) инвесторлардың құралдары.

1. инновациялық қызметті  жүзеге асыруға бағытталған кәсіпорындар  мен ұйымдардың  өзінің құралдарының  құрамына пайдадан аударымдар, амортизациялық аударымдар қорлары, өндірісті дамыту қорлары кіруі мүмкін.

Амортизациялық аударымдар амортизациялық қорларда шоғырландырылады. Бұл қор инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті жаңа құрал-жабдықтарды  алудағы, жаңа технологияларды енгізудегі  негізгі көзі болып табылады.

Өндірісті дамыту қоры кәсіпорынның билігінде қалатын пайдалардан  қалыптасады. Бұл қордың құралдарына  құрал-жабдықтарды алуға, өндірісті  қайта құруды жүзеге асыруға, жаңа объектілердің  құрылысын қаржыландыруға болады.

2. Инновациялық қызметке  инвесторлардың құралдары тартылады.  Бұл мыналар болуы мүмкін: ақша  түріндегі, бағалық қағаздар түріндегі  тікелей салымдар, құрал-жабдықтар,  негізгі қорлардың басқа түрлері,  несиелік инвестициялар, акциялардағы  инвестициялар, облигациялар, вексельдер  және т.б.

Инновацияны жүзеге асыруға  қажетті жалға беру сипатындағы  қымбат құрал-жабдықтарды, энергетикалық  қондырғыларды, компьютерлік және телекоммуникациялық  техникалар алуға немесе қолдануға  инвестициялаудың прогрессивті формасына, яғни лизингке жүгінеді.

Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық қызметі