Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 00:50, реферат
Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі ретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс(ҒТП) батыс және отандық әдебиеттерде инновациялық процес ұғымымен байланыстырылады.
Үшіншіден, ғалымдар көлемі молекулаға тең механизмдер мен роботтар, яғни наномашина жасауды көздеуде.
Бұл әрине, енді ғана қолға алына бастаған, тәжірибе жүзінде сынақтан өткен алғашқы қадамдар ғана. Бірақ ғылымы мен білімі дамыған бірқатар елдерде соның алғашқы үлгілері қолданысқа енгізіле бастады. Мәселен, Массачусетс технологиялық институтында қазір көлемі бақыр ақшадай өрмекші-роботтың алғашқы үлгісі жасалынды, ол бір минутта 10000-ға дейін әртүрлі қозғалыстарға келтіріледі. Бірақ көлемі үлкен болғандықтан, оны нағыз наноробот деуге ертерек секілді. Ресей ғалымдары да америкалық әріптестерінен қалысар емес. Олар нанотехнологияны медицина саласына жұмыс істету жолында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Таяудағы жылдары
адамның індері бойымен өз бетінше
қозғалып жүретін және биологиялық
заттардың орналасқан әрі шоғырланған
жерін анықтауға мүмкіндік
Осындай молекулярлы машина өткен жылы Мичиган университетінде сынақтан өткізіліпті. Нанороботтар үш бөліктен тұрған екен: тасымалдағыш-молекулалар, қатерлі ісік жасушаларын барлап білетін-молекулалар (ДНҚ фрагменттері бар) және люминофер-молекулалар. Осындай құрылымды ағзаға енгізген кезде олар ісік жайлаған жерге орналасып, люминесценцияның көмегімен соны нақты көрсеткен. Дәл осындай амалмен ауру жайлаған жерге дәрі жіберуге болатыны да күмәнсіз.
Қалай дегенмен де ғалымдар адам өмірі үшін күресті одан әрі жалғастыруда. Олардың сөзіне сенсек, таяудағы жылдары қолдан жасалған ДНҚ-молекуланың негізінде адам ағзасын микробтардан тазартуға немесе енді тамыр жая бастаған қатерлі ісік жасушасын жоюға жол ашылатыны сөзсіз.
Нанотүтікшелер
Соның бір айғағы фуллерендер аккумуляторлық батареяларды шығаруға қолданылуда. Оның өз «ағайындарынан» айырмашылығы — сыйымдылығы бес есе көп, салмағы өте аз, жоғары экологиялық сапасы мен санитарлық қауіпсіздігінде. Батареяның бұл түрін жеке компьютерлер мен дыбыс аппараттарының қоректену көзіне пайдаланады. Бірақ, оны жүзеге асыру оңай шаруа емес. Өйткені, америкалық «Carbon Nanotechnologies» тәулігіне 0,5-1 кг ғана нанотүтікше жасап шығара алады. Бұл ретте Жапония да белгілі бір мөлшерде табысқа жетті. Мұнда жылына 400 кг фуллерен шығаратын тәжірибе зауыты салынуда. Сонымен бірге, осы елде жылына 120 тонна нанотүтікше шығаратын зауыт та іске қосылуда.
1991 жылы профессор
Сумио Иидзима ұзын көміртекті
цилиндр-нанотүтікшені баиқаған
[5] Нанотехнология
жетістігінің мысалы ретінде
IBM фирмасының лабораториясында
алғаш Бихи мен Рорер жасаған
сканерлейтін тунелді микроскоп
Нанотехнологияны елімізде дамытудың алдыңғы шарттары
2007-2008 жылдары
отандық жоғары оқу
Сол жылдан бастап еліміздің 10 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында қазіргі талапқа сай жабдықтармен жабдықталған инженерлік зертханалар ашылған болатын. Солардың қатарында Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Наноинженерлік зерттеу әдістері» зертханасы. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінде аты дүние жүзіне мәшһүр профессор Г.А. Мун, Тараз мемлекеттік университетінде профессор И.И. Бекбасаров басшылық жасайды. 2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде "Нанотехнологиялар" оқу-ғылыми зертханасы ашылды. Тараз мемлекеттік университетінде бүгінгі күні электронды микроскоптар мен рентгендік микроталдаулар жасалып, құрылыстық, композициялық материалдарды, азық-түлік өнімдерін физикалық-химиялық зерттеу әдістері жалғасын табуда.
Оқу орнына мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа жапондық JSM7500F микроскопы алынды. Бір айта кетерлігі, мұндай микроскоп Қазақстанда екеу ғана, оның екіншісі Республикалық ядролық физика ғылыми зерттеу институтында. Бір жағынан мақтаныш болғанымен, бұл ретте аталған микроскоп бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы деп те айтуға болмайды. Өйткені, жапондарда бұл жабдық ескірген болып есептеледі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде 1600 ғылыми-техникалық компаниялар мен фирмалар, зертханалар мен орталықтар нанотехнологиялық зерттеулермен айналысуда. Оның 28 пайызы АҚШ-та, 24 пайызы Жапонияда, 10 пайызы Ұлыбританияда, 9 пайызы Алманияда, және 5 пайызы Австрияда екен. Франция, Италия, Қытай елдері 3 пайыздан, басқа мемлекеттер, соның ішінде Ресей барлығы 14 пайызды құрайды. Ал, Қазақстан сол он төрт пайыздың ішінде де жоқ. Осыдан-ақ елімізде бұл саланың дамуының мән-жағдайын білуге болады.
Аралдағы индустриялық–
Өткен ғасырдың аяғында ұлтаны кепкен теңіздің экологиялық зардабын айқын сезіне бастаған аралдықтар табиғи апатпен жалғаса келген экономикалық қиындықты әлі ұмыта қойған жоқ. Осыған дейін Мәскеу отарындағы 15 республиканың бірі болып келген Қазақстан әлем үшін жұмбақ мемлекет еді. Сондықтан да бір кездері Әму мен Сыр кенересін қатар толтырған теңіздің тақсіретін бізбен бірге бөлісер ешкім болмады.
Елге алғашқы инвесторлар легі келгенде де экологиялық зардабымен белгілі Арал өңіріне қаржы құюға белсене шыққандар байқалған жоқ. Міне, осы кезде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен «САРАТС» жобасы қолға алынды. Нәтижесінде Кіші Арал кемеріне келіп, көкейдегі талай күдікті сейілтті. Күннен-күнге жағалауға жақындай түскен теңіз толқындарымен бірге елдің үміті оянды. Ең бастысы, жоба аудан экономикасының дамуына негіз болды.
Қазір бірінші кезеңі сәтті аяқталған жо-баны әрі қарай жалғастыру үшін технико-экономикалық негіздеме жасалуда. Осы жұмыстарға қажетті 1,5 млн. АҚШ долларының жартысы халықаралық даму банкі тарапынан жұмсалса, қалған бөлігі республика бюджетінен алынады. Қазір «Аркадис Евроконсалт», «Казгипроводхоз» мамандарының зерттеуі САРАТС-2 аясында кіші Аралды ғана емес, үлкен теңізді де құтқару мүмкіндігіне орайластырыла жүргізілуде.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашу, индустриялық- инновациялық жобаларды іске асыру —Елбасымыздың Жолдауынан туындайтын тапсырмалардың бірі. Атақты «САРАТС» жобасының өңірге тигізген пайдасы ұшан-теңіз. Осынау айтулы жобаға рес-публикалық, аймақтық индустрияландыру картасының қосылуы аудан экономикасын алға сүйреуде. Өңірдегі табиғи ресурстар, жер қойнауы байлықтары игеріле бастады. Ауданда түрлі бағыттағы дамуды қам-титын индустриялық-инновациялық жоба-лардың тізбесі жасалды. «Бизнес жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы индустрияландыру картасына ауданның дамуын қамтамасыз етуге ұсынылған 16 жоба талқылаудан өткен болатын. Олардың ішінен 8 жоба мақұлданды.
Солардың бірі «Фирма Дана» ЖШС кварц құмын өндірумен айналысады. Серіктестік келешекте қуаттылығы жылына 450000 тонналық тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлауда. Ол кезде ауданға ірі мөлшерде инвестиция тартылып, көптеген жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады.
Сонымен қатар
ас тұзын шығаратын зауытты
Сондай-ақ, «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» мегажобасы іске қосылғанда салалық министрлікке Қамбаштан сервистік орталық ашу жөнінде ұсыныс жолданады. Жоба жүзеге асса, еліміздегі демалыс аймақтарының қатарына тағы бір тамаша тынығу орны қосылуы күмәнсіз. Маусым айында Қамбаш көлі жағажайында семинар-кеңес өткізілді. Шарада Қазақстан туристік ассоциациясының ақпараттық орталығының дәріскерлері экологиялық туризмді дамыту, қонақ үйлер ашу, олардың сапа стандарттарын қадағалау, туризм қызметкерлері құрамын басқару тақырыбында әңгіме өткізілді.
Арал туралы әңгіме қозғалса, балық шаруашылығына соқпай кету мүмкін емес. Теңіздің оралуымен ата-баба кәсібі қайта жанданды. «САРАТС» жобасының ІІ кезеңіне енген нысандар терең зерделеніп, жан-жақты зерттелуде. Жұмыс тобы жобаның ғылыми техникалық, экологиялық тиімділігіне талдау жасауда. Су балансын реттеу, балық шаруашылығын дамытудың, суды үнемдеу техникасын енгізу жолдары қарастырылуда. Есептеулер мен сараптамалық талдаулардың қайта жасау қажеттілігі көтеріліп отыр. САРАТС ІІ кіші Аралды ғана емес, үлкен теңізді де құтқаруға, көлдер жүйесін қалпына келтіруге қызмет етеді. Демек, бөгет суының деңгейі 50 метрге көтерілгенде Кіші Аралдың кез келген жеріне балық қыстап, уылдырық шаша алады. Теңіз алаңы тұтас тұшиды. Табиғи өсім есебінен балық аулау көрсеткіші 2 есеге артады.
Аудан аумағынан
«Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры салынуда.
«Бозой-Самсоновка» газ құбыры жүргізіледі
деп межеленуде. Әрине, аталған жобалардың
орындалуына біршама уақыт
Өткен жылдың басынан
бері Арал қаласында «Атамекен Холдинг»
қаржы өнеркәсіп тобының
Жобалық құны 113 млн. АҚШ доллары болатын вагон зауыты — аудан экономикасын өндіріске бейімдеудің бастамасы. Жалпы, аймақта машина жасау бағытындағы алғашқы жоба толық іске қосылғанда, 1300 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.
Былтыр аудан
бойынша негізгі капиталға
Сондай-ақ, экономиканың нығая түсуіне шағын және орта кәсіпкерлік саласы да айтарлықтай үлесін қосып келеді. Соның бір көрінісі ауданда өткен жылдың алты айымен салыстырғанда, тіркелген субъектілер саны 1992-ге жетіп, ол 9,4 пайызға артқан. Аталған мерзім ішінде онда 3652 адам жұмыспен қамтылды. Осы кәсіпкерлік саласында жұмыс істеушілер алты айда аудан тайқазанына 84,5 мың тең-ге салық түсіріп, 495 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда анағұрлым артық.
Ауданда жұмыс жасап жатқан 22 шағын несиелік құрылымдар кешегі маусым айына дейін 715 адамға 227,4 млн. теңге көлемінде қаржы берді. Айта кету керек, Арал дегенде оның ақ алтыны тұзы мен балығы және емдік қасиеті жоғары шұбаты алдымен сөз болады. Осы орайда «Арал тұз» акционерлік қоғамының алар орны ерекше. Бұл өндіріс орнында тұз қазу екі жылда бір рет атқарылады. Мұнда жұмысты жүргізу биылғы жылдың үлесінде. Атап айтқанда, өткен мамыр айынан бастап онда тұз қазу жұмысы басталды. Осы мақсатта Қытай елінен алынған екі жаңа тұз қалталау автоматы орнатылып, іске қосыл-ған. Маусымдық тұз қазу жұмыстарын жүргізуге құны 16,2 млн. теңгенің жаңа бульдозері сатып алынды. Қоғамда осы уақытқа дейін 62575 тонна тұз қазылып отыр. Ал «Камбала-балық» ЖШС-нен шыққан өнімдер ТМД елдері мен рес-публика аумағына тарауда. Серіктестікте бүгінде 21 адам жұмыс істейді. Келешекте ол балық сапасының түрін жақсартып, сыртқы саудаға 300 тоннаға дейін өнім шығаруды көздеп отыр. Сол арқылы серіктестік жұмыс орнын 40 адамға дейін көбейтпек. Сондай-ақ, «Құланды» ЖШС қарамағындағы асыл тұқымды түйе малдарынан сүт өндіріп, оны израильдік технологиямен өңдеп, бір ыдыс-қа шұбат құйып шығаруда. Бұл шұбаттың сақталу мерзімі алты ай. Қоректік және емдік қасиеті жоғары бұл шұбаттар қазір келісімшарт арқылы Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарына жөнелтіліп отыр.
Ауданда кәсіпкерлік
саласында бел-сенділік көрсетіп келе
жатқандардың бірі, ол — «Арал құрылысы»
ЖШС. Серіктестік темір-бетон