Инновация түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 00:50, реферат

Описание работы

Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі ретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс(ҒТП) батыс және отандық әдебиеттерде инновациялық процес ұғымымен байланыстырылады.

Работа содержит 1 файл

Инновация0.doc

— 203.50 Кб (Скачать)

 Стратегия  Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге  арналған мемлекеттік экономикалық  саясатын қалыптастырады және  экономика салаларын әртараптандыру  арқылы дамудың  шикізаттық  бағытынан қол үзу арқылы елдің  тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.  Дегенмен де қазіргі таңда ел экономикасын дамытуда проблемалар да жоқ емес. Оларға:  экономиканың шикізатқа бағытталуы; өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі, ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негізгі қорлардың тез тозуы, кәсіпорындардың техника және технология жағынан артта қалуы; отандық ғылымның нарықтық экономикаға  нашар бейімделуі; ғылыми-техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің ықпалды тетіктерінің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы; экономиканың өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы; менеджменттің экономиканы ғаламдану  үрдістеріне және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі т.б.

 Осы проблемаларды  шешу мен Стратегия аясында  алға қойылған мақсаттар мен  міндеттерге қол жеткізу үшін  Даму Банкінің қызметін жандандырумен  қатар Қазақстанның инвестициялық  қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттары құрылған болатын.

 Елімізде  индустриалды-инновация  -дамудың  дұрыс жолдарының бірі.

 Индустриалды-инновацияны  дамыту мен оны жүзеге асыруда   инновациялық қордың рөлі ерекше.  Қазақстанда инновациялық жүйені дамытуға арналған барлық алғы шарттар  бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік. Бұл технопарктер мен бизнес-клубтардың құрылуын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттік –жекеменшік әріптестік тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді. Ұлттық инновациялық қор жобаларды дамытудың әртүрлі кезеңдерінде қаржыландырады: идея мен үлгі жасауынан бастап өндірістің кеңейтуіне дейін. Ұлттық инновациялық қордың қаржыландыруының тетігі –жоба құнынан 49 пайызға дейін үлестік инвестиция салу.

 Ұлттық инновациялық  қордың портфелінде бірнеше жобалар  бар. Одан басқа, қазақстандық  ғалымдар мен кәсіпкерлерге 2004 жылдан бастап тәжірибе- конструкторлық зерттемелерге 48 грант берілді. Қордың одан арғы міндеті -өз еншісіндегі үлесін сату жолымен инновациялық жобалардан шығу  және тәжірибе конструкциялық зерттемелерді қаржыландыру. Елде тәжірибе конструкциялық зерттемелердің бірі – кәушікті гидридтеу катализаторы. Мұндай технология арнайы синтетикалық кәушіктің өндірісінде, негізінен екі елде ғана –Германия мен Жапонияда қолданылады.[4]

 Жалпы қазіргі  таңда индустриалды-инновация картасы  –елімізде жағымды инвестициялық  ахуал, бизнеске қолайлы белбеу қалыптастырып отыр. Осындай маңызды қадамдардың арқасында еліміздің қаржы-несиелік, фискалдық, тарифтік экономикалық саясат заманауи талаптарға сай бола бастады. Мемлекет инвесторларға тек міндет қоймай, қаржы және қаржылық ресурстар  бойынша қол ұшын созып келе жатқанын да айта кетуіміз керек. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жүздеген тетік іске асырфылып отыр. Олар –инвесторларды, инноваторларды, экспорттаушы компанияларды қолдауға бағытталған және «Бизнестің жол картасы-2020» мен «Өнімділік-2020» бағдарламалары. Биылғы жарты жылдықта 75 инновациялық жоба іске қосылады, бұл дегеніміз 114 млрд теңгенің инвестициясы игеріліп, 10 мыңға жуық қазақстандықтар тұрақты жұмыспен қамтылады деген сөз. [2]

 Елбасы  атап  көрсеткендей, 2010 жылы экономикадағы өсімнің жеті пайызын осы жылы іске қосылған жаңа кәсіпорындар қамтамасыз еткені белгілі. Ал биылғы жылы  осынау индустриалды дамудың үлесі ел экономикасын тағы да 2,6 пайызға арттыра түседі деп күтілуде.

 

 Бүгінде  Қазақстанның жолы – индустриалды инновациялық дамудың кең арнасына айналып отыр.

 Индустриалды-инновациялық  даму бағдарламасының негізінде  ағымдағы жылдың өзінде бірнеше  объектілер іске қосылды. Бірінші  жартыжылдықта бес объекті өз  ісін бастады. Атап айтсақ: 1) «Кормовик-Евротехнология» ЖШС премикстер мен концентраттарды өндіру заводы, қуаттылығы жылына 1200 тонна жем қоспаларын өндіру;

2) «Юр-ИнвестСтрой»  ЖШС асфальт өндіру зауыты, қуаттылығы  жылына 850 мың тонна;

3) Жылына 1800 тонна  сүт өнімдерін өндіру зауыты  «Байсерке Агро» ЖШС; 4) Пішінді құбырларды өндіретін завод «Компания SONIK» ЖШС, қуаттылығы жылына 24 мың тонна құбырларды өндіру; 5) Хундай жүк автомобильдері мен автобустарын ірі-тораптық жинақтау бойынша жоба «Хундай АвтоТранс» ЖШС, қуаттылығы жылына 500 автокөлікке дейін өндіреді.

2011 жылғы екінші  жартыжылдықта үш жоба іске  қосылады: 1) Индустриялық (станционарлық)  қрғасын-қышқыл аккумуляторларын  игеру «Қайнар АКБ» ЖШС, іске  қосылуы қараша айында. 2) Текелі  қаласында 3,65 га жерінде жылыжайдың  құрылысы «Green House- Жасыл үй» ЖШС іске қосылады; 3) Вакуумдық орауышта блокты ет және ірі тілімді еттерді шығару бойынша етті қайта өндіру кешенін құру «Байсерке Агро» ЖШС іске қосылуы желтоқсан айында. Сонымен қатар Республикалық Индустрияландыру картасының аясында екі объектіні іске қосу жоспарланған: Шарын өзенінде Мойнақ СЭС және «Жетіген- Қорғас» теміржол желісі; «Агрофос- Оңтүстік» жобалау компаниясы, фосфоры бар зиянды қалдықтардан аммониленген супер фосфат өндіріп шығаруға мүмкіндік беретін техникалық шешімді қолданысқа енгізуде; Құрылыс секторында екі жоба бар: Павлодардағы ағаш өңдеу комбинаты базасында жеке  меншік инвестормен бірге келесі элеметтері бар толық циклді өндірістік кешеннің ұйымдастырылуын ескеретін жоба қаржыландырылды: формальдегидтік шайыр шығаратын фабрикасы, МДФ және ДСП өндірісінің линиясы, МДФ бұйымдары өндірісінің цехы. Комбинат осы уақытта тұтынушылардың әртүрлі санаттарына арналған қолжетімді баға бойынша бөлме аралық есіктерді шығаруын және сатуын қалпына келтірді. Агроөнеркәсіптік кешенде: Қытай компаниясымен бірге тракторларды құрастыру өндірісі іске қосылды; Балқашта «АВ Metalls» ЖШС құйма шойын шығару бойынша тәжірибе өнеркәсіптік металлургиялық кешенін ашты. Бұл қымбат бағалы коксты қолданбастан бір сатылы шойын өндіріс технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік қондырғы.

 Бұдан басқа  Қазақстанның өзге өңірлерінде   де формацевтика, мұнай-химия, металлургия,  агроөнеркәсіп, құрылыс салаларында  көптеген жобалар іске асуда.

 Соның ішінде  біздің елде шетел қызығушылық танытып отырған формацевтика, мұнай, металлургия өнеркәсіп салалары бар.

 Қазақстан  Республикасының  экономикасын  дамытуда  инновациялық жобаларды  қажет ететін өнеркәсіптің кейбір  салалары да жоқ емес. Біз аграрлық  елміз және біздің осы салада ресурстарымыз бар. Еліміз агроөнеркісіптік қуаттардың жетілдіру мен асыл тұқымды шаруашылықтардың дамытуымен айналысуы керек. Сонымен қатар тек шикізат экспортымен ғана шұғылданбай, ауылшаруашылық өнімнің терең өңделуіне ерекше назар аударуы өте маңызды. Бұл үшін үздік агротехниканы қолдану маңызды, қатерлі егін шаруашылығы аймағында жоғары өнімділікті қамтамасыз ете алатын ииновациялық энергия және су сақтайтын технологияларды жетілдіру қажет. Келесі маңызды сала – бұл металлургия өнеркәсібі. Бұщл жерде шетелге металл сынығын сату емес, түпкілікті өнім өндірілуі үлкен маңызға ие. Біз IT-технологиялар саласында да артта қалмауымыз керек. Сонымен қатар энергия сақтау,био және нанотехнологияларды  дамытуға күшті бағыттау маңызды. Үлкен ғылыми әлеует химия өнеркәсібінің дамытуында да сақталады. Біз үшін перспективті салаларды анықтап алу және әрі қарай осы салаларды жетілдіру негізінде жалпы тұрақты дамуға қол жеткізуге болады.

 Бірақ, технологиялар  туралы айта келе, ғылыми әлеуеттің  дамуы жайлы ұмытуға болмайды. Ғылыми іргесіз инновациялар болмайды. Одан басқа жаңа жоғары технологиялы жабдықтарды енгізумен бірге, ел үшін сауатты мамандардың болуы маңызды. Сондықтан технологиялық дамумен бірге кадрлар әзірлеуіне назар аудару керек.

 

Әлемдегі инновациялық компаниялардың рейтингі жасалды

 

 Биыл ең үздіктер  рейтингінің көшбасшысы болып,  американың Salesforce.com компаниясы танылды.  Бұл технологияларымен ірі корпорацияларды  желілік бағдарламалармен қамтамасыз  ету қызметін ұсынатын мекеме  былтыр да бірінші орынға жайғасқан болатын.

 

Forbes әлемнің ең инновациялық  деген 100 компаниясының тізімін  жария етті. Әдістемелерінің ерекшеліктеріне  байланысты алдыңғы орындардан  көрінген коррпорациялардың арасында  аса танымал компаниялар өте  аз, деп жазады «Ведомости» басылымы. Мысалы, Google мен Apple тізімнің 24 –ші және 26-шы орындарынан көрінді. Сондай-ақ, үздік ондық тізіміне қытайдың Baidu сайты енген. Инновациялық компаниялары көп мемлекет ретінде АҚШ көзге түсті. Онда 42, рейтингтің екінші сатысына Франция (9) компаниясымен жайғасты. Үшінші орын Жапондардікі(8). Қытай компаниялары бұл тізімге жетеу болып енді. Германиянікі 6 , Үндістердікі 5, Британдық 4, Швейцария 4. Сондай-ақ, Браилия, Швеция және Дания екі екі компаниядан рейтингке орналасты.

 

Инновацияның даму заңдылықтары

 

И. Шумпетер тәсіліне сәйкес инновацияны келесі аспектілердің  кем дегенде біреуін қамтитын құбылыс ретінде бейнелеуге болады.

Технологиялық

Қолданбалы

Нарықтық сегменттеу

Ұйымдастырушылық

 

Бұл аспектілер келесі түрде  сипаталады: технологиялық –жаңа  түрін пайдалану, қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау, нарықтық сегменттеу-жаңа сату нарықтарының немесе жаңа тұтыну топтарының пайда болуы; ұйымдастырушылық-кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе мен технологиялық үдерісті немесе шикізаттың жаңа түрін пайдалану, қолданбалы-жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау, нарықтық сегменттеу-жаңа тұтыну топтарының пайда болуы, ұйымдастырушылық кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе менеджменттегі жаңа әдіс-тәсілдері.Мазмұны 

 

1 Инновация алаңы

2 Технология

3 Жаңа өнім және жаңа  нарықтар

4 Ұйымдық құрылым және  менеджмент

5 Координаттар тепе-теңдігі  мен кешендігі

 

Инновация алаңы

Ф. Янсен пікірінше, инновайциялық үдерісті инновация  алаңы түрінде қарауға болады. Янсен ұсынып отырған тәсілдің қолтаңбалы мәні технология, қосымша шарттар, нарықтар және ұйымдастыру құрылымы бойынша біріктірі отырып инновация алаң аясында кәсіпорынды дараландыруға болады. Бір позициядан екіншісіне өту комнапняның инновациялық іс-әркет жасау арқасында инновация өз алдына бірегейлі және жаңа болып табылады. Ерег осы өтудің кезектігін уақыт бойынша қарастырар болсақ, рнда инновация траекториясы және жаңа болып табылады. Егер осы өтудің кезектігін уақыт бойынша қарастырар болсақ, онда инновация траекториясы пайда болады. Сонымен қатар бұл өткен траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы немесе болашақтағы болжам траекториясы болуы да мүмкін.

 

Траекториядағы  жағдайлардың өзгеру үрдісін инновациялық үдеріс деп сәйкестендіруге болады. Жаңартулар құрылуы мен дамуы  белгілі бір заңдылықтарына бағынатынын  айта кету керек. Осы заңдылықтарды  білу жаңалықтарды тиімді түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Жаңарту үрдістерінің бірыңғай зыңдылықтарға бағынуы нақты бір кәсіпорынның даму стратегиясын дайындау барысында стратегиялық басқарушылық шешімдер қабылдаудың алғышарты болып табылады.

 

Ғылыми-техникалық дамуды жай ғана ғылыми –техникалық білімдерді іске асыру ретінде ғана емес, жаңартуларды құрастыру мен таратудың күрделі ықтималдық сипаттағы үрдіс ретінде қарау оның маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді-құраушы буындардың циклділігі, қозғалыстың бірқалыпсыздығын, даму кезеңдері, кешенділігі мен тепе-теңдігі, жаңартулардың «S» тәрізді түрленулері және т.б. Инновациялық даму заңдылықтарын жоғарыда қарастырылған инновациялық алаң координаттарына сүйене отырып келтірейік.

 

Технология

Технология, инновация  құрудың негізі ретінде, әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылып, сараланады. Оның келесі негізі сипаттамаларын ажыратып қарастырайық.

 

Технологиялық құрылыстың кезектесіп алмасып отыруы. Әрбір уақыт сәтінде технология кеңістігі қоғамдық қайта жаңғырту циклін жалпылама қамтитын технологияның ерекше жаңа сапа тудыратын орнықты жиынтығын білдіреді. Оның ішінде өзіндік қағидасы, осы құрылыстағы технологияның жұмыс істеу тәсілі басым болады. Экономика қалыптасқан саралау қолданып жүрген бес технологиялық құрылыс және келешегі бар алтыншы құрылыс пайда болады:

 

a) Механикалық  жүйелер

b) Буды пайдаланатын  технологиялар

c) Электр энергиясын  пайдаланатын технологиялар

d) Автоматтандыру  және химияландыруға негізделген  технологиялар

e) Биотехнология,  компьютерлендіру мен электондау

f) Нанотехнология, гендік инженерия, мультимедиялық  интербелсенді ақпараттық жүйелер

 

Қазіргі уақытта  басымдыққа ие болып отырған бесінші  құрылыс біртұтас жүйе ретінде 1950-1960 жылдардың құрылымдық дағдарыстан  кейін дамыған елдерде экономикалық өсудің технологиялық негізін құрады. Бұл технологиялық құрылысты анықтау құрамдасына микроэкономиканың, бағдарламалық қамтамасыз етудің, есептеуіш техника мен ақпарат өңдеудің өндіріспен басқаруда үрдістерді автоматтандырудың, ғарыштық және оптика талшықтық байланыстағы жетістіктері кіреді. Аталған технологиялық құрылыстың экономикалық оңды әсер етудің уақыттың шегі ХХІ ғасырдың екінші он жылдығына келеді. Одан әрі берілген технология негізінде өсіп-өркендеу мүмкіндігі сарқылғанын білдіреді.

 

Технологияның негізгі көрсеткіші өсу шегіне жеткенде шешуші факторлардың орны ауысады. Бұрын өсімге жеткізген әдіс-амалдар ендігі жерде тиімсіз болмақ. Сонымен технологиялық үзілу сәті-бір технологиядан екіншісіне көшу кезеңі жақындайды. Логистикалық қисық сызықтар аралығында үзіліс пайда болған соң мүлдем жаңа білімдер негізінде жаңа қисық сызық тұрғызуылуы басталады.

 

Берілген технологияның  шегіне жетуі басқа бір, тиімді жолмен мақсатқа жетуге болмайды деген сөз  тумайды. Сол себепті, дамуда жаңа нәтижелерге  қол жеткізетін технология таңдау арқылы басқару мүмкіндігі турады. Басқару білім жинақтауды, талдауды және шектерді анықтауды білдіреді. Ол бір үрдістен екіншісіне формальді «механикалық» түрде ауысуда емес, ол-жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырыпқол жеткізетін жоғары нәтижелік деңгейге шығаруда.

 

Жаңа өнім және жаңа нарықтар

«Инновация  алаңында» «Қосымша»координатын сипаттай отырып, инновациялық түрдегі өнім өндірумен өзара байланысын айтып  өту керек. Ғылыми-техникалық дамуды инновация дамуының заңды және ықтимал үрдісі ретінде қарастыра отырып, оның элементтерін одан әрі бөлшектей келе екі субстанцияға келеміз:

Информация о работе Инновация түсінігі