Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 12:18, реферат
Әлем дамуының негізгі басымдылығы қазіргі таңда ғылым және экономиканың тиімді ұштасуы мен жаңа технологияларды қажет ететін инновациялық даму болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері көрсетілген. Сын-қатерлердің алдын алуда балама жолдарды қолдану арқылы инновациялық технологияларды жаңғыртудың мәні зор.
Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.
Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі (90 пайызы) нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды , білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.
Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.
Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.
Жобаның экономикалық аспектілерінің
сапалық және сандық талдауы жобаны
таңдау мен оған сараптама жасаудың
негізгі белгісі болып
Жобаны мемлекеттік
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.
Шетелдік несиелер бойынша
шешім қабылдауда, министрліктер
мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен
ұйымдарды жауапкершілікке
Дефольттардың алдын - алу
үшін жалпы макроэкономикалық
Қазақстан экономикасына
әлемдік инвестициялауды
1) шаруашылық серіктестіктің жарғылық қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық жасауда немесе салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында, капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға бекітілген инвестордың құқығын шектеуге жол бермеу;
2) республика территориясында инвестормен өндірілетін тауарды сату мен шикізатты жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны құруға тиым салу;
3) инвестормен өндірілетін тауар немесе шикізатты өткізуде бағаны бақылау және реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;
4) либералды валюталық реттеу;
5) инвесторды қорғау бойынша кедендік бақылау шаралары;
6) инвестордың заңды мүдделерін, инвестиция, табыс дивиденттері мен құқықтарын қорғау;
7) Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде инвесторларға өз мүлкіне басқарушылық танытуға жол беру.
Шетел инвесторларының маңызды құқықтық кепілдемесі - республика заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізуден қорғау, шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың нормативті - құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүддесін қорғау аумағында әлі де шешілмеген мәселелер баршылық.
Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен сақтандыру компанияларын құруға жол ашатын және "Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер қабылданған. Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру бойынша мемлекеттік компания "Казахинстрах” Қазақстанда шетел инвестицияларын сақтандыратын жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға еркін түрде сақтандыру компаниясын таңдауға тиым салынған.
Шетел инвестицияларын сақтандырудың мүмкіндіктерін рационалды қолдану үшін халықаралық сақтандыру компаниясы немесе "ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел корпорациясы бойынша "American International Group” (AIG) корпорацияларының қатысуымен, саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша бірлескен қорларды мақсатты түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ - тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық сақтандыру тобы.
Бұл мемлекеттік компания меншікті тәркілеуден, ұлттандырудан сақтандыратын компания және ол үшін қажетті сақтандыру қорына ие. Мысалы, Өзбекстанда осындай әлемдік компания құрылған. Оның сақтандыру қоры 100 млн. АҚШ долл., ал "Казахинстрах” мемлекеттік компаниясының жарғылық қоры 1 млн. АҚШ долл. құрайды. Бұл жағдай тәуекелдерді шетелде қайта сақтандыру қажеттілігін көрсете отырып, Қазақстаннан сақтандыру алымдарының сыртқа кету мүмкіншілігінің айқын көрінісі болуда.
Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел капиталын тартуды ынталандыру үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес әдістерді қолдану қажет. Соңғысына шетел капиталының қызмет етуіне жалпы қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның басқа да эмитенттерін құру қажет.
Салықтық жеңілдіктер мен ұмтылыстар кең ауқымда қолдануда. Мысалы, ссудаларды беру бойынша операцияларды қосымша құн салығынан босату ынталандырушы рөлге ие. Инвестициялық банктер мен несиелік мекемелерден түскен шетел валютасындағы несиелер сомасы бұл жағдайда қосымша құн салығынан босатылуы тиіс.
Табыс салығынан бас тарту мақсатында, "салықтық демалыстар” кезеңінде құрылатын заңсыз бірлескен кәсіпорындардың құрылуына жол бермеу үшін, салық Кодексіне арнайы толықтыру енгізу қажет: мұндай кәсіпорынның салықты төлеуден босатылу кезеңінде, жабылу жағдайында кәсіпорын өз қызметінің барлық кезеңінде алынған пайдасына салық төлеуге міндетті.