«Қазақстан - 2050» стратегиясы – инновациялық технологияларды іске қосуда экономикалық қайта жаңғырудың басты парадигмасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 12:18, реферат

Описание работы

Әлем дамуының негізгі басымдылығы қазіргі таңда ғылым және экономиканың тиімді ұштасуы мен жаңа технологияларды қажет ететін инновациялық даму болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері көрсетілген. Сын-қатерлердің алдын алуда балама жолдарды қолдану арқылы инновациялық технологияларды жаңғыртудың мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Инновация.doc

— 123.00 Кб (Скачать)

«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ –  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСУДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТЫ ПАРАДИГМАСЫ

Болысбек А.Қ.Садықова П.А.

Экономика факультеті,

«Есеп, аудит және талдау»

кафедрасының 2-курс студенттері

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Астана, Қазақстан

Succsess_ai-5@mail.ru; m_famous@mail.ru

Әлем  дамуының негізгі басымдылығы қазіргі  таңда ғылым және экономиканың тиімді ұштасуы мен жаңа технологияларды қажет ететін инновациялық даму болып отыр.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері көрсетілген [1]. Сын-қатерлердің  алдын алуда балама жолдарды қолдану арқылы инновациялық технологияларды  жаңғыртудың мәні зор.

Жолдауда  Н.Ә.Назарбаев екі жылдан кейін  үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың бірінші  бесжылдығы аяқталатынын айтып, «Индустрияландырудың келесі фазасының жоспары:

·  Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс

·  Біз экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз.

·  бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет.

·  2013 жылы «жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды, сонымен қатар, Алматының маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастауды ұсынамын.

·  Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады.

·  2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс

Қазір мен еліміздің Үшінші индустриялық революцияға дайындығының шарты  болып табылатын ең принципті  мәселелерді атадым», -  деп Елбасымыз экономиканы қайта жаңғыртуда индустриялды-инновациялық даму бағытын қолдап, әрі оның нәтижесінде экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 2025 жылға қарай екі есеге, ал 2040 жылға қарай үш есеге ұлғайтуды жүктеді.

Инновациялық  дамуды көздейтін стратегияны жүзеге асыруылуының эффективтілігін зерттеу  үшін бүгінгі күнге дейін қабылданған  бағдарламалардың нәтижесін бағалау қажет және алынған көрсеткіштер арқылы болашаққа айқын болжам жасай аламыз.

2010-2014 жылдарға  арналған Қазақстан Республикасының  үдемелi индустриялық-инновациялық  дамуының мемлекеттiк бағдарламасының  (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарламасы) негiзгi тетiгi Қазақстанды индустрияландыру картасы болып табылады. Карта мемлекетке бизнеспен бiрлесiп дұрыс инвестициялық шешімдер қабылдауға және жеке сектор жобаларының іске асырылуының елдегі инфрақұрылымның дамуымен және ресурстық әлеуетiмен байланысын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

2010-2014 жылдарға  бағдарламаның жалпы құны 121 418 млн.  тенгені құрап, республикалық  бюджеттен 98 417 млн. тенге, ал  инвестиция тарапынан  23 000 млн. теңгеге қаражаттандылу көзделген.

Карта[1] жобаларының тiзбесiне, жоғары деңгейде пысықталған және Мемлекеттік бағдарлама өлшемдерiне сәйкес келетiн Қазақстан экономикасы үшін ең маңызды барлық жобалар енілген.Қазіргі уақытта (кезекті өзектендіруді ескере отырып) Қазақстанды  индустрияландырудың картасына құрылыс кезеңінде 220 мыңнан астам жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 181 мың жұмыс орнын құра отырып, 11,1 трлн. теңге сомасына 779 жоба еніп отыр.

2010-2012 жылдары  ішінде жалпы 2,1 трлн. теңге сомасына  барлығы 537 жоба іске қосылды,  тұрақты жұмыс орнының саны - 57 мыңнан астам. 2013 жылда 23 мың жұмыс орнын құра отырып,1,1  трлн. теңге сомасына 136 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. 3 жыл ішінде Статистика агентігінің мәліметтері бойынша іске қосылған жобалармен 1,5 триллион теңгеден астам сомада өнім өндірілген, оның ішінде 2012 жылда– 913 млрд. теңге. Бұдан өзге, Қазақстанда жасалмаған өнімдер игерілген – теніз металлоконструкциялар, турбиналық эстакадалар, композиттік металлопластик құбырлар, энергия үнемдеу светодиодылық шырақтар, дәрi-дәрмек препараттар, минерал қосқан комбикорм және басқалар.

Карта жобаларының табысты іске асыру  мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі  мемлекеттiк қолдау шаралары көрсетіледі.Мемлекеттiк  қолдау шараларымен Картаның барлық жобалары қамтылған, оның ішінде «Бизнестiң  жол картасы – 2020» және  «Өнiмдiлiк -2020» бағдарламалары шеңберiнде қолдау, инвестиция туралы Заң шеңберiнде преференциялар берілген, инновациялық технологиялар  алуға гранттар берілген, визалық қолдау, жер учаскесін беру, рұқсат рәсiмiнiң жеделдету және басқалар [2].

Қазақстан Республикасында Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын  мониторингілеу есеп бойынша технологиялық  бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету  құқықтық, бухгалтерлік, маркетингтік, экономикалық сүйемелдеуді, инфрақұрылымды, жобалық менеджер қызметтерін ұсынуды, бизнес-жоспар әзірлеуді, бизнес-жоспарлау және инновациялық менеджмент негіздеріне оқытуды және тағы басқаларды көздейді. 2012 жылы осы құрал бойынша 20 жоба іріктеліп алынды.

Қазіргі таңда ИЖТМ «ТДҰА» АҚ-мен бірлесіп, Қазақстанның мынадай өңірлерінде: Астана (2), Алматы (6), Қарағанды (2), Павлодар (1), Орал (1), Өскемен (2), Шымкент (1) қалаларында  ҒЗИ мен университеттер жанында 15 коммерцияландыру кеңсесін және Алматы мен Қарағандыда 2 өңірлік технологияларды коммерцияландыру орталықтарын құрды.

Технологияларды коммерцияландыру – жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн  қызметтердi нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн iс жүзiнде қолданумен байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызмет. Технологияларды коммерцияландыру бойынша қызметтер коммерциялық әсер ала отырып, нарыққа шығару мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін практикалық қолданумен байланысты процесті білдіреді. 2012 жылы барлығы жобалар бойынша коммерцияландыруға 148 өтінім келіп түсті, оның ішінде тұжырымдаманы негіздеуге – 38, одан әрі коммерциялауға – 20 жоба қолдау тапты.

Салалық конструкторлық бюролардық қызметтерін ұсыну өнімнің жаңа түрлерін игеруге септігін тигізеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 4 мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көліктік машина жасау, тау-кен металлургиялық жабдығы конструкторлық бюросы бар.

«Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV Заңына сәйкес салалық конструкторлық бюро  материалдық-техникалық кешенге иелiк ететiн, жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдесу үшiн технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға болып табылады.

Маңызды бағыттардың бірі венчурлік және жобалық қаржыландыру болып табылады. Венчурлік қорлардың инвестициялық  саясаты экономиканың басым салаларында инновациялық жобаларды іздестіруге және тартуға бағытталған. Бүгінгі күні Қазақстанда 6 венчурлік қор:

-  «Delta Technology Fund» венчурлік қоры» ТИАИҚ» АҚ;

-  «Сентрас» венчурлік қоры» ТИАИҚ» АҚ;

-  «Logycom perspective innovations» АҚ;

-  «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ;

-  «Адвант» венчурлік қоры» АҚ;

-  «Almaty Venture Capital» АҚ;

және 5 шетелдік венчурлік  қор жұмыс істейді:

-  CASEF;

-  Wellington Partners Ventures III Technology Fund;

-  Flagship Ventures Fund;

-  Mayban-JAIC ASEAN Fund;

-  Vertex III Fund.

АлғашқыретТМДаумағындамемлекеттікинвестицияларвенчурлікқорларға («Адвант» венчурлікқоры» АҚ, «Almaty Venture Capital» АҚ) ойдағыдайқайтарылды, жалпыпайдасы 58, 2 млн. теңге.

Сондай-ақ, 2 халықаралық технологиялар трансферті орталығы бар:

1. Қазақстан-француз  технологиялар трансферті орталығы.Осы  орталықтың бастамасымен қазіргі  уақытта мынадай жобалар іске  асырылуда:

·  Каз-PV (күн батареяларын өндіру);

·  FreKaREL бірлескен зертханасын құру (қазақстан-француз сирек жер асты металдарын зерттеу бойынша зертхана).

2.  Корея-Қазақстан технологиялық ынтымақтастық орталығы.Аталған орталық шеңберінде қазіргі уақытта мынадай жобалар іске асырылуда:

·  Ғылыми-зерттеу институтының және Қазақстанның АКТ саласында бірқатар R&D зертханаларының ашылуы (КҚТЫО, «Зерде» ҰАКХ» Электроника мен телекоммуникация зерттеу институтымен (ETRI) бірлесіп);

·  Жаңартылған энергия көздерін дамыту («Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Корея энергетикалық зерттеулер институтымен бірлесіп (KIER);

·  Діңгек жасушаларын қолдану арқылы ісікті жасушалы емдеуді әзірлеу («Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» АҚ Корея биотехнологиялық ғылымдар мен биотехнологиялар зерттеу институтымен (KRIBB) бірлесіп);

·  Толық 3D графикалы гольф ойынының симуляторларын өндіру («Инновациялық технологиялар паркі» АЭА тіркелген BF Intelligence компаниясы және Hanaro Screen Golf корея компаниясы).

Статистика  агенттігінің[2] мәліметтері бойынша 2011 жылы инновациялық қызмет көрсеткіші біршама  өсті және соңғы 9 жылда тарихи жоғары көрсеткішке жетті. Осы оң үрдіс көп жағдайда 2014 жылға дейінгі ҮИИДМБ бағдарламасын іске асырудың табысты нәтижелеріне негізделеді.Осылайша, инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі кәсіпорындардың жалпы санынан 7,1%-ға дейін ұлғайды, бұл соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады. Сондай-ақ, инновациялық өнім көлемі 1,5 есеге өсті, ЖҰӨ-дегі инновациялық өнім үлесі 0,66%-дан 0,86%-ға жетті. Зерттеулер мен әзірлемелерге кеткен ішкі шығындар көлемі үштен бір бөлікке өсіп, 43,3 млрд. теңгеге жетті.

Дүниежүзілік  экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілетті индекс (ДЭФ ЖБИ) мәліметтері  бойынша 2011 жылдың қорытындысы бойынша  Қазақстан «басқару тиімділігі»  мен «инновациялармен» жылжитын елдер санаты арасындағы анағұрлым  жоғары деңгейдегі топқа кірді. Осы топқа Аргентина, Бразилия, Малайзия, Ресей Федерациясы, Түркия және т.б. сияқты елдер кіреді.Бұған қоса, Қазақстан өз рейтингін айтарлықтай 21 тармаққа ұлғайтып, 51 орынды (2010 жылы – 72 орын) алды. ДЭФ ЖБИ-да елдерді есепке алудың барлық кезеңінде Қазақстан ең жоғары позицияға қол жеткізді.Егер өткен жылдары еліміз шамамен рейтингтің орта аймағында болса, 2011 жылы Қазақстан анағұрлым жоғары позицияларда орналасқан елдерге жақындап қалды.Сонымен қатар, Қазақстан «Технологиялық деңгей» факторы бойынша өз орынды 32 тармаққа жақсартты және 55-орынды алды,

«Инновациялық әлеует» факторы бойынша 13 орынға көтерілді [3].

Инновациалық  технологиялар арқылы өмірге келген кез-келген жаңалық пайдаланушылар үшін жаңа жергілікті  контекст (жергілікті тілдік тұлғалардың мағынасын айқындайтын сөздік орта) сияқты көпшілікке қол жетімді болу керек. Стратегиялық жоспар құрған дамушы елдерге бұл өте маңызды. Жаһандық перспективадан жаңалық үш формада алынып, жоғары түсініктілік дәрежесіне қол жеткізеді. Біріншісі, технологияның негіздемесін қалау үшін жаһандық перспективадан «технологияны қабылдау» формасы. Екінші түрі бәсекеге қабілетті жасалынған технологияны қайтадан адаптациядан өткізу, яғни «технологияны адаптациялау». Үшінші  түрі ретінде  «технология жасау», ол жинақталған тәжірибе бойынша әлемдік деңгейдегі өндірістік жаңа технологиялық жобаларды құру болып табылады [4].

Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер  мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% берді. Біз де шетел тәжірибесін  ескере отырып, инновациялық дамытуды жүзеге асырып, ЖІӨ өсімнің қарқынды шегіне жеткізуге мүмкіндік туады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инновациялық инфрақұрылымға қажетті жағымды экономикалық ортаны қалыптастыруда мемлекет жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым ұтымды мысалдары Жапонияда, Швецияда, Түркияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң инновациялық жүйелерінде iрi жетістіктерге жеткен басқа да елдерде бар.

Инновациялық  қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте  қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

Қаржыландыру  инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен  жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер  және т.б. жатады. Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады. Қазақстанда ғылымға бөлінетін шығыстар соңғы жылдары ЖІӨ-нің 1,1 пайызынан аспайды, яғни ғылыми-техникалық қызметі елдің экономикалық дамуының негізі болып табылмай отыр. Оның басты себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

·  бұл ғылымды, инновацияны қаржыландырудың төмендігі;

·  халықтың ақпараттық білім деңгейінің төмендігі;

·  секторлардың толықтай технологиялық жарақтанбауы;

·   білікті мамандардың жетіспеушілігі.

Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің  дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:

-  инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттыққолдау;

-   инновациялық кәеіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау;

-  инновациялық көсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.

Бүгінгі таңда Қазақстан  экономикасын дамыту үшін инновация ауадай қажет. Біз өз еліміздің табиғи ресурстарын қолдана отырып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар жұмыссыздар санын мейлінше қысқартуымыз керек. Инновациялық дамуда нәтижелікке қол жеткізу үшін ғылым мен экономиканы байланыстыра отырып, сапалы білім жүйесін қалыптастыру керек. Сондықтан, мемлекеттің инновациялық дамуының негізі адамзат капиталы болып табылады.

Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды  қолдану болжамданады:

ü  Инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту;

ü  инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

ü  инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру;

ü  тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау;

ü   инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.

Информация о работе «Қазақстан - 2050» стратегиясы – инновациялық технологияларды іске қосуда экономикалық қайта жаңғырудың басты парадигмасы