«Қазақстан - 2050» стратегиясы – инновациялық технологияларды іске қосуда экономикалық қайта жаңғырудың басты парадигмасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 12:18, реферат

Описание работы

Әлем дамуының негізгі басымдылығы қазіргі таңда ғылым және экономиканың тиімді ұштасуы мен жаңа технологияларды қажет ететін инновациялық даму болып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері көрсетілген. Сын-қатерлердің алдын алуда балама жолдарды қолдану арқылы инновациялық технологияларды жаңғыртудың мәні зор.

Работа содержит 1 файл

Инновация.doc

— 123.00 Кб (Скачать)

Инновациялық  инфрақұрылымды дамытуға қажетті жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру осы инфрақұрылымды құрайтын әрбір элементтің белсенділігі мен тиімділігін арттыру үшін қажет. Өйткені, салық, несие, мемлекеттік қаржыландыру сияқты тетіктерді қолданбай, экономикалық шараларды заңдық-құқықтық қамтамасыз етпей, инновациялық инфрақұрылым элементтерінен жағымды нәтиже күту орынсыз. Ғылымға негізделген инновациялық саясат Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы және инновациялық қызметтің эффективтілігінің арттырудың басты құралы. Сондықтан ғылым, экономика және жаңа технологиялық инновацияның ұштасуы елдің экономикасын әлемдік бәсекеге қабілеттілін арттыратын бірден-бір үйлесімділік.

 

 

 

 

 

 

6 Тақырып.  Қазақстан Республикасының инновация  - технологиялық дамуының стратегиясы  

 

1. 2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық стратегиясы

2. Ұлттық инновациялық  жүйесінің құрылуы мен дамуы 

3. Жаңа технологиялардың  жаңарту мен еңгізу проблемалары  

 

1.2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық стратегиясы 

 

 

       17.05.2003 ж. ҚР Президентінің нұсқауы  бойынша 2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық стратегиясы бекітілді. Оның жүзеге асуы 3 кезеңнен өтеді (2003-2005жж., 2006-2010жж., 2011-2015жж.).

Стратегияның  мақсаты–шикізат бағыттылығының кетуіне көмектесетін, ұзақ мерзімді жоспардан сервисті-технологиялық экономикаға көшу кезінде жасалатын жағдайлар, экономика саласын диверсификациялау жолымен арқылы елдің тұрақты дамуына жетуі.     

 Қазақстан  Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының жүзеге асырылуы үшін, зерттеумен, өңдеумен және инновациялық жобалардың қаржыландыруымен шұғылданатын арнайы институттар ашылды. Олар кәсіпкерлік инкубаторлар, технопарктер, түрлі ел аймақтарында ашылған инновациялық инфрақұрылымның элементтері. Өнеркәсіп және сауда министірлігі  инжиниринг және технологиялар трансферт орталығын ашты. Олар, бәсеке қабілетті бағыттардың және келешекте тиімді жобаларды әрі қарай жылжуымен шұғылданады сонымен қатар мүдделес инвесторлардың іздеуімен айналысады.     

 Тағы да жаңа бір  институт ашылды- маркетингтік және  аналитикалық зерттеулердің орталығы. Олар отандық өндірістің бәсеке  артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік  беретін стратегиялық зерттеулермен  шұғылданады. 

     Индустриалды - инновациялық стратегиясының жүзеге асырылуы үшін институттардың даму жүйесін капиталдандырды: Инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, Қазақстан даму банкі, Экспорттың сақтандыру бірлестігі. Инвестициялық қордың мақсаты–қазақстандық компаниялардың ашылуына көмектесу. Олардың капитал үлесінде қатысуы арқылы, өндірілетін тауарлар биік қосылған құнымен шығару. Қордың артында венчурлы кәсіпкерліктің инновациялары даму мен енгізу функциялары бекітілген. Оның мақсатына Қазақстанның кіші және орта кәсіпорындарына ақша қаражатын тартуы, жалмен және займдардың алу операцияларының қаржыландыруы, сонымен қатар техникалық көмек көрсетулер кіреді.      2006 ж. бастап, барлық институттардың әрекеттерінің үйлестігіне арнап біріктірілген қор " Казына"  ашылды. Қазіргі уақытта барлық даму институттар «Самұрық-Қазына» ұлттық әлауқат қорына қосылды.     

 Стратегия, елде ғылым  және инновация қызметін ынталандыру  бағытымен мемлекеттік ғылыми  және инновация саясатын белсенді  түрде өткізуді болжамдайды. Қойылған  мақсаттарға жетуіне, қаражат  базарының дамуы және фискальды, антимонополияның, саясат инфраструктурасының әрі қарай дамуын болжамдайды.     

 Қазақстанда  инновациялық жағдайды келесі  талдау көрсетеді: 2007 ж. кәсіпорындардың  инновациялық белсенділігі - 3,4 %  құрайды. Салыстыру үшін: инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі  Қазақстанда 79985,9 млн.теңгені құрады, соның ішіне машиналар мен жабдықтаудың сатып алуына кеткен шығындар - 50,5%, зерттеу мен талдауға кеткен шығындардың саны- 17,1%, жаңа технологиялар барлығы - 2,3 %;  бұл инновациялық тәуелділіктердің тенденциясын экономика жағынан дамыған елдерге қарағанда артта түсті. Қазіргі кезде, Қазақстан дүниежүзілік нарығында ғылыми сыйымдылық өнімімен қатысуы өте төмен дәрежесімен сипатталады. Салыстыратын болсақ: Ресей 0,3- 0,5 %,  Европалық одақ елдері– 35%,  АҚШ- 25 %, Жапония – 11 %, Сингапур- 7%, Оңтүстік Корея- 4%, Қытай – 2%.       

 Экономикалық  дамудың қазіргі кезеңінде, көптеген  елдерде мемлекет инновациялық  қызметке құқықтық, ұйымдық және  қаражаттық түрде сүйеу көрсетеді.  Қазақстан да сондай шаралар  жасайды. Үкімет мемлекеттің инновациялық саясатын анықтап жүзеге асырады.      

 Мемлекеттік  сүйеулерінің негізгі бағыты:

·        инновациялық қызметті ұйымдық және экономикалық жағдайларын жасау арқылы ынталандыруы;

·        инновациялық дамуының белсенді жолдарын анықтау;

·        инновациялық инфражүйесінің дамуы мен құрылуы;

·        инновацияларды жасау және еңгізу кезінде мемлекеттің міндетті түрде  қатысуы;

·        ұлттық инновациялардың сыртқы нарықтарға жылжуы;

·        инновациялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық, технологиялардың трансфертін қоса арттыру. 

 

2. Ұлттық инновациялық  жүйесінің құрылуы мен дамуы 

 

 

  25 сәуірдің 2005 ж. ҚР  үкіметінің №387 қаулы бойынша  2005-2015 жж. Ұлттық инновациялық жүйесінің  құрылуы мен даму стратегиясы  бекітілді. Бағдарлама мақсаты  – Отандық өндіру негізінде, сонымен қатар шетелдік ғылыми потенциалды және технологиялардың қолдануы арқылы бәсеке қабілеттілігі мол ақырғы өнімді шығаратын  инновациялық жүйенің ашық түрін қалыптастыру.

Мақсаты: инновациялық кәсіпкерлік ортаға дем беріп, дамыту; көп сатылы инновациялық инфражүйесіне дем беріп, дамыту; ұлттық инновациялық жүйе элементтерінің аралығын нәтижелі әрекеттестікпен қамтамасыз етуі: нормативті заң базасын толық жетілдіру.      

 Бағдарламаның  жүзеге асуы 4 кезеңнен өтеді.     

 Бірінші кезең: 2005- 2007 жж.- мемлекеттің белсенді қатысуымен НИС-тің қалыптасуы: ғылыми потенциалдың дамуы, ғылыми – технологиялық дамулардың приоритеттерін анықтау; инновациялық кәсіпкерліктің дамуы- ортаның, инновациялық жобалардың жүйелік түрінде орындалуы; инновациялық инфражүйенің негізгі элементтерінің жасауы мен дамуы; мемлекеттік қорлардың талап ететін концентрациялары.     

 Екінші кезең  2008 – 2010 жж.– әрекеттестік механизмдерінің толық жетілдіруі және ҰИЖ элементтерінің жұмыс жасаулары: ҰИЖ ұйымдасқан элементтерінің әрекеттестік сапасының жоғарлауы; шетелдік инвесторлардың венчурлық қорлары арқылы, венчурлық  механизмдердің қаржыландыруы, белсенді дамуы; бірінші кезеңде қалыптасқан жоба айналасындағы кооперация кластерінің дамуы; дүниежүзілік компаниялардың аймақтық және глобальды технологиялық одақтардың құру жобасында ҰИЖ субъектілерінің қатысуы.     

 Үшінші кезең  2011 – 2013 жж.  – ҰИЖ- тің тұрақты дамуы, мемлекеттік шығындардың үлесі азаюымен және жеке инвестициялардың өсуі: ынталандыру үшін айрықша жанама аспабының қолдануы.      

 Төртінші  кезең 2014- 2015 ж.ж.- мемлекеттің венчурлық  қорлардан және инновациялық  жобалардан «шығуы».

Бағдарламаның жүзеге асыру нәтижесінде: ЖТӨ- да  ғылыми және ғылыми – инновациялық қызметтің салыстырмалы салмағының артуы 2005 ж.бастап - 0,8% , 2015 ж. 1,7%. шетел инвестициялары Қазақстан инновациясына және ғылыми зерттеу қызметіне 2015 ж. 15–20- ға дейін тура артады; ҒЗАКРмен қолданбалы қаражаттық қаржыландыруды жүйелі түрде ықшамдау; Қазақстан Республикасының инновациялық қызметінің бірыңғай ақпараттық базасы кіретін нәтижелі инновациялық инфражүйесін құру; ұлттық технологиялық бақтар мен аймақтардың құрылуы: ақпараттық технологиялардың бақтары; биотехнологиялық бақтар; өнеркәсіпті- мұнайхимиялық бағыты; жаңа материалдың бақтары; ядролық технологиялардың бақтары; агроөнеркәсіптік технологиялардың бақтары мен экономика саласына қажетті бақтар.

Бірінші кезеңде 7 аймақтық технопаркін; технопарктің жанында 12 университет, технопарка және 8 оқулық орталықтардың ұйымы; Отандық және шетелдік капиталдың қатысумен қаржыландырудың венчурлық жүйесін құру; венчурлық қорлардың және жас технологиялық компанияларының (IPO нарығы) құнды қағаздар нарығын жасау; инновациялық менеджменттің деңгейін жоғарылату; инновациялық даму саясатымен сәйкес өткізілетін заңдардың жетілдірулері.

Осы аталып кеткен инновациялық инфрақұрылымның элементтерінің қызмет ету бағыттары – жаңа технологияларды  өңдеу, техникалық құжаттарды көбейтіп-тарату, жаңа өнімді тәжірибелік жығару. 

 

3. Жаңа технологиялардың жаңарту мен еңгізу проблемалары  

 

 

      Қазақстан Республикасының  өнеркәсібінің артта қалып дамуының  негізгі себептері:

- 1990–1991 жж. стратегиялық  маңызды ғылыми- технологиялық даму  бағыттарының зерттеулерін кенет  қысқартуынан, оқу мәртебесінің  түсуі және ғылыми нәтижелердің керектігінің қажетсіздігінен, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендеуі, мамандар мен ой меншіктерінің шетелге кетуі, бұл ғылыми- технологиялық потенциалының әлсіретуіне әкелді;

- тәжірибелі   өнеркәсіпті базалар және жобалы- конструкторлық институттардың қирауы;

- инновациялық  процестерді басқаруға лайық  комплекстік жүйесі жоқ болуы,  елдің инновациялық потенциалдың  дамуына кедергі келтіреді және  әрі қарай дамуға оның приоритеттерін  дұрыс белгілеуге рұқсат етпейді;

- технологиялық жаңалықтарды нарықтарға еңгізумен және біржола жоюдың бүгінгі механизмдерінің жоқ болуы. Нарық жағдайында жаңалықтардың меңгеру механизмі шағын инновациялық кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Биік тәуекел мен сонымен қатар сәтті жағдайда табыстың зәулімін қайтарып беруге мінездемелі. Дамыған экономикаларда халық шаруашылығының ерекше секторы бар, ол шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуына  қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді (инфражүйе);

- инновациялық  жобаларға көмек болатын дамыған  инфражүйенің элементтерінің жоқ болуы, мысалы технологиялық бақтар сияқты және мамандандырылған кәсіпкерлік- инкубаторлар, тәуекел қаржыландыру қорларының желісі (венчурлық қорлар), фирманың тез өсу кезеңінде арнайы қаражаттық механизмдердің сүйеуленуі, фирманың сертификатталған бағалаушы және ой меншігі;

- ішкі нарығында  алдыңғы технологияларға және  өнеркәсіптің жаңалықтарына төлей  алатын сұраныстың жоқ болуы.  Ғылым және ғылыми- техникалық  қызмет саласында қалыптасады және сол қызметтер нарықпен талап етілуі тиіс.  Ғылыми қызметтердің Отан нарығы нақ осы шақта өте кішкентай. Кәсіпорындардың көпшілігі өзіне ғылым қызметтерін сатып ала алмайды;

- экономиканың  шикізаттық бағыты, өнімге құн  қосу технологиясының жоқ болуы;

- инновациялық  саласының қормен қамтамасыз  етуі әлсіз болуы (еңбекті, заттық, қаражаттық, ақпараттық, ғылыми, нормативті, заңға сүйінгендер);

- экономиканың  нақты секторына ғылыми зерттеулердің  нәтижелерін еңгізу механизмінің  жоқ болуы;

- ғылымда жаңа  өнімдердің өндірісіне енгізуге  ақырғы нәтижесінің әлсіз хабары болуы, жаңа саудалық пайдалы технологиялар;

- кәсіпшілік  инновациялық менеджерлердің институты  жоқ болуы;

- инновациялық  қызметтің негізгі түрлерін жүзеге  асыратын (инновациялық өнімдердің  жасап шығаруы және инновациялық  өнімінің нарыққа жылжуымен байланысты делдалдық қызметтердің орындалуы). Бұл, елде инновациялық белсендігінің төмен болу себептеріне жатады.

,

 

 

Инвестиция!!!!!

 

Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын  тартудың мәселелері мен перспективалары

Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары 

 

Шетел капиталын  тарту және оны пайдаланудың тиімділігін  көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері  мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету  мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

Қазақстан экономикасына  шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.

Несиелік келісім  шарттарға қол қоюда, сонымен  бірге, көзделген инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

Дефольт себептеріне  барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

Басым инвестициялық  жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың  нақты белгілері мен қарапайым  бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық,  ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.

Информация о работе «Қазақстан - 2050» стратегиясы – инновациялық технологияларды іске қосуда экономикалық қайта жаңғырудың басты парадигмасы