Автомобиль көлiгi туралы

Автор: s******************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 15:13, реферат

Описание работы

Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

Работа содержит 1 файл

Автомобиль көлiгi туралы.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

36-бап.  Құндылығы жарияланған  жүктердi автомобильмен тасымалдау     

1. Тасымалдаушы  жүк жөнелтушiмен (жүк алушымен) келiсiм бойынша құндылығы жарияланған  жүктер тасуы мүмкiн. 
      2. Iлесусiз тасымалданатын бағалы металдарды (тастарды), олардан жасалған бұйымдарды, өнер заттарын, антикварлық мүлiктердi және өзге де көркем құндылықтарды, бейне- және дыбыс аппаратураларын, электрондық-есептеу және көбейту техникаларын, машиналардың тәжiрибелiк үлгiлерiн, жабдықтарды, аспаптарды, жеке (тұрмыстық) қажетке арналған жүктердi автомобильмен тасымалдаған кезде құндылықты жариялау мiндеттi. 
      3. Құндылығы жарияланған жүктердi автомобильмен тасымалдау үшiн жүк жөнелтушiден (жүк алушыдан) қосымша ақы алынуы мүмкiн, оның мөлшерi жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.     

37-бап.  Қауiптi жүктердi автомобильмен  тасымалдау     

1. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу  және сақтау кезiнде олардың  өзiндiк ерекшелiгiне байланысты  техникалық құралдардың, құрылғылардың,  ғимараттар мен құрылыстардың  жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады. 
      2. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтушi құжаттарда (тауар-көлiк жүкқұжатында, автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықта) осы жүктен туатын нақты қауiптi және қолданылуы тиiс сақтық шараларын көрсетуге мiндеттi. 
      Автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықтар автомобильмен тасымалдаушыға қауiптi жүктi автомобильмен тасымалдауға арналған тапсырыс түскеннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс. 
      3. Қауiптi жүктердi тиеудi және түсiрудi осы жұмыстарды жүргiзуге рұқсаты бар (жiберiлген) жүк жөнелтушi, жүк алушы жүргiзедi.      

38-бап. Iрi көлемдi және  ауыр салмақты  жүктердi автомобильмен  тасымалдау     

1. Автокөлiк  құралының көлемiн және салмағын  ескере отырып, автомобиль жолдарымен жүру үшiн автокөлiк құралдарына Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген рұқсат етiлген көлем және салмақ өлшемдерiнен асатын жүктер iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер деп танылады. 
      2. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдауға рұқсат етiлмейдi. 
      3. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.     

39-бап.  Почтаны автомобильмен  тасымалдау     

1. Тасымалдаушылар  почтаны автомобильмен тасымалдауды  почта байланысы ұйымдарымен жасалған, почтаны автомобильмен тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырады. 
      2. Почтаны тасымалдау үшiн әдейiлеп арналған автокөлiк құралы почтаны автомобильмен тасымалдау шартына сәйкес қатаң тiкелей мақсатында пайдаланылуға тиiс. Мұндай автокөлiк құралында почтаны автомобильмен тасымалдауға қатысы жоқ бөгде адамдарды тасымалдауға тыйым салынады. 
      3. Почта байланысының жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн көрсететiн почта операторы көлiгiнiң автомобиль, темiр жол, су станциялары мен вокзалдарының, әуежайлардың аумағында орналасқан жүк және багаж кешендерiне өтуi почта жөнелтiмдерiн алмасу үшiн бiрiншi кезекте және ақысыз жүзеге асырылады. 
      4. Егер почтаны автомобильмен тасымалдау шартында өзгеше белгiленбесе, почтаны тиеудi және түсiрудi, сондай-ақ оған iлесiп жүрудi және оның жүру жолында сақталуын почта байланысы ұйымдары қамтамасыз етедi. Егер шарт талаптарынан өзгеше жағдай туындамаса, почтаны автомобильмен тасымалдау кезiнде оның сақталуы мен тұтастығы үшiн почта байланысы ұйымы жауапты болады.      

40-бап.  Тiкелей аралас  қатынастағы жүк  тасымалы     

 Бiрыңғай  көлiк құжаты (тiкелей аралас қатынас)  бойынша әр түрлi көлiк түрлерiмен  жүктердi тасымалдауға қатысушы  тасымалдаушылардың, сондай-ақ басқа  да адамдардың қарым-қатынасы  тiкелей аралас тасымалдар туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.      

41-бап.  Автомобиль көлiгiмен  жүк тасымалдау ережелерi     

 Автомобиль  көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерi: 
      1) жүктi жеткiзу мерзiмiн; 
      2) жүктi автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн; 
      3) тауар-көлiк жүкқұжатының нысанын және оны қолдану тәртiбiн; 
      4) жүк тиеу және түсiру пункттерiне қойылатын талаптарды; 
      5) автомобильмен тасымалдауға жүктердi қабылдау, сондай-ақ жүктi межелi пунктiнде өңдеу, сақтау және беру тәртiбiн; 
      6) тез бүлiнетiн жүктi өткiзу тәртiбiн; 
      7) құндылығы жарияланған жүк тасымалдау тәртiбiн; 
      8) жүктi маркалау тәртiбiн; 
      9) жүктi пломбалау тәртiбiн; 
      10) актiлер жасау тәртiбiн; 
      11) жүктi тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртiбiн; 
      12) жүктi ұстап қалу тәртiбiн; 
      13) жүктiң жекелеген түрлерiн тасымалдау тәртiбiн айқындайды.

5-тарау.  Х\қ автомобиль тасымалдары

42-бап.  Халықаралық автомобиль  тасымалдарын мемлекеттiк реттеу     

1. Халықаралық  автомобиль тасымалдары Қазақстан  Республикасының автомобиль көлiгi  туралы заңдарына, Қазақстан Республикасы  бекiткен халықаралық шарттарға  сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кiру және оның аумағынан шығу, сондай-ақ олардың аумақ бойынша транзитпен жүру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 
      3. Халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат етiлген жүйесi қолданылатын елдерде халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттар негiзiнде жүзеге асырылады. 
      Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес  уәкiлеттi органшет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттарды және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағы бойынша жол жүруге рұқсаттарды бередi. 
      Егер халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесi қолданылатын елдерге қатысты рұқсаттарға сұраныс Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына берiлетiн рұқсаттар санынан acca, онда рұқсаттар бiрiншi кезекте: 
      1) гуманитарлық жүктердi автомобильмен тасымалдауға; 
      2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн жүктердi автомобильмен экспорттық тасымалдауға; 
      3) көлiктiң басқа түрлерiнiң тасымалдаушыларымен бiрлесiп орындалатын автомобиль тасымалдарына; 
      4) тез бүлiнетiн өнiмдердi автомобильмен тасымалдауға берiледi. 
      4. Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекет тасымалдаушыларының халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарын сақтауын бақылауды уәкiлеттi органның лауазымды адамдары жүзеге асырады. 
      5. Шет мемлекет тасымалдаушылары Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаған кезде пайдаланатын автокөлiк құралдарын уәкiлеттi органның лауазымды адамдары тексерiп қарауы мүмкiн.

43-бап.  Жолаушыларды және  багажды автомобильмен  халықаралық тасымалдауды  ұйымдастыру және ж.а.     

1. Жолаушыларды  және багажды автомобильмен тұрақты  халықаралық тасымалдау уәкiлеттi орган мен шет мемлекеттiң тиiстi құзыреттi органы арасында автобустардың,  шағын автобустардың келiсiлген  маршруттары (бастапқы, соңғы және  аялдау пункттерiн көрсете отырып) және қозғалыс кестесi бойынша ұйымдастырылады. 
      2. Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды орындаған кезде автобус жүргiзушiлерiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдары куәландырған жолаушылар тiзiмi болуға тиiс. 
      3. Қазақстан Республикасымен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерi арқылы ғана жүзеге асырылады.     

  44-бап. Шет мемлекет аумағында тiркелген автокөлiк құралдарын пайдаланып жолаушыларды, багажды, 
               жүктердi автомобильмен тасымалдау     

 Шет  мемлекет аумағында тiркелген,  соның iшiнде Қазақстан Республикасының  аумағына уақытша әкелiнген, шет  мемлекет тасымалдаушыларына тиесiлi автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдау жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметке тыйым салынады.      

45-бап.  Халықаралық автомобиль  тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар     

1. Халықаралық  автомобиль тасымалдарын жүзеге  асыратын тасымалдаушылар халықаралық  талаптарға сай келетiн, өз  мемлекетiнiң тiркеу және айырым  белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануға тиiс. 
      Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қолданылмайды. 
      2. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауға мiндеттi.

6-тарау.  Автомобиль көлiгiндегi жауапкершiлiк     

46-бап.  Автокөлiк құралдарын  жөнелтудi кiдiрткенi  үшiн жүк жөнелтушiлер  мен жүк алушылардың 
               жүктi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiгi     

1. Тиеуге  немесе түсiруге берiлген автокөлiк  құралдарының келiсiлген мерзiмнен  тыс бос тұрғаны үшiн жүк  жөнелтушi немесе жүк алушы, егер  кiдiру өздерiнiң кiнәсiнен болса,  тасымалдаушыға тараптардың келiсiмiмен (шартымен) көзделген айыппұл төлейдi, ал аталған келiсiм болмаған жағдайда - бос тұрған әрбiр сағаты үшiн: 
      1) жүк көтергiштiгi төрт тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он екi процентi мөлшерiнде; 
      2) жүк көтергiштiгi төрт тоннадан жетi тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он үш процентi мөлшерiнде; 
      3) жүк көтергiштiгi жетi тоннадан он тоннаны қоса алғанға дейiнгi автокөлiк құралдары бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он төрт процентi мөлшерiнде; 
      4) жүк көтергiштiгi он тоннадан астам автокөлiк құралы бос тұрған кезде - айлық есептiк көрсеткiштiң он бес процентi мөлшерiнде төлейдi. 
      2. Арнайы бейiмделген автокөлiк құралдарының бос тұруы кезiнде осы баптың 1-тармағында аталған айыппұл мөлшерi екi есе ұлғаяды. 
      Аталған айыппұлды жүк жөнелтушi немесе жүк қабылдаушы, өздерiнiң кiнәсiнен автокөлiк құралдары тасымалдаушының көлiк жайында немесе жол үстiнде тұрып қалғаны үшiн де төлейдi. 
      3. Автокөлiк құралдарының тұрып қалғанына айыппұл есептеу үшiн тауар-көлiк жүкқұжатындағы және жолпарақтағы келу және кету уақыты туралы белгiлер, ал көлiкжайда тұрып қалғаны үшiн жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жүктi жөнелтуден немесе қабылдаудан бас тартуы негiз болып табылады. 
      4. Автомобиль тасымалдарына тыйым салынған жүктi немесе автомобиль тасымалдары кезiнде ерекше сақтық шараларын талап ететiн, атауы немесе өзiндiк ерекшелiгi толық көрсетiлмеген жүктi ұсынғаны үшiн, жүк жөнелтушi келтiрiлген шығындардан басқа, тасымалдаушыға шартта көрсетiлген тасымалдау ақысының бес есе мөлшерiнде айыппұл төлейдi. 
      5. Жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар жүктi тиеу және түсiру, дұрыс тиемеу, дұрыс буып-түймеу немесе дұрыс бекiтпеу кезiнде бұл операцияларды тасымалдаушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, автокөлiк құралдарына артық тиеу, олардың зақымдануы салдарынан тасымалдаушыға өздерiнiң кiнәсiнен келтiрген шығындарының орнын толтыруға мiндеттi. 
      Тауар-көлiк жүкқұжатында кедендiк, санитарлық және басқа да ережелердi орындау үшiн қажет тиiстi құжаттар қоса берiлмеуi салдарынан автокөлiк құралдары мен контейнерлердiң кiдiртiлгенi үшiн жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдаушыға осы баптың 1 және 2-тармақтарында және осы Заңның 49-бабында белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.

        47-бап. Жолаушыны және багажды жөнелтудiң кiдiртiлгенi немесе межелi пунктке кешiгiп жеткенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi     

1. Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалдайтын автокөлiк құралының кiдiргенi немесе мұндай автокөлiк құралының межелi пунктке (қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын қатынастар тасымалын қоспағанда) кешiккенi үшiн тасымалдаушы кешiккен әрбiр сағат үшiн жолаушыға жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, егер кiдiру немесе кешiгу еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, келтiрiлген зиянды да өтейдi. Бұл орайда айыппұл сомасы жолаушы сатып алған жол жүру құжатының (билетiнiң) құнынан аспауға тиiс. 
      2. Жөнелтудiң кiдiртiлуiне байланысты жолаушы автомобиль тасымалынан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға жол жүру ақысын толық мөлшерде қайтаруға, сондай-ақ мұндай кiдiрiске байланысты оның шеккен шығындарын өтеуге мiндеттi. 
      3. Тасымалдаушы багажды жеткiзу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн багажды алушыға толық емес тәулiктi толық тәулiк деп есептей отырып, кешiктiрген әрбiр тәулiкке багажды автомобильмен тасымалдау төлемақысының он процентi мөлшерiнде, бiрақ тасымалдау ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi. 
      Багажды жеткiзу мерзiмiнiң өтуi багаж келуге тиiс күнтiзбелiк күнгi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi. Багажды жеткiзу мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн айыппұлды тасымалдаушы жолаушының талабы бойынша жасалған акт негiзiнде багажды беру кезiнде төлейдi. 
      4. Тасымалдаушы багажды жөнелтушiден немесе алушыдан кiдiртуге байланысты туындайтын шығындарды, егер олар орын алған болса, өтеуге мiндеттi. 
      5. Қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық маршруттарда автобусты, шағын автобусты жөнелту тасымалдаушының кiнәсiнен он сағатқа және одан да көп уақытқа кешiктiрiлген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен қонақ үйден орын алып беруге және тамақпен қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      6. Жолаушының сұрауы бойынша автомобиль тасымалы мерзiмiнiң кешiгуi немесе рейстiң тоқтатылуы туралы оған ресми құжат берiледi немесе жүру құжатында (билетте) белгi соғылады. 
      7. Рейс тоқтатылған кезде, еңсерiлмейтiн күштiң әсер ету жағдайларын қоспағанда, тасымалдаушы жолаушының таңдауы бойынша жолаушыны жүру құжатында (билетiнде) көрсетiлген межелi пунктке дейiн жуық арада жүретiн рейспен жөнелтудi қамтамасыз етуге нeмece жолаушыға жол жүру құжатының (билеттiң) екi еселенген құнын қайтарып беруге мiндеттi.      

Информация о работе Автомобиль көлiгi туралы