Автор: s******************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 15:13, реферат
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
19-3-бап. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мерзiмдерi мен кезеңдiлiгi
1. Тексерулердi
жүргiзу мерзiмдерi акт табыс етiлген
сәттен бастап отыз жұмыс күнiнен аспауға
тиiс.
2. Құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлғаға
тексеру жүргiзу кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк
орган тексеру жүргiзу мерзiмiн он жұмыс
күнiне дейiн ұзартуы мүмкiн.
3. Арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар
жүргiзу қажет болған, сондай-ақ тексеру
көлемiнiң бiрталай болуына байланысты
ерекше жағдайларда мемлекеттiк органның
басшысы (немесе оны ауыстыратын адам)
тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi
жоқ заңды тұлға үшiн жиырма жұмыс күнiне
дейiн және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды
тұлға үшiн отыз жұмыс күнiне дейiн ұзартуы
мүмкiн.
4. Тексеру жүргiзу мерзiмiн мемлекеттiк
орган уәкiлеттi органның құжаттарды табыс
ету туралы талаптары тасымалдаушыға
табыс етiлген және тасымалдаушы тексеру
жүргiзу кезiнде сұратылған құжаттарды
табыс еткен кездер арасындағы уақыт кезеңiнде,
сондай-ақ уәкiлеттi органның сауал салуы
бойынша мәлiметтер мен құжаттарды алу
кезiнде құқықтық статистика және арнайы
есепке алу саласында статистикалық қызметтi
өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк
органды хабардар ете отырып, тексеру
жүргiзу мерзiмiн тоқтату немесе жаңғырту
туралы акт шығару жолымен тоқтатады және
жаңғыртады.
5. Автомобиль көлiгi саласындағы шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерi, егер Қазақстан
Республикасының заңнамалық актiлерiнде
өзгедей көзделмесе, жылына бiр реттен
жиi емес тексеруге жатады.
6. Автомобиль көлiгiндегi қызметтi жүзеге
асыратын заңды және жеке тұлғаларды бiрлескен
рейдтiк тексерулер тексерулердiң бекiтiлген
жоспарына сәйкес айына бiр реттен көп
емес жүргiзiледi.
19-4-бап. ҚР аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау
1. Қазақстан
Республикасының аумағы
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын
өткiзу пункттерi мен көлiктiк бақылау посттары
күрделi ғимараттармен және құрылыстармен
жабдықталуға, деректердi жинау, беру және
шоғырландыру үшiн бақылау, байланыс техникалық
құралдарымен, қазiргi заманғы телекоммуникациялық
және компьютерлiк жабдықтармен жарақталуға
тиiс. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын
өткiзу пункттерi мен Қазақстан Республикасының
аумағында көлiктiк бақылау посттары қажет
болған жағдайда шлагбаумдармен жабдықталады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын
өткiзу пункттерi мен Қазақстан Республикасының
аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
бекiтедi.
19-5-бап. ҚР аумағы б/а автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк бақылау жүргiзудiң нысандары
1. Қазақстан
Республикасында халықаралық
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына
рұқсат беру құжаттарының болуын;
2) Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдары бойынша бөлiнбейтiн жүктi тасымалдайтын
iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк
құралдарының жүруiне арнайы рұқсаттың
болуын;
3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары
үшiн белгiленгенге сәйкестiгiн;
4) рұқсат алмай жүрiп-тұру жүйесi әрекет
ететiн мемлекеттерде тiркелген автокөлiк
құралдарының Қазақстан Республикасының
аумағына кiруiн тiркеу талондарының болуын;
5) автокөлiк құралдары кiрген кезде өткiзу
пункттерiнде берiлетiн бақылаудан өту
талондарының болуын тексеру арқылы жүргiзiледi.
2. Тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары
жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн
сақтауын көлiктi бақылау посттарда жүргiзушiнiң
еңбегi мен тынығуы режимiнiң бақылау қондырғысының
(тахограф) болуын және оны пайдаланылуын
тексеру, сондай-ақ экипаждың еңбегi мен
тынығуы режимiн бақылаудың тiркеу парақтарын
жүргiзу жолымен жүргiзiледi.
3. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
құралдарының жүрiп-тұруын көлiктiк бақылау
көлiк құралдарының нақты салмақ және
көлем өлшемдерiн тексеру және олардың
Қазақстан Республикасының аумағында
белгiленген рұқсат етiлген өлшемдерден
асуы шамасын айқындау жолымен стационарлық
үлгiдегi салмақ өлшеу жабдығын немесе
көшпелi ұтқыр таразыны, өлшеу құралы мен
көлем рамкаларын қолдана отырып жүргiзiледi.
19-6-бап. Тексеруге жататын негiзгi құжаттар
1. Шаруашылық
субъектiлерiн тексерудi жүргiзу кезiнде
уәкiлеттi органның лауазымды адамдары
құрылтай құжаттарымен және мына:
1) мамандар мен жүргiзушiлердiң кәсiптiк
бiлiктiлiгiн растайтын;
2) белгiленген маршруттар бойынша тұрақты
жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшiн қажеттi
(куәлiктермен, қозғалыс кестелерiмен,
маршруттар сызбаларымен, автовокзалдармен
және автостанциялармен жасасқан шарттармен,
паспорттармен, келiсiм-шарттармен);
3) қауiптi жүктердi тасымалдау (тиiстi уәкiлеттi
орган берген нақты қауiптi жүкпен қызметтi
жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат),
қауiптi жүктi тасымалдау маршрутының бланкiсi,
авариялық карточкалар, жүргiзушiлер мен
мамандарды даярлау туралы куәлiктер,
жүргiзушiнi қауiптi жүктердi тасымалдауға
жiберу туралы куәлiк, автокөлiк құралының
қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсаты);
4) тиiстi автокөлiк құралдарына арналған
(белгiленген нысандардағы жол парақтары
мен тауар-көлiктiк құжаттармен, билеттiк-есепке
алу парақтары және оларды есепке алу
журналдарымен) құжаттармен танысады.
2. Тексеру жүргiзу кезiнде қажеттi құжаттардың
болуы және олардың Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарына сәйкестiгi айқындалады.
3. Автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiн
тексерудi жүргiзу кезiнде өз құзыретi шегiнде
тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның
лауазымды адамдары:
1) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндiрiстiк
базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсiру
тетiктерiнiң, бақылау-өлшеу аппаратураларының,
жабдықталған қызметтiк үй-жайдың (меншiктi
жөндеу және өндiрiстiк базасы жоқ және
басқа кәсiпорындармен тиiстi жұмыс түрлерiн
орындауға шарт жасасқан кәсiпорындар
бұған жатпайды) болуы мен олардың жай-күйiн,
сондай-ақ автомобиль көлiгiндегi шаруашылық
субъектiлерiнiң экологиялық талаптар
мен жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптардың
нормаларын сақтауын;
2) автокөлiк құралдарының техникалық
пайдаланылуының белгiленген талаптарға
сәйкестiгiн;
3) автокөлiк құралдарын рейс алдында техникалық
байқауды және жүргiзушiлердi рейс алдында
(ауысым алдында) медициналық байқауды
жүргiзуге арналған қызметтер мен бiлiктi
қызметкерлердiң не мұндай қызметтi жүзеге
асыратын тиiстi ұйымдармен шарттардың
болуын және олардың сәйкестiгiн;
4) жолаушыларды және багажды тасымалдауды
немесе автовокзалдар (автостанциялар)
жүйесiндегi жұмыстарды жүзеге асыру кезiнде
автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және
багажды тасымалдау ережелерi талаптарының
орындалуын;
5) автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдауды
жүзеге асыру кезiнде белгiленген талаптардың,
оның iшiнде автокөлiк құралдарына қойылатын
салмақтық және көлемдiк өлшемдерi жөнiндегi
талаптардың орындалуын;
6) Қазақстан Республикасында халықаралық
автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру
кезiнде, жолаушылардың, багаж бен жүктердiң
халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге
асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiн қолдану
жөнiндегi ережелер талаптарының орындалуын;
7) жүргiзушiлердiң белгiленген еңбек және
тынығу режимiн сақтауы, оның iшiнде жүргiзушiлердiң
еңбегi мен тынығуы режимiн тiркеудiң бақылау
қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықталуға
жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тасымал түрлерiн жүзеге асыратын
автобустарда, жүк, оның iшiнде мамандандырылған
(жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға
арналған) автомобильдерде тахографтардың
болуын;
8) автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi
тасымалдау ережелерi, олардың Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы
талаптарының және қауiптi жүктi тасымалдайтын
жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына
қойылатын бiлiктiлiк талаптарының орындалуын;
9) автокөлiк құралдарын жолаушыларды
және тамақ өнiмдерiн, сондай-ақ тасымалдау
кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау органдарының қорытындысы талап
етiлетiн жүктердi халықаралық тасымалдауға
жiберу туралы аталған мемлекеттiк органдардың
қорытындысы болуы жөнiндегi талаптардың
орындалуын;
10) бақылау-өткiзу пункттерiнде қажеттi
құжаттама мен аспаптардың болуын;
11) жүргiзушiлер құрамы үшiн жол-көлiк оқиғалары
мен жол жүрiсi ережелерiн бұзу туралы ақпараттың
әдiстерi және жеделдiгiн, жүргiзiлген нұсқаманы,
жол-көлiк оқиғаларының алдын алу жөнiндегi
iс-шаралар жоспарларын тiркеу жөнiндегi
журналдардың болуын тексередi.
19-7-бап. Көлiктiк бақылауды
жүзеге асыру кезiндегi
уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi
органның лауазымды адамдары
мынадай бақылау функцияларын жүзеге
асырады:
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы
заңнамасын, автомобиль көлiгiнiң жұмыс
iстеу тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарды
сақтауын бақылау, оларды бұзушылықтарды
анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi
шараларды қабылдау;
2) автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы
лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылау;
3) Қазақстан Республикасының аумағында
халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыру
кезiнде рұқсат беру жүйесi талаптарының
орындалуын бақылау;
4) тасымалдаушылардың жолаушылар мен
багаж тасымалы ережесiн сақтауын бақылау,
автобус салондарында жүк тасымалдауға
жол бермеу;
5) тасымалдаушылардың халықаралық қатынастарда
тез бұзылатын жүктердi тасымалдауды орындайтын
қозғалмалы құрамға қойылатын талаптарды
сақтауын бақылау;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын, оның
iшiнде отандық және шетелдiк тасымалдаушылардың
Қазақстан Республикасының аумағында
белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат
етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн
сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары
мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының
Қазақстан Республикасының автомобиль
көлiгi туралы заңнамасын сақтауын бақылау;
8) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары
мен шетел мемлекеттерi тасымалдаушыларының
автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi
мен тынығуы режимiн сақтауын бақылау;
9) автокөлiк құралдары жабдығының автокөлiк
құралында тахографтың болуы және оның
ақаусыздығы тұрғысынан халықаралық шарттар
талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ орнатылған
жанармай бактарының жасаушы заводтың
талаптарына сәйкестiгiн бақылау;
10) халықаралық және облысаралық қатынастағы
жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға
рұқсаттың болуын тексеру, жүру маршруты
мен кестесiнiң сақталуын, сондай-ақ жолаушыларды
және багажды автомобильмен тұрақты емес
тасымалдау кезiнде жолаушылар тiзiмiнiң
болуын бақылау;
11) шетелдiк тасымалдаушылардың Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша каботаждық
тасымалды жүзеге асыруын айқындау және
оның жолын кесу;
12) шетелдiк көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағына белгiленбеген
өткiзу пункттерi арқылы кiруi фактiсiн айқындау;
13) шетелдiк автокөлiк құралдарының уақытша
кiруiн тiркеу және Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарға
сәйкес халықаралық автомобиль тасымалы
саласындағы рұқсатсыз жүйе қолданылатын
мемлекеттерде тiркелген автокөлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағына кiруiн
тiркеу талондарын беру;
14) Қазақстан Республикасының лицензиялау
туралы заңына сәйкес лицензиялауға жататын
автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы
жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау;
15) Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттiң
тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша жүрiп-тұруына және Қазақстан
Республикасының тасымалдаушыларына
шет мемлекет аумағы бойынша жүрiп-тұруына
рұқсат беру;
16) Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша ауыр салмақты және iрi көлемдi
көлiк құралдарының (шетелдiктердi қоса
алғанда) жүрiп-тұруына арнайы рұқсат беру;
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын
өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк шекарасын кесiп өту кезiнде
отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының
бақылаудан өту талонын беру;
18) халықаралық қатынаста және Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша қауiптi
жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн
даярлау жөнiндегi курстарды ұйымдастыру;
19) халықаралық қатынаста және Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдауға
жүргiзушiнi жiберу туралы куәлiк беру;
20) транзиттiк әлеуеттi қолдану туралы
ақпаратты жинау, автокөлiк құралдары
жүрiсiнiң жиiлiгiн есепке алу, белгiленген
нысандағы есеп беру құжаттары түрiнде
жинақталған ақпаратты берудi ұйымдастыру
және жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
органдарымен автомобиль көлiктерiнде
және автожолдарда қауiпсiздiктi қамтамасыз
ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл
жасау.
19-8-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға рұқсат ету құжаттарын беру тәртiбi
1. Қазақстан
Республикасының аумағына (аумағынан)
кiру (шығу), халықаралық қатынастағы
жолаушылар мен жүктердi
2. Егер шетелдiк автокөлiк құралы тiркелген
мемлекетпен Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық
автомобиль тасымалдары саласында рұқсатсыз
жүйе қолданылса, осы шетелдiк автокөлiк
құралының Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша жүрiп-тұруы Қазақстан
Республикасының аумағына кiрген кезде
көлiктiк бақылау посттарында берiлетiн
шетелдiк автокөлiк құралының Қазақстан
Республикасының аумағына кiруiн тiркеу
талоны негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Үшiншi елдiң аумағындағы шығу пунктiнен
Қазақстан Республикасының аумағындағы
бару пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының
аумағындағы шығу пунктiнен үшiншi елдiң
аумағындағы бару пунктiне дейiн жолаушыларды
және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге
асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдiк
тасымалдаушылардың үшiншi елден Қазақстан
Республикасының аумағына немесе Қазақстан
Республикасының аумағынан үшiншi елге
тасымалдауды орындауға берiлген рұқсат
негiзiнде жол берiледi.
4. Уәкiлеттi орган шетелдiк мемлекеттердiң
құзыреттi органдарымен рұқсат беру құжаттарының
бланкiлерiмен тепе-тең айырбас жүргiзуi
мүмкiн.
5. Халықаралық қатынаста Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша транзитпен тасымалдауды
жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушы
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүрiп-тұруға рұқсат сұраған жағдайда
уәкiлеттi орган оған Қазақстан Республикасының
Салық кодексiнде белгiлеген ставкалар
бойынша Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны
үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн мұндай
рұқсатты бередi.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып
бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралы
Қазақстан Республикасының аумағында
жолшыбай тиелген кезде Қазақстан Республикасының
аумағынан шығу құқығын куәландыру үшiн
Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде
белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы
төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган беретiн
жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы
қажет.
19-9-бап. ҚР аумағы бойыншашетелдiк автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру тәртiбi
1. Қазақстан
Республикасы мен шетелдiк
Қазақстан Республикасының заңнамасына
және Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль
тасымалдарын жүзеге асыру үшiн қажеттi
рұқсат беру және басқа да құжаттар автокөлiк
құралдарының жүргiзушiлерiнде болуға
және уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды
адамдарының талабы бойынша көрсетiлуге
тиiс.
2. Шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан
екi пункт арасында жолаушылар мен жүктердi
тасуына жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жолаушыларды транзиттiк тасымалдауды
жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарына
Қазақстан Республикасының аумағында
жолаушыларды отырғызуды және (немесе)
түсiрудi жүргiзуге тыйым салынады.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын
жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң
тiркеу және айыру белгiлерi бар автокөлiк
құралдарын пайдалануы тиiс.
Бұл ретте тiркемелерде немесе жартылай
тiркемелерде басқа мемлекеттiк тiркеу
және айырма белгiсi болуы мүмкiн.
19-10-бап.Отандық автокөлiк құралдарының ҚР аумағынан шығу және оларға шетелдiк рұқсаттарды беру тәртiбi
1. Отандық
автокөлiк құралдары рұқсат
Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат
беру құжаты берiледi.
2. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру
құжаттары бұрын оларды берген органға
қайтарылуға жатады.
3. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк
рұқсат беру құжаттарын басқа тасымалдаушыға
беруiне жол берiлмейдi.
Егер бөлiнген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының
саны тасымалдаушылар берген өтiнiмдердiң
жалпы санынан аз болған жағдайда шетелдiк
рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн
тасымалдаушылар арасында бөлу Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Отандық тасымалдаушыларға мәлiмденгеннен
тыс шетелдiк рұқсат беру құжаттарын беру
басқа отандық тасымалдаушылар өздерi
мәлiмдеген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының
осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргiзiлуi
мүмкiн.
Отандық тасымалдаушылардың жолаушыларды
және багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына
рұқсат беру құжаттарын беру Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарының
талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
19-11-бап. Қазақстан
Республикасының аумағы
бойынша отандық және
шетелдiк iрi көлемдi
және (немесе) ауыр салмақты
автокөлiк құралдарының
жүрiп-тұруына арналған
арнайы рұқсаттарды
беру тәртiбi