Автор: s******************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 15:13, реферат
Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
23-бап. Жолаушыларды және багажды қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен,республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптары
1. Жолаушыларды
және багажды қалааралық облысаралық,
қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы
және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды
(селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен,
республикалық маңызы бар қалалармен
(астанамен) жалғастыратын автомобильмен
тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартында:
1) тариф;
2) жол жүру құжаттарын (билеттер) сату
тәртiбi мен орны, олардың жолаушыларда
болуын бақылауды жүзеге асыру;
3) облыстардың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы
органдары белгiлеген тариф тасымалдау
шығындарын жаппаса, сондай-ақ жолаушылар
мен багажды жеңiлдiк жағдайларымен немесе
тегiн тасымалдау үшiн тасымалдаушыға
өтем төлеу мөлшерi мен мерзiмдерi;
4) маршрутта пайдаланылатын автобустардың,
шағын автобустардың қозғалыс кестесi,
типi (класы) және саны;
5) тараптардың шарт бойынша мiндеттемелердi
орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны
үшiн жауапкершiлiгi;
6) шарттың қолданыста болуының кемiнде
үш жыл болатын ең аз мерзiмi көзделуге
тиiс.
2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
жолаушыларды және багажды қалааралық
облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және
елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды)
аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық
маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын
автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру
шартының өзге де мiндеттi талаптары белгiленуi
мүмкiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар жолаушыларды
және багажды қалааралық облысiшiлiк, қалалық,
қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi,
ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс
орталықтарымен, республикалық маңызы
бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын
автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру
шарты бойынша:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жолаушыларды отырғызудың және
түсiрудiң белгiленген пункттерiн ресiмдеудi
және күтiп-ұстауды қамтамасыз етуге;
2) автобустардың, шағын автобустардың
белгiленген қозғалыс кестесiнiң сақталуын
бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Тасымалдаушы жолаушыларды және багажды
қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы
және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды
(селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен,
республикалық маңызы бар қалалармен
(астанамен) жалғастыратын автомобильмен
тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты
бойынша:
1) тасымал үшiн автобустардың, шағын автобустардың
шартта көзделген санын және типiн (класын)
пайдалануға;
2) қозғалыс кестесiн сақтауға;
3) жол жүргенде автокөлiк құралының тиiсiнше
жарақталуын және жолаушыларға сервистiк
қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өзге де мiндеттердi атқарады.
4-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру
1. Жолаушыларды
және багажды автомобильмен тұрақты емес
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың
жолаушыларды және багажды автомобильмен
тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша
жолаушылар отырғызуына тыйым салынады.
2. Тұрақты емес тасымал кезiнде жолаушы
тасымалының шарты жол жүру құжатымен
ресiмделедi.
25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау
1. Ұйымдасқан
балалар тобын тасымалдау
2. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға
арналған автобустар сары түстi шұғылалы
шырақшамен жабдықталуға тиiс.
3. Бұл автобустардың алдына және артына
"Балалар тасымалы" деген тану белгiсi
орнатылуға тиiс.
4. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға
жасы кемiнде жиырма бестегi, тиiстi санаттағы
жүргiзушi куәлiгi және кемiнде бес жыл жұмыс
стажы бap жүргiзушiге рұқсат етiледi.
5. Екi және одан көп автобустардың легiне
жол қозғалысы қауiпсiздiгi саласындағы
уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол
полициясының арнаулы автомобильдерi
iлесiп жүруге тиiс.
26-бап. Жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
1. Жолаушыларды
және багажды таксимен
2. Тасымалдаушы жолаушыларды және багажды
таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы
шарт бойынша:
1) жолаушыларды және багажды тасымалдау
үшiн Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды
және багажды тасымалдау ережелерiне сәйкес
таксометрлермен жабдықталған және айырым
белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;
2) такси режимiнде жұмыс iстеу үшiн шартта
белгiленген автомобильдер санын пайдалануға
мiндеттi.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өзге де мiндеттердi атқарады.
3. Тасымалдаушының жолаушыларды және
багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
туралы шарт бойынша:
1) таксилердiң тұрағын, жолаушыларды отырғызу
мен түсiру үшiн таксилердiң арнайы жабдықталған
тұрақтарын пайдалануға;
2) жол қозғалысы ережелерiнiң талаптарын
сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген
учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуға
және түсiруге құқығы бар.
Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.
4. Жолаушыларды және багажды таксимен
тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар
таксилердiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы)
техникалық, медициналық тексерiлуiн және
олар жарамсыз болған жағдайда уақтылы
ауыстырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Таксилердiң тиiмдi жұмыс iстеуi және
жолаушы жиналатын барлық пункттерде
(әуежай, вокзалдар, iрi сауда және мәдени
орталықтары) жолаушылардың оларды пайдалануына
қолайлы жағдай жасау үшiн облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан
Республикасының автомобиль көлiгi туралы
заңдарына сәйкес такси тұрақтарын ұйымдастыруды
және жабдықтауды қамтамасыз етедi.
27-бап.
Жалпы пайдаланудағы
көлiкпен тасымалдау
кезiнде жолаушылардың
жекелеген санаттарына
арналған басымдықтар
1. Жолаушылардың
жекелеген санаттары мынадай басымдықтарға
ие:
1) автобусқа, таксиге кезексiз отыру құқығы;
2) автобус салонының алдыңғы бөлiгiнен
арнаулы орын алу.
Аталған басымдықтарды мүгедектер, зейнеткерлер,
жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары
бар жолаушылар пайдаланады;
3) кезексiз билеттер сатып алу құқығы
бар.
Аталған басымдықты Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерi және оларға
теңестiрiлген адамдар пайдаланады.
2. Автовокзалдарда:
1) 5 жасқа дейiнгi балалары бар жолаушыларға
және жүктi әйелдерге қосымша қызмет көрсетуге
арналған ана мен бала бөлмесi;
2) мүгедек-жолаушыларды отырғызуға және
түсiруге арналған қондырғылар жасалады.
3. Жалпы пайдаланудағы көлiк мүгедек жолаушылардың
мiнiп-түсуiне арналған құрылғылармен жабдықталады.
Мемлекеттiк органдар жолаушыларды тасымалдау
бағыттарына қызмет көрсету құқығына
конкурстар өткiзген кезде, мүгедектердiң
пайдалануына бейiмделген көлiк құралдары
бар жеке және заңды тұлғалар артықшылыққа
ие болады.
28-бап. Сот иесiз
деп танығанға дейiн
багажға билiк ету
1. Егер
шартта өзгеше көзделмесе, жолаушы
немесе багажды алуға уәкiлеттi
адам тасымалдаушыға
2. Сот багажды иесiз деп таныған жағдайда,
багаждың жаңа иесi тасымалдаушыға оның
сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi,
оны сақтауға, тиеп-түсiру операцияларына
және тасымалдауға жұмсалған шығыстарды
өтейдi.
29-бап. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау ережелерi
Жолаушыларды
және багажды автомобиль
1) жол жүру құжаттарының (билеттердiң),
багаж түбiртектерiнiң нысаны, сатылу тәртiбi
мен қолданылу мерзiмi;
2) жолаушыларды және багажды автомобильмен
тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және
жүзеге асыру, жолаушыларды және багажды
автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының
ашылу және жабылу тәртiбi, тасымалдардың
аталған түрлерiн орындау үшiн пайдаланылатын
автобустардың, шағын автобустардың санитарлық
жай-күйiне, сыртқы безендiрiлуiне және
жабдықталуына қойылатын талаптар;
3) жолаушыларды және багажды қалааралық
облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және
елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды)
аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық
маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын
автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына
қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру
және өткiзу тәртiбi;
4) маршрутқа қызмет көрсету құқығына
куәлiк беру, тоқтата тұру және керi қайтарып
алу тәртiбi мен шарттары, оны беруден бас
тарту шарттары мен негiздерi, сондай-ақ
нысаны;
5) автовокзалдар мен автостанцияларға
қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың
жұмыс iстеу тәртiбi;
6) жолаушыларды және багажды автомобильмен
тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру
және жүзеге асыру тәртiбi;
7) тапсырыс берiлген автобустармен, шағын
автобустармен және жеңiл автомобильдермен
жолаушыларды және багажды тасымалдауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi;
8) жолаушыларды және багажды таксилермен
тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге
асыру тәртiбi;
9) багажды қабылдау, сақтау және беру
тәртiбi;
10) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) және
олардың құнын қайтару тәртiбi мен шарттары;
11) қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi:
кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан
немесе облыс орталықтарымен, республикалық
маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын
тұрақты және қалааралық облысiшiлiк, қалааралық
облысаралық және халықаралық тасымалдау
маршруттарында жолаушыларды отырғызу
және түсiру пункттерiн, сондай-ақ таксимен
тасымалдау кезiнде жолаушыларды отырғызу
және түсiру пункттерiн безендiру мен күтiп-ұстауға
қойылатын талаптар;
12) жолаушыларды және багажды автомобильмен
тұрақты және тұрақты емес тасымалдау
маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдындағы
(ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды
ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi айқындалады.
4-тарау.Жүктердi және почтаны автомобильмен тасымалдау
30-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шарты
1. Жүктi
автомобильмен тасымалдау
2. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартының
жасалуы тауар-көлiк жүкқұжатының жасалуымен
расталады.
31-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын өзгерту және бұзу
Жүктi
автомобильмен тасымалдау
32-бап. Жүктердi автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының және жүк жөнелтушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Тасымалдаушының
жүктердi автомобильмен
1) өзiнiң сипаты, салмақ және көлем өлшемдерi
бойынша тасымалдау құжаттарында көрсетiлген
жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн
жүктi автомобильмен тасымалдаудан бас
тартуға;
2) егер жүктi одан әрi автомобильмен тасымалдау
жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның
сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiруге;
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, осы
баптың 2-тармағының 1), 4) тармақшаларына
сәйкес, жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн
немесе олардың сақталуын қамтамасыз
етуге байланысты шығарған шығындарын
өтеуге;
4) жүк жөнелтушi (жүк алушы) көрсеткен
жаңа межелi пунктiне еңсерiлмейтiн күштiң
салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған
жағдайда, автомобильмен тасымалдаудан
бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы
алдын ала хабардар етiп, жүктi оған қайтаруға
құқығы бар; егер шартта өзгеше көзделмесе,
тасымалдаушының осыларға байланысты
қосымша шығыстарын жүк жөнелтушi (жүк
алушы) төлейдi.
Тасымалдаушының Қазақстан Республикасының
заңдарымен және шартпен белгiленген өзге
де құқықтары бар.
2. Тасымалдаушы жүктердi автомобильмен
тасымалдау шарты бойынша:
1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және
олардың сақталуына қатер төнгенi туралы
жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) дереу хабардар
етуге, бұл орайда жүк жөнелтушiден (жүк
алушыдан) алынған нұсқауларды сақтауға,
сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн
және олардың сақталуын қамтамасыз ету
жөнiнде өзi жүргiзген әрекеттер туралы
дереу хабардар етуге;
2) жүктi қабылдау кезiнде тауар-көлiк жүкқұжатындағы
жүк орындарының санына, олардың маркалануы
мен нөмiрлерiне қатысты жазбалардың дәлме-дәлдiгiн,
сондай-ақ жүктiң және оның орамасының
сыртқы жай-күйiн тексеруге;
3) автокөлiк құралына тиеудiң белгiленген
нормаларын сақтау, автомобильмен тасымалдауды
орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын
қамтамасыз ету мақсаттарында жүктiң салынуы
мен бекiтiлуiн бақылауға;
4) жүк алушы автомобильмен тасымалдаушыға
қатысы жоқ себептермен жүктi алмаған
жағдайда, жүктi межелi пунктiнде, келген
күннен бастан отыз күн бойы, тез бүлiнетiн
жүктi - төрт күн бойы сақтауға мiндеттi.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi
мойнына алады.
3. Жүк жөнелтушiнiң жүктi автомобильмен
тасымалдау шарты бойынша:
1) мәлiмделген жүктi тасу үшiн тиеудiң алдында
автокөлiк құралының жарамдылығын тексеруге;
2) мәлiмделген жүктi тасу үшiн автокөлiк
құралы жарамсыз болған жағдайда, тасымалдаушының
қызметiнен бас тартуға құқығы бар.
Жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының
заңдарына және шартқа сәйкес өзге де
құқықтары бар.
4. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдау
шарты бойынша:
1) автокөлiк құралының келу және кету
уақыты туралы жолпараққа белгi соғуға;
2) автокөлiк құралының жарамсыздығы себептi
тасымалдаушының қызметiнен бас тартқан
жағдайда тиiстi акт жасауға;
3) автокөлiк құралына жүк тиеу процесiнде
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген рұқсат етiлген салмақ пен
көлем өлшемдерiнен асыруға жол бермеуге;
4) тасымалдаушыға тауар-көлiк жүкқұжатын,
ал Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген қажеттi жағдайларда, жүк тасымалы
үшiн қажеттi өзге де құжаттарды (сертификат,
лицензия, ветеринариялық құжаттар, кеден
декларациясы) көрсетуге мiндеттi.
33-бап. Автокөлiк құралдарын беру, жүктердi тиеу және түсiру
1. Тасымалдаушы
Автомобиль көлiгiмен жүк
2. Жүктердi автокөлiк құралына тиеу (бекiту,
жабу, байлау), сондай-ақ жүктердi түсiру
Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде
көзделген талаптар сақтала отырып, шартта
көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүзеге
асырылады.
Тасымалдаушы не жүк жөнелтушi өзiнiң сипатына
қарай автомобиль жолдарының ластануын
туғызуы және жол қозғалысы қауiпсiздiгiне
қатер төндiруi мүмкiн жүктердiң жабылуын
қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жүк жөнелтушi автокөлiк құралдары жүк
тиейтiн орынға келгенге дейiн жүктi автомобильмен
тасымалдауға тиеу, тасымалдау қауiпсiздiгi,
жүктiң және автокөлiк құралының сақталуы
қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға
мiндеттi.
34-бап. Жүктi автомобильмен тасымалдауға кедергiлер
1. Жүк
жөнелтушiнiң кiнәсiнен жүктi автомобильмен
тасымалдауға кедергiлер
2. Жүк жөнелтушi жүктi автомобильмен тасымалдауға
кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға
мiндеттi.
3. Егер жүк жөнелтушi осы баптың 1-тармағына
сәйкес тасымалдаушы хабардар еткен сәттен
бастап үш тәулiк iшiнде (тез бүлiнетiн жүкке
қатысты бiр тәулiк iшiнде) жүктi автомобильмен
тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде
шаралар қолданбаған жағдайда, автомобильмен
тасымалдаушы үш тәулiк iшiнде жүктiң сақталуын
қамтамасыз ету жөнiнде келтiрiлген шығындарды
ескере отырып, жүктi жүк жөнелтушiге соның
есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi
белгiленген тәртiппен өткiзуге құқылы.
35-бап. Жүктi беру
1. Тасымалдаушының
жауапкершiлiгiндегi жүктiң бүлiнуi немесе
бұзылуы салдарынан оның
2. Жүктердi қалааралық автомобильмен
тасымалдау кезiнде тасымалдаушыға байланысты
емес себептер бойынша жүктi жүк алушыға
беру мүмкiн болмаған жағдайда, жүк жөнелтушi
Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiнде
белгiленген тәртiппен тасымалдаушыға
жүктi жаңа межелi пунктiне жеткiзу туралы
нұсқау беруге мiндеттi.