Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:57, курсовая работа
Delphi–дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып – үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы (1998 жылдың сәуір айынан бастап Inprise Corporation) тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі – бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.
Пішін терезесі — Компоненттер палитрасындағы компоненттерден бағдарлама жинақталатын негізгі орын. Пішіннің өзі орындауға болатын дайын бағдарлама.
Пішіннің бағдарламасы откомпилируется, экрандағы көмекші терезелер жойылады, пішіннің координаталық торы жоғалады және ол кәдімгі Windows терезесінің қасиетін меңгереді.
Осы терезенің қасиетін зерттеңіз. Оның өлшемін өзгертіңіз, экран бойынша жылжытыңыз, жоғарғы сол жақтағы батырманы активтеңіз, терезені бүкіл экранға дейін үлкейтіңіз.
Сіз байқағандай, пішін терезесі «жанданды».
Alt+F4 батырмаларының комбинациясы Delphi ортасын алғашқы қалпына әкеледі.
Инспектор Объектісінің терезесі компонент немесе пішіннің өзіне тышқанмен шерткенде активтенетін қасиеттерден тұрады. Активтенген компоненттің аты терезенің тақырыбынан кейін орналасады (сурет 1.3. жағдайында ол пішіннің өзі). Терезе екі парақтан тұрады: Properties (қасиеттер парағы) және Events (оқиғалар парағы).
Пішінде батырманың бейнесі пайда болады (сурет 1.4).
Бұндай іс-қимыл пішінге компонентті қосу деп аталады.
Оның айналасында квадраттары бар тіктөртбұрыш жақтау пайда болды. Бұл дегеніміз компонент активтенді дегенді білдіреді және Объект Инспектірінде компоненттің аты пайда болды Button1: TButton. Бұл жағдайда Button TButton типіндегі айнымалы, бастапқы T әрібі тип дегенді білдіреді.
Сурет 1.4 Пішінге компонентті қосу
TButton типі объект ретінде сипатталған және оның барлық компоненттері де объект ретінде сипатталған, сондықтан компоненттердің қасиеттерін басқаратын терезе Объект Инспектірі терезесі деп аталады. Properties парағы 2 бағанаға бөлінген: қасиеттер аты бағанасы және қасиеттер мәні бағанасы. Сол жақ бағанада компоненттің қасиеттерінің аттарының тізімі, оң жақта — қасиеттердің нақты мәні көрсетілген. Қолданушы кез – келген қасиеттің мәнін өзгерте алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша әдебиеттер тізімі