Визуалды компоненттерді қолдану

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:57, курсовая работа

Описание работы

Delphi–дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып – үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы (1998 жылдың сәуір айынан бастап Inprise Corporation) тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі – бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс.doc

— 3.46 Мб (Скачать)

Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның  нәтижесі болып саналады, сондықтан  бүгінгі таңда олар қазіргі  компьютерлік технологияның  өнімі болып табылады. Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi – дің көмегімен бағдарламаның әртүрлі типін – консольді қосымшалардан бастап, деректер базасы мен  Internet – те жұмыс істейтін бағдарлама құруға болады.

Delphi бағдарлама құратын және жаңа бағдарламаны даярлайтын бағдарлама құру әдістерінен, сондай-ақ компоненттер кітапханасынан тұрады. Delphi бағдарламасы – бұл өзара байланысқан бірнеше файлдар. Кез – келген бағдарлама жоба файлы (мұндай файл .dpr кеңейткішінен тұрады) және бір немесе бірнеше модульден тұрады (.pas кеңейткіші бар файлдар). Жоба файлы бағдарламаның жинақтаушы бөлігі болып табылады, ол өте үлкен емес және Delphi бағдарламалау жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.

Класс – берілгендер мен оларға әрекет жасайтын арнайы тип. Ол өріс, әдіс және қасиеттерден тұрады. Кластың данасы болып объект табылады.

Объект – белгілі тапсырманы орындауға арналған,  екілік бағдарламалық кодтың автономды бөлігі болып саналады. Объектінің барлық құрауыштары объект болып табылады, бірақ керісінше емес.

Delphi-де визуалды, яғни  көзбен көріп отырып бағдарламалау  технологиясы қолданылады. Тұтынушы  өзінің болашақ бағдарламасын  безендіріп, өзінің жұмысының нәтижесін  бағдарлама іске қосылғанға дейін  көре алады. 

Қосымшаны жазу үрдісі екі бөліктен тұрады:

1 – тұтынушы өзінің  бағдарламасының терезесіне қажетті  элементтерді көрсетіп, олардың  өлшемін орнатады, қасиеттерін өзгертеді;

2 – қосымшы жұмыс  істеп тұрған кездегі бағдарламаның  кодын, элементтердің қасиетін  жазады, терезенің пайда болуына  қатысты оқиғаның өзгеруін, батырманың басылуын тағы басқаларды жазады. Бағдарламаны іске қосқанда экранда басты терезе пайда болады:

Бағдарламаның сыртқы құрылымы

Delphi  - дің көмегімен  құрылған бағдарламаның құрылымы  дәстүрлі бағдарламаның құрылымынан  өзгешелеу болады, ол өз кезегінде мұндай бағдарламаларды құрудың ерекшеліктерін шартты түрде көрсетеді. Мұндай бағдарламаны екі бөлімнен тұрады деп көрсетуге болады: интерфейс – бағдарламаның бөлімі,  ол бағдарламаға ақпаратты енгізуге және оны шығаруға, сонымен бірге  тікелей тапсырманы шешуге арналған операторларды тағайындауға арналған (есептеу, ақпараттың түрленуі және т.б.). Бағдарлама өз жұмысында операциялық жүйе, әртүрлі сыртқы құрылғылар, деректер базасы, басқа бағдарлама және т.б. әрекеттеседі. Сондықтан бағдарламаның соған қатысты сыртқы компоненттермен  әрекеттесу құрылымын сурет 1.1 көрсетілгендей түрде көруге болады.

  Интерфейс бұл объектілердің жиынтығы, оның көмегімен ақпаратты белгілі бағытқа жіберу асырылады, - пішін, қарым – қатынас терезелері, басқару элементтері және т.б. Көптеген жағдайларда таңдап алынған интерфейс барлық бағдарламаның құрылымын анықтайды.

Объектілер бағдарламада жеткілікті түрде автономды болғандықтан, олардың арасында ақпаратты жіберу, сонымен бірге бағдарлама мен операциялық жүйе, бағдарлама мен сыртқы құрылғылар т.б. арасында ақпаратты беру үшін хабарлама жүйесі қолданылады.

Сурет 1.1 Бағдарламаның  сыртқы құрылғылармен әрекеттесуі

 

Мұндай бағдарламаның  жұмысы да өз сипатында. Әдетте ол іске қосылғаннан кейін келесі хабарламаны  күту режимінде тұрады. Хабарлама  пайда болғанда бағдарлама  оған талдау жасайды, қандай әрекет жасау  керек екенін анықтайды, одан кейін  сол әрекетті  орындап, келесі хабарламаны күтеді. Әртүрлі хабарлама пайда болғаннан кейін бағдарлама шарт бойынша әртүрлі әрекет жасайды, барлық орындалатын операторлар бағыныңқы бағдарламалардың жиынтығын береді, олар әртүрлі объектінің әдістері ретінде бекітіледі (хабарламаны және оқиғаны өңдеу әдістерін қоса алады), немесе өздік бағыныңқы бағдарлама. Нақтылы түрде әртүрлі операциялық жүйелер және оларды баптау, олар белгілі командаларды күтеді, содан кейін оларды өңдеуге кіріседі.

Объект (TApplication класының) болып бағдарламаның өзі саналады. Шынында бұл объектіні программист өзі құрмайды, ол Delphi ортасында автоматты түрде құрылады, бірақ бағдарлама құру кезінде оның әдістері мен қасиеттерін қолдануға болады.

Объектілердің классификациясы

Жобаны жоғарыда айтылғандай нақты тағайындалуы анықталған жеке объектілердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл объектілерді ортақ қасиеттері бар кластарға біріктіруге болады. Мұндай кластардың құрылымы қиынырақ болып келеді, сондықтан оны түгелдей көру үшін Browser бағдарлама элементтерін көру терезесінің көмегімен көруге болады. Мұнда жобаның құрылымын ұйымдастыру үшін қолданылатын тек маңызды кластарды ғана қарастырамыз (сурет 1.2).

Жобада қолданылатын негізгі объект болып қосымша, пішін  және компонент табылады.

Қосымша келіп түскен хабарламаны өңдеу циклін ұйымдастыратын жобаның негізгі байланыс объектісін көрсетеді.

Пішін интерфейстік элементті көрсетеді, оның арқасында қосымшалар мен сыртқы құрылғылар арасында ақпарат алмасу үрдісі жүреді. Пішін қосымшада орналасады, ал қосымша бір немесе бірнеше пішіннен тұруы мүмкін.

Сурет 1.2 Жобаның құрылымдық компоненттерінің классификациясы

 

 

2. Визуалды компоненттер

 

 

 

 

 

Компоненттер палитрасы — пішінге қосуға болатын көптеген объектілер жиынтығынан тұрады. Delphi ортасында қосымшаны құруға  осы компоненттер қолданылады. Олардың әрқайсысы үшін орындауға болатын бағыныңқы бағдарлама немесе Windows интерфейсінің элементі белгіленген. Компоненттер ортақ қасиеттері бар топтарға біріктірілген (Standard, Additional және т.б.), олардың әрқайсысы өздеріне сәйкес  бетбелгіге тышқанның көмегімен шерткенде шақырылады.

Компоненттер палитрасының кейбір парақтарын қарастырайық:

Standard –Windows – де  қосымшасы бар стандартты басқару элементтерін жүзеге асыратын компоненттер жиынынан тұрады.  (батырмалар, тізімдер және т.б.).

Additional – қосымша басқару элементтері (графиктер мен диаграммаларды салуға арналған компоненттер, графикалық көріністерді бейнелеу және т.б.).

Data Access – деректер базасына қатынауды жүзеге асыратын арнайы компоненттер жиынынан тұрады.

Data Controls – қолданушымен қарым – қатынас орнататын көрнекілік компоненттерден тұрады және деректер базасы үшін берілгендерді басқару үрдісін орындайды.

Dialogs – стандартты қарым - қатынас құратын компоненттер (қаріпті таңдау, файлдармен операциялар жасау және т.б.).

System – операциялық жүйемен қарым – қатынасты орнататын құрал.

VBX –Visual Basic стиліндегі компонент.

 

Палитра компоненті Delphi-де жиі қолданылатын саймандардың бірі. Палитра компоненттер орналасқан үлкен топтардан тұрады. Компонент – тұтынушы интерфейсінің пішінге түсіруге болатын элементі. Ол батырма, мәтін, түрлі мәліметтер енгізуге болатын өріс, төмен түсетін тізімдер – жалпы Windows ОЖ-де терезеде көретін нәрселердің бәрі. Терезелерді сыртқы қалыптастыратын компоненттері визуалды  (көрінетін) деп аталады. Онан басқа компоненттер палитрасында көрінбейтін, яғни, бағдарлама орындалу барысында көрінбейтін компоненттер де болады, олар көрінбейтін деп аталады, бірақ түрлі фондық қызмет атқарады. Мысалы, «Таймер» берілген уақыт аралығында белгілі бір оқиғаны реттеп отырады.

Компоненттер – Delphi – дің стандартты класы, Delphi ортасында көрнекілік бағдарламаны іске асыруға арналған. Компонент болып меню, батырмалар, стандартты диалогтар (мысалы, қаріпті таңдау, файлды сақтау), енгізу терезесі және редактірлеу терезесі және т.б. табылады. Компоненттер өріс, әдіс және қасиеттерден тұрады. Қолданушының құрауыштармен жұмысы, оны негізгі терезедегі Компоненттер палитрасынан таңдап және пішіннің терезесіне орналастырып, олардың қасиеттері мен мазмұнына қарай белгілі оқиғаға   ықпалын икемдеу болып табылады. Delphi компоненттері қолданушымен жылдам қарым – қатынас жасау үшін қолданылады.

Компоненттер  қасиеті – белгілі объекті берілгенде немесе өзгергенде автоматты түрде оның атрибутын өзгертетін компоненттің өрісі. Компоненттің функциясын (атқаратын міндетін) анықтайды.

Компоненттің  оқиғасы – компоненттің қолданушы немесе операциялық жүйемен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Әрбір компонент стандартты оқиғалардың жиынынан тұрады.

компонент хабарламаны өңдеу әдісінен тұрады, олардың әрқайсысы компоненттің белгілі оқиғаға ықпалын анықтайды (пернені басу немесе тышқанды жылжыту).

Оқиғаны өңдеу деп – өрбіген оқиғаға жауап ретінде белсенділік танытатын қосымшаның код бөлімін айтамыз.

Компонент пішінге немесе басқа компонентке тиісті болуы мүмкін.

Пішін деп - Windows терезесінің қасиеттеріне ие және біркелкі функционалдық тағайындалумен байланысқан, компоненттерді орналастыруға негіз болатын көрнекілік компонентті айтамыз.

Қосымшаның пішіні қолданушылық интерфейстің негізі болып саналады. Қосымшада бірнеше пішін болуы  мүмкін.

Пішін туралы ақпарат  екі типті файлда сақталады: - .dfm және - .pas, файлдың бірінші типі (пішіннің файлы) – екілік – пішіннің кескінін және қасиеттерін сақтайды, екінші тип  (пішіннің модулі ) сіздің қосымшаңыздың функциясын іске асыратын кодтардан тұрады және пішін мен оның құрауыштары үшін оқиғаларды өңдеуді қарастырады. Екі файл да автоматты түрде Delphi – де синхрондалады. Әрбір пішінге өзінің модулі сәйкес келеді.

Компонеттер пішінге орналастырылады және ақпаратты алу, түрлендіру және бейнелеу үшін операцияларды орындауға қатысты объектілерді сипаттайды. Олардың классификациясы қиындау, сондықтан жиі қолданылатын компоненттер тобын қарастырайық. Пішін компоненттердің кез келген санынан тұра алады.

 Құрылымдық түрде жоғарыда көрсетілген компоненттердің бәрі TComponent (Компонент)  класына, объект жобасында қолданылатын жалпы және көп санды топтарға қарайды. Нақты түрде бұнда тек файлдармен жұмыс істеу, графикалық әдістер, әртүрлі тізімдер мен ағындар және басқа объектілер қатары ғана кірмейді. Қосымша меншік TApplication (Қосымша) класын қалыптастырады, ол тікелей TComponent класының ұрпағы болып саналады.

Кластың басқа элементтері  пішіннің өзін қоса алғанда айтарлықтай қиынырақ құрылымды жасайды. Ең алдымен бұл элементтерді екі топқа бөлуге болады:

  • TControl (Басқару) класын қалыптастыратын басқару элементтері. 
    Басқару элементтері (TControl класының ұрпақтары болып келген компоненттер) – қолданушымен қарым – қатынасты жүзеге асыратын экранда бейнеленетін компоненттер (визуалды компоненттер) Бағдарламада қолданушы шарт бойынша оларды басқара алады (пернетақтаның көмегімен ақпаратты енгізу, оларға тышқанның көмегімен әсер ету және т.б.). Олар экранда қосымша орындалғанда бейнеленеді.
  • Экранда бейнеленбейтін элементтер (бейнеленбейтін немесе визуалды емес компоненттер). Олар жүйелік ресурстарға қатынауға жауап береді: драйвер, деректер базасы, таймер, меню, әртүрлі қиын объектілер, стандартты диалог терезелеріне ұқсас және т.б. Құру кезінде визуалды емес компоненттер пиктограмма түрінде бейнеленеді, ал қосымшаны орындағанда ереже бойынша көрінбейді.

Басқару элементтерін өз кезегінде екі үлкен кластарға  бөлуге болады және олардың арасында принциптік айырмашылық бар:

  • Терезелік басқару элементтерінің класы TWinControl (Терезелік басқару элементі). 
    Терезелік басқару элементі ( TForm, TButton, TEdit, TMemo, TPanel, TGroupBox және т.б. кластардың компоненттері) терезелік функциялардан (немесе процедуралар) тұрады, олардың арқасында ол келіп түскен ақпаратқа ықпал етеді және экранда активтенеді.
  • Графикалық басқару элементтерінің класы TGraphicControl (Графикалық басқару элементі). 
    Графикалық басқару элементі ( TImage класының компоненті – кескін, TPaintBox – сурет салуға арналған панель, TShape – геометриялық фигура, TCustomLabel – белгінің тегі) мұндай функцияны басқармайды, тек экранға ақпаратты ғана шығарады, олар тышқан арқылы берілетін хабарламадан басқа белгілі қимылға ықпалын тигізе алмайды. Жеке жағдайларда пішін терезелік басқару элементіне жатады.

Жобаның құрылымдық элементтерінің әрекеттесуі

Жанұя деп өзінің ұрпақтарымен қоса алғандағы класты айтамыз.

TComponent жанұясының әрбір объектісінің Owner қасиеті бар: TComponent (Иесі), берілген объекті орналасқан объектіге нұсқағыш.

Негізгі объект деп - басқа объект орналасатын объектіні айтамыз.

Көмекші объект деп – орналасатын объектіні айтамыз.

property ComponentCount: Integer – тек оқу үшін. Негізгі объектінің көмекші компоненттерінің санын береді (ағымды компоненттің).

property Components[Index: Integer]: TComponent – тек оқу үшін. Ағымды компоненттің көмекші компонентінің тізімінен тұрады. Компоненттерді нөмірлеу нөлден басталады.

Кез – келген пішін TApplication класының қосымшасына орналастрылады, қосымша ол үшін негізгі объекті болып саналады.

TControl жанұясының компоненттерін пішінге екі түрлі жолмен орналастыруға болады:

  • тікелей пішінге;
  • TWinControl жанұясының қосымша топталған бір компонентіне (TGroupBox – тақырыбы бар панель, TPanel – панель, TTabControl – бетбелгі және т.б.).

TControl жанұясының әрбір компонентінде Parent қасиеті бар: TWinControl (Аталық), онда үлкен компонентке нұсқағыш беріледі.

Үлкен компонент – тікелей берілген компонент орналастырылған компоненттің өзі.

Кіші компонент – орналасатын компонент.

Визуалды емес компоненттерде Parent қасиеті болмайды.

Пішіннің үлкен компонентіжоқ (Parent = nil).

 

Delphi – де он негізгі терезе бар. Delphi іске қосылғанда біз төртеуін көреміз: негізгі терезе, негізгі пішіннің терезесі, Объект бұтақтарының терезесі және  Объект Инспекторы терезесі. Төртінші терезе — Бағдарламалау Кодының Редакторы — ол ашық тұрады, бірақ пішін терезесінің артына тығылған, оны көру үшін құрал – саймандар панельіндегі Toggle Form/Unit батырмасына шерту керек.

Информация о работе Визуалды компоненттерді қолдану