Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:57, курсовая работа
Delphi–дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып – үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы (1998 жылдың сәуір айынан бастап Inprise Corporation) тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі – бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері»
пәні бойынша
Тақырыбы: «Визуалды компоненттерді қолдану»
Орындаған: Нұрғалиева Әсем
Тексерген: Ж.Ж Амежанов
Қорғаған бағасы:
2011-2012 оқу жылы
«Бекітемін»
Арнайы және жалпы кәсіптік пәндер
циклдық комиссиясының төрайымы
______________________________
« »___________________2011 ж.
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
ІІІ қысқартылған ВТ тобының оқушысы Нұрғалиева Әсем
Курстық жұмыс тақырыбы:
«Визуалды компоненттерді қолдану»
Курстық жұмыстың графигі
Курстық жобаның негізгі бөлімдері |
Орындалу мерзімі |
% |
Кіріспе |
5 | |
Есептің қойылымы |
20 | |
Алгоритмді сиппаттау және есепті шешу |
30 | |
Тестілеу және отладка |
25 | |
Бағдарламашы басшылығы |
10 | |
Қолданушы басшылығы |
5 | |
Қорытынды |
5 |
Курстық жобаны орындауға арнайы нұсқаулар:
Тапсырма берілген күн « » 2011 ж.
Курстық жобаны қорғау күні « » 2011 ж.
Оқутышы: Аты – жөні
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Визуалды компоненттерді қолдану». Біз визуалды компоненттермен Delphi ортасында жұмыс істейміз. Delphi – Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған бағдарлама құру ортасы. Delphi-дегі бағдарлама қазіргі көркемдік жобалау технологиясының негізінде құрылады, ал олар өз кезегінде объектілі-бағытталған бағдарламалау идеясына сүйенеді.
Delphi–дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып – үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы (1998 жылдың сәуір айынан бастап Inprise Corporation) тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі – бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.
Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның нәтижесі болып саналады, сондықтан бүгінгі таңда олар қазіргі компьютерлік технологияның өнімі болып табылады. Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi-дің көмегімен бағдарламаның әртүрлі типін – консольді қосымшалардан бастап, деректер базасы мен Internet-те жұмыс істейтін бағдарлама құруға болады.
Бұл курстық жұмысты жазудың мақсаты негізгі тәжірибелік білімін жетілдіру және теорияда алған білімін ақпараттық жүйеде бағдарламаны құруда қолдану.
Дербес компьютерлер үшін Delphi бағдарламалау ортасында қазіргі Windows қосымшаларын (бағдарламаларды) құруға арналған. Көмекші құрал қосымшаны құрудың негізгі әдістерін сипаттауға бағытталған, сонымен бірге орта интерфейсі, қосымшаны құрудың көрнекілік құралдары және қолданушының бағдарламалық кодын құрудан тұрады.
Бұл курстық жұмыста «Delphi ортасымен танысу» Delphi ортасында құрылған бағдарламаны толық меңгеру үшін қажет білімді береді. Негізгі ұғымдар – класс, объект, компонент, бағдарламаның ішкі құрылымы, жобаның құрылымдық элементтерінің өзара байланысы, бағдарламаның құрылуы барысында шешілетін тапсырмалар.
Осы тәжірибеде алған білім, болашақта бағдарламалау технологиясын үйренудегі негізгі база болып табылады. Базалық тіл курсы ретінде Delphi бағдарламалау ортасы таңдалды, себебі бұл тіл әлемдегі әйгілі бағдарламалау тілдер тобына жатады.
1. Delphi визуалды-бағдарламалау ортасы
Delphi – дербес компьютерлер
мен серверлерге қосымша құру
және қолдану үшін
Delphi ортасының интегралдық
құрылымына қосымшаларды
Delphi 6 ортасын іске қосқанда компьютер экраны сурет 1.3 – де көрсетілгендей көрініс табады.
Сурет 1.3 Delphi 6 ортасының терезелері мен панельдері
Delphi – дербес компьютерлер мен серверлерге қосымша құру және қолдау үшін қолданылатын әзірлеме ортасы. Delphi кез-келген Windows типті 32 разрядты амалдық жүйеде жұмыс жасайды.
Delphi-де визуалды, яғни көзбен
көріп отырып бағадарламалау
технологиясы қолданылады.
Қосымшаны жазу үрдісі екі бөліктен тұрады:
1 – тұтынушы өзінің
2 – қосымша жұмыс істеп тұрған кездегі бағдарламаның кодын, элементтердің қасиетін жазады, терезенің пайда болуына қатысты оқиғаның өзгеруін, батырманың басылуын тағы басқаларды жазады. Бағдарламаны іске қосқанда экранда басты терезе пайда болады:
БАСТЫ ТЕРЕЗЕ
Мұнда мәзір қатары, саймандар тақтасы, түстер палитрасы орналасады. Түстер палитрасында болашақ бағдарламаның көрінетін және көрінбейтін компоненттері, көптеген тақырыптық беттер бар. Көрінбейтін компоненттер тек қосымшаға жоба жасап, оны іске қосқанда ғана көрінеді. Басты терезе интеграцияланған орта жұмыс істеп тұрған кездің барлығында ашық болады. Оны жапқанда Delphi жабылып, ондағы барлық терезелер жабылады.
Басты терезедегі мәзір әмірлері мен саймандар тақтасы арқылы Delphi бағдарлама өңдеу барысын басқарады. Мұнда пайдалану мақсатына қарай топталған компоненттер орналасқан. Мысалы, Standart тобының элементтері: MainMenu, PopurMenu, Label, Edit, Memo, Button, CheckBox, RadioButton, ListBox тағы басқалары. Экранға сыймаған компоненттер соңғы көрінген топтың жанындағы бағыттауышты басқанда көрінеді.
НЫСАНДАР ИНСПЕКТОРЫ
Дизайнер терезесінің сол жағында Нысан Инспекторы терезесі орналасқан, ол екі ішкі беттен тұрады. Бірінші ішкі бет - қасиеттер беті нысандар қасиетін өңдеуге қолданылады. Онда үнемі таңдап алынған компоненттің орындауға болатын қасиеттері көрініп тұрады. Сол бағанында тізім, оң бағанында – үнсіз келісім бойынша ағымдағы мәндері көрсетіледі. Екініші беті оқиғаларға түсініктеме беруге арналған, онда таңдап алынған компоненттің мүмкін болатын өңдеушілері. Сол бағанында – аты, оң жағында – сәйкес процедура немесе қасиеттер.
Қасиет деген не? Delphi-дегі әрбір нысан, тіпті жұмыс жасап тұрған қосымшаның өзінің белгілі бір қасиеті болады. Бұл қасиеттерді әлі бағдарлама орындалуға жіберілмей тұрғанның өзінде өзгертуге болады. Өзгертілген қасиетке байланысты нәтижені бірден көруге болады.
ПІШІН ТЕРЕЗЕСІ
Жаңа жоба ашқаннан кейін экранның
ортасында пішін кострукторы/
Пішін – Delphi ортасында кездескен бірінші нысан. Басты терезеде орналасқан компоненттер де нысандар. Олардың бір-бірімен байланысы арқылы Delphi бағдарламасы құрылады. Ондай бағдарлама нысанға бағытталған бағдарламалау деп аталады. Егер компонент жолынан бір нысанды шертсек, ол белгіленеді. Пішін бетінде шертсек, сол нысан пішінде пайда болады. Пайда болған нысанның орнын, өлшемін, түсін тағы басқа да параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін қасиеттер терезін немесе көрсеткішті қолдануға болады.
Әрбір Windows-қосымша өз терезесінде орындалады. Мұндай терезенің ең аз саны – 1. Delphi жүктелгенде автоматты түрде тұтынушыға Form1 деп аталатын бос терезе аша отырып, жаңа жобаны ұсынады және оны басты терезе етіп тағайындайды.
кодты өңдеу терезесі
Бұл терезенің тақырыбы терезе жүктелгенде Unit1 болады. Кодты өңдеу терезесінде бірден бірнеше файл ашық бола алады. Әрбір ашылған файл жеке бетте орналасады да, оның аты жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Егер Сіздің бағдарламаңызда үш терезе болса, онда олар жұмыс барысында үш модульмен (Unit) әрекеттеседі. Осы үш модульдің үшеуі де кодты өңдеу терезесінде пайда болады. Код терезесінде тұтынушы бағдарламаның мәтінін тікелей жазады. Мәтін бөлігі бірнеше бөліктерге бөлінеді. Олар процедуралар мен бағдарламалар деп аталады және бір-бірінен бөлек жұмыс жасайды. Тұтынушы жұмыстың негізгі бөлігін осы бөлімде атқарады. Мұнда //, { }, * * - кейін жазылған сөздер комментарий деп аталады. Комментарий орындалмайды, ол түсініктеме жазу үшін қолданылады. Паскаль тілінен ерекшелігі мұнда класс типін пайдалану керек.
unit Unit1; {модульдің басы мен аты}
interface {интерфейс бөлімі басталады}
uses {қосымша қолданған модульдер аты}
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, StdCtrls;
Type {форма класын жариялау}
TForm1 = class(TForm)
Button1: TButton;
procedure Button1Click(Sender: TObject);
private {кластың ішкі бөлігі}
{ Private declarations } Мұнда осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады, олар басқа модульдерден көрінбейді.
Public // кластың ашық бөлігі
{ Public declarations } Мұнда басқа модульдерден көрінетін осы форма класына кіретін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады
end;
var {айнымалыларды жариялап, сипаттау бөлігі}
Form1: TForm1; {осы форма класына кірмейтін тұрақты, айнымалыларды, функция, процедураларды жариялауға болады}
implementation
{модульдің орындалатын бөлігі}
{$R *.dfm}
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
орындалатын іс-әрекеттің – бағдарлама денесі
end;
end.
Түстер палитрасынан оған элементтерді орналастырғанда ол терезе алдын ала көркемделеді. Жобада тек бір ғана басты терезе болуы керек. Ал, басқа терезелер оған қосымша болады.
Бағдарламаны орындау. Енді қосымшаны орындауға кірісейік. Бұл әрекетті саймандар тақтасынан батырмасын, мәзір қатарындағы Выполнить әмірін немесе F9 басу арқылы жүзеге асыруға болады. Алдымен компиляция жүреді, яғни процессор бастапқы бағдарламаны машина тіліне аударады. Сонан соң бағдарлама орындалуға кіріседі. /Егер бағдарламаның жазылуында синтаксистік қате болса, онда қате туралы хабар шығады/. Нәтижесінде ЕХЕ файл жасалады. Ары қарай, қатесіз болған жағдайда бұл файл орындалуға жіберіледі. Бағдарлама орындалуы кезінде Delphi-дегі барлық терезелердің орнында тек бір терезе – кодты өңдеу терезесі қалады.
ЖОБА МЕНЕДЖЕРІ
Бұл терезеде жобаның жалпы құрылымы көрсетіледі. Маус көрсеткішімен «+» таңбасына басып, тізімді ашуға болады. Мұнда жоба туралы жалпы ақпарат, жобаның барлық файлдары мен сыртқы модульдері жайлы ақпарат болады. Project.exe1 бөлімін ерекшелеп, жанама мәзірді шақырады. Онда жобаны сақтауға, атын өзгертуге, бастапқы файлды қарауға, жоба элементін жоюға немесе қосуға болады.
Нысандар БҰТАҒЫ ТЕРЕЗЕСІ
Мұнда пішін бетіне түсірілген
әрбір әлементтің шар белгісі
орналасады. Суреттегі нысандар бұтағы
терезесінде Форма1-дің
Delphi – Windows операциялық жүйесінде
жұмыс істеуге бағытталған