Егер жүмыс
станциясының операциялық жүйесі
ретінде WІNDOWS пайдаланылса, кез келген адам мәліметтер
базасынан сұрайтын мәліметін WІNWORD мәтінді
форматында немесе EXEL электрондық кестесі
форматында көрсете алады. Алынған мәліметтік
құжаттарды форматтап алған оң, лазерлік
принтерге
(әрине, желіге жалғанған
болуы тиіс) қағазға басып алуға
болады. Мұның бәрін тек экран
мен пернеліктен тұратын жеке
пайдалынатын компьютерде іске асыру мүмкін емес.
Сонымен, дербес
компьютерлер желісі әрбір қызмет
кеңсесінде бүкіл ұжым пайдалынатын
мәліметтер базасын ұйымдастыра
алады. Егер компьютерлер бір-бірімен
байланыспаған болса, онда мұндай
мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.
Магниттік
дискілердің жылдан жылға арзандауына
қарамастан, оның көлемі ешқашанда
толық жеткілікті деп айтуға
болмайды. Егер бірнеше қызметкерге
көлемді бір файлдағы мәліметтер
қажет болып қалса, ол файлды
желімен жұмыс істеу барысында
барлық компьютерге көшіру қажет емес. Жергілікті желіге
қосылған ЭЕМ-дер ішінен олардың бірін
(немесе бір-екеуін) файл-сервер үшін пайдалануға
болады, әдетте ондай компьютердің дискісінің
көлемі үлкен болуы тиіс (жүздеген Мб,
тіпті ондаған Гб-қа жетуі мүмкін). Мұндай
дискіні кез келген жұмыс станциясындағы
компьютер өз дискісіндей пайдалана береді.
Егер көпшілікке
керекті мәліметтер файл-сервер
дискісінде жазылса, онда желідегі
барлық жұмыс станциялары (немесе
администратор рұқсатына байланысты
олардың белгілі бір тобы ғана) сол мәліметтермен жұмыс атқара
алады. Осындай тәсілмен файл-сервер дискісін
пайдалану әрбір адамға қосымша тағы бір–екі
диск сатып алған сияқты болады, мұндайда
мәліметтердің сыртқы ЭЕМ-нен алынғанын
адам байқамайды да.
Файл-сервердің
сыртқы жады ретінде компакт-дискіні оқитын құрылғыны
немесе мәліметтерді қайта жаза алатын
магниттік – оптикалық дискілерді пайдалануға
болады.
Компакт –
дискіден мәліметтер алу құрылғысы
арзан тұрады, сол себепті қазіргі
кезде ол әрбір жұмыс станциясында
бар. Бірақ мұны да тек файл-серверге ғана
орналыстырып, әрбір станция біраз қаржы
үнемдей алады. Ал магниттік оптикалық
дискі немесе жоғары көлемді (бірнеше
Гб) қатты дискілер біршама қымбат тұрады,
сондықтан оларды файл-серверге орналастырған
ыңғайлы екені белгілі шығар. Сонымен
көлемді мәліметтер көпшілікке керек
болғанда, оны ортақтаса пайдаланудың
ең тиімді түрі- компьютерлерді жергілікті
желімен байланыстыру. Компьютерлер желіге
қосылмаған болса, онда мәліметтерді бұрынғыша
дискеттер арқылы көшіруге тура келеді.
Екі компьютерді
бір-бірімен байланыстырудың тағы
бір тәсіл – мәліметтерді тізбекті
түрде жеткізу порты арқылы
оларды кабельмен (сыммен) біріктіру.
Бірақ мұндай байланыс өте
жәй жұмыс істейді және оның
басқа кемшіліктері бар.
Енді сізге
өз дискіңізден басқа компьютер дискісіне
100 Мб мәлімет көшіру қажет болсын делік.
Егер компьютер желісі бар болса, онда
мұндай мәліметтер файл-сервер дискісіне
бір рет көшіріледі де, әрі қарай әркім
сол дискіден мәліметтерді керек кезінде
ала береді немесе керектілерін сол файл-серверден
желі арқылы өз дискісіне оңай көшіріп
алуына болады.
Жергілікті
желі мәтіндік мәліметтерді жұмыс
станциялары арасында жылдам
тарата алады. Ол үшін тізімнен
керек адамды тауып, мәтінді
пернелерде теріп, сұқбат терезесіндегі ОК пернесін басу жеткілікті. Егер сол
станция іске қосылып тұрса, жіберілген
мәтін экранға бірден шығып, оған қоса
мәліметтер келгендігін білдіретін дыбыс
естіледі.
Мұнан гөрі
ыңғайлылау тәсілге электрондық
почтаны пайдалану жатады. Оның
жұысы кәдімгі почта қызметі сияқты: хатты жазып,
конвертке салып, адресін толтырып, оны
почта жәшігіне салу керек. Одан арғысы
почта қызметкерлеріне байланысты. Электрондық
почта да осыған ұқсас – хат мәтінін теріп,
оны файлға жазасыз. Одан кейін арнаулы
почта программасын іске қосып, оған хат
адресі мен файлдың атын енгізесіз. Программа
желі арқылы хатыңызды барар жеріне дереу
жеткізеді.
Желідегі бір
компьютер почталық сервер рөлін
атқарады. Ол хаттарды қабылдап,
оларды адресаттар “почта жәшігіне”
салады немесе әркімнің сұрауы бойынша келген хат беріледі
және де қабылдап алынған почта басқа
желілерге жөнелтеді.
Әртүрлі компьютерлер
мен жергілікті желілерді телефон
арқылы байланыстыра отырып, электрондық
почтаны жер шарының кез келген
нүктесіне жіберуге болады.
Бұған қоса
әрбір компьютер ортақтастырылған
факс-модемді өзінікі тәрізді
пайдалана алады, бірақ мұндай
кезде желіге қосылған барлық
станциялар факстарын бір-ақ телефон
каналы арқылы жіберіп отырады.
Факс-модем қымбат тұрғанымен
желілік байланыс телефон арқылы каналын үнемді пайдалануды қамтамасыз
ететін ерекше көз жеткізесіз.
Жергілікті
желілерді пайдаланудың жаңа
түрі – бейнелік конференция
өткізу жаңадан ғана пайда
болып кеңінен таралуда. Өз бейнелерін
көрсете отырып, конференцияға қатысу
үшін әрбір компьютер иесі
бейнекамера жіне дыбыстық адаптермен
жабдықталуы тиіс. Арнаулы программалар адам бейнесі дыбысты
жұмыс станциялары арасында оңай таратады.
Компьютерлік бейне конференциялар арқылы
алыста отырып-ақ, мәжіліске қатысу мүмкіндігін
аласыз, дегенмен әзірше бұл арзанға түсе
қоймайды.
2.3. Жергілікті желі
Компьютерді желіге қосу арнаулы желі адаптері
арқылы орындалады. Желі адаптерлері қызмет
істеу топологиясына қарай екі топқа бөлінеді.
Қарапайым жергілікті желіде шиналық
немесе жұлдыз тәрізді топология болады.
Желілік топологиясының
бұдан күрделі варианттары бола береді. Мысалы, желі бірнеше шиналық
топология сегменттерінен тұрады және
бірнеше жұлдыз тәрізді тармақтардан
құрылуы мүмкін.
Соңғы кезде
бір ғимаратқа орналасқан жергілікті
радиотораптыжелілер кең тарап
келеді. Мұның артықшылығы – біріншіден,
жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен
бағасы онша қымбат емес, екіншіден, жұмыс
істеп тұрған кабельдік желілермен оңай
байланысады.
Радиоторапты
желілердің негізгі кемшілігі
– олардағы ақпаратты жеткізу
жылдамдығының өте төмен деңгейде
болуы, ол 10 Мбит/сек мөлшерінен аса алмай келеді.
Қайтсе де, объективті
және субъективті шараларды салыстырса,
болашақ осы жергілікті радиоторапты
желілерді немесе кабелдік желілерге
қосымша радиожелілерді кеңінен
пайдалануға әкелетіні байқалады.
Объективті
себептердің бірсыпырасын айтатын болсақ, олар:
- Радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;
- Ескі ғимараттарда олардың қабырғаларын тесіп,кабель жүргізу істерін ұйымастыру істерін оңай шаруа емес;
- Радиожеліні тарихи бағалы деп есептелетін ғимараттарда іске асыру ыңғайлы, өйткені ондай жерлерде кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау органдарының келісімі керек;
- Кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек;
Субъективті себептерге
мыналарды жатқызуға болады:
- Кабельдік желіге қарағанда қайта құру оңай іске асады, мысалы, жаңа желі қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.с.с.
- Жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке пайдалынатын органайзерлер мен ноутбуктерді қосу ыңғайлы.
Жергілікті желілерді
пайдалынатын программалық
жабдықтарына қарай
екіге бөлуге болады:
Біріншісі
– арнаулы файл-серверлер бөлініп
берілген желілер, бұлардың құрамындағы
бір немесе бірнеше компьютерлерде
арнаулы желілік операциялық
жүйе (Novell NetWare, ІBM Lan Manager) іске қосылады. Олардың
негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер
иесіне желі ресурстарын пайдалануды
қамтамасыз ету, бірінші кезекте, серверлік
дискілерді және желі принтерлерін бөліп
беріп отырады.
Мұнда жеке
компьютерлер бір-бірімен емес тек файл-сервермен
байланысады. Мысалы, олар файл-сервер
дискісіне мәліметтер жаза алады немесе
басқалар жазған файлдарды оқи алады және
де желі принтеріне мәтін басып шығарады.
Жұмыс станциялары арасында мәліметтер
алмасу, теория тұрғысынан мүмкін болғанмен,
практика жүзінде іске асырылмаған.
Екінші топ
– бір рангілік желілер. Мұнда
файл-сервер немесе баспа сервері
ретінде пайдалынатын жеке компьютер
болмайды. Кез келген станцияда
отырған адам өз компьютерін
сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлер мәліметтермен алмаса
береді, құрылғыларын да ортақтастыру
мүмкіндігі бар. Мұның мысалы ретінде
MS Wіndows for Workgroup немесе Wіndows желілерін қарастыруға
болады. Бір рангілік желі компьютерлер
арасындағы мәліметтерді алмасу жиі және
үлкен көлемде жүргізілгенде өте ыңғайлы.
Бірақ мәліметтер алмасу тек файлдарды
алу, берумен шектелмейтіні есте болсын.
Әрбір адам
кез келген мәліметтер түрін
(объектіні) өз алмасу буферіне
(Clіpboard) жазып алып, содан кейін желідегі
компьютерлердің бәрінің де сол объектімен
пайдалануын қамтамасыз ете алады.
Сонымен бір
рангілік желі барлық компьютерлердің
бір жоба төңірегінде жұмыс
істеуін жүзеге асырып , кез келген
форматтағы мәліметтерді жеткізе
алады.
Егер басқа
мекемеден мәліметтер алу (беру) жұмыстары жиі кездесетін болса, онда
модем сатып алып, компьютерлердің ауқымды
желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған
жөн.
Модемдер ішкі
және сыртқы түрлерге бөлінеді.
Ішкі модем кәдімгі адаптер
тәрізді компьютер қорабы (корпусы)
ішінде орналасады. Көптеген алып жүруге арналған
блокнот – компьютерлерде де ішкі модем
болады, олар қосымша қызмет ретінде факстар
қабылдап, оларды жібере де алады. Қазіргі
сыртқы модемдер де факстармен жұмыс істей
береді. Сыртқы модемдер қоректену блогы
бар шағын корпусқа орналасып, асинхронды
тізбекті адаптер портына кабель арқылы
қосылады.
Дүние жүзінде
көптеген ауқымды компьютерлік
желілер бар, олардың арасында
ең белгілері болып Іnternet, Sprіnt, Relkom, Fіdonet есептеледі. Бұлардың
кейбірі тек өз елдері маңында жұмыс істесе,
кейбірлері бүкіл дүние жүзін қамтиды.
Бірақ барлық желілер бір-бірімен байланысқан,
сол себепті Glasnet желісіндегі біреудің
адресін білсеңіз, оған басқа желіден
де хабар бере алсыз.
Ауқымды желілер
топологиясын қарайтын болсақ, ол күрделі граф тәрізді деуге болады, ал
оның түйіндерінде компьютерлер орналасқан.
Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде
арнайы пайдалынатын компьютерлер болуы
тиіс. Мұндай компьютерлер бірден бірнеше
телефон каналдарымен қосылған, сондықтан
олардың құрамында да бірнеше модем болады.
Ауқымды желіге
қосылу үшін алдымен қажеттісін
таңдап алып, сол желіге қосылу
байланыстыруды жүргізетін фирмаға
телефонмен хабарласу керек. Желіні
таңдау тәсілі әртүрлі жолдармен
жүргізіледі.
Ауқымды желілер
ақылы және тегін пайдалынатын топтарға бөлінеді.
Ақылы желі
почтаны жылдам жеткізіп, жоғары
деңгейде қызмет көрсетеді. Ал,
тегін желі, әрине, шектеулі мүмкіндіктермен
қызмет жасайды. Ақы төлей алмайтын
жағдайда Fіdonet тегін желісіне қосылған жөн. Ол
үшін модем арқылы кез келген хабарландыру
шығаратын электрондық тақтаға (BBS) телефон
соғып, сол жүйенің операторымен хабарласу
керек. Желіге қосылу ережелері де BBS электрондық
тақтасында мәтіндік файл түрінде жазылып
тұрады. Жүйе операторы сізді Fіdonet ауқымды
желісіндегі өз түйініне қосады немесе
басқа бір түйінді ұсынуы мүмкін.
Көптеген компьютерлер
мен программалық жабдықтар сататын
фирмалардың жарнамалары жиі
шығып тұрады. Солардың жарнамаларынан
хабарландыру шығаратын электрондық
тақ телефон тауып алып, модем арқылы хабарласу керек.
2.4. Жергілікті және
ауқымды желілердің бірігуі
Жергілікті
желі мен ауқымды желілерді
біріктіретін программалық жабдықтар
бар. Мұндайда жергілікті желінің
бір компьютері телефон бағдарлауыш
арқылы ауқымды желіге қосылады. Осындай желінің кез келген компьютері
телефон бағдарлауыштарында орнатылған
модем арқылы ауқымды желімен байланысып,
жұмыс істей береді. Сонымен, әрбір жұмыс
станциясын модем арқылы бөлек телефонға
жалғаудың да қажет емес екені осыдан
көрініп тұр.
Есептеу желілерінің пайдалануының негізгі
мақсаты – ол өнеркәсіпке пайдалы түсім
әкеледі. Орталықтандырылған жүйелердің
алдында таратылған жүйелердің концептуальдық
артықшылығы ол параллель түрде есептеу
жүргізе алады.
Таратылған
жүйелердің тағы да бір артықшылығы ол оның жоғарғы мойындамау
тұрақтылығы. Мойындамау (қабылдамау)
тұрақтылығы деп, егер ақпараттың кейбір
элементтері жұмыс істемей қалса және
мәліметтерді алу мүмкіндігі толық болмаса
да жүйе өзінің функцияларын орындайды.
Таратылған жүйелердің негізгі мойындамау
тұрақтылығының көтеріңкілігі (жоғарлығының)
негізгі артықшылығы. Өңдеуші түйіндердің
молдығы – егер бір түйін жұмыс істемей
қалса, онда оның тапсырмаларын басқа
түйіндердің орындауына рұқсат етеді.
Бұл мақсатпен таратылған жүйелерде динамикалық
процедура және статистикалық реконфигурация
ескеріледі.
Есептеу желілерінде
кейбір мәліметтер жинағы еске
сақтайтын жабдықтарда қосарланады,
егер олардың біреуі жұмыс
істемей қалса да мәліметтер
алуға мүмкіндігі болады.